Материалдар / Ұлыс тойын тойлайық!!! мерекелік іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлыс тойын тойлайық!!! мерекелік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2021
218
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлыс тойын тойлайық!!!


Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Наурыз Наурыз” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар мен тәрбиешілер әсем әннің әуенімен ортаға шығып билейді.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!


Жүргізіуші: Армысыздар , ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.


Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                Ақ мол болсын!

 Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!

2-бала:

Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!


Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!


ҚЫДЫР АТА:

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің 
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!



Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)


Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

Ән «Зеңгір көктем»




Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)





Наурыз қыз: Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы


Қыздар биі «Қамажай»


Музыкамен Қаңбақ шал домалап келеді. Ой, қайда келдім. Армысыздар ағайын.
Тәрбиеші:
Амансыз ба, Ата?
Қаңбақ: Әлей болсын, балам! Мен балабақшада Наурыз тойы өтіп жатыр дегенді естіп, жолға шығып едім, бір жел тұрып, мені ұшырып ала жөнелді.
Тәрбиеші: Е - е, ақсақал қаңбақ шал деген ата сіз боласыз ба?
Қаңбақ: Иә, иә тура өзімін.
Тәрбиеші: Дәл үстінен түстіңіз, бізде наурыз тойы өтіп жатыр, төрге шығыңыз, қонақ болыңыз!
Қаңбақ: Рақмет! Мені осында келе жатыр едім, бір дәу жолда тұр, байқамай қағып кеттім, сол мені қуып келе жатыр ғой деймін. Қорқамын.
Тәрбиеші: Онда не істейсің?
Қаңбақ: Білмеймін. Қазір көреміз.
Музыкамен ДӘУ келеді. Әй, сен қаңбақ шал, сен мені неге қағып өтіп кеттің, тоқтамай. Алды – артыңа қарамай зырладың ғой.
Қаңбақ: Ее, дәуеке, қалыңыз қалай? (қол алысып амандасады)
Наурызыңыз құтты болсын! Жаңа бір жел тұрып, мені ұшырып, осында алып келді. Бұл Наурыз тойы. Наурызда ренжісуге болмайды, барлығы тату – тәтті жүру керек. Төс қағыстырып амандасады. Келші, бір құшақтайын.
ДӘУ: Қандай наурыз мерекесі?
Қаңбақ: Қазақ салты бойынша тойланатын наурыз тойы, біздің жаңа жылымыз.
ДӘУ: Ассалаумағалейкум халайық, Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Ее, қаңбақ шал, сөйле, сөйле! Ондай болса, кел екеуіміз күш сынасайық, Кімнің күші көп екенін көрейік.
Қаңбақ: сынассақ, сынасайық

Қаңбақ: Одан да, балалармен басқа күш сынасу ойынын ойнайық.


Күш сынасу ойыны



Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Жүргізуші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Жүргізуші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі тақия тастамақ ала келдім.

Ойын: (Тақия тастамақ)

Жүргізуші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)


Жүргізуші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз


Ұлдар биі «Тұлпарым»




Жүргізуші: Наурыз тойының негізгі символы – Наурыз көже. Наурыз көже туралы әжелеріміз ортаға шығып таныстырады.



Ән: «Наурыз жыл басы»



Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош ,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!




PAGE \* MERGEFORMAT 3 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!