Материалдар / Ұлытаудың тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлытаудың тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлытаудағы тарихи мекендер туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
385
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







ҒЫЛЫМИ ЖОБА



ТАҚЫРЫБЫ: Тарихына табиғаты сай- Ұлытау






Орындаған: Шәріптоғай негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Ақылбаева Нұрсұлу Серікқызы


Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Калиева Гульнар Ермековна











Шәріптоғай ауылы

2020 жыл



МАЗМҰНЫ


Кіріспе


  1. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


    1. Ұлытау өңірінің географиялық зерттелу тарихы

1.2 Ұлытау өңірінің физикалық-географиялық сипаттамасы


2. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

2.1 Ұлытау өңірінің рекреациялық ресурстарын туризмді дамытуда пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

2.2 Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстары

2.3. Ұлытау өңірінің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерінің даму болашағы мен жетілдіру жолдары


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
















Кіріспе


Ғылыми жоба жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және табиғат байлықтарын қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді. Елбасының «100 нақты қадамы» елімізге «2050-стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Ұлттың дамыған 30 мемлекеттер қатарына кіру мақсатындағы индустриалды және экономикалық дамудың бағдарламасына сай ұсынылған «100 нақты қадамының» 57-ші қадамында туристік кластерлер құрудағы озық тәжірибесі негізінде инвесторлар тарту ұсынылған.

Қазақстан Еуразия материгінің кіндік бөлігінде орналасып, аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде Орал таулары мен Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шаньның қарлы шыңдарына дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатыр. Осындай кең аумаққа созылған қазақ жерінің табиғаты аса бай болуымен қатар, көркемдігімен де көзге түседі. Аймақта туризм нарығын дамыту үшін рекреациялық қорлар көптеп кездеседі, солардың бірі - Ұлытау өңірі, осыған орай тақырыптың өзектілігі жоғары, туристік кластерді құрудың алғышарттары бар бірден-бір нысан.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен.

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінді мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Ұлытау өңірі бірегей туристік әлеуеті жоғары өлке. Аудан көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, тарихи-мәдени, танымдық, спорттық, аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан.

Ғылыми жоба жұмысының мақсаты - рекреациялық ресурстарды бағалау. Аймақта бар, туристердің қызығушылығын арттыратын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерді және өндірістік нысандарды ашып, көрсету, ішкі туризмді дамыту. Ұлытау өңірін рекреациялық-географиялық тұрғыда зерттеу, елімізде туристік кластерді қалыптастырудағы үлгі ретінде ұсыну.

Ғылыми жоба жұмысының нысаны. Қазақстанның туризм нысаны - Ұлытау өңірі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Туризм саласында қазақ жерінің табиғат-ресурстарын қолдану, рекреациялық аймақтарды және ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыру, рекреациялық аймақтарды туризмде пайдалану. Туризм дамуы үшін жергілікті халықты тарту маңызды орын алады. Бірақ, бұл үшін халық тұрмысы мен еңбегі үшін қолайлы табиғи рекреациялық ресурстары бар территорияны анықтау қажет. Табиғи-рекреациялық және тарихи мәдени орындарының қазіргі күйі мен оларға байланысты бар мәселелерді анықтап оларды шешу маңызды орын алады.

Ғылыми жоба жұмыстың міндеттері:

- Ұлытау өңіріне физикалық-географиялық сипаттама беру;

- Ұлытау өңірінің зерттелу тарихын зерделеу;

- Ұлытау өңірінің рекреациялық-географиялық әлеуетін бағалау;

- Аймақта жұмыс жасап жатқан рекреациялық нысандардың экономикадағы рөлін айқындау;

- Ұлытау өңіріндегі турим саласының қазіргі даму жағдайын талдау;

- Еліміздегі туристік кластердің дамуындағы мүмкіндіктер мен мәселелерін зерттеу.

Мәселенің деректік көзі. Географтардың, биологтардың, экологтардың зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері, Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау туралы заңдары мен тұжырымдамалары, Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының Ұлытау өңіріне 2014 жылы жасаған экспедиция мәліметтері.

