Материалдар / Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы тағдыр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы тағдыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің басқа да халықтарымен бірге қазақ халқы да әрі майдан даласын да, әрі тылда ерлік еңбектің ерен үлгісін көрсетті. Сондықтан мақаланы жаза отырып, атамекеннен алыста, туған жерден жырақта жүрген қазақ бауырларымыздың 1941-1945 жылдарғы қан майдандағы ерлік істері мен тыл қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесін айқын жазу. Мақала тарихтың аласапыран кезеңдерінде халқымыздың басына түскен қилы тағдырына байланысты, ата қоныс атамекендерінен ажырап қалған қазақтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбектеріне арналғандығы болып табылады. Кешегі кезеңде орын алған алыс және жақын шетелдердегі қазақтар тарихына қатысты ақтаңдақ тұстарын айқындау бүгінгі тарих ғылымның өзекті де іргелі мәселелерінің бірі болып табылатындығы сөзсіз. Түйін сөздер: бассоль, минераль, экономика, механика, новосадка, чугунка, гранатка.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2022
344
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ




Кіріспе______________________________________________4-11


1.Астрахан облысы қазақтарының тылдағы ерлік еңбектері

12-21

1.1. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекшілердің еңбегі__12-13

1.2. Тыл еңбеккерлері тұз және балық кәсіпшілігінде__________14-21



2. Астрахан қазақтары – майдан шебінде_______________22-30

2.1. Астрахандық Кеңес Одағы батырлары________________22-23

2.2. Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге_______________________24-30


3. Астрахан өлкесіндегі мәдени ағарту жұмыстар және қазақтар 31-73

3.1. Астрахань қазақтарының арасынан шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлері___________________________________31-57

3.2. Қоғамдық-саяси өмірі__________________________________58-73



Қорытынды_________________________________________74-76


Пайдаланған әдебиеттер тізімі_________________________77-83


Қосымшалар________________________________________84-100














ТҮЙІН

Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің басқа да халықтарымен бірге қазақ халқы да әрі майдан даласын да, әрі тылда ерлік еңбектің ерен үлгісін көрсетті. Сондықтан мақаланы жаза отырып, атамекеннен алыста, туған жерден жырақта жүрген қазақ бауырларымыздың 1941-1945 жылдарғы қан майдандағы ерлік істері мен тыл қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесін айқын жазу. Мақала тарихтың аласапыран кезеңдерінде халқымыздың басына түскен қилы тағдырына байланысты, ата қоныс атамекендерінен ажырап қалған қазақтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбектеріне арналғандығы болып табылады. Кешегі кезеңде орын алған алыс және жақын шетелдердегі қазақтар тарихына қатысты ақтаңдақ тұстарын айқындау бүгінгі тарих ғылымның өзекті де іргелі мәселелерінің бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Түйін сөздер: бассоль, минераль, экономика, механика, новосадка, чугунка, гранатка.


РЕЗЮМЕ

Во время Великой Отечетственной войны казахский народ как и другие народы нашей страны показал исключительный пример героического труда и в поле битвы, и в тылу. Поэтому при написании данной статьи авторы уделяют особое внимание на отчетливое описание героических действий наших братьев-казахов в смертельных битвах, которые были далеко от отечества и вдали от родной земли и весомый вклад работников в победу, которые трудились в тылу в период 1941-1945 гг.. Данная статья рассматривает героический труд казахов, отделенных от отечества в связи с трудной судьбой нашего народа в период смутных времен истории, точнее в годы Отечественной войны. Безусловно актуальной и основной проблемой современной исторической науки считается определение неизученных направлении, связанных с историей казахов, расположенных в ближних и дальних зарубежьях, которая имела место в предыдущих периодах истории. Ключевые слова: бассоль, минераль, экономика, механика, новосадка, чугунка, гранатка.



Summary

During the Great Patriotic War Kazakh people like other peoples of our country has shown an exceptional example of the heroic effort in the battle-field, also in the home front. And that’s why, writing this article, the authors pay particular attention to the clear description of brothers-Kazakhs’ heroic actions which were far from the homeland, and far from their native land in deadly battles and a sizable contribution of workers to the victory, who toiled on the home front during the period of 1941-1945. In this article is considered heroic work of the Kazakhs, which are separated from the homeland in due to the difficult fortune of our nation during dark years of history, and more specifically in the years of Great Patriotic War. Certainly that the definition of unexplored directions, related to the history of the Kazakhs, located in the near and far abroad is an actual and fundamental problem of modern historical science, which took place in previous periods of history.

Keywords: bassol, minerals, economics, mechanics, capping, kettle, grenade.












































Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Өшкеніміз жанып, жоғалғанымыздың табылуы-егеменді, тәуелсіз ел болғанымыздың айқын белгісі.Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер халқымыздың өткен тарихы мен мәдениетіне жаңа көз қараста талдау жасауға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: “Құрылтайдың басты мақсаты - бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы өткені мен бүгінгісіне талдау жасай отырып, болашақ тағдырымыздың қалай өрілетінін талқылау... дүние жүзіндегі қазақтар қай елде жүрсе де, өзін Қазақстанның өкілі сезінетіндей жағдай жасау біздің болашақтағы маңызды міндеттеріміздің бірі”-деп баса атап көрсетті [1,13б.].


Аласапыран жылдары тағдыр тәлкегіне ұшырап, небір қиыншылықты бастарынан өткізіп, ел асып, қыр асып, басқа елден пана іздеп кеткен қандастарымыздың өткені мен бүгіні және болашақтағы өмірі туралы жан-жақты саралап, тарихи зерттеулер жүргізу тарих ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі.Сонымен бірге бір кезеңде ата мекені болып еркін, көшіп-қонып жайлаған ата-баба жері саналған,бірақ Патшалы Ресей , кешегі кеңестік заманда өзге қарамағында қалған, бүгінге дейін ол жерлерден ешқайда жылжымай табандылық танытқан,шет елдердегі қазақтар ирредентін қалыптастырған ұлтымыздың тағдыры ерекше маңызды мәселе.Сондықтанда сыртта жүрген қандастарымыздың бөгде ортадағы саяси мәртебесі мен олардың тарихи-мәдени даму кезеңдерін және деңгейін анықтау бүгінгі күннің талабы. Бұл міндетті орындау тарихшы қауым үшін ұлт алдындағы борышы болмақ.

Қазақ диаспорасы дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде бар.Қазақстаннан тыс жерлерде 4 миллиондай қазақ тұрады яғни әр үш қазақтың біреуі шетелде жүр.Қай елде жүрсе сол елдің тілін қабылдап ,әрі өз тілін, әдет –ғұрпын сақтап қалған.[2,76 ] Дүниежүзіндегі елдердің ішінде қазақтар көп шоғырланған ел Ресей мемлекеті, соның ішінде Астрахань облысының Володар, Камызак, Краснодар, Харабалинск аудандары мен Астрахань қаласында көп , яғни соңғы есептерге сүйенсек 142 мыңнан астам қандастарымыз қоныстанған.Бірақ,бұл арнайы статистика. Жергілікті қазақтардың есебімен бүгінде ұлтымыздың саны 200 мыңнан асқан екен. Олардың 95,3 пайызы тілін, дәстүрін, тарихи қалыптасқан шаруашылық түрлерін сақтаған [2,35б. ]. Бұл олардың бөгде ортада отырса да, ұлтына, тіліне деген құрмет деп есептеуге болады. Бүгінгі таңда облыста “Жолдастық” қазақ тілі және мәдениеті қоғамы жұмыс жасайды және аудандарда бөлімшелері бар. Бұл қоғам қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға септігін тигізуде.

