Материалдар / Ұлы Моғол дәуіріндегі Үндістан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы Моғол дәуіріндегі Үндістан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға,студентке, мұғалімге Ұлы Моғол дәуіріндегі Үндістан бойынша барлық ақпарат бар.Білімдерін ары қарай толықтыра алады. Құнды мәліметтер ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
432
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық
Университет



Реферат


Тақырыбы: Ұлы Моғол империясы кезіндегі Үндістан











Орындаған:Ділдахан Эльвира
Тобы:130-28
Қабылдаған:Жадыраева Г



Шымкент-2021ж


Page 2


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1 Үндістанның Ұлы Моғолдар империясынан тəуелсіздік алғанға дейінгі
тарихы .
2 Бабыр əулетінің махаббат дастандары
3 Акбар мавзолейі
4 Бир.Бал раджаның сарайы Панч.Махал.
5 Фатхпур.Сикру.
6 Хумаюн мавзолейі
7 Тəж Махал
Қорытынды


XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Моғол
мемлекеті.
Академик Н.И.Конрад «Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз– əлемдік
гуманизмнің дəуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV
ғасырларда Орта Азия мен Иран жəне оған іргелес жатқан Үндістан
жерінде жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқталды», деп жазады.
Ал осы шығыстық ренессанста ислам дінін қа​былдаған түркілердің алатын
орны айтарлықтай. Мысалы, X ғасырдың соңында түркілердің Ауғанстан,
Шығыс Иран жəне Солтүстік Үндістанда Шығыстағы ең күшті империя
Ғазнауилердің мамлюктік сұлтандығын құрғанын, сол елдерде сауданы
өсіріп, экономиканы дамытып жəне қала құрылысын өркендеткені туралы
К.Э.Босворт: «XI ғасырдың басына дейін түркілер Египеттің шығысынан
Үндістанға дейінгі жердегі барлық мұсылман елдерінің əскери жəне
мемлекеттік мекемелеріне терең еніп кетті» дейді.
Көне мəдениет бесігінің бірі –Үндістан тарихында түркілер ізі тайға таңба
басқандай анық көрінеді. Тіпті Үндістандағы көршілері танып, олармен
дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы мемлекет – Дели сұлтанатын
да осы Ғазнауи түркілер құрапты. Ал атағы шартарапқа тегіс тараған Ұлы
Моғол империясының негізін қалаған 1483 жылы Ақсақ Темірдің баласы
Омар Шайхыдан туған Бабыр болса, Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар
ханымның өзі Моғолстан ханы Жүністің қызы болатын. Бабыр жəне қазақ
тарихының шамшырағы Мұ​хаммед Хайдар Дулатидың шешелері – бірге
туған, апалы-сіңлілі адамдар еді. Демек, Бабыр мен Мұхаммед Хайдар
1


Page 3


бөле болып келеді.Ұлы моғолдар империясы Моғол императоры Жаһаңгір
екі баласын қабылдауда, 1605-06. Жама Масжід, Дели Жахан шах
салдырған, 1656. Моғол əулеті, ұлы Моғолдар əулеті – 16 – 19 ғасырларда
Үндістанды билеген əулет. Негізін салушы – Заһир əд-Дин Мұхаммед
Бабыр. Темір əулетінен шыққан, əкесі Омар Шейх (1456 – 95) Əмір
Темірге туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы.
Бабыр Ферғананың əмірі болды. 1504 жылы Мұхаммед Шайбани бастаған
Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне
берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып, Кабулды иеленді. 1512
жылы Бабыр əскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы
жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен
ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті (1518 – 19, 1524 –
25). Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел болатын. Оның солтүстік
аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді.
Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке
шақырды. Бабыр қолы 1526 жылы Панипат жазығында Ибраһим ІІ-ні,
1527 жылы раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, Агра жерлеріне
ие болды. Сөйтіп, Бабыр жəне оның ұрпақтары Ауғанстанның тең
жартысын, Үндістанның солтүстігін, орталық аймақтарын біріктіріп, ірі
империя құрды. Олар Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда жəне
Еуропада ұлы моғолдар деген атпен аталды. Моғол əулеті билеген кезеңде
Үндістан əлемге əйгілі болды. Оның белгілі сұлтандары: Бабыр (1526 –
30), Құмайын (1530 – 56), Акбар (1556 – 1605), Жаһангер (1605 – 27),
Жаһан шаһ (1627 – 58), Аурангзеб (1658 – 1707), Баһадүр шаһ (1707 – 12),
Жаһандар шаһ (1712 – 13), Фаррух Сий-Сийяр (1713 – 19), Насыр əд-Дин
Мұхаммед (1719 – 48), Ахмад шаһ Баһадүр (1748 – 54), Əзиз əд-Дин
Аламгир ІІ (1754 – 59), Жəлел əд-Дин Əли Жауһар шаһ Алам (1759 –
1806), Акбар ІІ (1806 – 37), Сираж əд-Дин Баһадүр ІІ (1837 – 58). 18
ғасырдың ортасында ұлы моғолдар империясы ыдырай бастады. Ақырғы
сұлтан Баһадүр ІІ Үндістан халқының ағылшындар үстемдігіне
бағытталған көтерілісін басқарды. Көтеріліс басылған соң оның ұлдары
ағылшындар қолынан қаза тапты, ал Баһадүр ІІ Бирмаға айдалып, сонда
қайтыс болды. Ұлы моғолдар империясы — Үндістан аумағында өмір
сүрген ірі мемлекет (1526 — 1858) Дели сұлтандығы ыдырағаннан кейін
құрылған. Негізін Темір əулетінен шыққан Захир əд-Дин Мұхаммед Бабыр
қалады. Бабыр мен оның ұрпақтары Моғолстаннан шыққандықтан
үнділіктер (оларды “мухгал” деп атаған) мен еуропалықтарға Ұлы
2


Page 4


Моғолдар деген атпен белгілі болды. Ұ. М. и. барынша ұлғайған кезінде
аум. оңт-ндегі шағын князьдіктер мен патшалықтардан басқа Үндістан
түбегін түгелге дерлік қамтыды. Астанасы . Бастапқыда Агра, соңынан
Дели қалалары болды. Сұлтандық билік Сұлтандық билік мұрагерлік
жолмен жүзеге асырылып, сұлтандар (шаїтар) шексіз билікке қол жеткізді.
Олар бағындырылған аумақтарды өздері қойған билеушілер арқылы
басқарды. Аймақтық бөлуi Ұлы моғолдар империясының құрамына кірген
жерлер — субтарға (провинцияларға) бөлінді. Субтардың билеушілері
сұлтанның вассалдары болып есептелді. Бабыр ұрпақтары ислам дінінің
үстемдігін қалыптастыруға күш салып, басқаруды орталықтандыру жəне
үнді раджалары мен көпестерін өз жағына тарту жолымен мемлекетін
күшейтуге тырысты. Бағындырылған князьдіктер мен патшалықтар сұлтан
қазынасына көптеген алым-салықтар (жан басы салығы — джизья, жерден
түскен өнімнен заттай салық, қолөнершілерден, саудадан түскен пайдаға
салынатын ақшалай салықтар мен төлемдер, т.б.) төлеп отырды. 16 — 17
ғ-ларда Ұ. М. и. Үндістанның қайта гүлденуіне қолайлы жағдай туғызды.
Сауда өркендеп, қалалар гүлденді. Архитектура Үнді архитектурасына
Орт. Азиядан енген мұсылман сəулет өнері үлкен əсер етті. Тəж-Махал
сияқты ғажайып сəулет ескерткіштері салынды. Дегенмен, 17 ғ-да
Үндістанға еур. сауда капиталының ене бастауы (португалдар,
француздар, ағылшындар мен голландықтардың Ост-Индия компаниясы)
ішкі жəне сыртқы сауданың өсуіне əсер етті, сондай-ақ жат жерліктердің
Үндістанды экон. жағынан отарлай бастауына жол ашты. Жергілікті
халықтың жағдайы нашарлап, өсімқорлық күшейді. Өсімқорлар
шаруаларға жоғары пайызға қарыз ақша беріп, кіріптарлыққа түсірді.
Тұрмыстың нашарлауы жергілікті халықтың наразылығын күшейтті. Жеке
аймақтарда Ұлы Моғолдар үстемдігі мен жергілікті шонжарларға қарсы
халық көтерілістері басталды. Тарих 17 — 18 ғ-лардағы мұндай
көтерілістердің ең ірілері сикх сектасы жетекшілік рөл атқарған
Пенджабтағы қала кедейлері мен шаруалардың көтерілісі, Аграның
оңт.-батысындағы қолөнершілердің ең кедей топтары мен “кесепатшылар”
кастасының өкілдерін біріктірген джаттар мен сатнами сектасының
көтерілістері, сондай-ақ Шиваджидің басшылығымен болған моратхилер
көтерілісі (17 ғ-дың 2-жартысы) болды. Моратхилер өз мемлекетін құрып,
Шиваджиді мемлекет басшысы етіп тағайындады. Бірақ Шиваджи қайтыс
болғаннан кейін Аурангзеб шаї моратхилердің мемлекетіне күйрете соққы
берді. Биджапур, Голконда мемлекеттерін басып алып, іс жүзінде бүкіл
3


Page 5


Үндістанның билеушісіне айналды. Алайда көтеріліске шыққан халықтар
мен бүлік жасаушы вассалдарға қарсы жүргізілген үздіксіз соғыстар Ұ. М.
и-н əлсірете бастады. 1739 ж. Ираннан Надир-шах Афшар баса көктеп
кіріп, Делиді алды. Ол қаланы тонап, сұлтан қазынасында сақтаулы тұрған
орасан мол байлықты өзімен бірге алып кетті. 1747 ж. Ауғанстан
билеушісі Ахмад шаї Дуррани Ұ. М. и-на қарсы жорық жасап, Пенджабты
тартып алды. 1720 — 40 жылдар аралығында Ұлы Моғолдар
Рохилкхандтағы, Бенгалия мен Декандағы биліктерінен айрылды. Моғол
державасының əлсіреуін моратхи билеушілері пайдаланып кетті. Олар
моғолдар билеген аудандардан алым-салық алып отыруға рұқсат беретін
жарлыққа ие болды. Баладжи Баджи Рао (1740 — 61) пешва тұсында
моратхилер Делиді басып алып, Пенджабқа шабуыл жасады. Пенджабты
алу моратхилерді Ахмад шаї Дурранимен қақтығысқа түсірді.
Ауғандармен соғыста моратхилер талқандалып, бірнеше дербес
князьдіктерге бөлініп кетті. Ұ. М. и-ндағы тақ үшін үздіксіз соғыстар
ағылшын жəне француз Ост-Индия компанияларына Үндістанды жаулап
алуға қолайлы жағдай туғызды. Əли Жауїар шаї Аламның (1759 — 1806)
кезінде ағылшындар Делиді басып алғаннан кейін (1803) Ұ. М. и.
Ост-Индия компаниясына тəуелді болып қалды.
Акбар мавзолейі
Ұлы Моғолдар дəуіріндегі тамаша құрылыстардың бірі — Аграның
солтүстік-батысына қарай сегіз шақырым жердегі Сикандрада орналасқан
Акбар мавзолейі осы стиль үлгісі болып табылады. Бұл мавзолей Акбар
əмірімен оның тірі кезінде салына бастайды да, құрылыс жұмысы мұрагер
ұлы билік жүргізіп тұрған кезде 1613 жылы аяқталады. Акбар
мавзолейінің одан бұрынғы əміршілер мавзолейлерінен ерекшелігі оның
буддалық сəулет концепциясына орай жоспарланғандығында,— осы
тəрізді болжамдар сан рет айтылды да. Ол ұзынша формалы үлкен баққа
орналасқан, зор қақпалар арқылы тартылған жолдар бар; оларға
симметриялы орналасқан екі жақтағы дуалда да дəл сондай, бірақ жалған
қақпалар жасалған. Ұшы сүйірленіп бітетін, мейлінше жарасымды
күмбезбен көмкерілген негізгі ғимарат жебе тəріздес арка кесіп өтетін үш
қабаттан тұрады. Үшінші үстіңгі қабаты құрылысты түйіндейтін ашық
терраса тəрізді — үсті жабылмаған, алайда бұрыштарында əрқайсысы
төрт-төрттен сүйрік бағандармен көтерілген төрт күмбезі бар. Бұл —
мавзолейдің негізгі құрылысы. Мəрмəр мозаикадан салынған ішкі албар
тас қорғанмен ауланың сыртқы қабырғасынан бөлектенген айналма
4


Page 6


жолмен қоршалған. Тас қоршаудың əдемілеп ойылған терезелері бар. Осы
ішкі аулада кішірек, бірақ сондай көрікті əшекейленген екінші терраса бар,
Акбардың ақ мəрмəрден жасалған келісті саркофагы осында тұр. Бірақ,
мұның өзі де бар болғаны осынау əміршінің тек ескерткіші ғана. Ал оның
денесі саркофаг астындағы бұрын келушілерге көрсетілмей келген табытта
жатыр. Əшекей, сəн-салтаңаты, əсемдігінің кереметтігі жөнінде бұған сəл
де болса ұқсаңқырайтын бейіт ескерткіш сирек кездеседі. Асыл металл, ақ
жəне түрлі тұсті мəрмəр бұл құрылысты көздің жауын алар көркемдікке
бөлеген.
Фатхпур-Сикри қаласы
Бир-Бал раджаның сарайы Панч-Махал. Фатхпур-Сикру.
Сикандраға жақын жерде, Аграның солтүстік-батысына қарай шамамен
отыз шақырым қашықтықта Акбар əмірімен салынған жəне оның
резиденциясы болған Фатхпур-Сикри қаласы бар. Алайда, кейініректе ғана
байқалған түрлі себептер салдарынан ол əміршінің ұзақ мерзімдік мекені
болып қала алмаған. Қазіргі кезде бұл өзінше тек рухтар қаласы сияқты,
онда тұрғындардың жоқтығы мен ғимараттардың жер бетінде кездеспейтін
ғаламат əсемдігі келушілерді таң қалдырады. Сірə, Акбарда бұл
қиял-ғажайып, қаланы тұрғызарда алдын ала жасалынған ешқандай да
жүйелі жоспар болмағанға ұқсайды. Оның жекелеген құрылыстары бірінен
соң бірі қатарластырып салына берген.
Үлкен Махал-и-Хааз ансамблі (90X130 метр, Агра фортындағы Қызыл
сарайдан да үлкен-Фатхпур) Сикри орталығын түзеді. Екі аулаға
орналастырылған бұл сəулет ансамбліне басқа да құрылыстар — ресми
емес, оңаша кездесуге арналған зал жалғасқан, Диван-и-Хааз деп аталатын
көз тартарлық тақ залы да бар, ол орта тұста биік бағанаға орналасқан,
орталық бағаннан тарайтын отыз екі тіреуіш ұстап тұр. Акбар əмірімен
өзінің сүйікті үш əйеліне арналып салынған көлемі шағынырақ
павильондар да тамаша құрылыстар болып табылады. Бүкіл Үндістандағы
көрікті құрылыстардың бірі саналатын Фатхпур-Сикридтегі соборлық
мешіт те мейлінше əсем комплекс. Ауласынъщ көлемі 181X158 метр.
Мешіттің үш күмбезі бар. Аулада екі мавзолей — ақ мəрмəрдан жасалған
Селим Чишти шейхтің жəне Ислам ханының мавзолейлері тұр. Ауланың
оңтүстік жағында өз алдына дербес айбынды да керемет келісті құрылыс
саналатын «Əсемдік қақпасы» (43X20 метр) орнатылған.
Хумаюн мавзолейі
5


Page 7


Моғолдардың ертеректегі кезеңіне жататын Делидегі сəулет ескерткіштері
ішінен бұл жерде тек Хумаюн мавзолейін атап кетейік. Мұның іргелік
қабатын есепке алмағанда ені 47 метр, ол парсы үлгісін қайталаған делініп
жүр: əкесінің мавзолейін салуға Акбар шетелдік шеберлерді қатыстырған
екен. Жоспар бойынша шаршы үлгілі болып келетін, ұшар басында
күмбезі бар орталық бөлігінің бұрыштарына сегіз қырлы төрт қосалқы үй
флигель жалғастыра салынған. Негізгі құрылыс жан-жағынан біршамада
көрініп тұратын бірнеше қатарлы жебе тəрізді ұялары бар ашық террасаға
ұқсайды. Мавзолей ойластыра жоспарланған баққа кіргізіп тұр. Мавзолей
материалы — қызыл құмтас пен мəрмəр, сондықтан да бұл құрылыс түрлі
түстер жарасымы жөнінен де Ұлы Моғолдар дəуіріне тəн болып шыққан.
Акбардың билік құрған кезеңімен байланысты үнділік күшті ықпалда
болған еркін сəулет үлгісінен кейін Шаһ Жаһан тұсында исламдық сəулет
формалары айқын белең алып дами бастады.
Тəж Махал
Ал мұның өзі сол кездегі Үңдістандағы ең үлкен мешіт — Делидегі
Джами-Мазджидте көрініс тапқан Моғолдардың өзіндік мемлекеттік
стилін жасауының бастамасы еді. Бұл стильдің қалыптасуына Декандағы,
Гуджарат пен Бенгалиядағы сəулет өнері күшті ықпал жасады. Бүгінде
Үндістан сəулетінің аса үздік ескерткіші болып саналатын, Шаһ Жаһан
өзінің сүйікті жары Мумтаз-Маһал құрметіне салдырған Аградағы
Тəж-Маһал — озық ойдың үлгісіндей өзінше бір оқшау тұрған əсем
ескерткіш. Бұл мавзолей парсы үлгілері жоспарымен жүргізілсе де жəне
аңыздарда айтылатындай парсы сəулетшісінің жобасы бойынша салынса
да, оның таңғажайып көрінісі Үндістандағы сəулеттік өнер
ескерткіштеріне ортақ фантастикалық-ирреальдық сипатта өзінің керемет
жарасымын тапқан. Бұл тек қана үнділік ескерткіштерге тəн сəулеттік өнер
үлгісі болып табылады. Тəж-Маһал үлкен парк ортасына орналасқан, қай
жағынан қарасаңыз да, өзінің мұнараларға ұқсас күмбездерімен ескерткіш
көз жауын алып мен мұндалап тұрады. Əдебиеттерде ағылшындар
өздерінің Үндістандағы отаршылдық билігі кезінде көптеген тамаша
сəулет туындыларын бұзып, материалдарын өз құрылыстарында
пайдалануды ойластырғаны əңгімеленеді.
Бұл жоспарлар дер шағында қабылданылмай қалды, алайда ол жайлы айта
кетуіміз керек. Өйткені, кейбір ерте буддалық құрылыстардың шын
мəнісінде ағылшындар қолымен талқандалғаны, сонан соң жекелеген
жұрнақтары лондондық музейлерге тасылып əкетілгені бізге жақсы мəлім.
6


Page 8


Мəселен, Бхархуттағы символикалық күмбез тағдыры осындай.
Амараватидегі символикалық күмбездің де бедерлі əшекейлерінің
тұтастай ірі бөлшектері Лондонға апарылған болатын. Моғолдар
кезеңіндегі сəулеттік ғимараттар үшін бірден-бір құрылыс материалы ақ
мəрмəр араластырылған қызыл құмтас болды. Мəселен, Дели мен
Аградағы сарайлар, форттар негізінен сол қызыл құмтастан салынған
(Делидегі Қызыл форттың аты да содан алынған). Қуатты да айбынды бұл
құрылыстар шын мəнісінде өзінің күзет, қорғаныс қызметімен бірге Ұлы
Моғолдар əулетінің құдіретін де бейнелеуге арналған. Əлі күнге дейін
сақталып отырған қамалдардың біразы елдің батыс бөлігінде орналасқан.
Олар маратхалардың ұлы көсемі Шиваджи заманынан бері тұр. Біз бұл
кезеңнен көптеген аса үздік сəулет ескерткіштерін, мəселен,
Амритсардағы əйгілі сикхтар храмын (ол Алтын храм деп аталады),
көптеген көне храмдардың жаңартылған түрлерін, сол сияқты осы
кездерге жататын Мадураидағы Сундарешвара храмын кездестіреміз.
Аурангзеб билеген кезде Моғолдардың мемлекеттік стилінің құлдырауы
байқалады, бұл билеуші мемлекет бірлігін сақтауға қаншалық тырысып
баққанмен, дəл соның кезінің өзінде-ақ жергілікті стильдер, ең алдымен
Деканда, сол сияқты Солтүстік Үндістанның ең шығыс жəне ең батыс
аудандарында пайда бола бастайды. Бұл жерлерде ағылшын отаршылдық
үстемдігі басталғанға дейін саяси жəне мəдени бірлікті қалпына келтіруге
енді қайтып ешқандай да əрекет жасалып көрген емес. Бұл ретте
ағылшындар əрқашан да өз еңбектерін атап көрсетуге тырысып бағады,
солардың арқасында ғана Үндістанның бірігуі, үнді əкімдерінің
арасындағы партикуляризмді, бытыраңқылықты, ғасырларға созылған
алауыздықты, əр түрлі дінді ұстаушылар арасындағы өшпенділікті жəне
үнді қоғамындағы ішкі өзара теңсіздікті жеңу мүмкін болғанын айтысады.
Алайда, 1947 жылы ағылшындар кеткеннен кейін ғана баршаға мəлім
болған деректер бұған керісінше жағдайды дəлелдейді. Ағылшындар бұл
кемшіліктердің əрқайсысын да жоймағаны былай тұрсын, қайта оларды,
не елемеуге тырысып келді, немесе өздерінің империалистік мүдделері
үшін оларға тіпті дем беріп, қолдап отырды, оның үстіне осы бір бай елді
тонау арқылы экономикалық қосымша қиындықтар тудыруға тікелей
себепші де болды, мұның өзін бұдан бұрынғы бастан кешкен материалды
шығындардын ешқандайымен де салыстыруға болмайтын еді. Осы арқылы
олар жас ұлттық мемлекетке ғаламат қиындықтарды мұра етіп қалдырды.
Үңдістанның мəдениеті мен өнерінің тарихы бұл елдің бір кезде
7


