Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұлы жеңіс жасасын!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің
мән-маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу
дағдыларын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі
таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін
үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл-
дыққа баулу.
Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың
суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер,
1 - жүргізуші: - Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер !
Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтеміз. Сонымен 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.
Ал енді Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арнап ескерткішке гүл шоқтарын қояйық.
1 - жүргізуші: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.
Енді құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі: Тәженова М.С. беріледі.
Кек қайтарып фашистен ,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке! – дей келе оқушылардың орындауында хор «Бейбіт күн тілегі»
2 - жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы. –
1 - жүргізуші: Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
Би: Катюша.
2 - жүргізуші: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
1 - жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.
2 - жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.
Орыс , қазақ , қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп. – дей келе ортаға көрініс көрсетуге шақырамыз.
1 - жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
2сынып оқушыларының шығармалары
1-оқушы: Біздің халқымыз
қазақтың батыр қыздары Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың
есімдерін мақтанышпен
атайды. 1942 жылы Алматы
қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен
сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау
кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза
тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті
қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман
қызға Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәншүк Мәметова туралы мәліметті тамашалаңыздар.
2-оқушы:
Әлия Молдагұлова
(1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген.
Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып,
олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы
балалар үйінде тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға
қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен
бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлия соғыс жылдары
ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек
мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз
жұмды.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Әлия Молдағұлова Туралы мәліметті тамашалаңыздар.
3-оқушы:Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
– жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан
соғысының даңқты жауынгері, гвардия
полковнигі. 1941 жылдың күзінен
бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.
Жас ұрпақ, асыр
сап
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөдесе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік
Бауыржан Момышұлы туралы мағұлмат.
4-оқушы: Талғат Бигелдинов
ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация
училищесінде білім алып шығады.
1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына
қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам
техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген
танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес
Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
5-оқушы : Қасым Қайсенов (1909 – 2003
жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.
«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал
Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске
40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60
жыл»
6-оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.
1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!
1 - жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!
Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Көріскенше сау болыңыздар!
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:
– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?
Қыз:
– ...не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.
(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
1-оқушы:
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
2-оқушы:
Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.
3-оқушы:
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
4-оқушы:
Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім, сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!
Отаныма берген бірақ антым бар,
Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»
Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,
Арттарында сізге сенген халқың бар!
5-оқушы: Тоқта, достар, тез мін атқа,
Қатерлі ауру сын сағатта.
Батыстан зіл қара бұлт
Төнді айналып Кавказ қартқа.
Қай жан шыдар бұл мазаққа.
Өлім арлы азаматқа.
Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.
1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Жарияланды 21-02-2013, 21:22 Категориясы: Мектепалды дайындық
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!» (тәрбие
сағаты)
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға
баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық
тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік
істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды
сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар,
батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
«Әнұран»
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын,
ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр
сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің
қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де
ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған
еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының
арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне,
содан бері 67 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 67
жылдығы.
Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 -
маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге
қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар
болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Тәрбиеші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан
тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен
ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай
шайқасты.
1 бала: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Тәрбиеші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге
біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы
күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың
қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста
ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр
апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова
ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас
дұшпанынан елін қорғаған еді.
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың
даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау
мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім
болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып,
онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған
ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет
істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі
әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
Тәрбиеші: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?
Қарақат:
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
Сабрина:
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!
Манас:
Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала
әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте
берді, күте берді.
Әлібек:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне
түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық
тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Тәрбиеші:
Арылтып жаудан жерінді
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
Тоғызыншы мамыр күні!
- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.
Ербол:
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік.
Карим:
Жүйрік озар әйгілі
Күні бүгін бәйгенің
Ура, Ура балалар!
Тоғызыншы май бүгін.
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова,
Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз
жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата.....
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете
алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына
бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)
Тәрбиеші:. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын,
жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар
еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты
мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы
күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте
алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап
күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине,
соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт
күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім
алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? (солдаттар)
Ербол:
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: «Атамекен»
Тәрбиеші: Осымен Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс –
жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Ұлы жеңіс
жасасын!»