Зерттеу тақырыбына арқау болған Астрахань облысындағы қазақтар тарихы кеңестік қоғам дамуымен байланысты. Бұл жерде негізгі мәселе Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жылдардағы аймақ тарихына, тарихи оқиғаларға объективті түрде тұжырым жасау қажет-ақ. Осы кезеңдегі тарихи оқиғалар, яғни бірінші дүниежүзілік соғыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, оған сабақтаса өрбіген азамат соғысы Астрахань өлкесі халқын қайғылы, қиын жағдайға душар етті. Сондықтан, экономикалық және әскери коммунизм саясатын дамытуды қайта жоспарлау қажет болды. Әлеуметтік-экономикалық саясат елдегі өнеркәсіп орындарының жұмысын жандандыруды, ауылшаруашылығы саласын қоғамдастыруды жылдамдатуды талап етті. Астрахань өлкесіндегі экономикалық даму, өркендеу жұмысына тұрғындардың, әсіресе, қазақ халқының қосқан үлесі мол. Шаруашылықтағы жетістіктерге қажеттілікпен күштеу арқылы қол жеткізілді. 1928 жылы 28 маусымда Астрахань округының дербестігін жою мақсатында әкімшілік-аумақтық қайта құру басталды [3,4б ]. 1930 жылдың бірінші жартысында қажеттілікке орай орталықтандырылған әкімшілік-саяси аппарат құру аяқталды және Кеңес үкіметі жерін әкімшілік-аймақтық бөлу басталды [4,26б ]. Астрахань губерниясына қарасты уездерді ірілендіру, болыстар мен аудандарды және ауылдық қоғамды қайта құру бұрыннан жүргізіліп жатқан болатын. 1930 жылдан бастап Астрахань ауданаралық сапада Нижне-Волжск аймағының, 1934 жылдан бастап Сталинград (Волгоград) аймағының құрамында болды. 1937 жылдың 16 маусымынан бастап Сталинград облысының құрамынан Астрахань округы болып қайта құрылды. Орталығы Астрахань қаласы болып бекітілді [5,72б ]. Бұл жағдай, яғни, бір жерден екінші жерге бағынушылық, ауыстырулар аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін тигізбей қоймады және шаруашылықтың тарихи даму жағдайын да бұзды. Астрахань губерниясының негізі ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған қазақ жерінің бір бөлігінен құрылғандығы баршаға аян. Орыстар әуел бастан құнарлы жерлерге өз шаруаларын орналастыру арқылы сыналап кіріп алып, кейін өз жерімізде өзіміз еркін жүруге шектеу қойып, ақыр соңында Бөкейдің өтініші нәтижесінде Бөкей ордасы құрылғандығы белгілі. Соның өзінде озырбырлықтың небір құқайын көрген қазақ өз жеріне өзі кірме атанды. Жалпы Астрахань жеріндегі 1917-1940 жылдар аралығындағы тарихы туралы зерттеулерде қазақтардың экономиканың дамуына қосқан үлесі туралы ат үсті айтылады.

Кеңес үкіметінің көзқарасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бөлінулердің жаңа құрылымы қатаң және ұйымдасқан бақылауды, барлық шаруашылық, мәдени-саяси салаларда, партия және кеңестік билік органдарының жұмыстарында жүргізуді қолға алды. Ішкі саясатты қатаң жүргізу үшін саяси террор акциясы жүргізілді. Кеңес үкіметінің социалистік қоғам құру жолындағы еңбекті ұйымдастырудың әскери нысандары, басқарудың әміршілдік-әкімшілік жүйесі, жаппай ұжымдастыру бағытындағы саясаты халықты күйзеліске ұшыратты. Жаңа экономикалық саясатты жүргізу жұмыстары өктемдік және зорлық-зомбылық психологиясын туғызды. Астрахань жерінде қоныстанған қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жағдайын елдегі болып жатқан әртүрлі саяси оқиғалармен байланыстыра зерттеу жалпы шет мемлекеттердегі қандастарымыздың өмір тарихын айқындауға, оларға қатысты нақтылы объективті ғылыми баға беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы білімді, ой-өрісі дамыған, зерделі ұрпақтың қолында болатындықтан, рухани құнлылықтарды бойына сіңіре білген, өз отанының, өлкесінің тарихын құрметтейтін, ұлтжанды, елжанды отансүйгіш азамат қалыптастыру мемлекетіміздің ең маңызды стратегиясы болып табылады.Осы мақсатта жазылған бұл ғылыми жұмыстың негізі адамзат зердесінде мәңгі сақталатын тарихи оқиға – Ұлы Отан соғысына яғни Астрахан облысын мекендеген қазақтардың соғыс жылдарындағы майдандағы және тылдағы ерен еңбектеріне арналады.

Аласапыран жылдары тағдыр тәлкегіне ұшырап, небір қиыншылықты бастарынан өткізіп, ел асып, қыр асып, басқа елден пана іздеп кеткен қандастарымыздың өткені мен бүгіні және болашақтағы өмірі туралы жан-жақты саралап, тарихи зерттеулер жүргізу тарих ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Сонымен бірге бір кезеңде атамекені болып еркін, көшіп-қонып жайлаған ата-баба жері саналған, бірақ Патшалы Ресей, кешегі кеңестік заманда өзге ел қарамағында қалған, бүгінге дейін ол жерлерден ешқайда жылжымай табандылық танытқан, шет елдердегі қазақтар ирредентін қалыптастырған қандастарымыздың өткені мен бүгінін зерттеу ерекше маңызды мәселе. Бұл жағдай көрші Ресей мемлекеті құрамындағы Астрахан қазақтарының тарихына да қатысты.

