Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлы адамдардың өмірінен
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті |
|
|||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||
Сынып: 6 ә |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: - |
||||||||||
Бөлім: Туған жерім – аялы алтын бесігім |
Сабақ тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» жыры |
|||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: |
6.3.4.1. – көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту. |
|||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: Шығармадағы үзінділерді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнына талдау жасайды. |
|||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Шығарма желісі бойынша дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айтады. |
||||||||||||
Кейбір оқушылар: үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады, тұжырымдап жазады. |
||||||||||||
Бағалау критерийі |
Мәтіннің мазмұны мен идеясын түсінеді; Шығарманы мәнерлер оқиды, жатқа айтады, шумақтың идеясын тұжырымдап жазады. |
|||||||||||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: жоқтау, қайғылы жүрек, сұм дүние, ғұмыр, бектер, ерлік, бөрідей ұлу. Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың? |
|||||||||||
Алдыңғы оқу: |
«Күлтегін» жыры, ежелгі тасқа қашалған жазбалар |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған уақыты: |
Жоспарланған жаттығулар: |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы 3 мин. 3 мин. |
1. Ұйымдастыру бөлімі: өзара сәттілік тілеу. 2.Топқа бөлу. Қима қағаздарды тарату, қағаздардағы жазулардың мағынасына қарай топ құру: № 1топ: адам қасиеттері бойынша «Ер, батыр, батыл, қаһарман, өжет, ержүрек» сөздері бір топқа; № 2топ: батырлардың аттары бойынша « Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Тұңға, Күлтегін, Тоныкөк»– сөздерін алғандар бір топқа; № 3топ: Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша «Жоқтау, естірту, қоштасу, береке беру, ас қайыру, еске алу» сөздерін алғандар бір топқа жиналады. 3. Ой қозғау.
Суреттер немесе топқа бөлінгендегі сөздер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады: - Берілген суреттер немесе топқа бөлінгендегі таңдап алынған сөздер туралы не ойлайсыздар? - Балалар, сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақ кім жайында? - Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың? |
Қиындылар. Презентациялық слайд. АКТ қолдану арқылы суреттер көрсету. |
||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 1минут 1 минут 3 минут 3 минут 4 минут 7 минут |
№1 тапсырма: «Алып Ер Тұңға» жыры туралы қысқаша мәліметтер жазылған парақтарды оқушыларға тарату, оқуға ұсыну. Ж. «Алып-Ер Тұңға — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға — Афрасияп, Тұранның (Түр елі — түріктердің) патшасы болып суреттеледі. Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында. Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар. Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады. С.«Қарым-қатынас аймағын құру» әдісі. Мәтіндегі мәліметтердің ең маңызды сөздерін шеңбердің ортасына, орта маңызды сөздер мен тіркестерді келесі шеңберге, маңызы төмен сөздер мен сөз тіркестерін шеткі шеңберге орналастырыңыз. Орналастыру тәртібін дәлелдеп айтыңыз. Қосымша: Кейбір оқушыларға «тірек сөздер» ұсынылады, оқушылар сөздерді іріктеп орналастырады. «түркілердің көсемі, Фирдоусидың «Шаһнама» кітабы, Патша, Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы, Іле, Ыстықкөл, жоқтау, Махмұт Қашқари, «Түркі сөздерінің жинағы», көне заман, опасыз дүние» Дескриптор:
Қ.б. «Күн, ай, бұлт». – мәтінді маңызына орай орналастырып, дәлелдей алды; -мәліметтердің маңыздыларын таңдап алып, дұрыс орналастырды; -мәліметтерді іріктеп алғанмен, маңыздылығын ажырата алмады. Сөздік жұмыс: Ажал шеңгелін салу – ажал жету, Бек-ежелгі түркілердегі қолбасшы дәрежесін білдіретін әскери шен, атақ, жоғары басымдыққа ие тұлға. Қыршын ғұмыр - қысқа өмір, білікті – білімді. Орта көлемді үзінді мәнерлеп оқу: логикалық (сөздер мен сөз тіркестерін көтеріңкі оқу) психологиялық (көңіл-күйге орай оқу), грамматикалық (тыныс белгісіне орай дауыс ырғағын сақтап оқу) тәсілдерін ескерту: Үзіндіні мәнерлеп оқу үлгісі ретінде аудио материалынан немесе, Bilim Land сайтынан тыңдату. №2 тапсырма: Ж. Өлеңді іштей оқыңыз; Т. «Тізбек қуалай оқу» әдісі арқылы топтағы әр оқушы мәнерлеп оқыңыздар; С.№3 тапсырма: «Қос жазба күнделігі» әдісі. Өлеңнен ұнаған шумақтарын жаттап, топта мәнерлеп айтыңыз, шумақтың идеясын тұжырымдап жазыңыз.
