Материалдар / Ұлы ойшыл еңбектеріндегі тәрбиенің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы ойшыл еңбектеріндегі тәрбиенің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, мұғалімдерге арналған.Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛЫ ОЙШЫЛ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ


Кабылбаева Ж.Ш., Окасова Г.А.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 27 орта мектебі» КММ

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 9 орта мектебі» КММ


«Тәрбие тал бесіктен» деген халық даналығының астарынан бір ғана мәселені, яғни бала тәрбиесінің өте күрделі процесс екендігін айқын ұғынуға болады. Тәрбині қажет ету мәселесінің адамзат қоғамымен бірге келе жатқаны да талас тудырмайды.Тәрбие мәселесі әрбір кезеңде озық ойлы ойшылдар мен тәлімгерлердің еңбектері мен пайымдық ой – пікірлерінен де көрініс тауып отырған. Солардың қатарында өз заманында Екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл – Фараби де тыс қалмайды.

Әл-Фараби шығармашылығында көрнекті орын алатын мәселенің бірі - тәрбие мәселесі. Тәрбиеге анықтама бере келіп, ол: "Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз... тәрбиелеу кезінде халықгар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатыңдай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді" деп жазды.

Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен әдіс. Солардың бірі, 948 жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады. Ол бұл еңбегінде адам әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі – бақытқа жету деп айта келе, сол бақытқа тек білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді.

Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымда тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби сонымен бірге, оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Оның адам еңбегі туралы бұл тұжырымдамалары қазіргі жаңа мыңжылдықта да актуальды екені айдан-анық.

Еңбек тәрбиесінің теориясын жасау барысында, ол антик заманының теоретиктері Платон мен Аристотельдің тұжырымдарын басшылыққа алды. Демек, ол қандай да болсын құбылысты түсіндіруге бағыбайланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алды. Ол еңбек тәрбиесінің теориясын «өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды» деп тұжырымдайды.

Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Ол ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек», «Философияны үйрету үшін алдын-ала не білу керек» еңбектерінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде, ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. «Ғылымдар тізбесі», «Ғылымдардың шығуы» еңбектерінде ғылымдарды үйрену реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады. 

Әркімнің өз шығар биігі бар десек, Әбу Насыр әл-Фараби – өзіндік шырқау биігіне шыға білген, бір өзі-ақ бір университет бола алған заңғар тұлға. Ғұлама тұлға тұғырының берік болуына баса мән береді. Мына әлемді адасудан жартылай құтқарар тек тәрбиелі тұлғалар екендігіне кәміл сенді, сендірді. Сәйкесінше, тәрбиелеуді адамның бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнер қуатын дарыту тұрғысында таразылады. Демек, тәрбие – толыққанды тұлға қалыптасуының басы. Бұл ретте әйгілі әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,  – деген тұжырымы әлем педагогтарының санасында. Бұл орайда, ғұлама әл-Фарабиге сүйене айтар болсақ, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. Жаман қылық – жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек. Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) - "мәңгі нұрдың қызметшісі". Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр қүятын тынымсыз лаулаған оттың көзі" - деген Фараби. Орта Азия ғұламасы Фарабидің шәкірті, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы Ибн Сина:"Фарабидің тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды. Өйткені, еңбек сүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзі де пайда келтіретін еңбекпен айналысқанда ғана, нағыз ел адамы бола алады - деген өмірлік өсиет қалдырып кетті",- деп көрсетті.

Әбу Насыр әл-Фарабише, адамның тоқымашы не атбегі болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді. Егер де адамның тәндік жаратылысы дамуының негізгі көрсеткіші дененің саулығы болса да, адам атаулы кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Десек те, адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туа бітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетері даусыз. Тек дұрыс әрекет мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталмақ. Асылы, ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік болса керек-ті. Ал еркіндік аясында қол жеткізер бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болмақ.

