Материалдар / Ұлу туралы қызықты мәліметтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлу туралы қызықты мәліметтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсатым:Ұлу туралы көп мағлұмат іздестіре отырып, аталмыш жәндік туралы тың, қызықты деректерді топтастыру, қазіргі таңда ұлу аулау кәсібінің жетістіктерін, ұлу жәндігінің адам ағзасына пайдасы зор екенін түсіндіру. Ұлу жәндігінің ерекшеліктерін баяндау және үй жағдайында күтіп-баптауды насихаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
3600
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ғылыми жоба

Тақырыбы:Ұлу

Мақсатым:Ұлу туралы көп мағлұмат іздестіре отырып, аталмыш жәндік туралы тың, қызықты деректерді топтастыру, қазіргі таңда ұлу аулау кәсібінің жетістіктерін, ұлу жәндігінің адам ағзасына пайдасы зор екенін түсіндіру.


Ұлу жәндігінің ерекшеліктерін баяндау және үй жағдайында күтіп-баптауды насихаттау.

Міндеттерім:

Ұлу жәндігіне жалпы сипаттама беру

  • Қазақстан Қызыл кітабына енген ұлу түрлерін саралау;

Ұлудың түрлері мен өмір сүру кезеңдерін қарастыру

Ұлу өнімінің пайдасы және оларды күту туралы мәлімет жинау

Зерттеу жұмысының маңыздылығы:

  • Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы ұлу жәндігін жан-жақты зерттеу,ерекшеліктерін көрсету.

Ұлуды тұрмыстық жағдайда өсіріп, баптау және пайдалану

Ұлулар — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Теңіздің 4800 метр терең түбінде және 5000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады.. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көп жасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулардың зәр шығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несеп ағар түтіктен құралады.

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көп жасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақ денелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі




Ұлудың түрлері

Бауыр аяқты ұлулар класы

теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді


Тоспа ұлулар класы

паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық енесі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.

Қос жақтаулы ұлулар класы

Жер шарына кең таралған көп жасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді.


ІІІ. Қызыл кітапқа енген ұлулар

Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында бекітілді. Сол жылы омыртқалы жануарларды қамтыған Қызыл кітап бөлімі жарияланды.Өсімдіктерге арналған Қазақстанның “Қызыл кітабы” 1981 жылы жарық көрді. Үшінші кітабына жәндіктердің 96 түрі енгізілді, оның 85 түрі бунақденелілер. Басқа қалған түрлер: буылтық құрттар – 2, ұлулар – 6, шаян тәрізділер – 1, өрмекші тәрізділер – 2.

Теели гастрокоптасы

Сол бұрандалы брадибена

Монахоидес акулетасы

Шнитников псеудонапеусы








IV. Сіз білесіз бе?

Ұлу – Жер бетінің ең ежелгі тұрғындарының бірі. Олар 500 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл жануарларға көп тамақ қажет емес және олар кез-келген ортаға бейімделе алады.

Ұлу – планетадағы ең баяу жаратылыстардың бірі. Орташа есеппен алғанда, бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді.

Өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдауы мүмкін. Ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері, тауықтың жұмыртқасынан көп. Тістерінің саны кез-келген акуладан көп, шамамен 25000!

Ұлулар өте ақылды жануарлар. Олар өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады.

Ұлулардың жүйке жүйесі 20000 нейроннан тұрады. Салыстырмалы түрде алсақ, адам миында бірнеше жүз миллиард нейрон бар.

Ұлулардың мүйізшелері - сыртқа қарай аударылынған мұрын.

Адам мұрынындағы иіс сезу рецепторларының бәрі ұлуларда мүйізшеде орналасқан.

Ұлулардың 25000-ға жуық тісі бар. Олар бір қатарда емес, "үккіш" түрінде орналасқан.

Алып ахатина ұлуының ұзындығы 20 см-ге дейін жетеді. Денесінің үлкендігіне қарамастан, бұл ұлу жүзім ұлуынан да баяу қимылдайды.

Ұлудың көптеген түрі - қосжыныстылар.

Ұлу - түнде өмір сүретін жәндік. Күндіз көбіне ұйықтайды. Қысты да ұйқымен өткізеді.

Ұлу қабыршағының кереметтері

Әлемде ұлу қабыршақтарын құрлықтық және суда өсетін деп екіге бөлуге болады. Суда өсетіндердің ішінде теңіз-мұхиттық ұлулар. Жалпы ұлулар санының 80 пайызын құрайды. Ал теңіз-мұхиттық ұлулардың басым көпшілігі Шығыс-оңтүстік Тынық мұхитта, оның ішінде Оңтүстік Қытай теңізінде мол өседі. Бүгінде Қытайдың Хайнань теңіз алабында былқылдақ денелілердің мекендеп, өсіп-өрбуіне қолайлы жағдай жасалған


Ұлу ас мәзірі тізімінде

Ұлу өсіру – Еуропадағы ауыл шаруашылығының жаңа "бағыты" және шағын бизнестің бір түрі.

"Мүйізді тамақ" арнайы фермаларда өсіріледі. Жүзімді ұлулар Еуропаға Италиядан келген деп есептелінеді. Ұлу ылғал жылы климатты жақсы көреді.






IX. Ұлуды үй жағдайында қалай асырайды?

Ежелгі Мысыр мен Вавилонда «Мәңгіліктің символы» саналған ұлу туралы не білеміз? Иә, расында да ұлу туралы білетінімізден білмейтініміз көп сияқты. Бұл кішкентай ғана жәндіктің адамзат үшін таңғажайып қасиеттері көп екен. Оған дәлел, ғылыми жобада көрсетілген тың мәліметтер. Жалпы ізденіс нәтижесі ұлу жәндігінің құрылысы, өмір сүру циклі, пайдасы, қызметі, жетістігі туралы ақпараттарда анық, нақтылай көрсетілді.

Ғылыми жобамды қорытындылай келе, ізденіс барысында көп тың мәліметтермен таныс болдым. Теориялық білімімді практикада қолданып көрдім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!