Қосымша: «Буриме» әдісі қолданылып, қолдау қажет ететін оқушыларға шумақтағы өлең тармақтарының бастапқы сөздері ұсынылады, оқушы толықтырып, тармақты аяқтайды. Шеңгелін ажал ..., Ер Тоңаны ...? Сұм дүние артта ...?.. Қайғылы жүрек жыртылды-ау! Сұм ажал бүгін ..., Құрығын салып ..., Бектердің бегін ...; Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау! Дескриптор:
Қ.б.«Баспалдақ» Сатыға белгі қою. 1 2 3 1-саты – үзінділерді жатқа мәнерлеп айтады, шумаққа талдау жасап, тұжырымдап жазады; 2-саты – үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады; 3-саты – үзінділерді ұсынылған қосымша парақ арқылы толықтырады, жатқа айтуда қателер жібереді. |
Мәтін жазылған парақтар.
Шеңберлер сызылған А4 парақтары.
«Тірек сөздер» жазылған парақтар.
парақтары.
Презентациядан көрсету. АКТ.
АКТ. Bilim Land сайты
Толықтырып жазуға арналған өлең шумақтары жазылған парақтар. Баспалдақ сызылған парақтар: 1 2 3 |
||||||||||
Аяқталуы.
5 минут
|
Ж.ж. «Дербес пікір» әдісі. Мақсаты: өлеңді қолдана отырып оқушының кейіпкер жайлы көзқарасын білдіруді байқау. Тапсырма: Бірінші сөйлемде «Алып Ер Тұңға» жырындағы кейіпкер туралы бір сөйлеммен пікір жазыңыз. Екінші сөйлемде жазған пікіріңізге дәлел келтіріңіз. Келесі сөйлемде келтірген дәлеліңізге өлең шумақтарынан мысал жазыңыз. Соңғы сөйлемде кейіпкер туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз. 1.-------------------------- өлең кейіпкері жайлы 1 сөйлемдік пікір. 2.-------------------------- пікірге дәлел келтіру; 3.------------------------- дәлелге өлең тармағынан мысал келтіру; 4. ------------------------ пікірді тұжырымдау. Дескриптор:
Қ.б. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі. Оқушылар жұптық жұмыстарын өзара алмастырып танысады, жұмысты бағалап, екі үздік жағын және бір ұсыныстарын жазады. |
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» парақтары
|
||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ: мен білдім:---------------------- Балан үйрек: маған қызықты болды:------- Ортан терек: мен жасай алдым: ------------- Шылдыр шүмек: мен қиналдым: ----------- Кішкене бөбек: менің сұрағым: ------------- |
Үлестірме қағаз.
|
||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ- мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||
Тапсырмалар оқушылардың жеке бас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алынып жасалынды. «Қарым-қатынас аймағын құру» әдісінде тірек сөздер қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек ретінде берілсе, дарынды оқушыларға ойын дәлелдеп айту тапсырмасы арқылы күрделендірілді. «Қос жазба» әдісінде үзіндіні жатқа айтып, жазуда оқушыны қолдау мақсатында дайын тармақтарды аяқтау ұсынылды, кейбір оқушыларға шумақ идеясын тұжырымдап жазу тапсырмасы арқылы мақсатқа жетуге ықпал етті. |
Бағалау оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп, оқытуды көздеді. Бағалау критерийлері қолданылды. «Күн, ай, бұлт», «Баспалдақ» түрлері қолданылып, шынайылық, ашықтық, нақтылық болуы қарастырылды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» түрін арқылы жұмыстарға талдау жасай білу, сыни көзқарасқа баулу көзделді. |
Пәнаралық байланыс: тарих, география пәндері. Құндылық: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. АКТ-мен байланыс: Bilim Land сайты, презентациялық слайдтар.
|
||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан тыс не жасалды? |
Ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. |
|||||||||||
Қорытынды бағамдау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқытуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың одан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |