Материалдар / «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға Абай туралы баяндама жазуға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі КММ









«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»

Бағыты: білім-ғылым



Орындаған: ағылшын тілі пәні

мұғалімі П.Анарбаева















2020-2021 оқу жылы

Мазмұны

І. Кіріспе ................................................................................................................4

«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»


ІІ. Негізгі бөлім ...............................................................................................5-14

«Абай - дана, Абай - дара қазақта»


ІІІ. Қорытынды бөлім ........................................................................................15

«Мәңгілік елдің – мәңгілік мұрасы»


Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................16





















Аннотация


Бұл зерделеу жұмысы Абай шығармаларының тәлім – тәрбиелік мәнін ашу үшін бағытталған. Мұнда Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріне талдау жасалған. Ақын мұрасының рухани – адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, патриоттық тәрбие арқылы ұлттық сананы қалыптастыруға болатын дәлелді мысалдар арқылы көрсеткен.


Аннотация

Эта исследовательская работа направлена на раскрытие воспитательной сущности произведений Абая. Здесь был проведен анализ слов и стихов Абая Кунанбаева. С целью пропаганды духовно – нравственных ценностей наследия поэта, формирования национального сознания через патриотическое воспитание.


Annotation

This research work is aimed at revealing the educational essence of Abai's works. The analysis of words and poems of Abay Kunanbayev was carried out here. In order to promote the spiritual and moral values of the poet's heritage, the formation of national consciousness through Patriotic education.












Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.

Н.Ә.Назарбаев


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруға арналған тұжырымдамада «Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін, ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу керек» деп көрсетілген. Осы мақсатта ұлттық сана-сезімі жетік, қазіргі заман талабына сай ойлау қабілеті жоғары азаматтар тәрбиелеу – ұстаздар міндеті.

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адалдықты көздесең, жаттап тағы көңілге...- деп ақын С.Торайғыров жырласа, Жан-Жак Руссо «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп айтқандай, жылдан-жылға оқушыларымыздың Абай атамызды танып-білуге деген ынтасы артып келеді. Сондықтан да біздің мақсатымыз - жас ұрпаққа Абайдың даналығы туралы кең түсінік беріп, шығармалары мен асыл сөздерінің мәнін ұғындыру.

Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. Ол туралы айтылар сөз, жасалар істер әрқашанда өз арнасын табуы тиіс. Абай өлмес мұра қалдырды, оны алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту - біздің ғұмырлық парызымыз.









Жеті қат жердің тектоникалық қоз­ғалысы мен сілкінісінен жанартаулар пай­да болатыны сияқты уақыттың ұзақ тол­ғағынан дүниеге мың жылдықтарда бір келер, қайталанбас, қайтып тумас, даналық пен даралықтың үздік үлгісі – ұлылардың ұлысы әлемді жалт қаратып, таңдай қаққыза тамсандырып, Ұлы даланың ұланғайыр бір өңірі – қасиетті Шыңғыстауда, бұдан 175 жыл бұрын, тамылжыған тамыз айының 10 жұлдызында дала данышпаны Құнанбай шаңырағында Абайдың өмірге келуі – құбылыс, әлем таңғалған құбылыс!

Сол құбылысты «Абай жолы» атты әй­гілі роман-эпопеясына алтын арқау ет­кен Мұхтар Әуезов шығармасы әлем­ді шарлап, құбылысты құлпыдай құлпыртты.

Бұл Абай – құбылыс нұрынан түскен жарық сәуле еді.

Абай – құбылыс өмірге келгелі екі ғасырға жуық, Әуезовтің «Абай жолы» жарық көргелі жүз жылға жақын уақыт өтті. Содан бері әлемде талай өзгеріс болды. Кейбір мемлекеттер мен халықтар өмірден озды. Теңіздер тартылды, таулар шөкті. Ал Абай – құбылыс, ол жайлы жазылған ұлы шығарма – «Абай жолы» адамзатпен бірге жасасып келеді.

Кемел ойлы кемеңгер таланттар­дың нәр алатын қайнар бұлағы – ұлы Абай, Абай ілімі, даналықтың даралық сыры. Көк аспандай көрсетпейтін көлемін, көк мұхиттай өлшетпейтін тереңін Абай құбылыс ғасырларға шыдас берер беренім аспандағы Ай мен Күндей айналаға үнсіз сәуле шашып тұр. Абай орыстың Толстойы, өзбектің Фирдаусиі, тәжіктің Рудакиі, немістің Гетесі, ағылшынның Шекспирі, француздың Бальзагы, испанның Сервантесі, арабтың Юсеф Ас-Сибайы, жапонның Харуки Мура­ками... тағы басқа да әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалармен талант, ақыл-парасат жағынан қандас, туыстас. Абай солармен иықтасып қатар тұр. Бұған оның өлеңмен, қарасөзбен он алты өрім қамшыдай жымын білдірмей қатар өрген қатпары қалың, қалтарысын кез келген жан ұға бермейтін, түнде де жарқырайтын сан қыры даралық сыры айқын айғақ.