Астрахандағы қазақтардың тарихи даму процесі Ресей мемлекетінің тарихи даму жағдайымен сабақтас болғандықтан мәселені сол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихымен байланыстыра қарап, зерттеуге, тұжырымдауға тура келеді деп ойлаймыз. Олай болса, алыс-жақын шетелдердегі қазақ бауырларымыздың қалыптасу, даму тарихын зерттеу тарих ғылымы аясындағы тақырып болып есептеледі. «Астрахан қазақтары» дегеніміз – қазіргі кезеңде Ресей мемлекетінің территориясында өмір сүріп отырған, сол елдің азаматтығын алған қазақтар. Бірақ олар біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі.

Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер халқымыздың өткен тарихына жаңа көзқараста талдау жасауға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: “Құрылтайдың басты мақсаты - бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы өткені мен бүгінгісіне талдау жасай отырып, болашақ тағдырымыздың қалай өрілетінін талқылау... дүние жүзіндегі қазақтар қай елде жүрсе де, өзін Қазақстанның өкілі сезінетіндей жағдай жасау біздің болашақтағы маңызды міндеттеріміздің бірі”, - деп баса атап көрсетті [1].

Ұлы жеңіске биыл 65 жыл. Кейбір тарихи деректерде, соңғы жазбаларда Ұлы Отан соғысы тарихын елемеу, оның маңызымен нәтижесін кемісту пікірлері бой көрсетіп қалып жүр. Бұл әсіресе бұрынғы КСРО құрамында болған республикалар тарапынан байқалады. Балтық жағалауы республикаларында, Грузияда Ұлы Отан соғысында құрбан болғандарға арнап салынған мемориалдардың қиратылуы өткен тарихымызды жоққа шығару деп есептейміз. Сонымен қатар кейде фашистік Германияның жеңілуі тек Ресейдің орыс халқының жеңісі деп қарастыруда байқалады. Тағы бір пікір Орта Азия республикаларында да “фашистік Германияның көздегені – славян текті халықтар, дәлірек айтқанда, орыстар. Гитлер түркі халықтарының бас біріктіруіне қарсы емес еді” – деген ойлар да айтылып жүргені рас. Ал біз осылай айтып, шындықтан алыс кетсек бұл әрі тарихымызға топырақ шашу деп ойлаймын. Ұлы жеңістің тарихын бұрмалап, маңызын төмендету – Отан үшін жанын беріп, қыршын кеткен боздақтар мен соғыс тауқыметін көтерген тылдағы аналар мен қарттардың, жас балалардың еңбегін бағаламау болар еді.

Ұлы Отан соғысы басталған күннен бастап, барлық сол кездегі кеңес өкіметі құрамына кірген республикалар халқымен бірдей Астрахан облысы халқыда тағдырдың ауыр да, қиын сынын бастарынан өткерді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Астрахань облысы қазақтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихы біртұтас кешенді ғылыми тұрғыдан жеке тақырып ретінде арнайы зерттелмегенімен, олардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтер белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енген. Мәселен, И.Қабышұлы “Монғол қазақтарының тарихы” [6], Н.Коновалов Оңтүстік Алтай қазақтарының тарихы [7], Б.Қалшабаева Өзбекстан қазақтарының этнографиясы [8], Д.Ескекбаев Орынбор қазақтарының этнографиясын зерттеген,ал Г.Меңдікулованың Исторические судьбы казахской диаспоры. Пройсхождение и развитие. еңбегі бүгінгі шет елдердегі қазақтардың тұрмыс тіршілігінен біршама мағұлмат береді. Дегенмен, Еділ бойына қоныстанған қандастарымыздың ол жерде диаспора емес, өздерінің ежелгі ата-қоныстарында өмір сүріп жатқандығы кейде айтылып жүрсе де, Кеңес үкіметі кезінде де, қазір де Ресей елінің құрамына кіретіндіктен, көрші елдегі қандастарымыздың өмір тарихы деп баяндауға тура келеді.

