Материалдар / «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!» 5 сынып

«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпта "Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1104
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!Мақсаты:1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық бұйымдар, слайд.Сабақ түрі: Сайыс І Ұйымдастыру кезеңі: (сыныпты түстер арқылы 4 топқа бөліп, өздері топ аттарын қою) Сабақтың барысы:Сайыстың шарттарымен таныстыруСайыс 4 кезеңнен тұрады:1. Викториналық сұрақтар2. Мозайка құрастыру3.Мен бастаймын... (мақал – мәтелді аяқтау) 4. Би жарысыҚұрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Ұлыстың ұлы – Наурыз» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! І. Әр топтың топ басшысы ұяшықтан сұрақ таңдайды да жауап береді. 1. 21-22 наурыз қандай күн? 2. Наурызда қандай тағам пісіріледі?. 3. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. 4. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?. ІІ. Мозайканы құрап, шыққан суретті түсіндіру. (көрісу, тұсау кесу, асық ойны, қыз қуу) Көрісу. 2010-жылдан бастап, БҰҰ Бас ассамблеясы «Наурыз халықаралық мерекесi» қарарын бiр ауыздан қабылдап, бағзыдан келе жатқан мерекенi атап өту күнiн 21 наурызға белгiледі.21-наурыз ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңелу кезі екенін білеміз. Біздің Жаңа жылымыз, ұлттық мейрамымыз. Бүкіл түркі жұртына ортақ мейрам, халықаралық мейрам болып бекітілді. Ал, еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, осы айдың 14-күнінен бастап, «Көрісу» дәстүрі басталады. Осы күннен бастап «Жаңа жыл» басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды. 1918 жылдың 24-қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлиан және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл – Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді деуге болады.Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайдыіздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. ІІІ Мен бастаймын... (мақал-мәтелді аяқтау)
  • Білімнің басы - ... (бейнет), соңы - ... (зейнет)
  • Өзін өзі білген ... (ер) бақытты,Өзін өзі билеген ... (ел) бақытты.
  • ... (өнер) – ағып жатқан бұлақ.
... (ілім) – жанып тұрған шырақ.
  • Бала тәрбиесі - ... (бесіктен)
  • Жаны сұлудың ... (тәні) сұлу
  • ... (сын) түзелмей, ... (мін) түзелмейді.
  • ... (ашу) – ақылдың дұшпаны,
... (нәпсі) – иманның дұшпаны.
  • Өнерлінің ... (өзегі) талмас
ІҮ Би жарысы. Ендеше, шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өрендерге тамсанайық.  БиСөз әділ қазылар алқасына беріледі.Осымен «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