«Ұлыстың ұлы күні »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлыстың ұлы күні »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық салт-дәстүрлерімізді,құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні »

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрімізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын қалыптастыру.Ұлттық салт-дәстүрлерімізді,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Наурыз туралы даналық сөздер,мақал-мәтелдер,слайд

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.

Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.

Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!

Қарақат: Наурыз келсе,құт келгені,халайық

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)

Оқушы Рустам : Уа,жарандар,жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

Ата менен анаң бар

Үлкен кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар.

-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.

Наурыз ару: Мен көктем мезгілінің алғашқы айы болуымды мақтан етемін.Неге десеңіздер,жер бетіндегі барша мұсылман қауымының асыға,сағына күтетін мерекесі-жыл басы-Наурыз да қуанышты көңіл

күймен келеді емес пе?Ендеше,достығы мен туыстығы,бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліме Наурыз тойың құтты болсын демекпін.

Ән: Наурыз әні сазы ойнап тұрады.

Мұғалім: Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды,үйлесімді ғажап шың.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттан,жанар таудан қашпайық.

Арқан тарту,асық ойнау,күрес,қыз қуу ойындарын көрсету.

(Қыдыр баба суреті көрініп тұрады интер.тақтада)

-Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.

Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.

Хамида жалғастырады.

1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.

-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшысы болмаса-ел жетім,

Тыңдаусыз сөз жетім.

2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?(Әр оқушының анасы толықтыруға қатысады)

Қазақ халқының ырымдары мен тиымдары туралы не білеміз?(әркім өз білетіндерін айтады)

1.Малды теппе,ақты төкпе.

2.Отты шашпа.күлді баспа.

3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.

4.Бүйіріңді таянба.

5.Есікті керме.

6.Тұзды шашпа.

7.Асты оң қолыңмен алып же.

8.Нанды бір қолмен үзбе.

9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.

10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.

Хамида жалғастырады.

3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?

-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті

атасын атап шығады)

4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және

төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?

-Мал бағатын адамды малшы дейді.

1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.

2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.

3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.

4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.

5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.

5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?

-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,

тауық,ит,доңыз.

6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?

-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелінеді.Оғанжүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.

Ата-аналар наурыз көже тарқатады.

Мұғалім: Тыңдаңыздар,өнер сүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын,ауылдасым.

Тағы да келіп жетті уақытымыз,

Жырлайтын қазағымның дәстүр-салтын.

-Ия,Наурыз тойына жиналған халайық!Ойын-тойымызды жалғастырайық.Той-тойға ұлассын.Бүгінгі күн-салт-дәстүрімізді жаңғыртып,көсегеміз көгерген күн –дей отырып ,келесі кезекте салтмыз бен дәстүріміге де кезек берейік.

(Топтар арасында орындалады тарихына тоқталу,ауызша айтып беру.)

(Бір оқушы )---Сүйінші!,Сүйінші! Нәрестенің дүниеге келгені.

1.Құтты болсын айту .

2.Көрімдік алу мен беру.

3. Атын қою рәсімін көрсету.

3. Тұсау кесер. (мағынасын түсіндіріп береді,ата-аналар орындайды)

. Айтпақшы,ауылдың алты ауызын айтайық.

Ән:Ана туралы жыр.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2024
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі