Материалдар / Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің физиологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің физиологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің атауларын, физиологиялық жай-күйін, атқаратын қызметін толықтай айтылады. Әрбір мүшенің физиологиялық және патологиялық жағдайы, қызметі жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
1028
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің физиологиясы

Жыныстық және физиологиялық жетілу. Малдың өсіп – өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныстық мүшелерде, эндокринді аппаратта және бүкіл ағзада өте күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер болады.Атап айтқанда аналық жыныс безінде фолликулалар өсіп, жетіле бастайды,онда аналық ұрық жасушасы және жыныстық экстрогендік гормондар пайда болады. Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне тән ерекше белгілері айқындала түседі, жыныс мүшелері дамып, толық жетіледі, мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап аналық жыныс безде овогенез үрдісі белгілі бір мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, ол мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Сонымен қатар сүт бездері де өсіп дамиды. Жыныстық жетілудің мерзімі әр түрлі факторларға байланысты, яғни түліктің тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, еркек малмен қарым-қатынаста болу сияқты факторлар әсер етеді. Жануардың неғұрлым өмірі қысқа болса, оның жыныстық жетілуі соғұрлым тезірек болады. Бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де ертерек басталады. Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға, ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл кезде ағза әлі толық жетілмеген, жамбас қуысы тар. Мұндай жас малдың буащдығы оның ағзасына да, іштегі төлдің дұрыс дамуына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ұрықтандыру үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар, ағзаның физиологиялық толық жетілуін күту керек. Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні және тірілей салмағы ересек малдың тірі салмағының 65-70% құрауы тиіс. Құнажын, қашарлардың салмағы 290-300 кг жетсе, 16-18 айды күтпейақ қашыра беруге болады. Мегежіндердің салмағы 110-120 кг жеткенде ұрықтандырады.

Жыныстық цикл. Жыныстық жетілген малдың ағзасында, әсіресе, жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыстар болады. Бұл өзгерістер гипоталамус – гипофиз, аналық жыныс безбен басқа да эндокриндік жүйелердің арақатынастық жағдайына байланысты және орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады. Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды. А.П.Студенцовтың анықтамасы бойынша жыныстық цикл үш сатыдан тұрады: қозу, тежелу, теңдесу. Жыныстық қозу феномені малдың мінез-құлқының өзгеруімен сипатталады. Мысалы, сиыр мазасызданып, бір орнында тұра алмайды, жиіжиі мөңіреп ая,ымен жер тарпиды, азыққа қарамайды, сүті кеміп кетеді. Бие төлі құлында іш өтеді. Жайылымда жүргенде, аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылыпшағылысқандағыдай әрекет жасайды, өзінің үстіне басқа сиырлар асылғанда қарсыласпай тыныш тұрады, бірақ бұқаны жолатпайды. Жыныстық қозу феномені 15-20 сағаттай уақытқа созылады, кейде бұл феномен мүлде байқалмайды. Күйлеу феномені ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Күйлеген мал еркек малды өзі іздеп барып, оған жақындап шағылысуға ыңғайланып тұрады, еркек мал үстіне секіргенде қозғалмай тұрады. Сиырларда күйлеу феномені орта есеппен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері 10-13 сағат қана болса, жазғытұрым бір тәулік те жетуі мүмкін. Әсіресе, таңғы уақытта далаға шыққанда анық білінеді.

