Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлы орыс ағартушыларының өзін-өзі тану туралы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Колледж: «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК
Мерзiмі 28.09.2018
Топ: __С-17 Студенттер саны__14_
Тақырып: Ұлы орыс ағартушылары өзін-өзі тану туралы
Оқытушы: Торебаева Г.Р.
Құндылық Ішкі тыныштық
Қасиеттер қарапайымдылық, жігерлілік, сыпайылық.
Сабақ мақсаты: Ұлы орыс ағартушыларының өзін-өзі тану туралы афоризмдері мен нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
- жағымды ойлауға, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: 1. Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған хрестоматия/ Алматы: «Бөбек». 2. Разум сердца/ мир нравственности в высказываниях и афоризмах/ Москва Издательство политической литературы |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аудару. 5 «Т» ережесін еске түсіру. Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық Жағымды көңіл күй. «Орманға саяхат» жаттығуын өткізу. Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз шеберхананың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сізді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Колледжге қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан оралыңыз. Міне, колледждің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз! |
Сабақ барысын талдау: |
Үй тапсырмасын тексеру. Әл-Фараби, Ж. Баласағұнның рухани-адамгершілік ойлары, қанатты сөздерін талдау. |
|
Дәйексөз. Барлық адам үшін маңызды іс бар – өз жан дүниесін жақсарту. Тек осы істе ғана адамға кедергі болмайды және осы істен ғана адам әрқашан шаттыққа кенеледі.
Л.Н. Толстой Сұрақ: Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндеңдер? Дәйексөзді ұл балалар екі рет, қыз балалар екі рет қайталайды, 3-4 студентке жатқа айтқызу. Түйін: Л. Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасық мен жанына тыныштық бермеген *экзистенциалдық-мәселе – адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. *экзистенциализм – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субъект пен объектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы *иррационалистік бағыт. * иррационалистік – пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қара-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмец, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені сүйіспеншілікпен қабылдау принциптерін ұстанады. |
А.Г. Спиркин, А.Г. Косиченко, А.П. Чехов, Л.М. Леонов, В.А. Сухомлинскийдің өзін-өзі тану туралы қанатты сөздерін слайд арқылы көрсетіп, өзім студенттерге мағынасын түсіндіремін. |
Әңгiмелеу. Кемеңгер ұстаз Өсиет әңгіме
Бір профессордың үйіне кезінде сабақ берген өзінің шәкірттері келеді. Өткен күнді еске алып, әрқайсысы өздерінің жұмыстары, отбасылары жайлы біраз әңгіменің басын қайырып, бұл өмірге наразылығын, ештеңе жетпейтінін, бітпейтін мәселелер жайлы сөз қозғайды. Шәкірттерінің сөздерінің аңдысын аңдыған професссор алдарына хрусталь, шыны, пластмасса кеселерді қойып, кофе құйып: «Ішіп отырыңдар», - дейді. Шәкірттерінің барлығы қымбат хрусталь ыдысқа таласып, арзан ыдысты алғысы келмейді. Сонда профессор оларға былай деді: «Байқадыңдар ма?» Барлығың қымбат ыдысты алып, арзанын қалдырдыңдар. Бұл бір жағынан қымбат болып көрінгенмен, сендердің өмірге деген наразылықтарың да осында жатыр. Қымбат кесе кофенің дәмін кіргізбейді, сендер оның сыртына қарап, ішінде не барын естен шығарып алдыңдар. Шындығында сендерге керегі – кофе болатын, бірақ сендер кесені таңдадыңдар. Одан соң: «Кім қандай кесе алады?» - дегендей бір-бірлеріңе сын көзбен қарадыңдар. Енді осыдан қорытынды шығарып көрелік: Өмір дегеніміз – кофе, ал мансап, ақша, жұмыс, бұлар – кесе. Олардың барлығы өмірді сақтауға, оны қамтуға арналған құрал-саймандар. Бірақ та өмірдің өзіне емес, оның сыртқы жағына ғана мән берсек, ішкі дәмін, рахатын сезіне алмай қаламыз. Кофенің тәттілігі кеседе емес. Ең бақытты адамдардың қолында ең қымбат нәрсе жоқ болуы мүмкін, бірақ қарапайым қанағат болады... Өмірлеріне наразылық айтып, күрсініп отырған шәкірттер ұстаздың осы мысалынан кейін терең ойда қалыпты.
Сұрақтары:
3. Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер? 4. Қарапайымдылық, жігерлілік, сыпайылық қандай жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттері болып табылады? 5. Сіздің өміріңізде ішкі тыныштықтың орны мен маңызы қандай? 6. Болашақ ұстаз ретінде, оқушыларыңыз әңгімедегі профессордың шәкірттеріндей болмас үшін қандай ілім берер едіңіздер? |
|
Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс. Тапсырманың шартын түсіндіру. 10 минут беріледі. Төрт топқа бөлу. «Афоризмдер мен нақыл сөздердің мағынасын ашу» Әр топ Ұлы орыс ағартушыларының афоризмдері мен нақыл сөздерін оқып, топта талқылайды. Мағынасын түсіндіреді. 1-топ: Л.Н. Толстой
2-топ: В.С. Соловьев
3-топ: Ф.М. Достевский,
4-топ: М. Лермонтов
|
|
Топпен ән айту. Бақыт деген Мұқағали Мақатаев Бақыт, жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол – тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Қайырмасы: Бақыт деген –сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің, Бақытын да, басқасын да білмеуің, Бақытсыз-ақ ойнап күлгенің.
Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал мен үшін ең бақытты күндерім Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім
Қайырмасы: Бақыт деген –сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің, Бақытын да, басқасын да білмеуің, Бақытсыз-ақ ойнап күлгенің.
|
|
Үйге тапсырма. Ілтипаттылық, сыпайылық, ұқыптылық, сабырлылық, шыдамдылық, табандылық, ұстамдылық, сыйластық, әдептілік, кешірімділік, жігерлілік, қарапайымдылық, байсалдылық қасиеттері жайындағы ұлы орыс ағартушыларының (Н.А. Бердяев, П.А. Флоренский, Д.И. Менделеев, Д.С. Лихачев) даналық сөздерін жазып, мағынасын ашып келу. (слайд түрінде қорғау) |
|
Сабақтың қорытынды сәтi. Бүгінгі сабақтағы алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар. |
|
Мұғалім ______________Төребаева Г.Р.
Директор _____________ Әміров Е.С.