Page 9


соншалықты бай болғанын көрсетеді. Ағылшыңдар Үндістанды ең кедей
елдердің біріне айналдырып, оның қыруар халқын аштықта күн кешуге
мəжбүр етті, сол арқылы көне үнді мəдениетінің дамуын біршама тежеп
тастады. Ал ағылшын зерттеушілері Үндістанның көне мəдениетін
қайтадан ашуға ғылыми тұрғыдан қаншалықты көп күш жұмсағанымен,
бұл олардың жіберген қателіктерін бəрібір ақтай алмайды. Үнді өнерінің
отарлау кезеңінде біржола құлдырап, азаттық алған ұлттық даму жолына
түскен казіргі шағында қайта туған салаларының бірі Моғолдар дəуірінде
өзінің ең шырқау дəрежесіне жеткен кескіндеме болып табылады.
Кескіндеме үнді мəдениеті даму тарихындағы ең бір жарқын тарау болып
қана қалмайды, ол сонымен бірге осы заманғы өнердегі көне үнді
дəстүрлерімен байланыстыруға көптеген мүмкіндіктер ашып береді.
Жолбарысқа мінген Дурга.Манускриттен миниатюра. Гуджарат. XV ғасыр
Бомбей, Принц Уэльскийдің музейі Үнді сəулеті мен пластикасының ұлы
дəуірлері жаңарған дүниенің пластикалық жəне сəулеттік творчествосына
қандай да болмасын дем берерліктей көрнекі бір ықпал жасай алмай
отырған жағдайында, Моғолдар дəуіріндегі кескіндеме (əрине, сол сияқты
кескіндеменің Раджастхан мен Пахари облыстарындағы т.б. үнділік
мектептері де), сөз жоқ, осы заманғы үнді кескіндемесінің мейлінше
гүлдене дамуында зор роль атқарды. Қазірде елді
əлеуметтік-экономикалық жағынан қайта құру жəне оны
индустриалдық-техникалық дамыту талабына мүдделі көптеген үнділік
суреткерлер ұлттық кескіндеменің ғажайып нəзіктік, халықтық
дəстүрлерінің бай мүмкіндіктерін творчестволықпен пайдалануда. Сол
арқылы жəне жаңа халықаралық байланыстар арқылы мүмкін болып
отырған европалық өнердің де əсерін қабылдай отырып, соның өзінде
өзіндік «үнділік түртүсін» жоғалтпаған осы заманғы өнер жасалуда.
Үнділік кескіндеменің қайнар көздері туралы жоғарыда айттық. Аджанта
қабырғаларында сақталған жұрнақтар, Декандағы (Бадами жəне
басқалары), сол сияқты Кинчипурамдағы (Кайласанатхи храмы),
Танджурдағы, Андхра-Прадештегі Лапакши храмы мен Виджаянагардағы
храмдық бейнелер қалдықтары бізге храмдық кескіндеме үлгілерін
жеткізді. Сонымен бізден тым алыс замандарда да үнді кескіндемесі
болғаны жəне тым қолайсыз тропикалық ауа райы мен басқа да бүлдіргіш
күштер салдарынан ғана оның даму тарихы туралы жеткілікті мағлұмат
аларлықтай дəрежеде толық сақталмағаны мəлім болып отыр. Біз Палдар
кезеңіндегі буддалық кітап безендіру ісі мен Батыс Үндістандағы
8


Page 10


джайндық қолжазбалар безенісі туралы да айтып өттік. Үнді
кескіндемесінің ең жоғары даму дəрежесі Моғолдар кезеңіне саяды. Бұл
өнердің гүлдене өркендеуі Акбар кезінде басталған еді жəне ол күндердің
аса үлгілі көптеген туындылары біздерге де жетіп отыр. Əкесі Хумаюн
сияқты Акбар да сурет салушылар ретінде, ұстаздар ретінде де парсы
суретшілерін шақыртатын сарайлық мемлекеттік көркемөнер мектептері
бірден-бір өнер орындары ғана болмағаны қазіргі кезде барынша
айқындалып отыр. Мұны сол кездегі Солтүстік Үндістан мен Деканның
жер бедерін бейнелеген кескіндеме үлгілерінің жаңадан табылған
олжалары растай түсуде. Үнді кескіндемесінің осы дəуірдегі даму тарихы
көптеген талас тудыруда, өйткені жаңадан табылған туындылар ылғи да
жаңа деректер беріп, құбылыстардың күтпеген тосын өзара
байланыстарын көрсетіп беруде, сол арқылы бұрынғы мағлұматтарды
өзгерте түсуде. Үнді кескіндемесі мейлінше гүлденген бұл дəуірдің
түпкілікті бағасы енді-енді ғана анықтала түсіп келеді. Алайда даусыз
материалдар қазірдің өзінде жинақталды. Үнді миниатюрасының датасы
қойылған көптеген туындылары бар. Солар арқылы басқа да
туындылардың мерзімін анықтауға болады, ал мұның өзі бұл өнердің
біршама дұрыс хронологиялық жəне аймақтық-жағрапиялық
сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді. Сол сияқты Моғолдардың
мемлекеттік мектебі мен Декан мектептерінде, Раджастхан мен Пахари
мектептерінде өз туындыларын мүсіндеген көптеген суретшілер есімдері
белгілі (үнді өнері тарихында алғаш рет). Көп жағдайда жекелеген
миниатюра қолжазбаларында оның датасы мен салған суретші есімі қатар
тұрғандықтан, оларды миниатюраның даму хронологиясына қосуға
мүмкіндік бар-ақ. Алайда, Үндістанда тым ертедегі туындыларды
дəлмедəл көшіру тəжірибесі қолданылғанды, мұндайда көшірмелерге
оның бұрынғы датасы мен əуел бастағы суретшісінің есімі жазылатыны да
болатын. Сол себепті де кейініректе жасалған көшірмелерді түпнұсқадан
айыру тым қиынға соғады, оның үстіне алуан түрлі көшірме жасалатыны
сондықтан да, оларға жазылған мерзімнің дəлдігіне күмəнданбауға
болмайтыны жəне бар. Стилистикалық, мазмұндық, тіпті, киім тарихы
жайындағы алшақтықтар туралыда осыны айтуға болады. Көшірмелер көп
реттерде түпнұсқаның көркемдік дəрежесіне тең түсетіні себепті əлгі
айтылғандардың өнер сүюшілер үшін ешқандай мəні жок, ал өнер
мамандары мен тарихшылары үшін əр жолынан-ақ түрлі проблемалар
пайда болып, бұл мəселелер жөніндегі ой-пікірлерде елеулі алшақтықтар
9