Адамдарды, әсіресе, жастарды тәрбиелеуде ғалым бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды. Кең мағынада алып қарасақ ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, патриоттық тәрбие түрлерін қоса қарайды. «Азаматтарды бақытқа жетелеудің жолы» атты еңбегінде: «Қала әкімі мен мұғалім бірдей дәрежеде тәрбиеші болып табылады. Мұғалім бала тәрбиелесе, әкім қала тұрғындарын тәрбиелейді»,- деп ой түйеді. Оның пікірінше: «Оқып-білім алу арқылы дүниені танып білуге, оның әсемдігі мен толыққандылығын байқауға болады. Әрі оқып-білу үшін, әртүрлі кәсіпті меңгеру үшін, адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін, талмай еңбек етіп, ерік-жігерді дамыту қажет, әрі оған тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу арқасында жетуге болады». Ғалым тәрбиелеу әдістерін «Қатты әдіс» пен «Жұмсақ әдіс» деп екіге бөліп қарастырады. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтап кеткен. Қазіргі тәрбие үрдісі тұрғысынан қарағанда «қатты әдіс» деп отырғаны – «жазалау», ал «жұмсақ әдіс» деп отырғаны – «мадақтау». Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін дәлелдеп кеткен ғалым десек, қателеспейміз. Әбу Насыр әл-Фараби тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын адам болмайтынын, тек үйретуден, баулудан жалықпау керектігін айтады. Ғалымның бұл ойын Абайша айтсақ, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға».

Фараби «Бақытқа жету жолы» атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік секілді қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру үшін қалай тәрбиелеу қажеттігі жайлы нақты баяндап, өзінің педагогикалық жүйесінің белгілі құрамды бөлігі ретінде бала тәрбиесі мен оқыту мәселесін қатар алып қарастырады.

Бала тәрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты біліммен қаруландыру, балаға оның жеке бас және жас ерекшеліктерін ескеріп, шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас жасау – барлығы әл-Фарабидің педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі болды. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократиялық, гуманистік өзегін құрады және педагогикасының озық бағыттылығын күшейтті. Ұлы ғұлама «ұстаздың мінез-құлық нормасы қандай болуы керек?» — деген сұраққа жауап бере отырып, балаға білім беру жөнінде, оған тәлім-тәрбие беру ісінде мұғалімге мынадай шарттар қояды: «Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем (қатаң) болмасын және асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғармен болса, онда оқушы мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егер де өте босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, ғылымына жалқау қарау қаупі туады»,- дейді. Бұл сияқты ұстамдылыққа, іскерлікке қол жету үшін Фараби атап көрсеткендей: «ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет, өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». «Ұстаз ескерер бір жәйт – бұл шәкірттің мінез-құлқындағы жағымсыз мінезді, жағымсыз қылықты болдырмау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру»,- деп атап көрсетеді Әл-Фараби. Адамның мінез-құлқын тәрбиелеуде ойшыл ұстаздардың жүріс-тұрыстарына, сөйлеген сөзіне, қимылына, жеке бас мәдениетіне баса назар аударып, оқушының сапалы білім алуына ұстаздың осындай қасиеттері үлкен роль атқаратынын айтады.Ұлы ғұлама өз еңбектерінің басым бөлігін ұстаздық тұрғыдан, жас ұрпақты тәрбиелеу, қоғамның гүлденуін көздеп, тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған. Иә, шәкірт тәрбиелеудегі Әбу Насыр әл-Фараби айтқан ұстаз бойындағы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, білім мен тәрбиені ұштастыра алсақ, онда біз өзіміздің ұстаздық ұлы қызметімізде «Қайырымды қала тұрғындарын» тәрбиелеп, қоғамымыз ізгіленетін еді.Тәрбие мәселесін Әл-Фараби осындай кең мағынада түсіне отырып, тәрбиенің жалпы халықтар мен қала тұрғындарының өмірінде алатын, атқаратын орнын жоғары бағалайды. Дұрыс тәрбие берілмеген халықтар мен қала тұрғындары "надан" халықтар немесе қала тұрғындары (қоғам өкілдері дегені) деп аталып, ондай қалалардың түрлері, адамдарыңда кездесетін нашар мінез-құлық, іс-әрекеттер сипатталады.Әл-Фараби бұл жерде адам бойына этикалық ізгіліктерді білім, тәрбие арқылы дарыту, сол арқылы адамның игі әрекеттерге талпынуы, ол әрекеттерді жан-тәнімен ұнатуы туралы айтып отыр. Этикалық ізгіліктерді адам бойына дарытуда Әл-Фараби тәрбиелеудің екі түрлі әдісін атап көрсетеді: бірінші - иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөздер әдісі; бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен игілікті істер жасауға жігерлендіруге болады; екіншісі - өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін жөне сөзге құлақ аспайтын "бүлікші, сенімсіз", ересек адамдарға қолданылатын күштеу әдісі.

