Материалдар / "Ұлы Дала тарихы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлы Дала тарихы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлы Дала тарихы" факультатив сабаққа жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
102
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Бекітемін: Келісемін:












Факультатив


Тақырыбы: Ұлы дала тарихы













Құрастырушы: Омарова А. С.


6-сынып











Бағдарлама құрылымы:

  1. Түсінік хат

  2. Мақсаты мен міндеттері

  3. Күтілетін нәтижелер

  4. Тақырып жоспарының мазмұны

  5. Күнтізбелік жоспар

  6. Пайдаланылған әдебиеттер

Түсінік хат


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру мақсатында мемлекеттік деңгейде бірқатар іргелі бағдарламалар қабылданып, іске асырылуда.

Қaзaқcтaн Pecпубликacының Пpeзидeнтi Н.Ә.Нaзapбaeвтың 2012 жылдың 14 жeлтoқcaндaғы «Қaзaқcтaн-2050» cтpaтeгияcы: қaлыптacқaн мeмлeкeттiң жaңa caяcи бaғыты» aтты Қaзaқcтaн xaлқынa Жoлдaуындa: «Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ірі тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық жол тарихы мен мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын.

Басталған іргелі зерттеулерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 2004 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің № 1227 Жарлығымен бекітілген «Мәдени мұра», ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-рухани саладағы мемлекеттік бағдарлама қабылданды. «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 78 археологиялық және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары, 40 археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты шетелдік архив, кітапхана қорларында сақталған сирек кітаптардың, тарихи құжаттардың, көне қолжазбалардың көшірмелерін алу болатын, бағдарламаның нәтижесінде 10 мыңнан аса құнды құжаттар табылып, айналымға ұсынылды. Бағдарлама аясында жарияланған зерттеулер отандық тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейтті.

Тарих дерексіз жазылмайды, тарихи шындықтың өзі тарихи деректермен дәйектелетіндігі анық. Сол себептен, ұлт тарихының жаңа мазмұнын қалыптастыру үшін алдымен деректерді, сонан соң тарихи тұлғалардың еңбектері мен оқиғаларды жан- жақты зерделеу қажет.

Орта ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректердің қолданбалық бағдарлылығы білікті және бәсекеге қабілетті болашақ тарихшыларды дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихын оқытуда тарихи деректердің қолданбалық бағдарлылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін оқу үдерісіне енгізу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында нақтыланған құндылықтарды қоғам мүшелерінің белсенді азаматтық позициясына айналдыруға ықпал етеді.

Факультативтік бағдарламада ортағысырлық тұлғалар, шығыстық және батыстық авторлардың кең танымал еңбектерінен деректер, ескерткіштер туралы мәліметтер енді. Ортағасырлық әлемдік тарихи ой-сананың ең құнарлы материалдары: Рашид-ад-дин, М.Қашқари, Әбілғазы Баһадур хан, М.Х.Дулати, Қ.Жалайыр, Ибн Хордадбек қатарлы әйгілі тарихшы-шежірелердің еңбектері енген. Бұл факультативтік бағдарламада орта ғасырларда Шығысты мекендеген халықтар мен мемлекеттерден қалған тарихи ойдан мағлұмат беретін және сол кезеңдердегі Қазақстан жерін мекендеген ел-жұрттың тарихымен танысуға мүмкіндік беретін еңбектер топтастырылған. Қазақтың орта ғасырлық тарихы үшін бұлардың әрқайсысының өзіндік алатын орны бар.

Мақсаты:


  • Оқушыларға тарихи тұлғалар, шығармалар мазмұнын оқыту арқылы, Қазақстан тарихынан алған білімдерін тереңдету.

  • Орта ғасырда жазылған тарихи шығармаларды талдау арқылы сол тарихи кезең туралы, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар, тұлғалар туралы түсінік қалыптастыру, алған білімдерін өз бетімен тиянақтауға, мәнін түсінуге үйрету.

  • Тарихқа деген қызығушылығын ояту.


Міндеттері:


  • Оқушылардың тарихи - ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

  • Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, әртүрлі материалдар пайдалана отырып баяндама, рефераттар, ғылыми жобалар жасауға үйрету.

  • Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді іздеуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.


Күтілетін нәтиже:


Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жобаларының байқауын ұйымдастырып, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатыстыру, пәндік олимпиадаларда нәтиже көрсету.



Оқушыларға қойылатын талаптар:


  • Берілген тақырып көлемін меңгеру;

  • Деректермен толықтай танысу;

  • Шығармашылық жұмыстарын атқару;

  • Баспасөз материалдарымен жұмыстану;

  • Интернет ресурстарымен жұмыстану.


Оқытудың формалары мен әдістері:


  • Курста оқытудың ақпараттық технологиялық әдістері пайдаланылады. Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешу жолы туралы ұсыныстарын айтады, зерттеу жұмысын жүргізеді;

  • Әдебиеттермен жұмыс істей біледі.

  • Интернеттен материалдар пайдаланады;

  • Шығармашылық жұмыс жасау арқылы болжау, анықтау, соларды түсіндіру, қолдану әдістерін жүргізеді.


Курсты аяқтау формасы:


Курс материалдары бойынша сынақ алынады, баяндама, реферат, ғылыми жоба қорғайды.






Тақырып жоспарының мазмұны:


Бағдарлама бойынша 6-сыныпқа арналған факультатив сабақтары 34 сағатқа есептелген.


Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына - 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.


Жалпы 6 тараудан тұрады.