Астрахань қазақтарының тікелей өздеріне байланысты тарихи зерттеу еңбектері болмағанымен, жалпы Астрахань облысының пайда болу тарихы, оны мекендеген көп ұлтты халықтың тұрмыс тіршілігінен мағлұмат беретін тарихи зерттеулер баршылық.

Х.Ермуратовтың «Октябрь в ауле» [9], «На земле народов братьев» [10] еңбектерінде қазақтардың Қазан төңкерісіне көз қарасы, олардың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі, мәдени өмірдегі алатын орны анықталады. «История Астраханского края» [11] атты монографикалық еңбекте ұлтарлық қатынасқа және аз ұлттардың кеңес үкіметінің солақай саясатына наразылық толқулары баяндалған бөлім бар. Сол сияқты Г.Оразтаеваның «Жолдастық» қазақ тілі және мәдениеті қоғамының 10 жылдығына арналған «Астраханские казахи: история и современность» [12] кітабында қазақтар өмірінен толық болмағанымен, біраз мағлұматтар алуға септігін тигізді. Ауыл шаруашылығын дамыту саласына байланысты.С.М.Терентьевтің [13], Н.В.Челобоновтың [14] еңбектерінде ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарына қазақтардың тікелей қатысы туралы жазылған. Еңбекте қандастарымыздың ата-кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халық үшін Кеңес үкіметінің отырықшыландыру, жаппай тәркілеу саясаты оңай тимегендігі соған қарамастан, қазақтардың егін шаруашылығын тез игеріп икемденуінің арқасында, көкөніс, бидай, күріш өсіріп өнім жинауға қазақтар белсене қатысқан мәселен, Микоян колхозының күріш өсірушісі И.Қадырбердиев 1939 жылы әр гектардан 42,7 центрден күріш жинап, Бүкіл Одақтың ауыл шаруашылығы көрмесіне қатынасқан [15,39б].

XX ғасырдың басындағы Астрахань Губерниясы негізін Бөкей Ордасы халқы құрағандығы белгілі, дегенмен, XVIII ғасырдың өзінде Ресей Еділ-Жайық арасына иелік жасап, Кіші жүз жерін өзінің жері деп жариялап, қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен еркін айналысуына қысым жасады, сол үрдіс кеңес үкіметі тұсында да қайталанғаны көптеген деректерде жазылған.Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі орыс зерттеушілерін 18-19 ғасырлардың өзінде қызықтырған.Мысалы;1851 жылы этнограф-ғалым П.И.Небольсин Астрахань өңірін аралап қазақ ауылдарында болып өмірлерімен танысады.Сапар кезінде көптеген мәліметтер жинақтап соның негізінде қазақтардың тұрмысы ,шаруашылығы туралы мақалалар жазды.Ол Орынбор ,Астрахань жерлерін аралаған сапары жөнінде былай деп жазды «Я видел киргизов во всех видоизменениях и быта , от чисто кочевого к постоянно оследлому». (16,с.83)

Кіші жүз қазақтары руларының орналасу тарихына ,этнографиясына ,сауда

қатынасына байланысты Г.Ф.Генстің деректер жинақтау нәтижесінде жазған еңбектері Орынбор облысы Мемлекттік архивінде,(Орынбор. 6қор,1тізбе,8-іс 112-113б ) Қазақстан Республикасы Орталық мемілекттік архивтерінде (4-қор, 1-тізбе, 318-іс)сақталған.

Ж.Н.Ермекбаев «Российские казахи в составе РСФСР и СССР в 1917-1991 г.г.» [17], Г.М.Миндикулова «Исторические судьбы казахской диаспоры. Пройсхождение и развитие» [18], Е.Б.Сыдықов . «Казахстан в составе Российской федераций (1917-1937 г.г.)» [19] ғылыми зерттеу еңбектерінде Ресей құрамында болған жылдардағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму тарихын баяндаумен қатар, қазақтардың қиын тағдырына жан-жақты талдау жасаған. Диссертациялық еңбектердің тәуелсіздік алғаннан кейін жазылғандығы, шетте жүрген қандастарымыздың тарихын шынайы түрде зерттеп, нақты пікір айтуға негіз болғандығына көз жеткізуге болады.