Ғылыми жоба жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Ұлытау өңірі тақырыбындағы отандық және шетелдік авторлар еңбектерін пайдалану.

Ғылыми жоба жұмысының зерттеу әдістері. Теориялық-методологиялық әдістер, зерттеу мәселесі бойынша биологиялық, географиялық ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау.

Ғылыми жоба жұмысының практикалық маңызы. Қазақстан территориясында ерекше қорғалатын аумақтар жағдайын байыпты бағалаудың нәтижесі аймақтың экономикалық даму болашағын ескере отырып, Ұлытау өңірінің географиялық-рекреациялық ресурстарын зерттей отырып, студенттер мен оқытушылар үшін теориялық-практикалық тұрғыда қолданысқа енгізуге болатын тың материалдар жинақталды.

Ғылыми жоба жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы, міндеттері, әдістері, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар айқындалады.


















1. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Ұлытау өңірінің географиялық зерттелу тарихы


Ұлытау - Ұлы даладағы қазақ этносының қалыптасу тарихымен мейлінше терең байланысқан аймақ. Ұлытay - қaзaқтың көне ғaсыpлық тaрихындa ұлан-асыр оқиғаларды бастан өткерген, ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз өз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып, елдік мәселелерді шешкен, киелі де құнарлы әрі қазыналы өлке.

«Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес, тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған...» деп Әбіш Кекілбайұлы атап кеткендей Ұлытау аймағының Қазақстанда орны ерекше.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев киелі жердегі биылғы сұхбатында қазақтың қай түкпірінде де қасиетті орындар бар екенін, Берел қорғанын, Аңырақай шайқасы өткен жерді, Сарайшықты, Түркістанды айта келе: «Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа» деген болатын.

Ұлытаудың қасиеті туралы аз жазылып жүрген жоқ. Тіпті тарихтың атасы атанған Геродот жазбаларында да бұл жердің ескі атауы кездеседі. Осыдан үш ғасырға жуық Ұлытау төңірегінде болған швед ғалымы Старленберг: «Тұнып тұрған қандай тамаша тарих! Мұндай әсемдікті басқа өңірден табу қиын шығар» деп сүйсіне жазған. Біздің заманымызға дейінгі ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Герадот Арал теңізінің Солтүстік және Батыс жағын (бүгінгі Орталық Қазақстан өңірін) массагеттер мен сақтар мекендейтінін, олардың тұрмыста қолданатын бұйымдары мен қару-жарақтары, алтын мен мыстан жасалатынын жазған. Жезқазғанда жатқан кен үйінділерінің көнелілігі осы Герадот көрсеткен кезеңге сәйкес келеді. Сондықтан Жезқазғанның ежелгі өндіріс мәдениеті біздің дәуіріміздің XIII ғасырында емес, одан да анағұрлым көне кезеңде, б.д.д. V ғасырда қалыптасқан [1].

Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихы осы XIII ғасырдың басынан Қазақ хандығы ресми құрылғанға дейінгі кезеңде Шыңғыс ханның, оның ұлы Жошы хан есімдерімен тығыз байланыста өріледі. Сол кезеңнен қалған талай әңгімелер мен аңыздар осы өңірден жазылып алынған, осы аймақтағы талай сәулет ескерткіштері өздерінің сол кездегі қайталанбас сыр-сымбатын сақтап, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ұлытау өңірінің Шыңғыс хан шеруіне дейінгі тарихы сақ, скиф, сармат, массагет, ғұн, қыпшақ, оғыз сияқты көне түркі тайпалармен тығыз байланыста болған. Бұл аймақтың одан кейінгі екі ғасырлық кезеңі Жошы ұлысынан, Алтын Орда, Көк орда хандықтарының тыныс-тіршілігімен қабысып жатыр. Ұлы қолбасшы Шыңғысханның бүгінгі қазақ даласындағы тұңғыш күрделі шайқасы Ұлытаумен жапсарлас жатқан аймақта өтті. “1216 жылы Ырғыз өзенінің бойында меркіттердің тас-талқанын шығарған монғолдар Хорезмшахтың жасағының күтпеген шабуылына ұшырады”,- деп жазады ғұлама ғалым Л.Н. Гумилев. Хорезм патшасының әскерін талқандаған Шыңғыс 1223 жылы үлкен ұлы Жошыны жаулап алған қыпшақ даласын басқару үшін 4000 әскермен Ұлытауда қалдырды. Міне, сол кезден бастап Ұлытау - ұлан-байтақ Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық орталығы болды. Жошы қайтыс болғаннан кейін жаулап алынған шалқар кеңістік - Ақ Орда, Көк Орда және Шағатай ұлыстарына бөлінген кезде, оның үлкен ұлы Орда Ежен Сырдариядан Саян тауларына дейінгі аймақты қамтитын Көк Орданы осы Ұлытаудан басқарды [4].

