Материалдар / «Үнемдей білеміз бе?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Үнемдей білеміз бе?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түрі: ойбөліс Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта Барысы Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. - Біз неге энергия, су, ақша топтарына бөліндік? - Иә біз бүгін үнемдеу туралы айтамыз. - Энергияны қалай үнемдейміз? - Суды қалай үнемдейміз? - Ақшаны қалай үнемдейміз?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2021
865
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Үнемдей білеміз бе?»
Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойбөліс
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта
Барысы
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.


- Біз неге энергия, су, ақша топтарына бөліндік?
- Иә біз бүгін үнемдеу туралы айтамыз.
- Энергияны қалай үнемдейміз?
- Суды қалай үнемдейміз?
- Ақшаны қалай үнемдейміз?
Электр энергиясын үнемдеудің тиімді тәсілдері:
1. Күнделікті үйде өз есептеу құралы арқылы кей электр құралдары көп электр энергиясын жұмсайды, соны талдау жасап, ол тауардан бас тарту керек.
2. Егер үйде ескі электр желілері болса, тез арада ауыстыру керек, бұл электр энергиясын үнемдеуге бірден - бір көмегін тигізеді.
3. Жарықтану деңгейін туралап отыратын құралдармен жабдықтау.
4. Ғимараттан шыққанда жарықты өшіру керек. Біз ойлаймыз 20 - 30 минут қосулы болса еш нәрсе болмайды деп, оған жол бермеуіміз керек.
5. Құралдарды тоқ көзіне еш уақытта қалдыруға болмайды.
6. Жаңа техника алған кезде оның қуаты мен энергияны тиімді пайдалану класына қарау керек, бұл отбасы бюджетіне әсері болуы әбден мүмкін.

Суды үнемдеу
Энергияны үнемдеу проблемасы – суды үнемдеумен тығыз байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын азайтуға әкеледі.
Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны тиімді есептеуді жолға қою қажет. Бұған суды пәтерлік есептегіштің көрсеткіштері мен ай сайынғы төлем құжатының деректері көмектеседі. Бұл ақпаратты талдау суды және тиісінше ақша қаражатын үнемдеудің өз бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі крандардың ақаусыздығы болып табылады. Өйткені сіреңке талынан сәл қалың су ағыны арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайтасыз. Душ қабылдау кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасын мүмкіндігінше оны толық жүктеп, суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып пайдаланыңыз.
Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз. Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз, яғни минутына – 15 литр.
Ыдысты жуу кезінде суды тиімді пайдалануды жоғарлату есебінен оның шығысы төмендейді (жуудың ыңғайлылығы үшін су ағыны аз болуы керек).
Бұл тәсіл ыдыс жууға кететін суды тұтынуды 3 - 5 есеге төмендетеді.
Ыдыс жуу машиналарын пайдалану – қымбат болғанымен үнемдеудің тиімді тәсілі. Жуу циклі кезінде судың жұмсалуы ыдысты қолмен жуумен салыстырғанда бірнеше есеге төмен. Жуу циклі ішінде энергия тұтыну кранмен ыдысты жуу кезіндегі суды жылыту шығынан аз.
Көкөністер мен жемістерді кран сөндірулі күйінде раковинаны сумен толтыру арқылы жуу керек. Бір адамға үнем: күніне 10 литр су.
Краннан ағатын ағын су астында өнімнің мұзын ерітпеңіз. Дұрысы өнімді мұздатқыштан тоңазытқышқа алдын ала қойған жөн.
Әр күні суды үнемдеудің ең болмаса бір тәсілін пайдаланып көрсеңіз Сіз үнемді сезінетін боласыз.
Жағдаяттық тапсырма:
Бірде Қайраттың анасы үйге ренжіп келіп, «Біз электр энергиясын көп жұмсаймыз. Сондықтан, шығынымыз өсіп жатыр. Не істейміз?»,- деді. Әкем:
«үнемдейміз. Бөлмеден шығарда жарықты сөндіріп жүруден бастаймыз. Ал саған Қайрат арнайы өтініш: теледидарды қызықты және пайдалы бағдарламалар болған кезде ғана көр. Оны көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда қосып қоюдың қажеті жоқ!»,- деді. Бір айдан соң, кезекті төлем жасалғанда, Қайраттың анасы электр энергиясының көрсеткіші азайғанын хабарлады. Егер үнемдегенге дейін көрсеткіш 3 мың теңгені құраса, жарыққа осы ақшаның 45 %- ы, теледидарға 30 %- ы кетсе, Қайраттың отбасы электр энергиясына қанша төлегенін есепте. үнемдеудің арқасында отбасы жарыққа шығынын 20%- ға азайтты, ал теледидарға бұрынғы шығынның жартысы кетті. Отбасы қанша ақша үнемдеді?
Топпен жұмыс
«Мен қалай үнемдеймін?» эссе жазу
«Мен қалай үнемдеймін?» сурет салу

«Мен қалай үнемдеймін» өлең жазу.
Есіңізде болсын!
1. Түртіп алып отырыңыз.

Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз - өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз.
Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан - босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді. Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай - ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдаланғанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

3. Тамақ сатып алғанда...
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай - ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай - ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.
4. Өз - өзіңізге шектеу қоя біліңіз
Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз.
Қорытындылау: Үнемдей білу біздің әрқайсымыздың міндетіміз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!