Материалдар / «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты эссемді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деген сөзімен бастағым келіп отыр. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
1400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рисунок 10 Өскемен қаласы КММ «№27 орта мектебі»

«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»

Амирова Талшын Муратканова

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі





«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты эссемді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деген сөзімен бастағым келіп отыр. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез – құлқының, тәртібінің сана – сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу – бүгінгі өмірдің басты талабы. Иә, қазіргі таңда ұстаздардың алдында тұрған үлкен мәселе – сөздік қоры мол, белсенді, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім-адамның қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», — деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім берудің негізгі саласының бірі-тәрбиеге келіп тіреледі. Әр оқушы таза ақ парақ, сол ақ қағазды қалай жазсақ оқушы соған қарай бейімделеді. Өзім өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болғандықтан, аптасына 1 сағат жүргізілетін сабағымда әрбiр оқушының өзiнiң жан дүниесiн сезiнуiне және өзiнiң дербестiгiн түсiнуiне ықпал етуге, өзiнiң өмiрлiк позициясын анықтауға, әр түрлi мәселелердi адамгершiлiк нормаларға сәйкес конструктивтi шешуге, өзiне, адамдарға және қоршаған әлемге iзгiлiктi қарам –қатынас жасауға, шынайы болуға, жасампаздық белсендiлiк, азаматтық және отан сүйгiштiк танытуға , өз ісі мен сөзіне жауапты болуға байланысты қасиеттерді оқушының санасына, бойына сініруге байланысты әр түрлі интербелсенді, жағдаяттық тәсілдер арқылы кіріктіріп отырамын.
Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң - солын таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Осы жоғарыда айтылған сөздерімді іске асыру мақстаында ата-аналармен жианылстарда «Баланың басты ұстазы- ата-ана», «Отбасы – тәрбиенің ұясы» тақырыбында кездесулер өткізіп ,«Ата- ана мен баланың қарым-қатынасы» атты тренинтер өткізіп тұрамын.
Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі толысқан, жан - жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат - мүддесі ортақ, міндеті - біреу.

Оқушылармен «Дос болайық бәріміз», «Мен өзімен сенемін» тағы да сол сияқты тренингтер мен оқушының өзін еркін ұстауына, досының жақсы қасиеттерін байқауға, бағалауға байланысты жұмыстар жүргіземін. Себебі, педагогикалық іс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті талап етеді. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені - бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезе алмайтындарда»деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздарды өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған. Балаға тән азығы – тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай түпкі мақсат ешқашан орындалмайды. «Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз – алдымыздағы шәкірттер. Олар – біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек артық айтпағандық болар.
Екіншіден, біз баланы түсіне білуіміз керек. Балалар өздеріне әрдайым көмекке келетін, табыстарына қуанатын, сәтсіздікке ұшыраған сәтте көңілдерін көтеретін мұғаліммен қарым - қатынас жасау соншалықты қызықты екенін сезінуі тиіс. «Балаларды түсіну - мұның өзі «олардың кейпін кию» олармен бірге қуанып, бірге күйініп, олардың өмірін кешу»- деген болатын Н. К. Крупская. Балаларды түсіну дегеніміз - оларға өктемдік көрсетпей, олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне отырып, баянды тәрбиеге қол жеткізе аламын деген ойдамын.
Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты...»деуі, Ұлы жазушы, әрі ғұлама М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген нақылы еліміздің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз. Жас ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, ел ертеңі. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болады»деп А. Байтұрсынов айтқандай мемлекетіміз де ұрпақ тәрбиесіне барынша назар аударып келеді. Себебі бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Еліміздің - ажары мен базары.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз. Дұрыс берілген тәрбие шәкірттерімізге көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналатынына сенемін . Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін. Егемендігіміз есік қағып, тәуелсіздігіміз тәй-тәй басып кел жатқан заманымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, рухани және қауіпсіз дамуына жағдай жасау адамгершілік жағынан қамтамасыз ету міндетіміз болып табылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!