Материалдар / Ұлы ойшылдың мұрасын дәріптей алдық па?

Ұлы ойшылдың мұрасын дәріптей алдық па?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ойшыл ғалым,философ Әл-Фараби туралы білу мектеп қабырғасын жаңадан аттаған бүлдіршіндермен қартайған қарттарға дейін білу керек деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы ойшылдың мұрасын дәріптей алдық па?

Әл-Фарабиды жалаң сөзбен насихаттау қоғамдық санада оның тұлғасын, өнегелі ісін толық қалыптастыра алмасы анық. Әлемге әйгілі ұлы ұстазды мектеп қабырғасынан бастап кешенді оқытып, білімге деген құштарлығын, ілім іздеп, сонау Шамға дейін ұзақ жол кешіп, мақсатына жетіп қана қоймай, адамзат игілігіне ғасырлар бойы құнын жоғалтпайтын мәңгілік дүние қалдырған ерен еңбегін, осы мұратта сарп еткен мағыналы ғұмырын жас жеткіншектерге үлгі етуіміз керек.

Елімізде Аристотельден кейінгі екін¬ші ұстаз атанған Ұлы ғұламаның еңбектерін зерттеу 70-жылдардан бастап қолға алынып, доктор¬лық, кандидаттық диссерта¬ция¬лар қорғалғанмен, еңбектерін әлі де толықтай таныта алмай отырмыз. «Шығыстың Аристотелі» атанып, кейінге мол қалдырған ұлй ойшылымыздың антикалық мұра мен исламды біріктіретін мәдениет жасағанын көпшілігіміз біле бермейтініміз және анық. Әлем мойындаған философтар Платон мен Аристотельдің еңбектерін танытып қана қоймай, өзінің фиолофиялық көзқарастарымен ислам өркениетінің дамуына шексіз үлес қосқан ғұламамыздың шығармаларын зерделеп, талдап оқу бүгін де аса маңызды іс. Әл-Фараби мұрасы түркі халықтарын біріктіретін рухани дүние екенін ескерсек, алдымызға қояр мақсатымызды ұлы міндеттермен үйлестіру шарт. Сондықтан, оның мұрасын насихаттауда мектептерде арнайы бағдарлама енгізіп, жоғары оқу орындарында оқытуды қолға алу керек.

Әл-фараби философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салалары бойынша 150-ден аса трактаттар жазған ғалым. Ол өзінің барлық ғылым салаларында, әсіресе математика, астрономия, физика және жаратылыстану ғылымдары саласында көп мұра қалдырды. Ол «Ғылыми тізбек» жұмысында ғылымды бес салаға бөліп қарастырады: лингвистика және оның тараулары; логика және оның тараулары; математика және оның тараулары; физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дінтану.

Ұлы ойшыл Әл-Фараби жан, рух мәселесін тек философияда ғана емес, музыка және басқа да салаларда атап өткен. Оның еңбектерінен ойшыл-ақынды «жан» мәселесі көп толғандырғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, ақын адамның жүрек мәселесі мен рақымшылық, шапағат, мораль, адамгершілік, имандылық, ізгілік пен өзге де қадір-қасиеттерді сипаттаған. Мұның бәрі оның көрнекті еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы: «Хауас», «Үш құю», «Әділет», «Шапағат», «Жә уан мәрелік». Әл-Фарабидің көптеген ой-толғауларын Абайдың шығармашылығы мен қара сөздерінен де кездестіруге болады. Екі ұлы тұлға да адамның «жан» мәселесіне ерекше мән беріп, көптеген ойларын жазып қалдырған.

Әл-Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері», яғни космогония жайлы еңбегінде жалпы хауасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Ғалым өзінің философиялық көзқарастарында үш негізгі саланы айқын көрсетті: ол әлемнің мәңгілігін мойындады, білімнің болмысқа тәуелділігін растады және интеллект туралы ілімді талдады. Сондай-ақ ұлы философ Орта ғасырларда медицина мен философияның, «Медициналық Каноны» және басқа да еңбектердің дамуына елеулі үлес қосты. Ұлы қазақ ойшылы Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Әл-Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Біз айтып отырған осындай теңдессіз еңбегімен ол әлемнің тұлғасына айналды. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Әлі күнге өз құнын жоғалтпады. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті және Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. Егеменділігімізді жариялап, тәуелсіздігімізді алған соң, біз осының бәрін құнттауымыз керек.

Ал, енді рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі десек, рухани жаңғыру аясында да қолға алынар тірлік көп. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие», – деп, Әл-Фарабидің өзі айтқандай, жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде осы ғұлама данышпанымыздың еңбектерін түсіндіре алсақ та, бұл адами капиталымызды дамытуда үлкен олжа болар еді.

Әл-Фараби ғылыми зерттеу орталығының Отырар ойшылының араб, ағылшын, неміс, француз, чех және т.б. тілдердегі бірқатар шығармаларын дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жинап, Алматыда қазақ, орыс тілдеріне ауда¬рғанымен хабардармыз. Алдағы тұрған міндеттердің бірі осы шығармаларды көптеп басып, әр тұрғынымызға қолжетімді ету. Өйткені, Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.

Педагог ретінде айтар болсам, адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Әл-Фараби : «Адам – өз өмірінің қожасы, сондықтан, өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады», – деген.

Қамбар Мадина

Ә.Науаи атындағы №17 жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