Ө.Озғанбаевтың «Ресейдегі Дума саясаты және XX ғасыр басындағы Қазақстан: нақты тарихи талдау (1905-1917 ж.ж.)» ғылыми зерттеу еңбегінде қазақ халқының, соның ішінде Астрахань облысынан депутат сайланған азаматтардың өлкенің жер-су, дін мәселелерін шешудегі қажырлы еңбектері баяндалған [20].

1920 жылдардағы Астрахань балық өнеркәсібі тарихын зерттеуші К.Ф. Кисилевтің еңбегінде де бізге қажет біраз материалдар кездеседі мәселен зерттеуші астрахандық балық аулаушылардың өмірі туралы былай: «Балықшылардың үйлерінде ауыстыратын балық аулау құралы үнемі болатын, қайықтары жараса болды, желкендерін көтеріп жүзіп жүре беретін және бір-бірлеріне қол ұшын беруге әр уақытта дайын тұратын. Балық аулаушы көбіне аш жүрсе де, өз жұмысына риза көңілмен қарайтын, ал жанұялары апталап нансыз отыруға мәжбүр болатын, тек қана кепкен қаракөзді талғажау жасайтын»-деп сипаттайды. [21,125б].

Астрахань обылысы тұрғындары балық, тұз, ауыл шаруашылығы салаларымен айналысумен қатар мұнай өндіру саласындада өзіндік үлес қосқандығы белгілі . Бұл туралы Ә. Қ. Мұқтардың [22]зерттеу еңбектерінен айқын көреміз. Әсіресе көрші Гурьев ( Атырау) облысымен ,оның ішінде Доссор, Мақат өңіріндегі мұнай өндіру жұмыстарына қажетті құрал – саймандар дайындау оны жеткізу жұмыстарына Астрахандық завод, фабрикалардың қосқан үлесі сондай-ақ қазақстандық еңбекке жарамды адамдарды балық аулау, құрлыс жұмыстарына Астрахань жеріне жіберіп отырғандығы баяндалған.[23,42б]

Астрахань облысындағы сауатсыздықты жою, мәдени іс шаралардың жүзеге асуы, мәдениет орындарының салынуы туралы құнды материалдар баршылық. Г.Оразтаеваның [24] еңбектерінде аз ұлттар арасындағы сауатсыздықты жою, жалпы мәдени ағарту жұмыстарына, соның ішінде қазақтар арасындағы мәдени іс–шараларды ұйымдастыру жұмыстарының тарихына жан-жақты талдау жасалған. XX ғасыр 20-30 жылдарында Ресей жеріндегі ашылған қазақ мектептері үшін ең қиыны ана тіліндегі оқулықтардың жетіспеуі және халықтың білім алуға құлшынысы болғанымен, әлеуметтік жағдайларының төмен болуы себепті көп кедергілерге тап болғандығы белгілі.

И.И.Панин «История Астраханского края (1900-1940г.г.), Астрахань 1997» [25], В.В.Фильтус «Астрахань: Краткий исторический очерк» [26] еңбектеріненде Астрахань жеріндегі тарихи оқиғалар жөнінде деректер алуға болады.

Л.В. Версиктің «Борьба за установление советской власти в Астрахане» [27], В.Варламовтың «За советы в Букеевской Орде» [28] зерттеулерінде Астрахань аймағында Кеңес үкіметінің орнауы, елдің күйзеліске ұшыраған әл-ауқаты кеңінен сөз болады. Жаңа билікті мойындағысы келмеген орыс-казак әскерлерінің жергілікті халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары, С.В Дорожиннің «Экономика рыболовецких колхозов Астараханского округа в 1937-1940 г.г.» [29] атты ғылыми зерттеуінде көрніс тапқан. Еңбекте жаңа экономикалық саясат жылдарында жүргізілген жаппай ұжымдастыру жұмыстарының балық шаруашылығы саласына тигізген әсері, қиындықтар мен жетістіктері , балық шаруашылығында әсіресе әйелдер мен жасөспірімдер еңбегінің дұрыс бағаланбауы, қазақтарды жұмыстың ең ауыр нүктелеріне жұмсауы баяндалған.

П.Н.Першин(М.1966.С.622) «Аграрная революция в Россий» деген еңбегінің екінші томында Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдардағы ауылшаруашылығы коммунасы құрылуы, дамуы, тарихына тоқталды.

