Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұрлық жаман әдеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: “Ұрлық жаман әдет”
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ұрлық жасамауға, бір- біріне көмектесе білуге үйрету
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін мен сіздердің алдарыңызда «Ұрлық жаман әдет » атты тәрбие сағытына
Ассоциация әдісі. Сізде «ұрлық» сөзін естігенде қандай түсінік пен сезім пайда болады? (Ватманға жазғызу)
Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады?
ҚР Қылмыстық Кодексінде «Ұрлық деп өз пайдасына асыру мақсатында бөтеннің мүлкін қайтарымсыз жасырын иемденіп алуды» таныған.
Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық);
бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау (тонау);
шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш
жұмсаумен ұштастырып, немесе сондай күш жұмсамақ болып қорқытып
бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен шабуыл жасау (шабуыл жасап
тонау); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін
иемдену немесе бөтеннің мүлкіне құқықты сатып алу (алаяқтық);
Ұрлық, ұрла және ұрлау деген сөздердің түбірі «ұр» деген бір сөз.
Осы түбір сөзге –лық, -ла және -лау жұрнақтарын қосып ұрлық сөзін –
зат есімді, ұрла сөзін - етістікті және ұрлау сөзін шығарып
отырмыз.
Ұрлық туралы Қылмыстық Кодекстің «Меншiкке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында жазылған. Оның 175-бабы «Ұрлық» деп аталды.
Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету
Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
177-бап. Алаяқтық.
Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
178-бап. Тонау
Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
179-бап. Қарақшылық
Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ситуациялық
жағдайлар.
Әр топ ситуациялық жағдайлары бар карточка алып, оны сценка түрінде қоюлары керек. Көрермен болып отырған оқушылар қойылып отырған көріністегі сұраққа жауап береді
1. Сіз жатақхананың алдынан жерде жатқан 1000 теңгені тауып алдыңыз. Оны қалтаңызға салып, жатақханаға кіргеніңізде, алдыңыздан бірге оқитын оқушы шығып, ақшасын жоғалып алғанын айтып, сізден оны көрмедің бе деп сұрады. Сіздің әрекетіңіз. Неліктен олай істедіңіз? Бұл ұрлыққа жата ма?
2. Бірнеше оқушы гаражға кіріп, бірақ артынан ойланып, жауапкершіліктен қорқып, ештеңе алмай, кетіп қалады. Біреу оларды көріп қойып, полицияға хабарлайды. Оқушылар жазаланады ма?
(Жаза болмайды: қылмыстан өз еркімен бас тарту болды – Ст. 31).
тест
1.Белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны болу, төніп тұрған қауіптен құтыла алмау қалай аталады?
А) өзін-өзі бақылай алмау
В)тәртіпсіздік
С)виктимділік+
Д)көңгіштік
Е)төзімдік
2. Жасөспірім қылмыскерде қандай мінез акцентуациясы жиі кездеседі?
А) циклоидты және лабильды
В) астеноневротикалық және психостеникалық
С) шизоидты және конформды+
Е) эпилептоидты және истероидтыный
3. Адамның өмір сүрген қоғамның нормасы мен құндылықтарын қабылдау,иемдену процессі қалай аталады?
А) әлеуметтену+
В) қайтадан әлеуметтену
С) әлеуметке бейімделу
Д)апперцепция
Е) әлеуметтік стереотипизация
4. Жасы толмаған балалардан жауап алу кезінде мынандай ерекшеліктер бақыланған: «Күрделі құбылыстарды сипаттау кезінде басты және ерекше басты емес қасиеттерді айыра алмайды.
Өмірлік тәжрибенің кемістігін қиялдармен толтырады. Өзіне таныс, жақын, қызықты зат пен оқиғаларды дұрыс қабылдайды». Бұндай сипаттама қандай жас шамаға тән:
А)7-11 жастағы балалар
В)1-3 жастағы балалар
С)3-7 жастағы балалар+
Д)15-18 жастағы балалар
Е)11-15 жастағы балалар
5. Оқиға болған жерді қараудың психологиялық мәні болып табылатын:
А) қылмыскерді табу мен ұстау үшін
В)қоршаған маңайдан криминалистикалық мағынасы бар ақпаратты айырып алу үшін+
С) жәбірленушінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін
Д) сезіктімен психологиялық контакт табу үшін
Е) жиналған ақпарат бойынша
6.Жазалаудың басты мақсаты:
А)қылмысты жасағысы келген адамдарды қорқыту
В)әділетті қорғау
С)ар-намысты қорғау
Д) заң бұзушыны+
Е) тиісті жазаны іске асыру
7. Жауапқа шақырылған адаммен психологиялық контакт табу үшін мынадай жалпы ережені ұстау керек:
А)қандай болмасын әдіспенен жауап беруші адамның өтірігін жарыққа шығару қажет
В)жауап алушының өмірбаянын алдын ала анықтау керек
С)жауап алынушының қарсы тұруын қалай да болса жою қажет
Д)өз еркімен кінәсін мойындату керек
Е)тұлғаның әлеуметке жағымды қасиеттеріне бет қою.+
8.Қылмыскер тұлғасы дегеніміз:
А) қылмысты әрекетке апаратын тұлғалық ерекшеліктер
В) қылмыс жасауға мәжбүр
С) заң бұзбайтын адам тұлғасынан айырмашылығы жоқ тұлға
Д) бірдей қылмыс жасаған адамдар өзгешелігі +
Е)жауапкершіліктен бас тарту ерекшелігі
9. «Пенетенциарлы жүйе» дегеніміз:
А) түрмелер
В) тергеу жүйесі+
С) түзету жүйесі
Д) соттық жүйе
Е) «қылмыскер-жәбірленуші» жуйе
10. Қылмыстық топ ішінде топ ұйымдастырушы, жауапты аймақтағы орындаушы, екінші дәрежедегі орындаушы рольдер сыртында мынадай рольдер кездеседі:
А) ұйымдастырушының сақшысы
В) топ «бас мийі», зерделік лидер
С) жалдамалы кісі өлтіруші
Д) «оппозиционер», топтың «нашар жері»+
Е) ішкі істер органдарындағыы мәлімет беріп тұрушы
Осымен, балалар, біздің топ сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, белсенділік танытқандарыңызға рахмет!
Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.