Материалдар / «Үндестік» жобасы шеңберінде Сынып пен мектептің оқу-тәрбие процесіне тарту мақсатында ата-аналардың мүдделерін зерттеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Үндестік» жобасы шеңберінде Сынып пен мектептің оқу-тәрбие процесіне тарту мақсатында ата-аналардың мүдделерін зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы ынтымақтастық, бірлік туралы ашу. Бала тәрьбиесіндегі ата-ананың маңызды атқаратын рөлі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2022
536
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі»


Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,

туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Назарбаев

Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз! Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Ал еңбастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.Осы идеяның арқасында көптеген берекелі де мерекелі де іс шаралар ат қарылып жатқаны сөзсіз. Ал әлеуметтік ортаның, сонымен қоса, әр отбасының осы идеяны қолдауда үлкен рөл атқарады. Себебі бірлік, ынтымақтастық, сүйіспеншілік, елімізге деген патриот сезімі осының бәрі отбасыдан бастау алады.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. «Мәңгілік ел» идеясының арқасында еліміздегі әр бала өз отбасында тәрбие алып, келешекке жарқын көзқараспен қарап, өзін әрі өз жолдастарының қатарында өз тілін, өз ұлтын, өз мемлекетін сыйлайтын нағыз азаматы болып өсері анық. Ал осындай азаматты дүниеге әкеліп, сонымен қоса оған тәрбие беретін, оның көп ұлтты мемлекетте өмір сүріп жатқанын дәлелдейтін, толерантты әрі өз едінің қамқоршысы болуға үйрететін ол әрине, мына отырған сіздер, ата аналар болып есептеледі.

Елбасының «Мәңгілік ел» ұлтық идеясының арқасында әр отбасы «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөзді ескере отырып, отбасында тәрбиеленіп отырған ұл – қыздарымызға үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді, қлттық тәрбиені сіңіру бағытында ақыл – кеңес айтуды, үлгілі өнеге көрсетуді әр ата ана басты міндетім деп санау қажет.

Отбасы – шағын мемлекет, сол мемлекетміз мықты болуы үшін елімізді әр бір отбасының тағдыры біздің мемлекетіміздің басшысына бейтарап қалдыруға тиісті емес. СОл себепті «Мәңгілік ел» қлттық идечның арқасында отбасынан бастау алатын мейірімділік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін ұрпақ сіңірсе, мемлекетіміздің келешегі мол болып, ұлтымыз өркендейтіні сөзсіз.

Әрбір отбасы және отбасы мүшелері араласатын үлкен қоғамдық топ – отбасының туған халқы, сол мемлекетте тұратын өзге де халықтар түрлі ұлт өкілдері. Шағын мемлекет отбасы оның мүшелері әрбір адам үшін ең үлкен қоғам – жер бетінде өмір сүретін бүкіл адамзат болып есептеледі. Демек жеке отбасы мемлекеттің ғана емес тұтас адамзаттың бір бөлшегі. Үлгілі де өнегелі отбасы өзі жасайтын мемлекетінің ғана дамуына үлес қосып ғана қоймайды барлық адам баласының өркендеуіне, өркениетіне өзіндік ықпалын тигізеді. Олай болса ортамызда жақсы жанұялар өнегелі отбасылар көп болсын отбасы негізі оның келешегі бала. Сол үшін мектеп те, ата – анаалар да , басқа да ұйымдар мен ұжымдар, бүкіл қоғам болып соған ат салысайық.

Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, әр отбасы, әр бала, әр ата- ана оған өз үлесін қосып, еліміздің өркендеуіне үлесін қосса ғана келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Біз өз Отанымызды, туған жерімізді, құдіретті елімізді сүйейік және мақтан етейік. Өз еліміздің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамыз деп ойлаймын ал ол үшін әрине үйдегі берілет тәрбие мен мектептегі берілетін білімдері, сөйлеген сөздері, оқушылардың мәдениетті, ақылды, 21 ғасырдың талабына сай азамат болып қалыптасуы ол әрине сіздер мен біздердің қолымызда.

Назарларыңызға рахмет!








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!