Мақсаты:
1.Оқушыларды
адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға
баулу. Отанға деге
сйіспеншілігін арттыру.
2. Оқушыларды Ұлы Отан
соғысымен, қазақстандықтардың
ерлік істерімен
таныстырып, ой-өрісін дамыту.
3. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды үлкен
адамдарды сыйлай білуге, оларды
қадірлеуге,өз Отана сүюге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.Слайд
Түрі: кездесу
Өтілу барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Тарих кеші үнемі жаңаланып
отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи
оқиғалар болады.
Соның
бәрі әлемді дүр
сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстыңқасіреті мен Ұлы
Жеңістіңқасиетің батыр
ағаларымыз бен
апаларымыздың ерлігін ешкім де
ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді
дүр сілкіндірген
оқиға 1941жылы
маусымның 22-де болған еді.
Бірақ
сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен
достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда
бұға Ұлы Жеңіспен
аяқталды. Міне, содан бері 60 жыл мерзім
уақыт өтті. Биыл Ұлы
Жеңістің 65 жылдығы.
Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты
Оқушы: Соғыс жалмап
аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты
ананы,
Әкесінен айырыпты
баланы.
Жүргізуші: Осы
соғыста Кеңес
одағының басқа республикаларымен бірге
біздіңҚазақстан Республикасы да жан аямай
шайқасты. Даңқты қарулыкүштердің және еңбек армиясыныңқұрамында 1
млн 870 мыңқазақстандықтар
болған.
Ат ауыздығымен су ішкең, ер
етегімен су кешкен сұрапыл соғыста
ерлермен бірге қолдарына қару
алып, Отанын қорғауға біздің батыр
апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік
көрсетіп,
батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа
төсеген қазақтыңқарапайым қызы
Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын,
туған жерін қатты
сағынғанда, қолы қалт босағанда
анасына жазған сағыныш
хаттары бір толастаған
емес.
Ән: «Жойылсын соғыс»
Мәншүктің хатын оқу.
(оқушы)
«Әлия-Мәншүк» (тақпақ)
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді
аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.
Бірақүміт оты еш өшкен
жоқ. Бала әкесін
күте берді, күте
берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктіңқыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктіңөжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.
Радио сөйлейді. 1945
жыл.
(Барлығы улап-шулайды,
құшақтасады).
Дүние жүзі
халқы бостандық алды.
Халық
Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен
еңбек жеңіп
шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.
Бірлік, ерлік, халықтар достығы
нығая түсті.
(Ескерткіш. Ана гүл қояды. Екі қыз
бала).
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия
Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат
Бигелдинов т.б. өз жерлестеріміз:
Тулақбаев Арон ата,
Аяпбергенов Қамеш ата.....
Ол кісілерге құрметпен бас
иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете
алмаған, ерлікпен қаза
тапқан ағаларымыз бен
апаларымыздың рухына бас иіп, еске
алайық. 1 минут еске алу.
«Ел қорғауға әзірміз» ән. 3
сынып
ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ.
ОТАН ҮШІН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА
ТАПҚАНДА
Көрініс:
І. «Аттандыру», «Балама хат»,
«Алғадай туралы әрбір
ой» өлеңдері және
Кенен Әзірбаевтің «Жамбылға көңіл айту» жыры бойынша
қойылады.
(үнтаспадан Ұлы Отан
соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев
өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар
Қорытынды
Мұғалім:
Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей
біліңдер, ата – баба
дәстүрін, әдет
– ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты
болыңдар, халқымның ерлігімен,
батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы
мәңгілік желбіреп
тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат
болып өсе беріңдер.
Тәрбие сағатының мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отанүшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, олардықұрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
«Батыр бала Болатбек» әні орындалады.
1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
2-оқушы:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
3-оқушы:
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.
Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:
4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:
6-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
7-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия мен Мәншүк туралы ән орындалады.
Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:
8-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.
Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.
9-оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров– қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
10-оқушы: Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, басқыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады.
11-оқушы: Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен орындайды:
«Майданнан хат» (үзінді):
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз-анама
«Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
«Майданға хат» (үзінді):
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамад.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ-қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Қайырмайды тілімді,
Жібектей майда жамылған.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
«Қариялар азайып бара жатыр" әні орындалады.
2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қайырмасы.
15