Тас төбеден құ­йылған сол сәулеге шомылған дана­лық жарығынан нәр алған әрідегі әлемдік деңгейдегі тұлғаларды түгендемей-ақ, берідегі Мұстай Кәрім, Расул Гамзатов, Олжас Сүлейменов, Пауло Коэльо, Герман Кант, Рима Казакова, Евгений Евтушенко, Феликс Кузнецов, Юрий Бондарев, Шыңғыс Айтматов, Сергей Михалков, тағы басқа сан саңлақты айтсақ та жеткілікті. Әлем әдебиетіне азбас, тозбас мол олжа салған бұлардың да ойын оятқан, санасына сәуле құйған құдай тектес құдірет Абай!

Бұл аз десеңіз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Абай – рухани реформатор. Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы қайталап, қадап айтқандай: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары».

Қазақстан Прези­денті, әлемдік деңгейдегі аса салиқалы, асқан салмақты Абай даналығынан нәр алған, Абай даналығының жарығы түскен Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың даналық жарығы жайлы: «Ең алдымен, білім игеру. Біз бүкіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. Заман талабына сай білім алу интеллектуалды ұлт қалыптастыруға жол ашады. Екінші, тәрбие мәселесі. Сондықтан өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет.

Үшінші, жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп ар-мандады. Әсіресе бәсекелестікке толы алмағайып заманда мұның мәні зор. Абай: «Мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды» дейді. Біз еңбекке, жаңа өнер игеруге деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз. Байлықтың да, бақыттың да кілті – өзің сүйген кәсіпте.

Төртінші, ынтымақ мәселесі. Абай әр­дайым қоғамның береке-бірлігін арттыруға ден қойды. Ол «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос» деп, елді татулыққа шақырды.

Біз аса күрделі кезеңді бастан өтке­ру­деміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ын­тымағымызды арттыра түсу аса ма­ңызды. Кемеңгердің де жан-жүрегі­мен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сондықтан бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр.

Абай өнегесінің құны дәуір алмасқан сайын артпаса, кемімейді. Ол баршаға түсінікті әрі күллі адамзатқа ортақ. Оның қара өлең болып өрілген және қара сөз болып төгілген оралымды ойлары әлі күнге дейін өмірлік бағдар болып келеді.Ұлтының болашағы үшін қам жеген ұлы ойшыл күллі жұртшылықты да махаббат пен мейірімге үндеді. Ақынның осындай адамгершілік қағидаттары еліміздің бүгінгі ұрпақтары үшін де аса қажет», – деп толымды ой толғады.

Абайдың даналық жарығы «Нұрлы жолды» нұрландырып тұр.

Тарих – ана ұзақ толғатып, сирек туатын ұлы тұлғалар бір халықта ғана емес, бар халықта да бар. Олар бір ұлт­тың ғана емес, барлық ұлт, барша халықтың мақтанышы. Әлемдік асыл қазынаға олар қосқан жауһарлар адам­заттың ортақ игілігі. Хакім Абай осы санаттағы саңлақ. Ол алыптар тобы­ның көшбасшысы. Абай сынды ұлы тұлғалар ақ бас шындары алқара­көк аспанмен таласқан асқар таулар секілді қашықтан қарасаң айбынды, сұсты, кейде, тіпті суық болып көрінеді. Ал сол алыстан айбынды көрінген асқар тау­лардың жанына жақын келсең, өзгеше бір жылылық, тартымдылық табасың.

Кісілік пен кішіліктің ертеден егіз екенін танисың. Алыстан асқақтаған зеңгір таулар жанына келсең, жайқалған бау-бақша, бауырынан құлай аққан сыңғыр бұлақ, төсінен көкке шаншылған сыңсыма көк майса, көгерім талымен аялап, саясына алады. Ұлы таулар мен ұлы адамдар арасында ғажайып бір ұқсастық қана емес-ау, табиғи туыстық, оны айтасыз, қандастық, тұтастық бар. Есімі мен еңбегі елімізге, оны айтасыз бүкіл дүниежүзіне мәшһүр алыптар жайлы көңілге түйер ойдың бірі осы. Абай – осы саптағы саңлақтардың басында тұрған алып!

