Материалдар / Ұлылар үндестігі Сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлылар үндестігі Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерейтойлар ақын-жазушылар Әдеби-сазды кеші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2023
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлылар үндестігі

әдеби-сазды іс-шара


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші:Бүгінгі өткелі отырған «Ұлылар үндестігі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің мақсаты Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне - 30 жыл, халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдары Ахмет Байтұрсынов – 150 жыл, Мұхтар Әуезов – 125 жыл, Ғабит Мүсірепов – 120 жыл , Жұмағали Саин – 110 жыл, Сырбай Мәуленовтің -100 жылдық мерей тойлары қарсаңында олардың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, үлгі тұту, насихаттау. олардың мұрасына деген қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

2-жүргізуші: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 — маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

1-жүргізуші:  Қазақ елі ұлан  байтақ. Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей  көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны бар.

2-жүргізуші: Биылғы 2022 жылы мемлекетіміздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр. 30 жылдық мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын! (орындалады)

2-жүргізуші: Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек-бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

1-жүргізуші:  Олай болса, келесі кезекті Рәміздердің 30 жылдығына орай оқушылардың жаттаған өлең-шумақтарына берейік.

Туфанов Рамиль – «Отан», Кызылжумова Дефне - «Елтаңба», Османов Кемаль - «Рәміз», Шидакова Файруз -«Тәуелсіздік тұмарым»,


ІІ бөлім. Мұхтар Әуезовке арнау

2-жүргізуші:Қазақ ақын-жазушыларының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара.
1-жүргізуші: Ия, ұлылар, ұлылар!
Кім ұлы десек қазақта жетеді ғой шіркін-ай!

2-жүргізуші: Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйек күні дүниеге келді. Үй ішінде «ең кішкентай, момын да ерке болған қоңыр бала» — Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің аялаған немересі болып өседі. Мұхтардың туған жері – Семей облысы, Абай ауданы. Оның жас шағында да, кейін де көп аралап көзінен таса етпеген, бақытты, шабытты ыстық күндерін өткізген, талай құпиясын ашқан, өнер әлеміне ұшырған аймағы – қазақ халықының байтақ өлкесі.

1-жүргізуші: Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ленинградтың  мелекеттік университетінің филологтар дайындайтын факультетіне түсіп, 1928 жылы бітірді. Оқу жолында ізденген Мұхтар 1928-30 жылдары Орта Азия университетінің шығыс факультеті жанындағы аспирантурада оқиды. Бұдан кейінгі жылдары ҚазПИде, ҚазГУ де сабақ берді. Ғылымдық, педагогтық, қоғамдық жұмысын жазушылығымен қатар қайыспай алып жүре білген ол – профессор, доктор, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі атағын алды.

2-жүргізуші: Келесі кезекте Мұхтар Әуезов шығармаларынан үзінді 7 «Г» сынып оқушыларын қарсы алайық. Касапчиева Элиф - «М.Әуезовке арнау»

1-жүргізуші: «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды.

2-жүргізуші: Көрініс «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді. «Қайтқанда» орындайтын 8 «Г» сынып оқушылары

1-Жүргізуші:

Дәстүр, өнер, салтымен,

Таңқалдырған ғаламды.

Мейірлері жарасқан.

Елім бөлмес адамды – деп, ұлттар достығын насихаттап жүрген бүлдіршін бишілерімізді ортаға шақырамыз. «Шаттық» би ансамблінің орындауында «Алаш» биі.

2-жүргізуші: Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!

1- жүргізуші: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына пікір айтқан ақын-жазушылардың сөзіне құлақ түрейік! 8 «Г» сынып оқушылары

2-Жүргізуші: Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс - әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.

1- жүргізуші: Сырбай Мәулен – қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысына – 100 жыл,

2- жүргізуші:Көркем сөздің шебері» атты қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Мүсірепов Ғабит Махмұтұлына – 120 жыл

1- жүргізуші: Жұмағали  Саин - ақын, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Ақынға – 110 жыл, АлматыКөкшетау қалаларының орталық көшелеріне, Арықбалық ауданындағы орта мектептердің біріне есімі берілген. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.

2-жүргізуші:  Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.

1-Жүргізуші: Ендеше көркем сөз арнау өлеңдеріне кезек берейік.

Ж.Саин –Апсенова Зилола «Көздердің қарашықтары»

Кикнадзе Сонгуль « » ,

С.Мәуленов – Мададова Севда «Туған жермен сырласу»

Ғ.Мүсірепов – Подолякина Таня

ІІ бөлім

2-Жүргізуші:  Ахмет Байтұрсынов - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушыпедагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткер, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

1-Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырады.

2-жүргізуші: Ал, енді Ахмет Байтұрсыновтың  шығармашылығына кезек берейік. Ахмет Байтұрсынов - Кадирова Милана «Анама хат» А.Байтұрсынов – Джульфаева Севиля «Жұртыма» А.Байтұрсынов – Курбанова Фарин «Оқуға шақыру» 1-жүргізуші: «Тәкәппарлық – жаман  қасиет».Өлеңнің негізгі жанры жамандықты болдырмау,тәкәппар болмауға тәрбиелену.Бидай арқылы адам бейнесі жасалып тұр. Осы ұлы Абай сияқты қазақ халқын өнер - білімге, адамгершілікке шақырған қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілі, ағартушы, ақын А. Байтұрсыновтың қосқан үлесі зор. Сондықтан біз А. Байтұрсыновтың шығармаларына, оның ішінде «Егіннің бастары» атты мысалына арнаймыз. Көрініс. А.Байтұрсыновтың шығармаларынан үзінді «Егіннің бастары» 4 сыныптар 2- жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан.
1- жүргізуші: Алдарыңызда «Қазақ би» ансамблі бишілер тобы. «Қазақ биіне папурри»

2-Жүргізуші: 
«Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай ат
амыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік. Ән: « ________»
Орындайтын: Беркімбаева Л.

1- жүргізуші: Қорыта айтқанда, ақын-жазушыларымыз жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары.

Ғибрат алар артыңа сөз қалдырсаң,

Шын бақыт –

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

деп, Шәкәрім жырламақшы, осындай асыл ақын-жазушыларымыздың шығармалары мәңгілік өлмейді. Сондықтан да, ақын-жазушыларымыздың шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек.


Сөз кезегін мектебіміздің директоры Б.Т.Қыстауовқа береміз.

2-Жүргізуші: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дей отырып сіздерге жылы  жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі әдеби кешімізді аяқтаймыз.

1- жүргізуші: Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Бүгінгі кешке қатысқан оқушыларға алғысымызды айтамыз. Қош , сау  болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!