Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұмыт болған ұлттық тағамдар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты |
Ұмыт болған ұлттық тағамдар |
||||
Күні |
08.04.2024ж |
||||
Класс жетекші |
Ильясова Бақшагүл Темірханқызы |
||||
Класс:6 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
Ұлттық тағам-ұлт мақтанашы. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
-Оқушылардың бойына ұлттық сезім қалыптастыру. Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалауға,қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.Тағамдардың жасалу жолдарынан түсінік беру. Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы білу, ұлттық тағамдар маңызды екенін түсіне білуге және түсінгендерін айта білуге дағдыландыру. |
||||
Құндылықтарды дарыту: |
Мейірімділік, адамгершілік, т.б |
||||
Құндылық: |
«ТАЛАП» -Білуге, жаңаны тануға құштар болу; |
||||
Ресімдеу: |
Слайд |
||||
Музыкалық және бейне көркемдеу: |
Плакат |
||||
Үлестірмелі материалдар: |
Таратпа қағаздар, |
||||
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер |
слайд,ой қозғау тапсырмалары т.б |
||||
Дайындыққа арналған әдебиет |
Жұмбақтар,дәптер, интерактивті тақта,нақыл сөздер. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың кезеңі/ Уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал - жабдықтары |
||
Ұйымдастыру кезеңі ( 7 минут) |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Бір түрлі кәмпит алғандарды 1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. (аудиозапись қосылады) ( |
|
|
||
Сабақтың басы (13 минут) |
Ой қозғау. Қазақтың ұлттық тағамдары , Жасымнан жақын маған бәрі. Теңгермес ем оларға мен , Ешбір асты ғаламдағы. Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың негізгі тағамы – ет пен сүттен жасалған . Биенің сүтінен қымыз ,түйе сүті- нен шұбат дайындаған. Заман алмасып, ұрпақ жаңарған сайын кейбір ұлттық тағамдар да күнделікті тұрмыс дастарқанымыздан ұмытылып бара жатыр. Мұндай тағамдар өте көп. Алдағы уақытта бұл тақырып жайлы тағы да тоқталатын боламыз. Наурыз мерекесіне орай сіздерге ұмыт бола бастаған бірнеше түрлі тағамдар жөнінде түсінік береміз. Бұл тағамдар жайлы арнаулы суреттер болмағандықтан, тек жазба түрінде түсіндіруді жөн көрдік.
«Бешбармақ» әдісі арқылы сұрақ-жауап. 1. Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай салты бар? 2. Ұлттық тағамдардың түрлерін ата 3. Құрметті қонақтарға қазақ халқы қандай тағам ұсынады? 4. Үлкен сыйлы қонақтарға не тартады? 5. Жеті түрлі дәмнен пісірілетін тағам қалай аталады? 6. Қазақ халқының ең бағалы сусыны 7. Сүттен жасалатын тағамдар 8. Бауырсақты неден жасайды? 9. Тарыдан не дайындайды? Қазақ халқының бақ-берекесі де, құт-несібесі де – бай дастарханы.
«Пазл» әдісі Берілген суреттерді құрастыру сол тағам туралы мағлұмат айту.
«Бас-қарын»
«Жаппасай»
«Қарынкөмбе»
-Ұлттық тағам туралы постер қорғау. |
Фотосуреттерге қарай отырып тақырыптың мазмұнын ашады. Оқушылар дың пікірі тыңдалады |
фотосуреттер
интербелсенді тақта, слайд
|
||
Сабақтың ортасы (20 минут)
|
Мипалау – тағамның аты айтып тұрғандай малдың миынан әзірленеді. Сұйық тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын әбден араластырады. Бұған қымыз, айран немесе тұзды сүзбе қосып, майлы сорпа құйса мипалаудың дәмі де, маңызы да арта түседі. Семіз ет жеп отырған қонақтарға мипалау жасап ұсыну да қазақша дәм берудің тағы бір жақсы үлгісі. Мипалауды ортаға үлкендеу, терең ыдысқа құйып ішіне бірнеше қасық салып, үлкен кісілерден бастап ауыз тиеді. 2. Дәл сондай ұмыт бола бастаған ас 2. Дәл сондай ұмыт бола бастаған астың бірі – Шалжығар. Қазақ сөзінде «Шалжығар қымыз» деген тіркес бар. Бұл дөнен, бесті қымыздарды айтса керек. Қымыздың күштілігіне қарай «Шалжығар қымыз» деп аталған. Бірақ, мұнда айтпақ болған ас-тағам мүлде басқа. Шалжығар тағамы былай жасалады екен. Жаңа сойылған қойдың етін құйрық, өкпе-бауырымен қоса түгел қарынға тығып, түз, бұрыш, сарымсақ, пияз қосады да аузы тігілген қарынды шұңқырға жағалыған оттың шоғына көміп, топырақпен бастырып тастайды. Қарындағы еттің демі шығып тұруы үшін қойдың асық жілігінен түтік жасап, бір басын қарынға тығып, екінші басын пештің мұржасы секілді, топырақтан шығарып қояды. Бұл жайлы Шәкен Аймановтың: «Бұл астың аты – Шалжығар. Баяғыда шопандар байдың бір қойын ұрлап сойып алып, қарынға тыққан етті шұңқырдағы шоққа тәңертең көміп кетсе, кешке былқылдап пысып тұрады екен. Бар қуаты өзінде қалатын бұл асты кейбір кәрі шалдар көтере алмай, жығылып қалады. Шалжығар атанғаны содан» дегені бар екен. 3. Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды. 4. Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды. 5. Ал, өзімізге белгілі қуырдақтың да бірнеше түрі болады. Қуырдақ жайлы осыдан біраз бұрын осы сайытта жазылған болатын. Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды. Бауырды көп қайнап, қатайып кетпес үшін соңынан салады. Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөптерді салады. Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны кей жерлерде «Бұқпа қуырдақ» деп те атайды. Піске кезде сағыздай созылып тұрады. Аталған дәм сыйлы кісілер мен қарт адамдар үшін дайындалады. Жөргем Жөргем ішек қарыннан жөргемдеп дайындайды. Тұздап, кептіріп отқа қарып жесе де болады. Өте пайдалы әрі құнарлы ас, дәрумендерге бай. Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар, елік) жасалады. Етті ұсақтамай турайды. Тұз салып қазанға қайнатады. Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да қуырады. Дастарқанға манас қуырдақ майымен қоса қойылады. 6. Қарма – бұл қазақ даласында бұрыннан бар, балық шаруашылығымен айналысатын ру-тайпаларда болады. Әйгілі халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Мекен еттім жапалақтай жар басын, азық қылдым ақ балықтың қармасын» деген өлең жолдары бар. Балық сүйегін, оған аздап балық етін де қосып қазанға қарып қуырады. Келіге салып, ұнтақтайды. Сосын кәдімгі диірменге тартса, одан қызылқоңыр талқан шығады. Қарма деген тағам осылай жасалады. Балық жармасы деп те атайды. Денсаулыққа өте пайдалы тағам есептеледі. Балықшы ауылдарда әлі күнге осы тағамды жасайтындар бар. Бірақ, көп жерлердегі халықтар мұны біле бермейді.
