Материалдар / "Ұрпақ тәрбиесідегі халфқ педагогикасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұрпақ тәрбиесідегі халфқ педагогикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
халықтық педагогика арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есқайырова Гүлзара Есжанқызы

Аққала орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Атырау облысы

Индер ауданы

Аққала ауылы













ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ РОЛІ


































Аңдау хат


Баяндамада халықтық педагогиканы сыныптан тыс шараларда пайдалана отырып, ұмыт қалған салт – дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау үлгілерін кеңінен ашып көрсете білген.

Қазіргі заман талабына сай өткізілген сыныптан тыс шараларында халық педагогикасының элементтерін тиімді қолданған.




Аннотация


В докладе, используя народную педагогику на внеклассных мероприятиях, широко раскрыли образцы пропаганды забытых традиций, национальных особенностей. В ходе внеклассных мероприятий, проводимых в соответствии с современными требованиями, эффективно использовали элементы народной педагогики.




Annotation


In the report it has been opened the forgotten traditions and national features of ethnopedagogics applied in out-of-class actions. Educational actions effectively used ethnopedagogics elements on new technology.






















«Әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен

таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы

өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,

тәрбиені сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға

міндетті»


М.Жұмабаев.


Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрінен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.

Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи –мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді.

Қазіргі кезде көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған ұлы міндет, біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден, халықтық педагогиканы тәрбие үрдісінде пайдалана отырып ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-тарихи қажеттілік.

Халық педагогикасының мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы – ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты. Оның мұралары уақыт талабы мен өмірге қайта оралып, мектептің оқу – тәрбие жұмыстарында кең қолданылуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян. Халқымыздың ұлттық педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім –тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.

Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Салт дегеніміз – халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүрдің бір түрі. Ұлттық дәстүр дегеніміз – тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мінез-құлық қалыптары. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.

Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.


Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.


Мысалы: Жеті қазына Жеті ата Жеті жұт

  1. Ер жігіт 1. Бала 1. Құрғақшылық

  2. Сұлу әйел 2. Әке 2. Жұт (мал қырылу)

  3. Ақыл, білім 3.Ата 3.Өрт

  4. Жүйрік ат 4.Арғы ата 4. Оба (ауру)

  5. Қыран бүркіт 5. Баба 5. Соғыс

  6. Берен мылтық 6. Түп ата 6. Топан су

  7. Жүйрік тазы (ит) 7. Тек ата 7. Зілзала (жер сілкіну)


Жеті күн Жеті ғалым Жеті әулие

  1. Бүгін 1. Шығыс 1. Меке шәріп

  2. Ертең 2. Батыс 2. Мәдина шәріп

  3. Бірсүгіні 3. Оңтүстік 3. Бұхар шәріп

  4. Арғы күні 4. Солтүстік 4. Шам шәріп

  5. Ауыр күн 5. Аспан (жоғары ғалым) 5. Қатым шәріп

  6. Соңғы күн 6. Жер орта 6. Құддыс (Мысыр)

шәріп

  1. Азына 7. Жер асты( төменгі ғалым) 7. Кәләм шәріп (Құран)



Жеті жоқ Жеті жетім

  1. Жерде өлшеуіш жоқ 1. Тыңдамаған сөз жетім

  2. Аспанда тіреуіш жоқ 2. Киюсіз тозған боз жетім

  3. Таста тамыр жоқ 3. Иесіз қалған жер жетім

  4. Тасбақада талақ жоқ 4. Басшысы жоқ ел жетім

  5. Аққуда сүт жоқ 5. Аққу – қазсыз көл жетім

  6. Аллада бауыр жоқ 6. Жерінен айырылған ел жетім

  7. Жылқыда өт жоқ 7. Замандасы болмаса -

бәрінен де сол жетім


Бес қару Бес өсиет Бес намаз

  1. Садақ 1. Топасқа сенбе 1. Таң намазы

  2. Мылтық 2. Жауға иілме 2. Бесін намазы

  3. Найза 3. Сақ жүр 3. Екінді намаз

  4. Қылыш 4. Аз үйге сенбе 4. Ақшам намазы

  5. Айбалта 5. Жарлыдан сый алма 5. Жашиық намазы



Бес жаратылыс Бес қатер

  1. Күн 1. От

  2. Ай 2. Жау

  3. Жұлдыз 3. Борыш

  4. Күндіз 4. Ауру

  5. Түн 5. Сөз


Үш даусыз Үш арсыз Үш тәтті

  1. Мінез 1. Ұйқы арсыз 1. Жан тәтті

  2. Кәрілік 2. Күлкі арсыз 2. Мал тәтті

  3. Ажал 3. Тамақ арсыз 3. Жар тәтті


Үш ғайып Үш қадірлі Үш қуат

  1. Ажал ғайып 1. Ырыс 1. Ақыл қуат

  2. Қонақ ғайып 2. Бақ 2. Жүрек қуат

  3. Несібе ғайып 3. Дәулет 3. Тіл қуат


Бүгінгі таңда мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім-ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту. Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу –тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз. Осы тұрғысынан сыныптан тыс шараларда халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланып отырсақ жақсы болар еді.

Қазіргі уақытта бүкіл оқу – тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.

Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі: халық педагогикасы – қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі – халықтық педагогика. Халықтық тәлім- тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, тәрбиелік шараларды түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат–тәрбиенің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.

Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата – бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін тәрбие сағаттарымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді шара сайын жүргізсек.

Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.

Халық педагогикасы мен психологиясын терең зерттеп жүрген С.Қалиев халық педагогикасының мақсаты, мазмұны, әдістерін айқындай келе, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижесінде «сегіз қырлы, бір сырлы» жаны таза, дені сау, адам қалыптастыру мүмкіндігін атап көрсетеді. К.Қожахметова өз еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу мәселелері жөнінде ой қозғаса, Б.Мұханова диссертациялық еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ этнопедагогикасымен сусындата тәрбиелеу үшін этнопедагогикалық біліммен қаруландыру керектігіне тоқталады. Қ.Сарыбеков өз еңбегінде экологиялық білім берудің дүниетанымдық, моралдық жағын анықтай отырып қазақтың табиғат қорғау дәстүрін бірнеше топтарға жіктеп көрсетсе, Ф.Жұмабекова жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы - өнер екендігін алға тартады.

Shape1


Қазақ халқының этнопедагогикасының өзгешеліктері


Shape2

Халық педагогикасын сыныптан тыс шараларда қолдану

Міндеттері:

Мақсаттары:

  • Халық педагогикасының

элементтерін қолдануға қолайлы жұмыс түрін ұйымдастыру;

  • Керекті материалды іріктеу;

  • Қазіргі заман оқу

технологияларын тиімді қолдану;

  • Халық педагогикасы бойынша

көрнекі құралдарды қолдану;

  • Өз іс-тәжірибең бойынша

әдістемелік-нұсқаулар жазу.

  • Қазіргі заман талабына сай азаматты

тәрбиелеу;

  • Ұлттық намыс, қадір- қасиет тәрбиелеу;

  • Ұлттық намысқа қарсы қылықтарды

әшкерелеу;

  • Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

  • Басқа халықтың салт-дәстүрін, әдет-

ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу.


Шешу жолдары.

Жұмыс түрлері

Оқушылардың міндеттері

  1. Сыныптан тыс шараларда халық

ауыз әдебиеті шығармаларын қолдану мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер.

  1. Сыныптан тыс шаралар:

а) сынып сағаттары;

ә) спорттық жарыстарға қатысу (ұлттық

ойындар);

б) мерекелік шаралар; Наурыз мерекесі,

Тәуелсіздік күні,т.б.

3. Үйірмелер жұмысы.

  1. Сұрақтарға дұрыс жауап беру;

  2. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен

жұмыс істеу;

  1. Әдеби шығармаларды оқып сурет

салу, әртүрлі көрнекі құралдар жасау;

  1. Сабақтан тыс шараларға белсене

қатысу;

  1. Шығармашылық жұмыстарды

орындау:

а) қолөнер бұйымдарын дайындау;

ә) көркем кестенің түрлерін дайындау;

б) баяндамалар.


Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушылардың күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру мақсатында, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне байланысты оқушылармен бірнеше «Ұлыстың ұлы күні - ұлық мейрам», «Аталы сөз – баталы сөз», «Халық өнері асыл қазына», «Сыйласаң ата-баба өсиетін, білерсің туған тілдің қасиетін», «Аталар мұрасы – халық қазынасы», «Салтын сүйген – халқын сүйер», «Жігітке жеті өнер де аз», «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Салт дәстүді білесің бе?», «Тәуелсіздік - тұғырым» т.б тақырыптарында мектепішілік, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізілді. «Салтын сүйген - халқын сүйер» тақырыбында өткізілген бір ашық тәрбие сағатына тоқталсам деймін.


Мақсаты: халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды ұлттық салт –дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру; ата-дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез – келген оқушының күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру, ой - өрістерін ұштау; ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сиқырлы сандықша, асықтар, бейнетаспа, слайдтар.

Барысы: Мұғалім әже киімінде болады.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме балалар! Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз, сабағымыздың мәні осы ана сүтімен бойымызға даритын салт-дәстүр жайлы болмақ.

(Ақырын күй ойнап тұрады)

  1. жүргізуші: Сырбаз:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата – бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

  1. жүргізуші: Айымгүл.

Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмасын антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Тұсау кесу» рәсімі көрсетіледі.


Көрініс «Әжесі мен немерелері»


( Әжесі ұршық иіріп отырады.)


Немересі, Аймұрат:(Даладан жүгіріп келіп) Әже, әже, не істеп отырсыз?

Әжесі: Е,балам, мынау ұршық деген болады. Мен жіп иіріп, саған жүн шұлық тоқып берейін деп отырмын. Аяз болса мынау.

Немересі: Әжетай, «Тұсау кесу» деген қандай ырым? Менің досым Асқардың інісінің бүгін тұсауын кеседі екен.

Екінші немересі, Сағындық: Аймұрат, ұялмайсың ба, не, соны да білмейсің бе?

Әдетте, балаға 12-14 ай болғанда қаз тұрып, жүре бастайды. Осы кезде ауылдағы қарт әжелер мен қыз-келіншектер жиналып, ойын-той жасап, шаруаға икемді, пысық, елгезек, еңбексүйгіш бір келіншекке жас баланың тұсауын кестіреді. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген. Өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп түсінген.

Әжесі: Иә, дұрыс айтасың, қарағым. «Тұсау кесу» деген – ерекше бір ырым. Абай аталарың айтқан екен «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп. Айтқандай сәби шыр етіп дүниеге келгеннен «Бесік той», «Қырқынан шығару», «Шілдехана», деген сияқты ырымдар жасалып, адамның өмірі үлкенді-кішілі той думаннан басталады.

«Бесік той», «Қырқынан шығару», «Шілдехана» жарық дүниенің есігін ашудың алғашқы қадамдары болса, «Тұсау кесу» ырымы өмірге аттаған алғашқы қадамдарының бірі болып табылады.

Немересі: Әже, баланың тұсауын немен кеседі, сол туралы айтып берші.

Үшінші немересі, Нұрхат: Әже, әже, мен айтайыншы. Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуына және баланың келешекте бай болуына әсер етеді деп түсінген екен.

Төртінші немересі, Айда: Ал, ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін атамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.

Өмірдің ақ – қарасын айыра біліп, адаспай түзу жолмен жүрсін деген ата-ананың ақ тілегінен туған ырым.

Бесінші немересі, Жандос: Сәбидің тұсауы көк шөппен кесілсе, көк шөптей өсіп-өнсін деген ұғымды білдіреді. «Тұсау кесу» тойында әжелер мен аталар дастарханғ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!