10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген болатын. Ал биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Үкі­метінің қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» болып бекітілді. Бұл хакім Абай­дың туған күні, поэзия күні, ұлттық рухты асқақтататын бүкілхалықтық мереке!

Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «ХІХ ғасырда өмір сүріп ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс» деген сөзінде тереңнен тебіреніп шыққан текті ой бар. Сол ойға арқа тіреп Абайды әлемге әлі де таныта, насихаттай түсуіміз керек. Біздің бұл ойымызды Мемлекет бас­шысының: «Біздің ойшылдың өне­гелі өмірі мен тағылымы туралы туралы айтудан жалықпаймыз. Әсіресе қазіргі Қазақстан қоғамын Абайдың рухани ұстанымына сай дамыту аса маңызды. Мен бұл жөнінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда кеңінен айттым. Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығына назар аударуда. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және дәріптеу – азаматтық парызымыз. Өйткені Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға. Абайтанудың тұғырнамалық негізі де осы болуға тиіс. Қазір ақынның еңбектерін халық­ара­лық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыстар қол­ға алынуда. Оның шығармалары әлем­нің он тіліне аударылып, баспаға әзір­ленді. Бұл кітаптар жүзден астам елдің кітапханалары мен мәдени орта­лықтарына жіберіледі. Бірқатар шет­елдік аудармашыларға, Абайдың шы­ғар­машылық мұрасын зерттеушілер мен насихаттаушыларға менің Жар­лы­ғыммен мемлекеттік награда берілді. Абай рухын ұлықтау шаралары жал­ғасуда. Шетелдегі елшіліктеріміздің жаны­нан Абай орталықтары ашыла бас­тады. Ақынның шығармашылығын жүйе­лі зерттеу үшін Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академиясы құрылды» деген сөзі қуаттай түсті.

Абай жайлы бұрын да, бүгін де талай тамаша еңбектер жазылды. Солардың ішіндегі соңында соқпақ салған, тың, ордалы ой айтқан аса бағалы, тұлғалы туынды Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы. Бұл аты мақала болғанымен заты үлкен монографияның жүгін көтер­ген азбас, тозбас, мәңгілік еңбек!

Қаламы ұшына орала кеткен «Мәң­гілік сөзі ұлы Абайға деген мәңгі­лік сағыныш отын тағы да үрлей түсті. Иә, біз Абайды сағынамыз. Абайды сағыну – ұлылықты сағыну, құбылысқа табыну. Бұл мәңгілік сағыныш.

Бүгін мен баяндама тақырыбын «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» деп тектен-тек алып отырған жоқпын. Осы жерде Елбасымыздың мына сөзіне назар аударайықшы: «Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс». Қаншама сыр, қаншама ой жатыр осы сөзде. «Болмасаң да ұқсап бақ»,- деген Абай атамыздың асыл сөзін еске ала отырып, болашақ ұрпағымыздың бойына данышпан бабаларымыздың асыл қасиеттерін сіңіруді, Абайдай халық қамын ойлайтын саналы азамат тәрбиелеуді қазіргі өмір талабы біздерге, соның ішінде ұстаздар қауымына жүктеп отыр.

Абайдың зиялылық шығармашылығы оның педагогикалық көзқарасымен ажырамас бірлікте. Абай адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін ағартушылық міндетін терең сезінген. Мәселен,

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай, баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,» - дей келіп, адам мінезіне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды тарата жіктеп, даралап түсіндіріп береді. Жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін жан-жақты жырлап, адамзат баласының ең асыл қасиеті білім-ғылымға ұмтылу деп бағалайды. Ғылым-білімге талпыныс адамның жан дүниесімен қоса сыртқы айнала қоршаған экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екендігінің шындығын айтады.

Абай – кемеңгер! Бүкіл халықтың бетке ұстар данышпаны. Сондай-ақ, Абай көзі тірісінде өзінен кейінгі өнерлі ұрпақты әдебиетке, поэзияға жетелеген өрелі Ұстаз, Хәкім!

Ақынның соңында қалған шығармашылық мұралары ана тілімізде, сондай-ақ басқа тілдерге тәржімаланып, әлемдік деңгейде танылуда, зерделі зерттеу еңбектері де өз оқырманын тауып жатыр. Бұл күні Абай мұрасын зерттейтін өз алдына дербес «Абайтану» ғылымы кең өріс жаюда. Абай мұрасын танып білу, терең меңгеру оңай іс емес. Абайдың осы тереңнен тартқан әдебиет саласындағы тамырын насихаттауды жаңа талап тұрғысынан түлетіп, жаңа серпінмен көрсете білу керек.

Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.