1 топ: Мақал-мәтелге кластер 2топ: Венн диаграммасын толтыру. Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы 3топ: Жұмбақтарға кластер |
Қымыз 1- оқушы : Сары , дәрі қымызым , Бұрқыраған иісі Мұрныңнан кетпес күнұзын Шұбат 2 –оқушы :Ішіп көрген шұбатты , Дәмін бірден ұнатты. Денсаулыққа пайдалы «Зәм – зәм » суы сияқты Қуырдақ 3- оқушы : Өкпе , бауырдан жасар , Дәм бар ма одан асар. Бауырсақ 4- оқушы : Біз ғана тән , Қызыл – күрең бауырсақ Дастарқанға сән Шелпек 5– оқушы : Ата , бала жер тегін . Әжеміздің асықпай Майға піскен шелпегін Талқан 6- оқушы : Жесең бидай талқаны , Кептіреді аңқаны Палау 7- оқушы : Жеңсік ас деп қалаулы , Ұнатамыз палауды Шыжық 8- оқушы : Қазақтың бір қызығы , Нан қосып жейтін шыжығы Ірімшік 9- оқушы : Дастарқанды жайнатқан , Ірімшікті қайнатқан . Құйрық – бауыр 10 – оқушы : Құйрық – бауыр жасап , Тұз сеуіп жедік асап Нан болса – ойнап күлеміз, Нан болса – еркін жүреміз. Нан –қасиет, Нан береке, Нан- мереке. 3.Ас біткеннің анасы, Қасиетті нан – осы. 4.Тұз — мұнадй, Мүз – тұндай. Сорпа іштік, Сорпа ыстық, Сондықтан қорқа іштік. 6.Жылқының еті – төсек салып жатқанша, Сиырдың еті- таң сарғайып атқанша, Қойдың еті – келесі күн батқанша деген екен. 7.Ет тәп-тәтті –ақ, Тәп-тәтті –ақ, Тәп-тәтті еттен Дәм келіп тат. 8.Қазы, қарта, жал, жая, Сүр ет, шұжық, балдай-ә? Қақтыратын тандайды Қуырдағы қандай-ды! «Асты тас, үсті тас, Ортасында піскен ас » /Таба нан/. «Арқасында азығы, Бауырында қазығы». /Үстел/. «Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ». /Тұз/. «Бір сусын бар жұртымда, Ішсең уыз ұртымда. Бәрі содан шығады Ірімшік, май, құртың да». /Сүт/. «Бір үйім бар ақ тас, Есігін ешкім ашпас». /Жұмыртқа/. «Бір дария қайнайды еке көбік, Ішінде жайын да жур михнат атып, тартып, Өткелі бар дарияның аралы жоқ, Келе ме білсе жайын оған қайтып». /Қазанда асқан ет/. «Сары ағаштан сарайым, Ішіне жаққан қалайым, От пенен су бір жерде, Табылып тұр әрдайым». /самаурын |
|
||
Сабақтың соңы (5 минут) |
«Білімімді қорытамын» Ұлттық тағамдарымыздың түрі өте көп. Олардың біразын күнделікті өмірімізде тұтынамыз. Дегенмен, уақыттың желісіне, заманның өзгеруіне орай мүлде ұмытылып қалған тағамдарымыз да жетерлік. Ендеше, бүгінде бізге таңсық болып, ұмытылып кеткен тағамдарды ұмытпайық, өмірде әзірлейік. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр. Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не ұнады? Оқушылар бүгінгі сабақта қандай мәліметтерімен танысқандығы туралы ой қозғайды Қорытынды: • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. • Досыңды алдамай, оған адал бол. • Досыңды қорлама. • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. • Досыңды барда да сына, жоқта да сына. • Досыңның кемшілігін кешіре біл. «Шаңырақ» әдісі арқылы балалардың білім деңгейің анықтау. Бүгінгі тақырып сізге пайдалы әрі түсінікті болса, қолымыздағы киелі шаңыраққа жазайық |
Бүгінгі сабақтан қандай ой түйді. Қандай жақсы ақпараттар бізге пайдалы болды ма? Қандай әдеттерден аулақ болу керек осы сұрақтарға жауап іздеу. |
|