400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үнем, ысырап, обал

Материал туралы қысқаша түсінік
Үнемділік, ысырапшылдық, обал туралы ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: №249 мектеп – лицей директорының

тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Аяп

Күні: 13.12.2017 ж

Сыныбы: 3 «А»

Тақырыбы: «Үнем, ысырап, обал»

Мақсаты: -  Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру.

- Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.

- Оқушыларға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлумат бере отырып, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу                                                                             

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта. 

Барысы:    

1-жүргізуші:   Армысыздар, мұғалімдер-әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

2-жүргізуші:   Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан,

Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,

Өмірдің  басқышына қадам басқан

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 3 «А» сынып оқушылардың ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Үнем, ысырап, обал» атты танымдық сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Нұрасыл, « ысырап» сөзінің мағынасын мүмкіндік болса түсіндіріп берсең деймін.

2-жүргізуші: Жанай, соңғы кездері бұл сөздің терең мағынасын естіп жүрген жоқпын. Бұл сөздің мағынасын мен де білгім келеді.

1-жүргізуші: Олай болса, бірге тамашалайық! Экранға назар аударамыз.

2-жүргізуші: Жанай мына бейнероликті көру арқылы өзіңе не түйдің?

1-жүргізуші: Нұрасыл, менің түйгенім қарт ана біріншіден құмыраны сынық екен деп лақтырып тастамады, екіншіден судың қадірін біліп, жерге аққан суды пайдалы іске жұмсады. Қолдағы бар заттың кемшілігін көріп, лақтыруға болмайды екен.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Жанай! Мен де көп нәрсе ұқтым. Ал енді біздің сыныптастарымыз ысырап туралы не айтады екен тыңдап көрейік. Көрініс. Ысырап.

( Көрініс аяқталған соң ысырап туралы Жанай, Нұрай, Сымбат, Асылан)

Кәусар, Сұлтан, ........................................................................................Ақиқат

1-Жүргізуші:

Көмейден құйылады жырдың басы
Өлеңнің тасығандай дариясы
Күй тартсам, ән шырқасам, ширай берем
Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашты

Ән: Көңілді күн!

1-жүргізуші: Нұрасыл, сен үйде ата-анаңа қандай көмегіңді тигізіп жүрсің?

2-жүргізуші: Жанай мен ойлаймын әр адам өз ата-анасына қолдан келгенше көмегін тигізе білуі керек деп. Мен оқу –құралдарымды таза ұстауға тырысамын. Жол ақысын төлеуге берген ақшаға артық зат алмай, үнемдеп жүремін.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Нұрасыл. Ата-анамыздың еңбекпен тапқан табысын үнемдей білейік деп мен де мына отырған сыныптастарыма да айтқым келеді. Ендеше экранға назар аударайық!

(Үнемдеу туралы видео көрсетіледі)

2-жүргізуші: Көрініс: Бай мен етікші

Сымбат, Ислам, Жанеркін, Нұрмұхаммед.

1-жүргізуші: Үнемдей білу үшін ең алдымен адамда қанағат болу керек екен.

Үнем туралы оқушылар айтады

Дильназ ....................................................

Өнер десем ойыма жыр келеді,
Ашылып ақ көңілдің кірлегені .
Өнер десем көмейім ән салады,

Орындалып жүректің аңсағаны.

Ән: «Мереке»

Гүлім.

2-жүргізуші: Көрініс.

Асылан, Бекзат

1-жүргізуші: Нұрасыл, обал сөзінің мағынасын түсіндің бе?

2-жүргізуші: Әрине, көп нәрсе білдім. Ал өзің обал туралы не айтасың?

Жанай: «Табиғатты аялайық!

Нақыл сөздер.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін Гүлнар апайға береміз.

Осымен «Үнем, ысырап, обал» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15 маусым
1473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі