Материалдар / Ұлы дала перзенті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы дала перзенті.

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ халқы басына қанша азап пен қиындық көрсе де, еш мойымаған, халықтық қалпы мен ұлттық салтын жоғалтпаған, дінінен, тілінен айырылмаған қайсар рухты қазақ халқы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2020
10424
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы Дала перзентіміз


Біздің қасиетті жерімізді Сламбек Ерсұлтан ықылым замандардан Ұлы Дала 9 «Ә» сынып деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз! Ұлы Даланың мұрагерлеріміз!

Н.Ә.Назарбаев.


Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның Президенті – қазақ халқын әлемге танытып, мемлекетін мойындатқан ұлт Көшбасшысы биік мінберден осы пікірді айтқанда, бүкіл түркі тектес туысқан халықтардың селт етпегені кемде-кем болар? Тарихын сонау тереңнен тартқан халықтың өткеніне назар аударғанда, алып аймақты о бастан иеленген бабаларымыздың данышпандығы көрінеді. Ұлы Дала ұғымы кейде Еуразия Даласы деп те айтылады екен.

«... географиялық тұрғыдан алғанда, Ұлы Дала Байкалдан Балқанға, Өтүкеннен Дунайға дейінгі аралықты алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ. Ұлы Даланың түстігі Қара теңізбен, батысы Карпат тауларымен шектеседі. Ал өркениет – мәдениет тұрғысынан алғанда шығысы - Қытай, түстігі - Иран, батысы- Ұрым арасындағы тұтас түркілік кеңістік.» - деп жазады тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі.

Ұлы Даланы бір кездері Дешті Қыпшақ деп те атаған. Іргелі тайпалар саналы түрде бірігіп, достасып, серттесіп, одақ құрғанда, сол Ұлы Даладағы Мәңгілік елдің іргетасын қалаған еді. Содан бері қазақ халқы басына қанша азап пен қиындық көрсе де, еш мойымаған, халықтық қалпы мен ұлттық салтын жоғалтпаған, дінінен, тілінен айырылмаған қайсар рухты халық болып қалған. Ең бастысы – туған жерден кетпеген, ешкімге бермеген. Қадірлеген, қастерлеген, ұрпағына аманат еткен.

Айналайын!

Ата мекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен! –

деп қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, қазақ баласы үшін ең асыл мұра, қымбат қазына – туған жері. Дала перзентінің далаға деген сүйіспеншілігі,ықылас-мейірімі де ерекше.

Туған дала! Қазақтың ұлы Даласы! Қазақтың алтын тұғыры! Қаншама сырды ішіне бүгіп, бүкіл тарихқа үнсіз куә болып жатқан далам менің! Сенен дарқандықты, кеңдікті, парасаттылық пен асқақтықты бойына сіңірген бабаларым осы қасиеттерді бізге аманат еткен. Туған жерім, өзіңді жат жұрттың иеленуіне бермеу үшін бабаларым ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен шыбын жанын шүберекке түйіп, ата жауларымен қасық қаны қалғанша айқасқан. Ал өзің бір кезде «Қаратаудың басынан көш келеді» деп ата қонысынан айырылып, ауа көшіп, боздап бара жатқан аналар мен балаларды, намыстан жарылардай болса да, дұшпанынан кек алатынына сенімді азаматтарды көргенде, бір толқып қалдың ба екен? Елінің азаттығы үшін «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» қол бастаған Сырым батырдың, Исатай мен Махамбеттің, Кенесары мен Амангелді сынды батырлардың көтерілістерін көргенде, бір риза болдың ма екен? «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатам» деген Кеңес үкіметі орнаған кезінде талай аласапыранды бастан кешіріп, талай қантөгістің куәсі болғаныңда бір толқыдың ба екен? Азамат соғысы болып, ақтар мен қызылдардың бірін-бірі аямауға бекінгенінен бөлек, қазақ ауылдарындағы содырлы сойқандарға да куә болғаныңда жүрегің шымырлады ма екен?

Өз төсіңнен сонау батысқа аттанған азаматтарыңды қимай шығарып салғаныңда, кейін олардың көбінен қара қағаз алып, боздағынан айырылып, аңыраған ана мен баланың көз жасы көл болғанын көргеніңде, сен де қосылып жыладың ба екен?

Тың жерді игереміз деп тыныш жатқан өзіңді трактормен тырмалағанда да, өнімді көбірек аламыз деп улы дәрілер сеуіп, өзіңді улағанда да, қарсылығыңды айта алмай булығып жаттың ба екен? Адамзаттың ақыл-ойының асқақтығын дәлелдейтін айдаһар – атом бомбасын атқылап, сенің быт-шытыңды шығарып астан-кестен қылған адамдардың қылығына да ештеңе дей алмай, амалсыз көне бердің бе екен?

Көлің тартылып, суың тұзға, нуың түзге айналғанда қалай қиналдың екен? Өзіңде өмір сүріп жатқан тіршілік иелеріне барыңды-нәріңді берген Жер-Ана емессің бе сен? Қазақтың ең қасиет тұтар бойтұмары емессің бе сен? Басқа халықты қайдам, қазақ үшін туған жердің – ата мекеннің орны бөлек.

Туған дала,

талайлардың от қанын

лапылдатты тентек күйің,

текті әнің. Сөз сөйлесем –

Сенсің биік тұғырым!..

сенсің менің абыройым, мақтаным!.. - деп белгілі ақын Ж.Әбдірашев жырлағандай, қазақ даласы әр қазақтың түп қазығы.

Қазақ даласы! Қаншама ғасыр сенде өмір сүрген қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгеніне» куә болған өзіңсің! Сол ақ адал, бейкүнә халықтың осыдан ширек ғасыр, яғни 25 жыл бұрын, «көгінен күн түріліп» қуанғанына куә болған өзіңсің! Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы азаттық-тәуелсіздік таңы атқан күн есіңде ме? Ұлан-ғайыр даланы мекен еткен қазақ деген дана халықтың өз еркі өзіне тиіп, еңсесін көтергенде ең алғаш жүрекжарды ақ тілегін білдірген бір кезде өз босағаңнан енші алып тараған түрік бауырларымыз еді. Тәңірі осы кезде қазақтың бақытына ел басқаруға парасатты, ел үшін туған Ерді жазыпты. Өз еркіміз өзімізде десек те, сол кезде жеке мемлекет болып аяғынан тік тұрып кету оңай емес еді. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің данышпандығымен, көрегендігімен халықты «Нұрлы жолға» бастады. Кеңес заманы кезіндегі солақай саясаттың салдарынан халыққа жапа шектіріп, зиян болған іс-әрекеттерді түзеді. Солардың арасынан Арал теңізінің жағдайының жолға қойылуы мен Семей полигонының жабылғаны ел үшін зор қуаныш еді.

Ұлы Даланың бір перзенті - өзімнің атам, Оңтүстік өңірдің абыройлы азаматы Сламбек Мергенбаевтың өмірі маған үлгі. Мал шаруашылығы саласында 40 жылдай адал қызмет істеген,еліне еңбегін сіңірген атам білімді маман ғана емес, білікті басшы ретінде танылған. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Алғыс хаттарымен», «Құрмет грамоталарымен», бірнеше медальдарымен марапатталған. Атам Қызылқұмда өмір сүрген, қазақтарды басмашылардан аман алып қалған Ағатай батырдың (Ағатай Қарақұлұлы) зерттелуіне, оның халыққа сіңірген еңбегінің насихатталуына өз үлесін қосты. Батыр туралы мен атамнан көп естідім.

Ағатай батыр ер жүрек, батыл, діни сауатты, қырағы, өжет, сезімтал, тапқыр, ат құлағында ойнайтын шабандоз әрі атқан оғы зая кетпейтін қол мерген, киелі, аруақты кісі болған. Ағатай батыр Маңғыстау жерінде дүниеге келген. Ол Бұқарада Көкілташ медресесінде оқиды. 1920 жылы медресені бітіріп, Бұқара облысы Қаған ауданына қарасты 2000-дай қазағы бар Бозашы ауылына көшіп келеді. 1921 жылы Бұқара ГПУ басшылығына қарасты Бозашы аулында «Ерікті қызыл отряд» құрылады. Қызыл отряд бастығы болып Ағатай Қарақұлұлы тағайындалады. Ауғанстан басмашылары Бұқара жері мен халқын тонау үшін, талау үшін Әмудариядан бірнеше рет көшіп өтеді. Ағатай батыр бастаған отряд Бозашы жерінде басмашылармен бетпе-бет соғысып жеңеді, олардың басшыларын Бұқарадағы ГПУ-ге ұстап береді. Содан кейін Бұқара жерінде тыныштық орнайды. Қазан төңкерісіндегі еткен еңбегі үшін, ерлігі үшін Куйбышев пен Фрунзе Ағатайдың өзінің аты жазылған 18 атар маузер мылтық пен Құрмет грамотасын берген. Кейін Ағатай батыр Қызылқұмға көшіп келіп қоныстанды. 1929 жылы Голощекин Қазақстанда «кіші Қазан» төңкерісін орнатуды мақсат еткен. Қызылқұмда халыққа жаппай ет салығы салынып, шаруалардың барлық малын сыпырып ала бастаған. Шаруалар бар малын берсе де, малын жасырды деп қысымға алған. Тауып бере алмағандарын «кулактардың құйыршығы» деп ұстап алып қысымға алған. Беріп құтылайын десе қолдарында малы жоқ халық бас сауғалап, тау-тасты паналап қашқынға айналды. 1930 жылдың жазына қарай қашқындардың саны 30-ға жетті. Оларға Ағатай батыр да қосылды. «Шаш ал десе бас алуға» дайын белсенділер мен уәкілдер жоғарғы жаққа «Кеңес үкіметіне қарсы бас көтерді» деп үсті-үстіне мәлімет берумен болады. «Ағатай бастаған көтеріліс» деп лақап таратып, Қызылорда мен Шымкентке хабар бере бастайды. Голощекин қашқындарды ұстау үшін Ташкент, Түркістан қалаларынан жазалаушы отряд шығарады, ал Ағатай батырдың басына 1000 сом бәйге тігіледі. Ағатай батыр қызылдардың қолынан қаза табады. Бұл «Қызылқұм оқиғасы» деп аталады, осы оқиғаға байланысты РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58 бабына сәйкес 33 адам айыпқа тартылған. Соның 14 адамы ОГПУ үштігінің ұйғаруымен атылған, 8 адамды 10 жылға, 3 адамды 5 жылға, 1 адамды 3 жылға бас бостандығынан айырған, 5 адамды 3 жылға шартты түрде бостандығынан айырған (бәрінің аты-жөні құжаттарда бар). «Қызылқұм оқиғасына» қатысушылардың ұрпақтары бабаларының жазықсыздығын дәләлдеу үшін жан-жақты ізденгендерінен соң ғана нақты деректер табылып,жазықсыз жапа шеккен жандар алпыс жылдай жуық уақыт өткен соң 1989 жылы 16 қаңтарда ақталды. «Қызылқұм оқиғасы» да, Ағатай батыр туралы әлі де зерттеледі деп ойлаймын.

Ұлы Даламның перзенттері Ағатайдың алып жүрек қаһармандығы да, өзімнің атам елге елгезек, қайырымды жан Сламбектің ұлтжандылығы да мені ерлікке жетелейді.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бақытты балаларының бірі болсам да, осындай ғажайып заманға жеткізген кешегі өткен ата-бабаларыма ризамын.Қазақтың ұлы даласында әр заманда өмір сүрген,ел бастаған көсемдер, ержүрек батырлар, сөз бастаған аузы дуалы шешендер мен билер, айтулы атақты ақындар, оқыған білімді ұлт зиялылары халық үшін жанын аямаған екен.Қазақтың ардақты азаматы , зерттеуші ғалымы А.Байтұрсынов: «Жол ұзақ,ғұмыр қысқа.Ұлт үшін деген істің ұлғаюына үлес қосу-қазақ баласына міндет.Ғұмыр жеткенше, қолдан келгенше істеп кетелік» деп өздерінің азаматтық парыздарын өтеу үшін, күндіз-түні еңбек еткен.Қазақ тарихында мұндай ұлтжанды азаматтар өте көп Тарихты оқыған сайын, қазақтың тарихын тереңірек білген сайын халқымның соншалық ақылдылығына, батырлығына, кеңпейілділігіне таңданамын және өзім осы халықтың ұрпағы екеніме мақтанамын. Осындай ұлы халықтың болашағы өз қолымда екенін сезінген сайын, өзімнің бабалар алдындағы, ел алдындағы жауапкершілігімді түсінемін. Бабалар аманатынына лайық болуға, атына сөз келтірмейтін азамат болуға тырысамын. Қазіргі әр қазақ баласы осы міндетті білу керек деп ойлаймын. Қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев:

Сендердікі - өмір, қоғам, заман да,

Сән түзеген қалаң мен далаң да,

Барлығы да мұра болмақ әманда

Болашақ деп аталатын Адамға.

Барлығы да сендердікі, барлығы –

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.

Армысыңдар. Ата ұрпақтың тағдыры!

Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры! –

деп жырлап, кейінгі ұрпақтың яғни біздің қазақтың тағдыры, мемлекеттің болашақ тағдыры екенімізді ұғындырған.Мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастаған нұрлы жолда өз орнымызды табатынымызға сенімдімін. Бар білімін, күш-жігерін бізден аямайтын ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың үкілеген үміті де біз екенімізді түсінеміз, сондықтан үміт пен сенімді ақтай алатыныма өзім де нық сенемін.

Ұлы Елдің – Мәңгілік Елдің – көк Туы мәңгілік желбірейтініне, Әнұраны мәңгілік шырқалатынына да нық сенемін.

Ұлы даланың әр перзенті – қазақтың ұлдары мен қыздары – ата-бабаның аманатына берік болып, туған жерімізді, туған даламызды, тәуелсіз мемлекетімізді мәңгілік сақтап қалатынына сенемін. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, мәртебесі зор Мәңгілік Ел болып қалатыны айдан анық. Бұл – ақиқат, бұл – менің сөзім, бұл – Ұлы Дала перзентінің нық сенімі!










Пайдаланған әдебиеттер


1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен салтанатты жиындағы баяндамасы.

2. М.Мақатаев. Өмір-өзен. «Жазушы» Алматы, 1979ж.

3. Ж.Әбдірашев. Соғыстан соң туғандар. Алматы, «Жазушы» 1993ж.

4. Д.Қыдырәлі. «Егемен Қазақстан» газеті, 2015 жыл 24 қараша

5. Ж.Бөриев. Қызылқұм қырандары, Шымкент, 2011ж.

6. «Өскен өңір» газеті. 2016ж. 8 шілде.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!