Материалдар / Ұлтымыздың ұлықты ұстазы - Ыбырай Алтынсарин
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлтымыздың ұлықты ұстазы - Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар, рухани өміріне айрықша ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен де ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин деп білеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
223
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлтымыздың ұлықты ұстазы - Ыбырай Алтынсарин


Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойында біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін атап көрсеткен болатын.

Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар, рухани өміріне айрықша ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен де ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин деп білеміз. Ы.Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист.

Алтынсарин ел басын біріктіру,  халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырған мұралары куә. Педагог-ағартушы үшін қазақ ұлты қарама-қарсылықтардың ажырамас бірлігі болып көрінеді. Сондықтан, оның шығармалары «жамандық пен жақсылық», «достық пен алауыздық», «сараңдық пен жинақтылық», «тәкәппарлық пен қарапайымдылық», «өнер, білім мен надандық», «әділдік пен әділетсіздік» сияқты қарама-қарсылық негізінде,  жамандыққа жақсылықты, адамгершілікті қарсы қою арқылы қазақты өзара бірлікке, татулыққа тәрбиелейді.

Ы.Алтынсарин қазақ даласынан бірнеше мектептер ашумен қатар, ауылдық мектепті бітірген кейбір жастардың жоғары оқу орындарына түсіп, білімдерін жетілдіруіне де жағдай жасады. Мұғалім проблемасына, оның жеке қасиеттеріне Ыбырай, әсіресе Торғай облысында инспектор болған жылдарында (1879-1889 ж.ж.) ерекше көңіл бөлген еді. Ол мұғалімдердің оқыту тәсілдерін жетілдіріп отыруын, олардың педагогикалық және оқытушылық тәсілдерді меңгеру қажеттігін баса айтқан болатын.

Ы.Алтынсарин патша әкімдерінің отарлау, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру саясатына барынша қарсылық білдіріп, ұлттық және діни наным-сенім тәрбиесінің де іргетасын қалаған болатын.

Айтар ойымызды жинақтағанда, Ыбырай Алтынсарин бізге, халыққа, өскелең ұрпаққа несімен жақын және несімен қымбат? Біріншіден, ол өз заманының алдыңғы қатарлы азаматы, озық ойлы адамы, өз халқын өнер-білімге үндеген ағартушы-демократ; екіншіден, қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оларды оқытып, тәрбиелеп, көкірегін оятқан, өнер-білімге үйреткен дарынды да тамаша педагог болды; үшіншіден, өзі ашқан мектептер мен онда оқитын балаларға арнап, оқу құралдар мен методикалық нұсқаулар жазды. Қазақ тарихында тұңғыш рет нағыз педагогикалық ой-пікірдің негізін салды; төртіншіден, өзінің оқу кітаптарына арнап, танымдық, тәрбиелік мәні зор өлеңдер мен әңгімелер жазып, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің алғашқы нұсқаларын жасады;


Түркістан облысы Отырар ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тасболатова Кулшат Аманбайқызы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!