ХVIII - XIX ғасырларда орыс зерттеушілері Н.Витзен, Д.Г: Мессершмидт, Г.Ф. Генс, П.И.Шангин, Г.И. Спасский, А.И.Левшин, өздері көрген көптеген қалалар мен елді мекендердің орындары, кесенелері жайлы жазды. Олардың арасындағы Жошы хан, Алаша хан кесенелері ортағасырлық сәулет өнерінің тамаша туындыларына жатады.

Әсіресе, Н.П. Рычковтың археологиялық жазбалары көңіл аударарлық.

«Ұлытау тауларынан Ұлы Жыланшық, Қаракеңгір, Сары-Кеңгір, Жезді-Кеңгір, өзендері бастау алады. Ол жерлерде осы төңіректі мекен еткен бұрынғы адамдардың қазып тастаған мыс кенінің орындары өте көп. Алтын мен күмістің де белгілері өте көп. Кеңгірлер әр жерден ағып жатса да, бәрі қосылып Сарысуға құяды. Олардың қосылған сағасында Жуан Ана деп аталатын ежелгі елді мекеннің тамаша орны бар. Бұл төңіректе Шыңғыс хан балаларының астанасы болған деген сөз бар», - деп жазады ол.

Н.П. Рычков Қара-Торғайдың жоғарғы ағысынан жалдармен және орлармен қоршалып жатқан Домбағұл қалашығын тапқанда қатты таң қалған. Оның күнделігінде: «Бұл қала төртбұрышты қамал секілді салынған. Оның төрт жағында бірдей жалдар бар. Шығыс жақтан бекіністің ішіне кіретін қақпасы терең емес. Мұның бәрі бұл жердің тым көне екенін көрсетеді»,-деп жазылған.

Зерттеуші қалашықтан оңтүстікке қарай екі шақырым жерден, Қара-Торғай өзенінің шығыс жағалауынан «кірпіш пен тақта тастардан жасалған храмға ұқсас ежелгі ғимаратты» тауып алады. Оның биіктігі 9 сажыннан да көп, ұзындығы мен ені 7 сажын, екі кішкене терезесі бар. Ғимараттың айналасында мазарлар көп, олардың үшеуінің кемері кірпіштен қаланған. «Ғимараттың пішінінен ежелгі құрылысшылардың талғамы мен өнері байқалады». Ғалым жергілікті тұрғындар - қазақтардан сұрастырғанда, бұл жер олардың ата-бабаларының, ноғайлылардың жері болғанын айтқан.

Н.П. Рычков зерттеген жерлерді 1815 жылы инженер Б.Ф. Герман аралайды. Ол да ерте ортағасырдың мәдени қабатына кез болады, өңделген жерлердің орнын, суару жүйесін, сондай-ақ саз-балшықтан жасалған құрылыстардың қалдығы бар төбешікті табады. Экспедицияға қатысқан инженер Г.Генс Торғай мен Ұлытау далаларындағы отырықшы мәдениет ескерткіштерін бірнеше түрлерге топтастырды: саз балшықтан созылған құрылыстары бар отырықшы елді мекендер; жергілікті билеушілердің баспанасы болған сарайлар мен бекіністердің қирандылары; храмдар қалдығы; күйдірілген кірпіштен қаланған мазарлар; скиф заманынан қалған үлкен төбелер. «Атақты ғимараттар, сарайлар храмдар, мазарлар, күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған және олар осы билеген адамдардікі. Ал басқалары саз балшықтан тұрғызылған. Көз тартар ғимараттар да тастан қаланған, аз бөлігі кірпіштен өрілген», -деп көрсетеді [6].

XX ғасырдағы қазақ ғұламасы Қаныш Сәтбаев Ұлытаудағы Алтыншоқының басынан тапқан бұл тас сол заманның аса құнды жәдігері ретінде қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы тұр. Онда Тұранның сұлтаны Темірдің жүз мың әскермен Тоқтамыс ханмен соғысуға бара жатып, Ұлытауға аялдағаны жайлы жазылған. Міне, осылайша Шарафадин Әли Йезди жазбаларындағы дерекке Сәтбаев тапқан тас бұлтартпас дәлел болды. Ұлытау-Кішітау-Арғанаты сілемдеріндегі материалдық өркениет іздерін зерттей бастаған Қ.И.Сәтбаев өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында-ақ Милықұдық айналасындағы өңдеуден өткен кен қалдықтарының көлемі он гектардан астам жерді алып жатыр деп жазған болатын. Н.В. Валукинскийдің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі Сәтбевтың осы батыл тұжырымын барынша тиянақтай, нақтылай түскендігін айта кеткен жөн. Осындай бұлтартпас ғылыми жаңалықтардың негізінде Ұлытау қола дәуірінен бастап, орта ғасырларға дейін түсті және қара металл орасан зор көлемде өндіріліп, дәстүр сабақтастығы сақталып келгендігі келеді. «Жезқазғанда өте көне замандардың өзінде тау-кен жұмыстарының ауқымы керемет кең болды. Ең қарапайым есептеулердің өзі көне замандарда Жезқазған алқабынан кем дегенде бір миллион тоннадан артық, құрамы мысқа бай кен өндірілгенін көрсетеді, деп жазды Қ.И.Сәтбаев. Оның бұл тұжырымын Ұлы даланың кіндік тұсында зерттеу жұмыстарын жүргізген Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жинаған мәліметтері толық бекітіп берді. Қазақстандағы археологияның атасы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен бұл ғылыми мекеме Ұлытау-Жезқазған өңірінде жүйелі түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тың нәтижеге қол жеткізді. Археологиялық зерттеулер Ұлытау төңірегінің қай аймағында да қайнаған өмірдің, биік мәдениеттің, өрелі өнердің, оның ішінде металл өндіру тәрізді қарымды әрі күрделі кәсіптің Герадот жазған көне заманнан бері қарай ұзақ уақыт бойына үзіліссіз, талассыз дамып келе жатқандығын көрсетіп отыр [7].

Ұлытау өңірін жіті зерттеген ғалымдардың бірі - қазақ халқының тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең әрі кең ауқымда зерттеген ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан. Академиктің Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапарлары туралы естеліктер 1943 жылғы шыққан «За медь» газетінен табылды.


























1.2 Ұлытау өңірінің физикалық-географиялық сипаттамасы


Арқадағы алып аудан - Ұлытау Торғай қолатының оңтүстік-шығысын және Бетпақдаланың қиыр-солтүстік бөлігін алып жатыр. Аудан кең байтақ қазақ жерінің нақ орталығында орналасқан. Математикалық жоғары дәлдікпен есептегенде Ұлытау - Отанымыздың геометриялық орталығы, яғни, қазақ жерінің дәл кіндігі болып табылады. Ауданның алып жатқан жерінің аумағы батыстан шығысқа қарай-540, солтүстіктен оңтүстікке -435 шақырымға созылады. Қазақстанның географиялық орталығы 48°С 11' с.е. және 66° 22' ш.б. (Жезқазған қаласынан 100 км солтүстік батыста Ұлытау жотасында) орналасқан. Аудан жеріне Еуропаның Швейцария, Нидерланды, Дания сияқты үш бірдей белгілі мемлекетін еркін орналастыруға болады.

Ұлытау - жер көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен аудан. Ол Қарағанды облысы аумағының үштен біріне жуығын, Қазақстан жерінің 4,5 пайызын алып жатыр. Аудан жері Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен шекаралас. Ұлытау өңірінің солтүстік бағыттағы қиыр нүктесі - Арғанаты тауының теріскей тұсындағы Қаптыадыр шоқысында (биіктігі 760м), ал оңтүстіктегі шеткі нүктесі - Мойынқұм құмының Көкпекті - Қызылқақ ойысында, батыстағы қиыр нүктесі - Арал маңы Қарақұмының Жіңішкеқұм жотасында, шығыстағы шекарасы - Қызылжар станциясының оңтүстігіндегі Сарыжал (биіктігі-368м) қыратында жатыр.

Климаты. Шұғыл континенталды ауа райы қалыптасқан аймақ болғандықтан Ұлытау өңірінде Сібірдің сақылдаған аязы мен Орта Азияның ауыз аштырмас аптабы тоғысып тұрады. Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық. Жаздағы орташа температура +22 ºС болса, қыста бұл көрсеткіш -22 ºС тең. Аудан аумағының басым бөлігінде жыл бойына жауын-шашын 200 мм-ден кем түседі. Өлкенің оңтүстігі және батысындағы құмдарға жаңбыр мен қар тіпті аз жауады. Арал маңы Қарақұмындағы бұл көрсеткіш мүлдем төмен, бар болғаны 80 мм шамасында ғана.

Аудан жерінің таулы-қыратты бөлігінде яғни солтүстікке қарай жылдық ылғал мөлшері анағұрлым артады. Оның көлемі 200-250 мм-ге жетеді. Ең ылғалды жауын-шашынды жер - Ұлытау тауының айналасы. Бұл маңайда жылдық ылғал мөлшері 300-350 мм.

Ұлытау аймағына көктем айларының соңына дейін және күздің алғашқы айларында аракідік солтүстіктен арктикалық ауа еніп тұрады. Осындай тәуліктерде үсік (замороски) жиі қайталанып, ауыл шаруашылығына, оның ішінде егіншілікке, бау-бақшаға, мал төлдетуге зардабын тигізеді.

Жер бедері. Ұлытау өңірінің жер бедері оңтүстік-батысқа қарай бірте-бірте аласара бастайды. Аудан жерінің ең биік нүктесі - Ұлытаудағы Ақмешіт шыңы. Оның биіктігі 1134 метр. Аудан аумағының ең төмен, ең аласа алқабы - Қарсақбай қыратының оңтүстік беткейінде жатқан Мыңбұлақ ойысы. Оның өзі теңіз деңгейінен 100 метр шамасында жоғары жатыр.

Ұлытау - Сарыарқа тауларының ішіндегі ең көнесі. Оның Едіге, Қыземшек, Айыртау, Ақмешіт әулие сияқты шоқылары мыңдаған ғасырлар бойы толассыз жүріп жатқан қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарының әсерінен әбден қажалып, әр түрлі үгітілу процесіне бой алдырған. Тау шоқыларының тік жарқабақтарының құлау бұрышы 20-25 градус арасында болғандықтан, олардың арасындағы шатқалдардың ені тар.

Бетпақдала үстірті - Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Оның шығыс бөлігі ұсақ шоқылардан, аласа таулардан тұрады. Ұлытау ауданы жерінің құрамына Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді. Екеуінің арасын бөліп тұрған жазық Қоғашық деп аталады.

Пайдалы қазбалары. Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді (бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде келтірілген.


1.1-кесте. Ұлытау өңірінің пайдалы қазбалары

Кенді пайдалы қазбалар

Жанатын пайдалы қазбалар

Кенсіз пайдалы қазбалар

Кең тараған металдар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!