Page 11


туып жатады. Күні бүгінге дейін Моғолдар кезеңіндегі түрлі мектептердің
қайсысы бұрын пайда болғандығы, оның басқа мектептерге ықпалы, сол
сияқты бұл кезеңдегі миниатюраның шығуы туралы айтыстар тоқталған
жоқ. Раджастхан миниаютрасы мен оның кейініректегі Пахари
кескіндемесі моғол миниатюрасының, демек одан ертеректегі
мұсылмандық кітап безендірулері əсерінен туды деген пікір бар. Бірақ, бұл
мектептер өз алдына дербес, моғолдық кескіндеме мектептерімен қатар
өмір сүруі де, Гуджарат пен Раджастхандағы безендірудің ертеректегі
дəстүрлерінен туындауы да жəне өзінің қуатты ықпалы үшін, демек көне
үнділік дəстүрлердің, əрқашан да өмір сүріп келген (бірақ даму тарихы
біздерге үлкен үзілістерімен ғана жеткен) үнділік кескіндеменің халықтық
мектебінің алдында қарыздар болуы да мүмкін. Бұл ретте біз осындай
проблеманың бар екенін ғана атай аламыз. Алайда, бұдан бірнеше жыл
бұрын ғана көптеген мамандар бұл теориялардың алғашқысын қолдап
келген, ал қазірде Моғолдар кезеңіндегі кескіндеме дамуына көне үнділік
мұраның негіз болғандығы жиірек айтылып жүр. Ең болмаған күнде
олардың мерзімін анықтауда шешуші роль атқаратын маңызды
туындыларды атай кетейік. Алдымен, Гуджараттан табылған, 1127—1288
жылдары жазылғаны көрсетілген, джайндық кескіндеменің басталу
кезеңіне жататын джайндық кітаптар безендіруі осындай туындылар.
Бұларға Аджанта кескіндеменің басталу кезеңіне жататын джайндық
кітапбезендіруі осындай туындылар. Бұларға Аджанта кескіндемесінен
елес берерліктей сұлу əйелдер қимылы мен көркін, бет əлпетін бейнелеу
тəн болып келеді, сонымен бірге халықтық рухтағы безендірулер,
мейлінше дөрекі бейнелер, айталық, аса үлкейтілген сүйір мұрынды
бет-пішіндер де бар. Бұл безендірулер композициясы көп ретте тым
қарапайым, қолжазба текстері бойынша орналастырылған. Бейнелер
əдетте сыңар немесе жұп болып келеді, бір тұсті, көбінесе қызыл фонда
түрлі-түсті етіп салынады. Мальвадан табылған, 1439 жылмен белгіленген
«Кальпасутра» бұл арада кескіндеменің осы түрінің өзінше бір басы бүтін
мінсіз үлгісі деп атауға тұрарлық. Кейінгі туындыларда жиі
қайталаңылатын бір оғаштау жайды да атай кетейік: бейнеленілген
персонаждардың көздері олардың бет нобайы ретінде салынатыны да бар.
1427 жылмен белгіленген жəне сексен бес миниатюрамен безендірілген
«Шаһнаме» қолжазбасы ең көне мұсылман туындыларының бірінен
саналады. Ол Дели музейінде сақталған. Алайда, бұл, сірə, үнділікке
жатпайтын үлгінің көшірмесі ғана, демек көшіріліп алынған ескі датадағы
10


Page 12


көптеген туыңдылардың Үндістанда кең тараған нұсқаларының бір ғана
мысалы болуға тиіс. Оларды мұсылман билеушілері жинастырған болуы
мүмкін, сондықтан да оларды үнді өнерінің құрамында қарауға болмайды.
Кітап безендірудің бұл нұсқаларын əдетте «сұлтанат кескіндемесі» деген
терминмен белгілейді. Олар Ұлы Моғолдар билігі басталар алдындағы
кезге жатады. Джайндық безендірудің Солтүстік жəне Орталық
Үндістанның шығыс бөлігінде кең тарағанына Джайпурда табылған
«Кальпасутра» (1465) куə бола алады;мұнда да адам пішінін көрсететін
көздер бейнеленген, осы белгі аталған қолжазбаны 1439 жылғы
«Кальпасутрамгн» байланыстырады. Біз бұл жерде Моғолдар кезеңінен
көп бұрын жəне моғол кескіндемесі басталмас бұрын алғашында Батыс
Үндістанда ғана пайда болған безендіру өнерінің Солтүстік Үндістанның
орталық бөлегіне де тарағанын айқын көрсететін дəлелдер табамыз. Соңғы
кездердегі аса маңызды жаңалықтарға шамамен 1500 жылмен белгіленетін
безендірілген қолжазбалар тобы жатады. Олар үнді миниатюрасының даму
проблемасы жайлы ұғымға мүлде жаңаша бағыт беріп, Акбар билеген
кезеңдегі сарай өнері бəрінен бұрын дүниеге келген дейтін теорияны
соққыға ұшыратты. Бұл ретте «Лаур Чанда» деп аталатын халықтық
серілік романға жасалған безендірулер ерекше назар аударуға лайық.
Оның ең ертедегі түрі 1500 жылға жатады жəне ол Раджастханда дүниеге
келген. Дəл осы тексті көркемдеу 1530-1540 жылдары Аудхада, шамамен
1530 жылы Мальвада жүзеге асырылған. «Лаур Чанданың» бұл
кескіндемелеріне Меварада (Раджастхан) «Чаурапанчасикаға» шамамен
1500 жылдары жасалған безендірулер жалғасады. Сарай маңындағы
тамаққа талғамшыл адамдарға арналып шамамен 1500—1510 жылдары
шығарылған өзінше бір көркемделген аспаздық кітап «Ниамад-наме»
Мальвадан табылды. Алайда, мұндағы безендірулер стиліне қарағанда
үнділіктерден гөрі ортаазиялықтар қолынан шыққанға ұқсайды. Солай
болғанмен де жекелеген детальдар бұларды уақыты жағынан жоғарыда
айтылғандармен жақындастыруға мүмкіндік береді, сондықтан да бұл
туындыны да Үндістанда дүниеге келді деп санауға болады. «Лаур
Чандаға» да, «Чаурапанчасикаға» да жасалған безендірулер таза үнді
сипатында жəне мұсылмандық кескіндеме дəстүрлерімен ортақ ештеңесі
де жоқ екені күмəнсыз. Оларға таза үнділік бағыттағы, кейініректе
Моғолдар стилінің жалпы сарынына түсіп кеткен облыстар өнерінің
сипаттамалары болып келетін пішіндердің нобайлық нəзіктігі, жер бедерін
таңдаудағы қарапайымдылық: жітілік, бағандарға орнатылған айшықты
11


