Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:


Тәрбие сағаты

Күні: 03.04.2023

Класы: 2


Тақырыбы: Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Мұғалімі:

Сабақтың мақсаты

Фарабидің өмірімен, еңбектерімен таныстыру математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу. Өз отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.

Рәсімдеу

Әр білім алушы білу керек:

1. Білім алу;

2. Көп оқып, Әл-Фараби туралы көп мәлімеет білу;

3. Ұлы тұлғаны ұлықтау;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Қанатты сөздер, бейнематериалдар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Эпиграфтар

Отырар Әл — Фараби туған қала,

Таң қалған ол туғанда барша дала.

Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,

Дәрігер өз халқына болған шипа

Источник: https://www.tarbie.kz/20396

Құндылық

Жауапкершілік, адамгершілік, білімділік, сауаттылық

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Бейнекөрсетілім

Дайындыққа арналған әдебиет

https://www.youtube.com/watch?v=r7iGPUsVbxQ

https://www.youtube.com/watch?v=55aJEyJSgBU&t=46s

https://www.youtube.com/watch?v=JMlDI1GCtnw

Сабақтың басы ширату

Ой – қозғау сәті.

Балалар, сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?

1. Білім алу.

2. Отанды сүю.

3. Ана тілін сүю, құрметтеу,

4. Ұлт жанды азамат болу.

5. Атамекенді, туған жерді сүю.

6. Денсаулығы мықты азамат болу. 2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?

Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз балалар Әбу Насыр Әл Фараби туралы тереңірек мағлұмат алып, ойымызыд ортамызға саламыз.


Сабақтың ортасы

Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл. Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі. Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен. Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.

Білім алу мақсатында, Араб халифатының астанасы Бағдатқа аттанды. Осы қалада ғылымды, медицинаны және тілдерді үйрене бастады. Бағдадқа келгенде әл-Фараби тек түркі тілін ғана білген. Бірақ, білімге деген құштарлығының арқасында, өмірінің соңына дейін 70-тен астам тілді меңгеріп алды. Ол Қади, яғни шариғат үкімін жариялайтын адамның лауазында қызмет атқарып жүрген кезінде, оның жақын досы оған көптеген кітаптар берген. Кітаптардың арасында Арситотельдін еңбектері болған. Бұл еңбектердің ұнағандығы соншалық, өз лауазымынан бас тартып, ғылымға бет бұрған. 941 жылы Дамаск қаласына көшіп, өмірінің қалған бөлігін осында өткізді. Бұл қалада бақша күзетшісі болып жұмыс істеген. Күндізгі уақытта тапқан ақшасына шамдар сатып алып, түнде осы шамдардын жарығымен ғылыммен айналысқан. Әл-Фараби 80 жасында өмірден озды. Қалай қайтыс болғандығы туралы нақты мәлімет жоқ. Бір ақпарат бойынша, ол аурудан көз жұмды. Ал екінші нұсқа бойынша, Асқаланға сапар шегу кезінде қарақшылардың қолынан қаза болған. Әл-Фараби – мұсылмандық философиялық ағымның негізін қалаушы. Ұлы ойшылдың есімі тарихқа мықтап енді. Оның жазған еңбектері, Батыс және Шығыс мәдениеттерін жақындастырған көпір болып саналады. Астрономия, математика, музыка, логика, әлеуметтану, жаратылыстану және астрология туралы 130-ға дейін шығарма қалдырды. Аристотельдін «Жан туралы» деп аталатын трактатын 2000 рет оқып шыққан.


Қазір біз, Әбу Насыр Әл – Фарабидің өмірімен жақынырақ таныс болу үшін бейнематериалды көріп, тамашалайық.

https://www.youtube.com/watch?v=r7iGPUsVbxQ

https://www.youtube.com/watch?v=55aJEyJSgBU&t=46s

https://www.youtube.com/watch?v=JMlDI1GCtnw

Сабақтың соңы

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейд"Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.

Қош, сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2023
285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі