Материалдар / "Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі"

"Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктермен азаматтық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Сапаргалиева Ботагөз

26 "Қарлығаш" бөбекжай әдіскері,

жоғары санатты, жоғары білімді

«Ұлттық мәдениеттен жұрдай

рухта тәрбиеленген ұрпақтан

халқымыздың қажетімен мүддесі

жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»

Мұстафа Шоқай


Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктермен азаматтық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби-музыкалық кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім тәрбиелің ой пікірлерді: Қорқыт ата, Әл Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б қазақ ақын-жырауларының мұраларының, билер мен шешендердің тәлімдік өсиеттерінен көреміз.

Әр адам өзінің ұлтық тамырын, әдет ғұрпын мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі өзінің туған жері, өз халқы өмір сүретін ортағы деген сезімен ұштасуы тиіс. Халықтың әдет ғұрыпсалт сананың байлығы патриоттық сезім. Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктерін оның педагогика мұраларының мазмұнымен түрлерінде бейнелеген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүние танымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған. Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтыны аян. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген.Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалғандар тентегін тезге салып отырған. Жалпы салт-дәстүр халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы. Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтың педогогикасынан ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар.Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады.

Ата-бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжірибиелеріне көз салсақ, мектеп жасына дейінгі балдырғандарға тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.

Біздің алға қойған міндетіміз – мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, балабақшада тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру.

Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтанда бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептеріне даму ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогика басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеу үшін әрбір ата-ана салт-дәстүрді жақсы біліп, жақсы түсінуі керек, ал бұл үшін халықтық, педагогикалық білім қажет.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білмеген ұл жетім» деген атаулы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жататып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Әйгілі жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген сөзінде сан алуан астар бар. Кеменгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «Ұрпағынды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отырғанын біреуіміз білсек, екіншіміз ағыра бермеуіміз әбден мүмкін. Ал сол ұрпақты түзу жолға салу атсалысарлық алғы шарттардың бірі – балабақша.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбисіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. «Баланы жастан» демекші бүлдіршіндердің санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы, салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қазақ отбасының өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды. Сонымен, қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:

1.Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.

2.Отанды халқын, жерін, елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.

3.Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».

4.Жеті атасын білуге тәрбиелеу.

5.Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.

Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін балабақшаларда сөйлеуді дамыту, математика, қоршаған орта, бейнелеу өнері, дене шынықтыру оқу қызметтерінде кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: Математика оқу қызметінде ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, экология оқу қызметінде табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Балаларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен біздің басты міндетіміз.

Әр мектепке дейінгі мекеменің өзінің тәрбие жүйесі бар. Өзінің бағыт бағдары бар. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу педагогтар мен ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы отбасында, екінші – білім мекемесінде болғандықтан, ата-аналармен бірлесіп жұмыс өткізіп тұру қажет.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы таңда армандаған мәден-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.

Ендеше, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақ сандық, көк сандық. Алматы, «Жалын», 1988.

2.Арғынбаев. Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2005.

3.Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Ана тілі, 1994.

4.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Құраст. Б.Ж.Жүсіпова. – Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2007.

5.Калиев С. т. б. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: «Рауан» 1994.

6.Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1974

7.Бала мен балабақша журналы – 2015ж №7

8. Отбасы және балабақша журналы -2017ж №3




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