Page 13


күмбезді, мұнаралы сəулет өнері тəн. Сезімге құрылған романтикалық
роман «Лаур Чанданың» мазмұны да таза үнділік сарында. Бұл жерде
джайндық дəстүрлердің дамуымен сабақтастықты байқауға болады. «Лаур
Чанданың» шамамен 1540 жылдары жазылған, Бенарестегі Бхарат Кал
Бхаваннан табылған қолжазбаларының бірінде жоғарыда айтылғандай бет
пішінді көзбен бейнелейтін типтік форма кездеседі. Бұған дейін
кескіндеме Батыс Үндістанда тек таза діни мақсаттарға ғана қызмет етіп
келген болса, шамамен осы кездерде діннен басқа мақсаттарда да
пайдаланыла бастайды, кеңінен тарап, жалпы үнділік кескіндеме стиліне
ықпал жасайды. Мевардан (Раджастхан) табылған, шамамен 1530
жылдарға жататын «Гитаговиндадан» бастап бхакти деп аталатын,
біртіндеп кең тарай бастаған нақыл əңгімелерді безендіру ісі кескіндеме
арқылы жүзеге асты. Бхактилер үнділік реформистік білімді түсіндіреді
жəне осы кезден бастап үнділік көркемдеу мазмұнында шешуші роль
атқарады. Бұл ең алдымен, алғашқы кезде Вишну құдайдың бір түрі деп
есептеліп келген, бірақ біртіндеп өз алдына дербестік алған халықтық
құдай бейнелі Кришнажайлы аңыздарды безендіру болып табылады. Оның
өмірінің, негізінен жастық шағының, көптеген кезеңдері сансыз жырға
айналды, кескіндемеде бейнеленді. Бақташылар құдайы Кришна
қарапайым халықтың арасында өседі, май ұрласады, бақташылар
балаларымен бірге ойнайды, көңіл көтеріп, тентектіктер жасайды, сұлу
бақташы қыздардың соңына түседі. Қиын-қыстау кезеңдердің бəрінің дəл
ортасында оның ғажайып Радхаға деген махаббаты жырланады, бұл
халықтық рухта баяндалып, құдайға тəн қылықтар халық арасындағы ең
қарапайым бақташылар мен шаруалардың қолы жетерліктей бейбіт көрініс
ретінде суреттеледі, сол арқылы сүйіспендік қарым-қатынас діни қасиетті,
жарқын, романтикалық құбылыс сипатында қабылданады. Соның
нəтижесі ретінде ерте буддалық кезеңнен кейін алғаш рет үнді халқының
қарапайым өмірі көркемөнерде бейнелене бастады. Бұл суреттерде үнді
деревнясының өмірі бүкіл ұсақ-түйегіне дейін көрініс табады. Көркемдік
жағынан алғанда жоғарыда аталған Мевардағы «Гитаговинда» адамның
табиғатпен жігі ажырамас байланысын көркемдікпен, толық қанды
бейнелеуге көшудің басы болып табылады. Жер бедері, элементтері, аңдар
пайда бола бастайды. Кейініректе бұл Раджастхан мен Пахаридегі
кескіндеме мектептерінің дамуындағы шешуші жағдайға айналады. Толық
қанды адам бейнелері мен табиғат көріністері берілгеніне қарамастан
бұларда түрлі түсті алғы жүлге мен қарапайым, жадағайазық, қызыл
12


Page 14


немесе көгілдір өңдегі бір түсті фон арасындағы ескі контрастар принципі
сақталған. Датасы қойылған ең ертедегі немесе, дəлірек айтқанда, датасы
жағынан моғолдық кескіндеме шығармаларына ең жақыны — Хамза
ерліктері туралы роман. Бұл 1400 ірі кескіндермен (көпшілік беттері
Венада сақтаулы) көркемделген, Акбар билеген кезде, шамамен
1564—1579 жылдары, аяқталған. Оның көптеген беттері ұнділіктен тыс
сарындағы бейнелермен толтырылған. Бірақ көпшілігінде үнділік ықпал
анық байқалады.Бейнелеу стиліндегі мұндай əр тұрлілікті Акбар əміршінің
сарайындағы тұрлі қалалар мен елдерден, Үндістанның өзінен жəне басқа
да ислам елдерінен жиналған суретшілер тобының өмірлік сипатымен
тұсіндіруге болады. Бұған дейін аталып өткен қолжазбаларға
қарама-қарсы мұнда сарай стилі, тек мазмұнында ғана емес, бейнелеудің
талғампаз, нəзіктік сипатында да, сондай-ақ жекелеген суретшілердің
кескіндеу техникасы мен детальдарды өзінше пайдалану мүмкіндігі тəрізді
жеке-дара ерекшеліктері де көрініс тапқан. Осы қолжазбамен
Моғолдардың сарайлық өнеріне, Декан мен Раджастхан кескіндемесіне
жəне одан көп кейінгі Пахари кескіндемесіне тəн туындылардың өмірге
келуі басталады. XIX ғасырда ғана əр түрлі стильдердің алмасуы
жекелеген суретшілердің аймақтық мектептері мен мəнерлері
ерекшеліктерін токайластырған өнердің бұл түрінің даму процесі
біртіндеп барып тоқталады, алайда материалдардың тым көптігі себепті
біздің оған тоқталып жатуға мүмкіндігіміз жоқ. Акбар билік құрған
дəуірдің алғашқы кезеңіндегі бұл өмірдің түп қазығы — Хамза туралы
романның көркемделуі болып табылады. Ол кезде билеуші саясатының
негізгі бағытына сəйкес үнді суретшілері мен кескіндемедегі үнді əуені
ғана алғы планға шығарылып отырған. Соның өзінде мазмұнның көпке
түсінікті болуына жəне халықтық қайнар-бастауларға байланысты өрбуіне
ерекше мəн берілген. Акбардың жеке өзі өнердің мұндай бағытын
қадағалап отырған жəне мұның үстіне, біздерге жеткен мəліметтерге
қарағанда, көркемдік талғамы жоғары болған екен, əсіресе,
шығармалардың көркемдік сапасына зор мəн берген. Ол жəне Моғолдар
əулетінен шыққан мұрагерлері өнердің аса білгірінен саналды жəне өз
сарайларына алыс елдерден көптеген суретшілерді алдыртып отырды.
Олардың арасында, тым ірі суретшілер болмағанмен, Дели мен Аградағы
сарай маңында қызмет еткен европалық суретшілер де болды.
Миссионерлер өздерімен бірге христиандық кескіңдемені де ала келді,
елшілер мен саяхатшылар құнды гравюраларды сыйға тартып отырды.
13


Page 15


Көптеген моғол кескіндемесі туындыларынан оны салушы сарай
суретшісінің əлдебір европалық үлгілер көшірмесін жасауға немесе оның
жекелеген детальдарын өз композициясына кіріктіруге тапсырма алғанын
оңай байқауға болады. Жаһангердің əйгілі альбомындағы суреттердің
жасалуын зерттеп көргенде, Альбрехт Дюрер мен оның шəкірттері
гравюралары мен байланысы бар бейнелер кездесетіні анықталды. Əрине,
өзінің мазмұны мен бейнелеу тəсілінің болашағы үшін көшіріп алынған
үлгілер ішінде көркемдік дəрежесі төменіректері де болған, бұл
көшірмелерде Моғолдардың сарай өнері шетел миссйонерлері арқылы
əкелінген үлгілерден алған періштелер, сайтандар жəне христиандық
өмірге жататын тұтас көріністер бар. Бұлардың бəрі де ең алдымен Акбар
өзі қолдаған діни синкретикалық мағлұматтарға сай келеді, бірақ олар
билеушінің үміт еткең мұратына қарамастан өнерде де, саясатта да табыс
əкелмегені мəлім.Моғолдардың ерте кезеңдегі көркем безендірулеріне
үнді эпостары «Махабхарата» мен «Рамаянаға», көне үнді ертегілерінің
«Панчатантра» жəне «Хитопадеша» атты жинақтары аудармаларының
қолжазбаларына, сол сияқты «Тоты құс туралы кітапқа» жасалған
иллюстрациялар, тағы басқалары жатады жəне безендіру ісіне осы
тəсілдер тəн болып келеді. Үнді өнері тарихында алғаш рет портреттік
кескіндеменің осы кезде үлкен роль атқара бастағаны, оның реалистік
бейнелеудің ең жоғары дəрежесіне жеткені аса маңызды. Моғолдар
мектебінің, ал əредікте үнді кескіндемесінің басқа да мектептерінің
суретшілері шығармаларынан тарихи адамдардың дəуір бейнесін байыта,
көрнекті ете түсерлік көптеген портреттерін кездестіреміз. Бұл
шығармалардың ұсақ детальдарға дейін мейлінше дəл бейнеленген
көркемдік дəрежесінің биктігі таң қалдырады. Осы кездердегі, мəселен,
«Бабурнаме», «Ақбар-наме», «Шаһ Жаһан-наме» сияқты өмірбаяндық
жəне тарихи шығармаларға жасалған безендірулер ерекще қызықтырады.
Декандағы көркемөнер мектептерінде үнділік əсердің күшті екені
байқалғанымен, сірə, мұсылмандар тақырыбына көбірек назар аударылған
болса керек. Олардың сюжеттері классикалық мұсылман текстері мен
үлгілері негізінде көбірек көрініп отырған жəне оларда парсы жəне Алғы
Шығыс өнерінің тікелей əсері байқалады. Бұған керісінше,
Раджастхандағы жəне одан кейініректегі Пахиридегі үнділік кескіндеме
мектептерінде Кришна туралы аңыздар мен нақыл əңгімелер-бхактилер
тақырыбындағы сюжеттер шешуші роль атқарады. Бұл кездерде бірқатар
жаңа текстер мен соларға жасалған кескін-көріністер де дүниеге келеді.
14


Page 16


Алайда, жыл айларына арнап салынған безендірулер сияқты
картиналардың тұтас сериясы немесе жыл мезгілдері мен музыкаға орай
айқындалатын, сол арқылы адам мен табиғаттың сезімдік бірлігін жəне
өнердің əр түрлерінің үндестік-жарасымын білдіретін көңіл күйіне
байланысты «Рагмалаға» жасалған сериялар да бар. Бұлардың бəрінде де
дəстүрлі, сонымен бірге бойына өз заманы белгілерін жинаған, «модерн»
ретінде қабылданылатын индуис мəдениетінің айқын сипаттары
байқалады. Бұл кезеңмен тұтас, əлденеше рет безендірілген индуистік
мазмұндағы текстер қатарында басқалармен бірге Кашевдастың
«Расикаприясы» жəне жыныстық сезім əсерлері мол суреттелетін, ер, əйел
кейіпкерлер (найики мен найяки) жайлы трактаттардан тұратын
«Амарушатака», «Расаманджари» өлең жинақтары да бар. Жоғарыда
аталған поэма «Гитаговинда» мен «Бхагаватпуранаға» жасалған көріністер
Кришна туралы аңызбен, Кришнаға табынудың классикалық текстімен
байланысты. Екінші жағынан, көптеген классикалық үнді текстерінің
Раджастхандағы моғолдар кескіндемесіне керісінше, мүлдем
безендірілмегені таң қалдырады. Тек қана кейініректегі «Шакунтала» мен
«Деви-Махатмаяға» жасалған жекелеген кескіндер (XVIII ғасыр) ғана
мəлім болып отыр. Миниатюра техникасы бізге сол кездердегі
жазбалардан жəне аяқталмай қалған бейнелерден белгілі. Ең əуелі қызыл
бояумен үлбіретіп нобай сұлбасы жасалған, ал түзетулер қара бояумен
салынатын болған. Сонан соң сурет нобайы сəл ғана көрінетіндей етіп ақ
бояу жабылатын болған, осыдан кейін түрлі түсті бояулармен əрленген.
Бұдан соң, əдетте, қызыл бояумен тағы да суреттің жалпы нобайы
шығарылған. Гуджарат миниатюрасы үшін табиғи материал — пальма
жапырақтары пайдаланылған болса, бірте-бірте қағазға да жол ашылады.
Көп ретте ол біріне-бірі желімделіп, тегістелген қағаз беттері — тығыз
қатырма (картон) болатын. Қағаздың тəуір сорттары əуелде парсы елінен
əкелінетін, біраз уақыттан кейін ол кендірден, бамбуктан, мақтамен
жібектен жасалатын үнді қағазымен алмастырылды. Акбар кезіндегі өнер
жайын сипаттау ұшін Аб-уль-Фазль өмірбаянынан үзінді келтірейік: «Енді
аса атақты шеберлерді, Бехзадқа лайықты жəне дүние жүзіне əйгілі
европалық суретшілердің тамаша туындыларымен қатар қоюға
боларлықтай асқан үлгілі шығармаларды табуға болады. Қазіргі
суретшілерден байқалатын детальдар дəлдігі мен барынша жетілгендікті,
орындаушылық батылдығын, тағы басқаларын ештеңемен де салыстыруға
болмайды. Тіпті жансыз денелердің өзінде өмір бардай көрінеді. Жүзден
15


Page 17


астам суретші атақты шеберлер қатарына қосылды, ал өнері əбден
жетілуге жуықтардың немесе ортан қол суретшілердің саны тіпті көп.
Əсіресе, бұл баға картиналары біз ойлағандағыдан да жоғары болып
отырған индустарға қатысты. Бұл шеберлермен теңесетіндер жер үстінде
шамалы-ақ болар». Мұсылмандар билеп тұрған елдегі үнді шеберлерінің
артықшылықтары туралы мұндай мойындауды мұсылманның аузынан
естудің өзі таңданарлықтай. Аса ұлы шеберлердің тек бірнешеуін ғана:
Акбар билеген кезеңдегі Басаванды, Дасвантхты, Лалды, Мушкин мен
Мукундты; Жаһангер мен Шаһ Жаһан кезіндегі Акв Ризді, Манохарды,
Говардханды, Бичитрді, Хашин мен Мұхаммад Надир Самарқандиді ғана
атай кетейік. Бұлардың есімдерінің өзі-ақ олар əр ұлттан шыққан
суретшілер екенін көрсетеді. Моғолдар жорықтары басталған кезден бері
əр түрлі елдерден — Ирактан, Парсыдан, Хорасан мен Орта Азиядан
шыққан босқындар Үндістаннан баспана тапты. Олардың көпшілігі бұл
жерге тіпті XIII ғасырда-ақ келген болар, сірə. Басқаларын Дели мен
Аграға Ұлы Моғолдардан шыққан өнерді қолдаушы билеушілер əкелді.
Деканда Голконд пен Биджапурдағы, Хайдерабад пен Ахмеднагардағы
кескіндеме мектептері зор құрметке ие болды. Əсіресе, Əділша билеген
кезеңдегі Виджапур мектебін атап өту қажет. Бұл мектеп портреттік
кескіндемелерде жоғары өнерімен, сол сияқты сюжетті
композицияларының бай да өзіндік ғаламат əсемдігімен ерекшеленді.
Раджастхандағы өнер ордаларынан Мевар мен Марвар, Бунди, Мальва мен
Бикане сол сияқты Кисангарх, Котах, Джайпур мен Джайсалмер
мектептерін атай кетпекпіз. Пахари аудандары ұшін Басоли мен
Джаммудың, Гулер мен Чамбаның, Кулудың, Техри-Гархвальдің,
Нурпурдың жəне бірінші кезекте — бұдан кейініректегі, алайда
жұмыстары XIX ғасырда да кездесетін нəзік талғамды Канградағы
көркемөнер мектептері əйгілі болды. Географиялық жағынан Раджастхан
болып жəне онымен солтүстіктен, не шығыстан шектесетін Гималай
таулары етегіндегі князьдіктер болып екіге бөліекі топқа бөлінуіне сай
келеді. Алғашқысы өз гүлденулерін XVI—XVII жəне XVIII ғасырларда
бастан өткерді де, екінші тобы тек XVII ғасырдың аяғында ғана, сонан соң
XVIII жəне XIX ғасырларда гүлденді. Бұл ретте Үндістанның осы
облыстарының саяси дамуы шешуші роль атқарды. Ең алдымен, Ұлы
Моғолдар əулеті билеушілерінің бас имейтін қайсар Раджпуттар
князьдіктер тұқымына қысымы, сонан кейін Үңдістанның түкпір-түкпіріне
біртіндеп ене бастаған европалық отарлық өкіметтердің тықсыруы
16


Page 18


салдарынан көркемөнер мектептері ең шалғай аудандарға көшті, одан
кейін соңғы паналайтын орынды саяси еркіндігін сақтай алмаса да, өнерге
қамқорлық жасау арқылы өз абыройларын қорғап калуға тырысқан, өз
алдарына оқшауланып калған шағын Гималай князьдіктері əкімдерінен
тапты. Раджастхан мен Пахари мектептерінен шыққан суретшілерге деген
сұраным негізінен билеушілер сарайынан ғана болып отырғаны шындық.
Олардың сарайларында тақырыбы, стилі жөнінен миниатюра өнерімен
туысып жататын аумақты қабырғалық кескіндеме іздері сақталып қалған.
Дегенмен, бұл өнер сонымен бірге өзіндік мəнi бойынша халықтық болып
табылады жəне мазмұнымен халықтың қалың бұқарасы талғамына сай
келеді. Кришнаға табыну орталығы бір кезде Матхура болғанымен де, ол
əлдеқашан-ақ Орталық Үндістаннан шет жағалауларға, шығыс жəне батыс
аудандарына көшіп, Бенгалия мен Ориссада, сол сияқты Раджастхан мен
Гималайдың батыс аудандарында өзінің гүлдену дəрежесіне жеткенді.
Солтүстік Үндістанның жекелеген облыстарында, Джаунпурда, Аудха мен
Патнада кескіндеменің жергілікті мектептері жұмыс істеді, бұдан ондаған
жыл бұрын олар моғолдар билігінің соңғы кезеңінде пайда болды деп
ойлайтынбыз. Қазіргі кезде, алайда, одан көп бұрын дүниеге келді деген
ұғым бар жəне кескіндеменің осы бүкіл жаңа кезеңінің тууындағы оның
роліне зор маңыз беріледі. Сол сияқты батыстағы сикхтер мемлекеті мен
Бенгалия орталығы Муршидабадтың да өз мектептері болды,
кескіндеменің жалпы үнділік дамуына шешуші ықпал жасамаса да,
олардың жергілікті өнер дамуында өзіндік тарихи жəне мəдени роль
атқарғаны мəлім. Біздің қысқаша шолуымызда аталып өтілгеніндей,
кескіндеменің бұл барша мектептерінің ұнді өнері үздіксіз өмір сүріп,
дамығандығын дəлелдеу үшін зор маңызы бар. Оларға деген ықылас-ынта
Үндістан өмірінің барлық салаларында, соның ішінде мəдениет саласында
да ағылшын зорлық-зомбылығына үнді мəдениеті қайраткерлерінің
қарсылығына байланысты туған «бенгальдық қайта туу» кезеңінде ең
алғаш Үндістанда (кейбір европалық өнер жанашырларын есептемегендері
де дəстүр қуушылық пен талғамсыздықтан туған деп айыптайтын бұл
қозғалысты XIX ғасырда елдің көрнекті адамдары, солардың ішінде кейбір
суретшілер басқарды. Олар өнерде үнділік дəстүрлерге жол салуға
тырысты. Олар кескіндеменің жетекші ұлттық мектептерін — Аджанта
кескіндемесін, моғолдар мен Раджастхан мектептері кескіндемесін зерттей
келіп, өз творчестволарында солардың дəстүрлерін ұстануды негізгі
міндет етіп қойды. Рабиндранат Тагор мектебі дүниеге келген Калькутта
17


Page 19


мен Сантиникетаннан бастап сан алуан жаңа мектептер ашу қызметтерін
талмай жүргізген, бірнеше жыл ішінде шəкірттері бүкіл Үндістанға,
солтүстіктегі Лахордан батыстағы Бомбей мен оңтүстіктегі Мадрасқа
дейін тараған ұлы жазушының немере інісі — бенгал суретшсі
Абанидранат Тагор мен Нандалал Бозені ғана атасақ да жеткілікті.
Суретшілер ұйтқысы XIX ғасырдың бас кезіндегі ұлы бенгалдық
Раммохан Рай еді, кейіннен оны жалғастырушы Рабиндранат Тагор болып,
бұл дүние жүзіне мəлім қозғалысқа айналды. Үнді өнерінің даму процесі
Хараппа дəуірінен басталып, өздеріне мұра боп қалған, өсу жолының
əлеуметтік, діни-мəдени бір беткей зор қиындықтары мен күрделі
қайшылықтарын ылғи да жеңуге тура келгеніне, мəдениет пен өнер
салаларында да ескі отарлық жəне жаңа отаршылдық ұрандар үздіксіз
аяққа оралғы болғанына қарамастан, бес мың жыл бойына тоқтаусыз
жүріп келді, бұл күндерде одан əрі жалғасуда. Үндістанның бүгінгі күнгі
мəдениетке қосар үлесі өткен кезеңінің ауыр мұрасын сүрінбей саралай
білуіне байланысты болмақ. Бұған алдын ала кесіп-пішпей, жаңаша
көзқарастар тұрғысынан одан əрі қарай зерттеу мүмкін болып отырған
үнді мəдениетінің келелі табыстары сол сияқты Үндістанның осы заманғы
өнерінің бейбітшілік пен əлеуметтік-мəдени прогресс ісіне ұлттық өз
дəстүрлеріне сүйене қызмет етуге мүдделі болып отырғаны кепіл бола
алады.




Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс Азия өнері.— Алматы: Өнер, 1990
2.К. Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы Алматы, «Білім» 1999
3.« Жас Алаш» газеті 2008-w44-3.06. – 5 бет
4.www.Google.kz.
5.Қазақ-Совет энциклопедиясы (ҚСЭ) 1972, І том.
6.«СССР тарихы» (Ежелгі заманнан ХІІІ ғасырдың аяғына дейін)
оқулығы. Алматы 1979 ж.
18


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!