Материалдар / Ұлы дала ханымдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы дала ханымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жакиянова Арай Нургазыевнаның авторлық бағдарламасында ел тарихындағы ұлы дала ханымдарына тарихи талдау жасалынды. Отандық тарих ғылымында үлкен ғылыми зерттеулерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі ел тарихындағы қазақ ханымдарының алатын орны болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақ хандығы тұсындағы әйел тұлғаларының қайраткерлігін, мұрасын зерттеу өзекті болып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2021
1649
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебі» КММ












Авторлық бағдарлама


Тақырыбы: «Ұлы дала ханымдары»





Орындаған: Жакиянова Арай Нургазыевна

тарих пәні мұғалімі






Павлодар қаласы, 2021 ж

«Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебі» КММ

тарих мұғалімі Жакиянова Арай Нургазыевнаның

«Ұлы дала ханымдары» авторлық бағдарламасына



РЕЦЕНЗИЯ


Жакиянова Арай Нургазыевнаның авторлық бағдарламасында ел тарихындағы ұлы дала ханымдарына тарихи талдау жасалынды.

Отандық тарих ғылымында үлкен ғылыми зерттеулерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі ел тарихындағы қазақ ханымдарының алатын орны болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақ хандығы тұсындағы әйел тұлғаларының қайраткерлігін, мұрасын зерттеу өзекті болып келеді.

Қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылатын аналарымыз, аруларымыз баршылық. Қазақ қоғамының даму тарихына үңілсек, аналарымыздың, аруларымыздың ұрпақ тәрбиесімен қатар, ұлт тағдырында айырықша орнын алғандығын байқауға болады.

Алдына қойған мақсат, міндеттеріне жету үшін оқушы тарихи деректер мен зерттеулерді, ғылыми еңбектер мен монографияларды пайдаланған.

Ғылыми жұмыста пайдаланылған қалыңмалдың заң бойынша жойылуы, неке туралы заңның шығуы, Бопай ханшаның Тевкелевке жазған хатын мұрағат құжаттарынан көруге болады.

Авторлық бағдарламадағы ой-пікірлер мен қорытынды мейлінше объективті жасалынған. Бағдарламаны жазу кезінде автордың алдына қойған мақсаты мен міндеттері толықтай орындалды деуге болады.

Аталмыш тақырып төңірегінде жинақталған жаңа, тың көзқарастарды айқындап қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде де қолдануымыз заман талабы.

Авторлық бағдарлама талапқа сай жазылған. Жұмыстың жалпы жобасы дұрыс. Қолданылған әдебиет, дереккөздері жеткілікті. Мәтін, ой желісін жеткізе алған.

Теориялық мәселелер тақырыпқа сай ашылған. Авторлық бағдарлама талаптарға сәйкес жазылғандықтан Жакиянова Арай Нургазыевнаның «Ұлы дала ханымдары» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы «өте жақсы» деп бағаланды.




Павлодар қаласының № 25 жалпы

орта білім беру мектебі,

тарих пәнінің мұғалімі: Абдрахманова С.Р.





Түсіндірме жазба


7-9 сыныптарда жалпы бағдарлама бойынша аптасына 1 сағат көлемінде өткізілетін курстың тақырыбы отандық тарих ғылымында үлкен ғылыми зерттеулерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі ел тарихындағы қазақ ханымдары арналған. Ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми нәтижелері негізінде құрастырылған авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептер мен барлық оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа ұстанымдардың қалыптасуына әсер етеді. Курстың жас ұрпақты отаншылдық және ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Қазақ қоғамындағы әйелдер жағдайына қатысты деректік материалдар мен еңбектер теориялық тұрғыдан талданды. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық дамуына тарихты ұлттық мүдде жағынан зерттеп жүрген отандық тарихшылардың ұстанымдары мен көзқарастары негіз болды.

Зерттеу кезінде және дереккөздерді жинауда нақты мақсат-міндеттерге қатысты сипаттама жасау, тарих туындыларын жүйелеу мен топтастыру, тарихи аңыздарға көркемдік талдау әдістері, салыстырмалы, жалпы ғылыми жұмысында тарихи-салыстырмалы, жүйелілік, хронологиялық, нақтылы-тарихи, шынайылық және тағы басқа әдістер пайдаланылды.

Авторлық бағдарламаның мақсаты - ел тарихындағы ұлы дала ханымдарының орнын көрсету болып табылады. Осы мақсат тұрғысынан алға мына міндеттер қойылды:

  • Зерттеу тақырыбының әдіснамалық негіздерін саралау;

  • Қазақ әйелінің саяси-қоғамдық ортадағы орны мен рөлін айқындау;

  • Қазақ қоғамындағы отбасының орны және ондағы әйел келбетіне талдау жасау.

Бағдарлама 6 бөлімнен, 34 тақырыпшадан тұрады. «Ұлы дала ханымдарын» танып білу оқушылардың білімдері мен біліктерін дамытуда зор ықпал етеді.

Авторлық бағдарламаның деректік қорын Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік архивінің тарихи жазба деректері мен дәстүрлі ауызша тарих туындылары құрайды. Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік архивіне алыс және жақын шетел мұрағатынан алынған 430 қорының «Посмертное письмо Абулхаир хана и Бопай ханшы губернатору Тевкелеву» [8], «Декрет об отмене калыма у киргиз» [9], «Декрет о брачном праве у киргиз» [10] деген құжаттар жан-жақты зерттеліп, тарихи деректік жүйеге кіргізілді.

Қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылатын аналарымыз, аруларымыз баршылық. Қазақ қоғамының даму тарихына үңілсек, аналарымыздың, аруларымыздың ұрпақ тәрбиесімен қатар, ұлт тағдырында айырықша орнын алғандығын байқауға болады. Әсіресе, қазақ халқының басына ауыр кун туған ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ ханымдарының қазақ хандығының өміріне ық­палы зор болғандығын тарих беттері айғақтайды.

Ұлт тарихындағы елеулі болған оқиғаларға белсене араласқан Томирис, Зарина, Қарашаш, Абылайқызы Айтолқын, Бопай ханым мен Айбике аналарымыздың есімдерін ерекше атаймыз. Бірақта, бұл ел тарихындағы қазақ ханымдарының күннен-күнге жадымыздан шығып, ұмыт болып бара жатқаны ащы шындық. Сондықтан қазірде есімдері еміс-еміс есте жатталған қазақ ханымдары жайлы айту күн талабынан туындап отыр. Өйткені, ұлы даланың амазонкалары аталған Томирис, Тұмар, Зарина патшайымдар, қасиетімен дала аңызына айналған Ұмай, Домалақ аналар, ел басқарған ерлердің әрі жұбайы, әрі анасы атанған Жаған бегім, Бопай ханым, Айғаным ханша, Фатима Тоташ, Күнімжан ханым сияқты әйелдер бейнесі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге

Ұлы дала ханымдары сол дәуірдің кеңесшілері болды, сол заманның ырқына көніп, ел басшыларының тұрмыс жағдайына да, мемлекеттік істерінің орындалу барысына араласып отырды. Ел тарихында бір қолымен бесікті, екінші қолымен ел тыныштығын тербеткен ұлы дала ханымдарының жоғары рухы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуы бүгінгі күннің үлкен міндеті. Өйткені, ұлы дала ханымдарына айналған қазақ әйелдерінің болмыс бітімі аруларымызға, болашақ аналарымызға өнеге.

Қазіргі кезде қоғам дамуының басты бір көрсеткіші гендерлік теңдікті сақтау болып табылады. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету Қазақстанның демократиялық және адам бостандығын жақтайтын өркениетті ел екендігін көрсетеді. Гендерлік саясатты халық діліне сәйкес өрбітудің маңызы зор. Әйел болмысының адамгершілік,этикалық бейнесін сақтап қалу ел үшін маңызды мәселелердің бірі болып қалады.

Ақылына көркі сай, жігер-намысы, батылдығы батыр жігітке бергісіз ханымдар да қазақ қоғамында болған. Қыз ел мен елді бітістіріп, даулы мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарған. Ақылды, көріпкел, кемеңгер, сабырлы, салмақты және тағы осындай жақсы қасиеттерді иеленген ұлы дала ханымдарының есімі руға, жер атауларына берілген. Бұл да халқымыздың әйелге деген сый-құрметтерінің бірі деп білеміз. Аты аңызға айналған ұлы дала ханымдарының өнеге болатын ақылды істерін қазіргі күні жас ұрпаққа айтылуы қажет.














«Ұлы дала ханымдары» авторлық бағдарламасының

күнтізбелік-тақырыптық жоспары

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

7-9 сыныптар


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Енгізулер

І.Ел мүддесі және әйел тұлғасы

1

Кіріспе «Ел тарихындағы ұлы дала ханымдары»

1



2

Томирис

1



3

Зарина

1



4

Бөрте ханым

1



ІІ.Ұлт шежіресіндегі айтулы ел аналары

5

Ұмай ана

1



6

Домалақ ана

1



7

Қызай ана

1



8

Қарқабат ана

1



9

Күнбибі ана

1



10

Дәулетбике ана

1



11

Қарашаш ана

1



12

Қалампыр ана




ІІІ.Ұлт ұлағаты және әйел даналығы

13

Сүзге ханым

1



14

Рабиға сұлтан бегім

1



15

Жаған бикем

1



16

Сүйінбике ханым

1



17

Сұлтан-Нигар ханым

1



18

Ханық сұлтан ханым

1



IV.Ержүрек дала ханымдары

19

Айша Қобыланқызы

1



20

Ақторғын ханым

1



21

Назым батыр

1



22

Гауһар батыр

1



23

Сапар (Сапура) Мәтенқызы

1



V.Замана сыны және әйел парасаты

24

Бопай ханым

1



25

Тойқара ханым

1



26

Айбике ханым

1



27

Зылиқа ханша

1



28

Айтолқын ханым

1



29

Күнімжан ханым

1



30

Фатима Тоташ ханым

1



31

Бопай Қасымқызы

1



VI.Айтулы аналардың әжелік өнегесі

32

Айғаным ханша

1



33

Зере ана

1



34

Ұлжан ана

1










































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ақтаев С. Ел анасы – Айғаным / «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Астана: «Форма Плюс» баспасы, 2015. – 57-67 бб.

  2. Ақтаев С. Құмда қала салғызған Фатима ханым / «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Астана: «Форма Плюс» баспасы, 2015. – 154-167 бб.

  3. Алпысбес М. Ұлт шежіресіндегі айтулы ел аналары мен ханымдар / «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Астана: «Форма Плюс» баспасы, 2015. – 132-146 бб.

  4. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков. - Астана: «Алтын кітап» (Библиотека казахской этнографии), 2007. – 210 с.

  5. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: (қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!