Малдың күйлегенін күйттеуші аталықтарды қолдану арқылы анықтаған дұрыс. Овуляция феномені пісіп-жетілген фолликулалардың жарылып, оның ішінен фолликулярлы сұйықтықпен бірге аналық ұрық жасушасының бөлініп шығу үрдісін айтады. Ірі малдың овуляция үрдісін тік ішек арқылы аналық безді ұстап, сипап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6-1 см, сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді, дөңгелек шар тәрізді немесе сопақша үш бұрышты, алмұрт пішінді бола береді. Пісіп-жетілген фолликулалардың қабырғасы коллагенезі ферментінің әсерімен әбден жұқарады, ішкі қысым арта түседі де, фолликула жарылады. Бұл үрдістің өтуі фолликула қоздырғаш гормонмен лютендеуші гормонның тікелей әсер етуімен іске асады. Арық немесе ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді, 30и пайыз жағдайда овуляция болмай қалады. Овуляциядан кейін аналық ұрық безінің көлемі кішірейіп, жұмсарады. Жарылған фолликулалардың орны шұңқыр, оған қан толып, ұйиды, фолликулярлық эпителийдің жасушалармен араласа өсіп, оған лютеинді фермент сіңіп, сары денеге айеалады. Овуляциядан кейін 4-5 күн өткен соң сары дене аналық ұрық безінің үстінен бұлтиып, біліне бастайды. Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық жасушасының пайда болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық жасушасы аналық ұрық безінің сыртқы қыртысты қабатында примордиалдық фолликулалардың арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық жасушалар қоршап тұрады. Бұл алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңдеақ пайда бола бастайды. Көп төлді жануарлардың аналық ұрық безінде бір мезгілде бірнеше фолликулалар пісіп жетіледі де, овуляция үрдісі ұзаққа созылады. Жыныстық циклдің қайталануы барлық малда, жануарларда бірдей емес. Сондықтан жыныстық цикліне өтуіне қарай барлық жануарларды полициклды және моноциклды жануарлар деп екіге бөледі.

Полициклды – жануарлардың жыныстық циклы кезінде бір жылдың ішінде белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет, яғни әр 18-22 күн сайын қайталанып отырады. Бұған негізінен үй жануарлары, яғни, сиыр, бие, мегежін жатады. Моноциклды – жануарлардың жыныстық циклы жылына бір немесе екі рет қана қайталанады. Оларға ит,мысық және жабайы аңдар жатады. Ал түйе, қой мен ешкіні полициклды жануарларға жатқыза отырып, олардың жыныстық маусымы бар екендігін көрсете кетуіміз керек. Қой, ешкілер күзде күйлейді, ал түйе көбінесе қаңтар айынан бастап сәуір - мамыр айларына дейін бірнеше рет күйлейді. Тежелу сатысы шылым ағу және жыныстық қозу феномендерінің бәсеңдеп барып басылуымен сипатталады. Шылым ағу тоқтаған, жыныс мүшелерінің кілегейлі қабатының қызарғаны басылып, бозғылт тартқан дрмбығып ісінгені де әлсіреген, жатыр мойны жабық, қынаптағы кілегейлі қабатының эптелийі көшіп түсіп, астынан жаңа жасушалар пайда болады. Мал тыныштанып, азыққа тәбеті бұрынғы қалыпқа түседі. Сөйтіп, қозу сатысындағы байқалған эволюциялық үрдістер тоқтап, орнына инволюциялық үрдістер келеді. Теңелу сатысы. Тежелу сатысының жалғасы болып табылады, бұл едәуір ұзақ уақытқа, жаңа циклдың басталуына дейін созылады. малдың мінез - құлқында айтарлықтай қзгеріс болмайды, аталық малға қарамайды, болмаса, оған жоламай қашып жүреді. Ұрық безінде әр түрлі даму сатысындағы фолликулалар да, сары денелер де байқала береді. Жатыр мойны жабық болады. Бұл тек сырттай қарағандағы тыныштық. Ал жыеныс мүшелерінде көзге көрінбейтін гистологиялық, биохимиялық өзгерістер, үрдістер жүріп жатады. Әдетте, жыныстық цикл жаңа буаздыққа әкеп соқтыруы қажет, буаздық аяқталып, мал төлдегеннен кейін қайтадан жаңа цикл басталады. Жыныстық цикл басталуын, оның өту барысын, оған әсер ететін ішкі және

сыртқы факторларды білу, әр аналық малдан жыл сайын төл алып отыру үшін қажет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!