Материалдар / "Ұлы суретші Ә.Қастеев" тақырыбындағы ғылыми жоба

"Ұлы суретші Ә.Қастеев" тақырыбындағы ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, мұғалімдерге арналған ғылыми жоба үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2019
2258
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Аңдатпа


Ұсынылып отырған жобамызда қазақтың ұлы суретшісі Ә. Қастеевтің өмірі жайлы және бейнелеу өнері әлеміндегі шығармашылық еңбектері туралы мәлімет беріледі.

Жоба мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушыларына арналған.





Аннотация


В предлагаемом проекте рассмотрены жизнь и творчество великого казахского художника Ә. Қастеева.

Проект предназначен для учителей школ и школьников.




Annotation


The proposed project considers the life of the great Kazakh artist A. Kasteeva and about his works in the world of art.

The project is intended for school teachers and schoolchildren.



























Мазмұны:


І.    Кіріспе

ІІ.   Негізгі  бөлім

2.1  Ә. Қастеевтің өмір баяны.

2.2 Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келуі

2.3 Оның суреттері – келешекке ғұмыр.....

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер










































Зерттеу өзектілігі: Ә. Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі

шығармашылығын зерттеу арқылы,

қазақ өнеріне деген қыр-сырын анықтау.



Зерттеу нысаны: Ә. Қастеевтің қазақ өнеріндегі орны.



Зерттеу болжамы: Ә. Қастеевтің өнерін жан-жақты зерттеу

арқылы танып білу.







Зерттеу кезеңдері: 2018-2019 жж.





Зерттеу нәтижесі: Ә. Қастеевтің өнерін, оның шеберлігін,

өнерге деген көз-қарасын танып,

біліп толық мәлімет алады.























Кіріспе

Ғылыми жобаның көкейкестілігі: Республикамыздың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен, өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің кеңестік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғыдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көз жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп, «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» негізге алдым.

Қазіргі ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізге алып отырған орны жеке адам мен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптастыруда, мұның өзі мәдени ортада жаңа құндылықтарға жаңаша көзқарас тудырады.

Қазақстан үшін алып қарағанда қазіргі біздің білім беру жүйемізде, ұлттық мәдени бастауларынан алыстап қана қоймай, әлемдік білім беру кеңестігінен де оқшаулануда. Яғни, бұның себебі біз көп жылдар бойы орыс отаршылдарының ықпалында болдық. Бұл кезде біз, ешқандай ұлттық мәдениеттің даму жолын, саяси басымдылықтың ықпалында ауызға алып, жолға қоя алмадық.Онан кейін тәуелсіздік алып, өз бостандығымыз қолымызға тиген кезде, не істерімізді білмей, бірталай уақыт бағыт – бағдарымызды түзей алмай сенделіп қалдық. Дәл осы сәтте тағы да әлемдік білім беру деңгейіне жете алмай қалдық. Сондықтан біз қазіргі сәтте осы кемдіктің орнын толтыруға бет бұрдық.

Сол себепті Әбілхан Қастеев шығармаларын зерттеу, ұлттық бейнелеу өнерімізге қосқан үлестерін, қысқасы, көркем өнердегі алатын орнын дұрыс бағалау, бізге өте қажет болып отыр. Өйткені біз Қазақстан бейнелеу өнерін Әбілхан Қастеевсіз ойлап жете түсіне алмаймыз. Сондықтан да оның қызықты да қиыншылыққа толы өмірбаяны мен шығармашылық тәжірибелерін оқушыларға таныстырып, олардың біліктілігін, білімділігін жетілдіру, сурет салуға деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттыру керек. Онымен қоса көркемдік талғамдарын жетілдіру мәселесін де естен шығармау керек. Мұның бәрі оқушылардың өнер сүйгіштікке, ұлтжанды қасиеттерін күшейтіп, патриоттық сезімге бай болуға әсер етеді.









Онан бір өзекті мәселесі, Әбілхан Қастеев есімін, әрі оның таза, тұнық, қазақ рухынан туындаған, өшпес, өлмес, асқақ туындыларын, бүкіл қазақ халық арасына кеңінен тарату арқылы, исі қазақ халқының, қазіргі кезге дейін қалып қойған орыс идеясының әсерінен құтылып, жаңа қазақ иісті халық дәстүрлерін қалыптастыру.

Зерттеудің мақсат-міндеттері:

1.Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеу арқылы оның көркем өнердегі алатын орнын дұрыс бағалау;

2.Ә.Қастеев шығармаларының ұлттық рухын таныта отырып, ата-баба дәстүрін қайта жаңғырту.







































ІІ.     Негізгі  бөлім


2.1   Ә. Қастеевтің өмірбаяны


Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).


Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне







қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді.

Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің құмырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын деген сөз. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғұмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ әрқалай ұғады. Маған айрықша ұнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр...

Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін ұстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап тұрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол.

— Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда, бір кварталды қырық минутта әрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сұрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне алды. Мысық екеш мысыққа дейін әкемді төңіректеп жүруші еді. Өзі де тарлау үйімізде ауылдастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мейрам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар... Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем құмырсқаның тірлігіне де таңданып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп отыратын. Ол, әсіресе, "Жолбарыс" деп аталатын итіне көп көңіл бөліп, назар аударатын-ды.Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бұрылыстан көрінгенде, алдымен Жолбарыс алдынан жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бұл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айрыларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау.

Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "Бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "Қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да ұлыларға ғана тән ерекшелік шығар. "Ер адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің құзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана.





Туғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнәзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба, аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек тұлға Ә. Қастеевтің жеке мұражайын ашу — бар-жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп тұр.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Ресубликалық қолданбалы өнер мұражайының (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған.
1984 жылы қаңтарда мұражайға Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.



ЮНЕСКО-ның шешімімен 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. 2004 жылдың 15 қаңтарында Әбілхан Қастеевтің мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрме суретшінің күллі шығармаларын қамтыды. Атап айтар болсақ, 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фотоқұжаттар, суретшінің жеке заттары, кинохроника мұражайы үлкен төрт залдарында қойылды.

Сонымен қатар суретшінің көрмесі Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және республиканың облыс орталықтарында өткізілді. Жаркентте Ә. Қастеев атындағы көркемсурет мұражайы ашылса, Чижин ауылында Ә. Қастеев атындағы саябақ ашылды.





2005 жылдың қаңтарында Әбілхан Қастеевке Алматы қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың және қала басшылығының тікелей қаржылық қолдауымен ескерткіш ашылды.

Бүгінде Ә. Қастеев атындағы МӨМ еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет мұражайы болып табылады. Мұражайда Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады.Қазіргі таңдағы мұражайдың қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Мұражайдың аса бай қорындағы 22500-ден астам графикасәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның,

Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары мұражайдың негізі қорындағы туындылар болып табылады.


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