Першиннің монографиясында коммунистік партия мен кеңес үкіметі оргондарының алғашқы ауылшаруашылығы коммунасын үйымдастыру кезіндегі жүргізген үгіт насихат жұмыстарына өте көп мән берген.

Сонымен бірге автор деревнияларындағы кедейшілікті жою жолында ауылшаруашылығы коммунасының орны ерекше деп көрсетеді.

В.М.Селунскаяның (М.1968 г) «Рабочий класс и Октябрь в деревне»[30] деген еңбегінде ауылшаруашылығы коммунасы ұжымдық шаруашылыққа деген алғашқы қадам екендігі және мәдени-ағарту жұмыстарының дамуына да дұрыс әсерін тигізді деп жазады.

В.М.Губорев (Развертывание социолистической революций в деревне, 1918г. Л.1957)[31] өз еңбектерінде ауыл селолардағы коммунаның үйымдастырылуы деревнядағы кедейлерді аштықтан және кулактардың озбырлығынан құтқарды деп жазды.

1918 жылы «Известия» газетінде (№6. 11дек) Ю.Лариннің «Насаждение хозяйчиков или социалистическое земледелие» деген мақаласында коммуна мен бірге мемлекеттік ірі жер өңдеу шаруашылығын яғни бидай өсіру мен айналысу қажет деп ұсыныс жасайды. Н.Орлов (Наркомпродтың белгілі қызметкері) оған қарсы пікірде болады.

Отырықшыландыру, Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты кезіндегі Астрахань казак әскерлерінің ерекше жұмыстары туралы М.Ж.Абдировтың еңбегінде баяндалса, К.А.Жиреншиннің[33] «Политическое развитие Казахстана в19- начале 20веков» еңбегінде Бөкей ордасы жерінде жүргізілген отаршыл саясаттың анық бет пердесін көре аламыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің басқа да халықтарымен бірге қазақ халқы да әрі майдан даласын да, әрі тылда ерлік еңбектің ерен үлгісін көрсетті. Сондықтан біз осы тақырыпты таңдай отырып, атамекеннен алыста, туған жерден жырақта жүрген қазақ бауырларымыздың 1941-1945 жылдарғы қан майдандағы ерлік істері мен тыл қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесін анықтау және мәселені жан-жақты кешенді түрде зерттеуді мақсат етіп алдық. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

- Ұлы Отан соғысы жылдарында Астрахан облысындағы қазақтардың ауыл шаруашылығы саласында атқарған қызметтерін саралау;

- Тұз және балық өнеркәсібі қызметкерлерінің жеңіс жолындағы ерен еңбектерін ғылыми тұрғыда анықтау;

- Астрахандық Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтардың өмір тарихын зерттеу және зерделеу;

- Ұлы Отан соғысы куәгерлерінің соғыс жылдарындағы және одан кейінгі өмір тарихын ұрпаққа үлгі етіп қалдыру;

Хронологиялық шеңбері 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Мұрағат деректері мен ғылыми зерттеу еңбектеріне сүйене отырып жүргізілген жан-жақты зерттеулердің нәтижесінде төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік:

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда ерен еңбектің үлгісін танытқан Астрахан қазақтарының еңбегін жүйелі түрде сараладық;

- Шет елдердегі соның ішінде Астрахан облысын мекендеген қазақтардың арасынан шыққан Ұлы Отан соғысы куәгерлерінің кейбіреулерінің өмір тарихын жарыққа шығардық;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған Астрахандық қазақтарды анықтап, баяндадық.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Зерттеуде объективтілік, тарихилық, жүйелілік тәрізді ғылыми таным қағидалары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу барысы негізінен мұрағаттық құжаттар, жарияланған материалдар жинақтары, мерзімді баспасөз мәліметтері негізінде жазылды. Сондай-ақ, зерттеу жұмысының авторы Астрахан облысы аудандарындағы қазақтардың арасында болып көнекөз қариялармен кездесіп, олардың естелік-жазбаларын, ауызша әңгімелерін де дерек көзі ретінде жинақтап, өмір тарихымен, тұрмыс –тіршілігімен танысуы, жұмысымыздың шынайы шындыққа негізделіп жазылуына бірден-бір септігін тигізді.

Зерттеу барысында Н. Крупская атындағы Астрахан облыстық ғылыми кітапханасы және Атырау облыстық кітапханалары қо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!