Материалдар / "ҰЛЫ ДАЛА ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ҰЛЫ ДАЛА ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге тәрбие сағатын өтуге болады. Тарих пәні мұғалімдері мен Химия пәні мұғалімдеріне сабақта қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
709
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Ұлы дала ежелгі металлургиясы»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру.

  2. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Дәстүрлі

Әдісі: баяндау, түсіндіру, ойын түрінде

Көрнекілік: Н.Ә.Назарбаев суреті, нақыл сөздер, интерактивті тақта мүмкіндігі


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын хабарлау


  1. Кіріспе

Сынып сағаты 7 бөлімнен тұрады

  1. Елбасының мақаласы

  2. Топтық жұмыс ( постер қорғау)

  3. Қазақстанның қазба байлықтарының «металлогендік картасын» жасаған, кен байлықтарын зерттеген академик, ғалым Қ.И. Сатпаев жайлы оқушыларға шағын ақпарат (презентация) ұсыну

  4. Сөзжұмбақ

  5. Металлургия жайлы ақпарат

  6. «Ой қозғау» сұрақ-жауап

  7. Мақал - мәтелдер


  1. Елбасының мақаласы


Елбасымыз: «Менің білуімше, біз – Ұлы Дала еліміз», деп саналуымыз керек. Кейбіреулер «Аспан асты еліміз» дейді. Біз Ұлы Дала ұрпағымыз. Осы даланы біздің ата-бабамыз қан төгіп, жан беріп, тер төгіп сақтап қалған» деген еді.

Осыған орай оқушыларға Қазақстан Республикасының Президентінің « Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы сөз етіледі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарих арқылы болашаққа бағдар жасап, даңғыл жол салуға үндейтін мақаланың мәні тереңде. Оның ішінде «Ер қанаты - ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтастырады. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отырғаны ойландырады. Жылқының қолға үйретілуі, атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың даналығы мен батырлығы қарастырылады. Ұлы дала халқы металл, алтын өндіру технологиясының терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғатыда елеусіз қалмады. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы 2 бөлімнен тұрады:


  1. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ


  1. Атқа міну мәдениеті

  2. ұлы даладағы ежелгі металлургия

  3. аң стилі

  4. алтын адам

  5. түркі әлемінің бесігі




  1. ұлы жібек жолы

  2. қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны


  1. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ


  1. Архив-2025

  2. Ұлы даланың ұлы есімдері

  3. Түркі әлемінің генезисі

  4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

  5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

  6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі


  1. Топтық жұмыс. Оқушыларға тапсырма беріледі. Осы берілген тапсырмалар

бойынша әр топ өзіне берілген металға постер қорғайды.


1-топ. Темірдің ежелгі және қазіргі кезде қолданылуы және оның биологиялық маңызы

2-топ. Мыстың ежелгі және қазіргі кезде қолданылуы және оның биологиялық маңызы

3-топ. Алтынның ежелгі және қазіргі кезде қолданылуы және оның биологиялық маңызы

4-топ. Күмістің ежелгі және қазіргі кезде қолданылуы және оның биологиялық маңызы


  1. Қазақстанның қазба байлықтарының «металлогендік картасын» жасаған, кен

байлықтарын зерттеген академик, ғалым Қ.И. Сатпаев жайлы оқушыларға шағын ақпарат (презентация) беріледі


Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.

Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды.

1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған.

Қаныш Сәтбаев атында

Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты,

Сәтбаев қаласы

Сәтбаев ғаламшары,

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Сәтбаевтың мұздығы




Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,

«Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі

Сәтбаев көшесі (Алматы)




  1. Сөзжұмбақ. Әр топтан екі-үш оқушы шығып жауабын жазады.











М

Ы

С












Т

Е

М

І

Р








П

Л

А

Т

И

Н

А










С

А

Р

Ы

Б

А

Й








А

Л

Т

Ы

Н









Қ

А

Л

А

Й

Ы











У

Р

А

Н









Қ

А

Р

А






М

Е

Т

А

Л

Л

У

Р

Г

И

Я







А

Л

Ю

М

И

Н

И

Й





К

О

Р

Р

О

З

И

Я

















  1. Жезқазғанда қандай металл шығарылады

  2. Машина, трактордың жанымын,Қара металлургияның нанымын. Бұл қай элемент?

  3. Асыл металдарға жатады?

  4. Қостанайдағы темір кен орны?

  5. Қазақстанның пайдалы қазбаларынан 5 орын алатын металл?

  6. Адамзат өте ерте заманда игерген алғашқы металдарының бірі?

  7. Радиоактивті металл?

  8. Қазақстан үшін екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдары пайда болған өнеркәсіп

  9. Грек тілінен аударғанда металдарды өңдеу деген мағына береді?

  10. Өзі жылтыр күмістей. Жеңілдігін ескерсең. Жұмсақтығы тағы бар. Пайдаланар жері табылар.

  11. Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі не деп аталады?


  1. Металлургия жайлы ақпарат


Ата- бабаларымыз ертеден металдарды қорытып, қоспалар дайындаған. Қазақ халқы металдарды өңдеу тәсілдерін жақсы білген, қақтап, созып, зер салып әшекейлеп, қалыпқа құйып, салмақты үлкен бұйымдар жасаған. Жиі қолданған металдары: алтын, күміс, мыс, қорғасын, темір. Қамшының сабына дейін алтын, күміспен әшекейлеген. Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Мысалы: мыс дәуірі, қола дәуірі. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші Георгий Агрикола XVIғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса, адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді».

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Өңір тұрғындары мысқа қалайы, қорғасын сияқты металдарды коса отырып, қола құймалар алды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!