Материалдар / Ұлы адамдар өмірі – сабақта тарауы Ұлықбек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы адамдар өмірі – сабақта тарауы Ұлықбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Ол кім? Бұл не? факультативтік курсында оқушылар Ұлықбек туралы және еңбек жолы туралы танысады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
673
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Факультативтік курс

Ол кім? Бұл не? 04.09.2018 ж.

Мұғалім: Тлегенова Ш.М.

Тақырыбы: Ұлы адамдар өмірі – сабақта тарауы

Ұлықбек

Мақсаты: Ұлықбек туралы және еңбек жолы туралы танысады.

«Ол кім? Бұл не?» бағдарламасының мазмұны

І бөлім

17 сағат

Ұлы адамдар өмірі - сабақта

Ұлы адамдардың өмірлері, олардың еңбектері туралы мәлімет беру. Балалардың өздіктерінен ізденуге, өз бетімен жұмыстану, пікірін дәлелдеуге баулу.

ІІ бөлім

5 сағат

Галактикаға саяхат

Оқушының танымдық шығармашылық потенциалын арттыру барысында жас ұрпақтың адами құндылықтарына сүйене отырып, жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау.

ІІІ бөлім

4 сағат

Жер планетасына саяхат

Оқушылардың танымдық қызығушылық және іс-әрекет арқылы танымдық қабілеттерін зерттеу; танымдық қабілеттің даму әдіс-тәсілдерін жетілдіру; оқушының іс-әрекетін ізденімпаздыққа,

ІV бөлім

8 сағат

Табиғат әлемі

Оқушы бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани құндылықтарын ашып, өмірден өз орнын табуға көмектесу. Оқушылардың танымдық қызығушылық және іс-әрекет арқылы танымдық қабілеттерін зерттеу; танымдық қабілеттің дамыту , танымдық іс-әрекеттерін бағыттау.

Ұлықбек

      Толық есімі Мұхаммед Тарағай бін Шахрух. Темір әулетінде 1394 жылы 22 наурыз күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген уақыт лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады. Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген. Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады. Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Әмір Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Өз заманының құралдарымен 1001 жұлдыздың координаталарын анықтап қағазға түсірген «Зижжи Көрегани» кітабы оның ғылым әлеміне қалдырған ең үлкен туындысы болып табылады.

Ұлықбектің обсерваториясы (Самарқанд)

Обсерваторияның сырттан көрінісі
     

РЕГИСТАН алаңы 
                        сол жақта: Ұлықбек медресесі(1420ж), ортада:Тилла-кари медресесі(1660ж), оң жақта: Ширдор медресесі (1636ж) 



Астраномия ғалымы, Сарайда жақсы білім алумен қатар 11 жасында Құран кәрімді жатқа үйреніп, арапшаны жетік меңгерді. Әкесі қайтыс болған соң, билікті өз қолына алып, Самарқандты астана етіп қойды. 38 жыл бойы ел басқарды. Мемлекет басқару қызметтерімен қоса ғылымға да аса мән берді, ғылымға көптеген еңбектері сіңді.  Айналасына өз заманындағы мәшһүр ғылым адамдарын жинады. Сарайы математика, астрономия ғалымдарымен қоса ақын, әдебиетшілердің шоғырланған жері еді. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа да қол астындағы қалаларда көрнекті құрылыстар салдырады және Әмір Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтады. Көптеген ғылыми және ел игілігіне жарамды құрылымдар ашты. Сондай-ақ егін шаруашылығы, сауда-саттық және экономикаға қатты мән берді. 1449 ж 25-қазанда өлтіріліп, атасы Әмір Темірдің қасына жерленді.

Ғылымның даму тарихында ең ұлы астраномия ғалымы деген атаққа ие болды.  Бұл салада Ұлықбекті дүниеге танытқан 1420 жылғы Самарқандта салдырған обсерваториясы еді. Шамамен алты ғасыр бұрын осы обсерваторияда жасалған ғылыми жұмыстар қазіргі заманауи астрономияға әлі күнге дейін сәулесін төгіп келеді. Сол кезде жасалған есептер заманымыздағы есептерге дәлме дәл сәйкес келуде. Бұл обсерваторияда 12 жыл  бойы зерттеулер жүргізіліп, ай мен жұлдыздардың жолдары көрсетілген кестелері бар "Ұлықбек таблицасы" 1437ж аяқталды. Бұл кестеде өзінен бұрынғы кестелердің қателері түзетіліп, жұлдыздардың әрекеті өте айқын көрсетілген және 1018 жұлдыздың координаттары ең дұрыс түрде анықталған.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!