Кіріспе – 1 сағат


І тарау: Тасқа жазылған тарих – 4 сағат

Көне түрік ескерткіштері. Күлтегін жазбалары. Білге қаған жазбалары. Тоныкөк жазбалары. Талас ескерткіштері.


ІІ тарау: Тарих тағылымы – 6 сағат

Оғызнама дастаны. Қорқыт ата дастаны. «Кодекс Куманикус» ескерткіші. Өтеміс қажы «Шыңғыснама». Қ.Жалайыри «Жылнамалар жинағы». М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди»


ІІІ тарау: Ұлы дала ғұламалары 6 сағат

Әбу Насыр Әл Фараби. Әбу Райхан әл Бируни. М.Қашқари. Ж.Баласағұни. Қ.А.Йасауи. А.Иүгнеки.


IV тарау: Ортағасырлық қалалар – 6 сағат

Сығанақ – алғашқы қазақ хандығының астанасы. Сан қырлы Сарайшық. Сайрам – көне қала. Йасы – ортағасырлық қала. Отырар – қаһарман қала. Тарихы тағылымға толы Тараз.


V тарау: Ұлы дала жауһарлары – 6 сағат

Қарахан кесенесі. Айша бибі кесенесі. Бабаджа қатын кесенесі. Жошы хан кесенесі. Алаша хан кесенесі. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.


VІ тарау: Ұлы Жібек жолы – ұлы мәдениет жолы – 4 сағат

Ұлы Жібек жолының қалыптасуы. Ұлы Жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының сауда мен мәдениетке әсері. Шығармашылық жұмыстар қорғау






Күнтізбелік-тақырыптық жоспар


Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі


Ескерту

1

Кіріспе

1

3.09


Тасқа жазылған тарих (4 сағат)

2

Көне түрік ескерткіштері. Күлтегін жазбалары

1

10. 09


3

Білге қаған жазбалары

1

17. 09


4

Тоныкөк жазбалары

1

24. 09


5

Талас ескерткіштері

1

1.10


Тарих тағылымы (6 сағат)

6

Оғызнама дастаны

1

8.10


7

Қорқыт ата дастаны

1

15.10


8

«Кодекс Куманикус» ескерткіші

1

22.10


9

Өтеміс қажы «Шыңғыснама»

1

5.11


10

Қ.Жалайыри «Жылнамалар жинағы»

1

12.11


11

М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди»

1

19.11


Ұлы дала ғұламалары (6 сағат)

12

Әбу насыр Әл-Фараби

1

26.11


13

Әбу Райхан әл-Бируни

1

3.12


14

Махмұд Қашқари

1

10.12


15-16

Қожа Ахмет Йасауи

Жүсіп Баласағұни

1

24.12

17.12 мереке күніне сәйкес келген сабақ келесі сабақпен кіріктірілді

17

Ахмет Иүгнеки

1

14.01


Ортағасырлық қалалар (6 сағат)

18

Сығанақ – алғашқы қазақ хандығының астанасы

1

21.01


19

Сан қырлы Сарайшық

1

28.01


20

Сайрам – көне қала

1

4.02


21

Йасы – ортағасырлық қала

1

11.02


22

Отырар – қаһарман қала

1

18.02


23

Тарихы тағылымға толы Тараз

1

25.02


Ұлы дала жауһарлары (6 сағат)

24

Қарахан кесенесі

1

3.03


25

Айша бибі кесенесі

1

10.03


26

Бабаджа қатын кесенесі

1

17.03


27

Жошы хан кесенесі

1

7.04


28

Алаша хан кесенесі

1

14.04


29

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

1

21.04


Ұлы Жібек жолы – ұлы мәдениет жолы (4 сағат)

30

Ұлы Жібек жолының қалыптасуы

1

28.04


31

Ұлы Жібек жолының тармақтары

1

5.05


32

Ұлы Жібек жолының сауда мен мәдениетке әсері

1

12.05


33-34

Шығармашылық жұмыстарын қорғау


1

19.05









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. ІІІ том. Астана «Фолиант» 2005.

2. Қазақстан тарихы, көне заманнан бүгінге дейін, І, ІІ том, Алматы «Атамұра» 2010.

3. Орынбай Жанайдаров «Жусуп Баласагуни», Алматы «Аруна LTD», 2007.

4. Сәуле Байниетова «Қожа Ахмет Иассауи», Алматы «Аруна LTD», 2007.

5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.

6. «Әдеби жәдігерлер» 1,6-том

(«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары), Алматы, 2007.

7. Орхон ескерткіштерінің толық атласы / М. Жолдасбеков. - Астана : Күлтегін, 2005.

8. Б.Кенжебайұлы «Түрік қағанатынан бүгінге дейін», Алматы 2010.

9. К. Байпақов Қазақстанның ежелгі қалалары А., Аруна, 2005. – 316 бет

10. Байпаков К., Нұржанов А. Ұлы Жібек Жолы жəне Ортағасырлық Қазақстан. А., Қазақстан, 1992. -208 б.

11. Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана .А, 1979.с -252.

12. Средневековые города Казахстана (книга-альбом) –А, Өнер, 2006. 200 с.

13. Мұстафин Ж. Сарайшық қаласының тарихы мен тағдыры. Орал, 2004. 30 б.

14. Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). –А, Атамұра, 1998. -288 б

15. Жеріңнің аты-Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. -А,Аруна, 2006. - 808 б

16. Елеуов М. Шу мен Талас өңірінің ортағасырлық қалалары. (ҮІ-ҮІІ ғ. басы).

Алматы, 1998.

17. Жолдасбаев С. Жетісу аймағындағы елді мекендер мен тұрақ- жайлардың даму

тарихы. Алматы, 1997.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!