XIX ғасырдың екінші жартысында Абай қазақ әдебиетінің тарихында сыншылдық реализмнің негізін қалаушылардың бірі болды. Өзінің аса жоғары табиғи дарынымен ол барлық ақын-жазушылардың алды болуымен қатар, өз еңбектерінде тек қана халқының мақсат-мүддесін қорғай отырып, оған көркемдік образ бере білді. Қазақ әдебиетінің демократиялық бағытын негіздей отырып, Абай дәл сол кезде қазақ әдеби тілінің тууын зерттеген. Оның поэзиясы ойға қонымды, әрі жинақы, аса бай әдеби тіл мәнерін шебер қолдануы арқылы белгілі.

Қазақ халқының қоғамдық ортасында дамып жетілген Абай поэзиясы халықтың әдеби бай қазынасынан нәр алып отырды. Ақын 1880-1900 жыл-дардағы халық өмірінің елеулі өзгерістерінің бірі болып саналатын сол кездегі қоғамдық-тарихи жағдайдың қазақтарға тигізген әсерін жан-тәнімен түсіне отырып, өз шығармасында қазақ қауымының даму барысын әрі терең, әрі шыншылдықпен суреттей білді.

Өнер жолындағы жоғары, аса керемет жетістіктер мен ескілікті біржолата сыпырып, жаңашылдықты тарихи түрде мойындатуы және халық өмірінің ішкі дүниесін жан-тәнімен түсінуі, өлеңдерінің бай қоры Абай шығармаларының классикаға көтерілуіне, әлем әдебиеті мен орыс әдебиетінің бай қазынасынан нәрлі қорек ала білген Абай қарапайым қазақ халқын реалистік түрде жырлай бастады. Оған жұртшылыққа кеңінен танымал: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған аң күмістей кең маңдайлы», «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Интернатта оқып жүр» атты, сол кездегі ел басқарушылар, жыл мезгілдері, махаббат лирикасы қамтыған өлеңдері куә.

Абай өлеңдерінің ең негізгі тақырыбы қазақ халқының бүгінгі жағдайы мен әрі қарай даму жолдары еді. Халқы туралы ой олардың аянышты да ауыр тұрмысын көре отырып жазған өлеңдеріндегі жан күйзелісі: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Күз», «Сегіз-аяқ» және т.б. өлеңдерінде айқын білінеді. Абай лирикасында әлеуметтік тақырыптың көрнекті орын алуын Абай еңбегін зерттеушілердің көпшілігі атап өткен. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қалың елім, қазағым! Қайран жұртым», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңдерінде азамат ақын ел арасында кең етек алған зұлымдықтан арылуды аңсаған еңбекші халықтың жоғын жоқтап, күйін күйттеген өз өлеңдерін әлеуметтік күресте ең қарулы күш ретінде танытты. Нақ осы шығармаларының бәрінде халықты қанаушы, езуші «халқының қамын жегендердің» екі жүзді, арам пиғылдары мен еңбекші қарапайым халықтың ақ көңілін салыстыра келе былай сөз қозғайды:

«Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» ,-деп күңіренеді.

Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да ерекше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне, шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен, дамытып көрсетеді: онда ел өмірі, жалпы тұрмысы, бай серуені бірге қамтылады. «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз», «Күз» т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ ауылының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді. Ақын табиғатқа жан бітіре суреттейді, ерекше мейірлене жырлайды.

Ақынның, әсіресе жастарға арналған өлеңдері ерекше айшықты. Жастық шақ - адам өмірінің ең бір думанды кезеңі, сондықтан да «Ойлансаңшы, бос қаңқай елең-селең» - деп, уақытын арзан күлкімен өткізбеуді тілейді. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім», «Жас өспірім замандас қапа қылды» т.б. өлеңдерінде жастарды мәрттікке, татулық, береке, бірлікке шақырады.

Абайды халқымыз ішкі жан сарайының рухани байлығы, сезім пәктігі, сезім мөлдірлігі, шынайылығы, ақындық мәдениеті үшін қатты қадірлеп, құрмет тұтты. Тіршілікті, дүниені, адамның ішкі жан-дүниесінің қыры мен сырын дөп басып, туған халқының жүрегіне жеткізу.

Абайдың өлеңдері де, қырық бес қарасөзі де тұнып тұрған тұп-тұнық, түпсіз терең ой. Бұлай деу де аз, Абай мұрасы жол көрсетіп тұрған бағдаршам, адастырмас ақ жұлдыз. Көзқарақты қауымның бәрі білетін ол жұлдызды жырлар мен құндызды, аса құнды сөздерді тізбелеп жатпай-ақ, өлеңнен бір, қарасөзден бір мысал келтірейік.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!