Осы әдістердің ішінде Әл-Фараби иландыру немесе ерікті түрде тәрбиелеу әдісін жоғары бағалайды. Адам сезіміне ерекше әсер ететін, оның жан-күйін баурап алатын этикалық нақыл сөздермен адамды дүрыс бағытқа, игілікті мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Тәрбиенің нәтижесінде адам бойында пайда болған ізгілікті қасиеттерді, мінез-құлықты тұрақты күйге айналдыру үшін дағды кажет. "...Жаратылысынан біткен бейімділік, - деп жазады. Фараби - қайырымдылық әрекеттерге бағытталса, және бұл әрекеттер кайталана келе адам жаныңда сол әрекеттердің өзін тудыратын күйді тудыратындай дәрежеде әдет түрінде нығайып, бекісе, әрекетпен орныккдн бүл күй қайырымдылық деп саналады."

Бұл мәселеде Әл-Фараби ақыл-парасат пен тәрбиенің ролі туралы айта келіп, тәрбиесіз дағды, дағдысыз тәрбие болмайтынын ескертеді. Тәрбиесіз дағды болмайды дейтін себебі, мысалы, жас нәрестені алғашқы күннен бастап-ақ ізгілікті істерге бағыттап, тәрбиелесе ғана, оның бойына сол істер дағды ретінде қалыптасады. Сол сияқты дағдысыз тәрбие болмайды дейтіні, тәрбиенің нәтижесінде қол жеткен қайырымды іс-әрекеттерді, мінез-құлықты дағды арқылы түрақты күйге айналдырып отырмайынша, адам ізгілікті бола алмайды. Кейбір жастардың мінез-құлқы, іс-әрекет заман талабынан шыға бермейді.

Адам жаратылысының жақсылыққа не жамандыққа бейім болып тумайтындығын айта келіп, ол: "Жаратылысынан барлық ізгі, этикалық, интелектуальдық қасиетгерді бойына сіңірген адамның болуы шындыққа да, ақылға да симайды; сол сияқты жаратылысынан барлық өнерге бейім адам да болуы мүмкін емес. Дәл сол секілді жаратылысынан барлық бұзақылыққа бейім адамның болуы да ақылға симайды," – деп көрсетеді. Бұл қорытындыға Фарабидің адам табиғатын терең зерттеу нәтижесінде қолы жетті.

Ересек адамдардың мінез-құлқын өзгертуі қиынға түсетіндігін ескерте келіп Фараби: "бірақ қиын болса да мұнан мүмкін емес деген мағына тумайтындығын" айтады. Фараби: "Жақсы іс-әрекеттер алғашқыда қиналуды, қасірет шегуді, керісінше, жаман іс-әрекеттер алғашында рахатқа кенелткендей көрінгенмен, белгілі уақыт өткен соң міндетті түрде қайғы-қасіретке душар етеді", - деп жазды. Тәрбие мен дағдыны қатар қоя отырып Фараби "тәрбие дегенміз- білім негізінде адамға ізгі қулық, іс-әрекеттерді дағдыландыру, оның жанына әсер етіп, рухани күш беру" деп түсіндіреді. "Дағды" деген ұғымға ол төмендегідей анықтама береді: "Дағдылану деп мен бір әрекетті жиі-жиі ұзақ мерзімге қайталап отыруды айтамын".

Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін шығармашылық мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің тәрбиелік мазмұны мен мәнінің еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы тағылымының тәжірибелік маңызы мынадай болды.

1. Еңбек әрбір қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек - еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.

2. Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілімі тәрбие - еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.

3. Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы - болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді, ғылымның еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның теориясын жасады.

4. Еңбектің, еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін сала отырып, оны практикада, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.

5. Әл-Фараби ілімі шығыс халықтарының педагогикалық ой пікірінің дамуында революциялық - төңкеріс больш есептеледі. Демек, ол шығыс халықтарының салт-санасының, әдеп-ғұрпының ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірінің, ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашқан -халықтық педагогиканың негізін қалады.

Әл — Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да, өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Исахметұлы Ж., Даутбаев М. Фараби трактаттарындағы білім, тəрбие мəселелері // Ақиқат. — — № 6. — 105, 106-б.

  2. Көбесов А. Əл-Фараби. — Алматы: Қазақстан, 1971. — 124-б.

  3. Қайбалдина А. Əбу Насыр əл-Фараби // Қазақ тарихы. — 2012. — № 2 (113). — 46-б.

  4. Сүлейменов П. Əл-Фарабидің қоғамдық философиялық жəне педагогикалық ғылыми көзқарасы // Ақиқат. —  12. — 67–70-б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!