Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұрықтану.Ұрықтың дамуы. 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
|
Сынып |
8а,б Күні 17.04.2018ж |
|
||||
Сабақ/тақырыбы |
Ұрықтану.Ұрықтың дамуы. |
|
|||||
Сабақтың мақсаты |
Адам өмірінің кезеңдері. Биологиялық және күнтізбелік жасы маңызын, қызметін білуге үйрету. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. |
|
|||||
Күтілетін нәтиже |
Адам өмірінің кезеңдері. Биологиялық және күнтізбелік жасымаңызын, қызметін білуге үйренеді. Оқушылардың танымдық қабілетін арттырады. |
|
|||||
Сабақтың әдісі |
Топтық жұмыс, постер жасау, кестемен жұмыс, сұрақ-жауап. |
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
Уақыты |
Сабақ кезең/рі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|||
3 мин 2 мин 5 мин |
Кіріспе |
«Шаттық шеңберін» ұйымдастырамын. Оқушыларды жыл мезгілдері атауы бойынша 4 топқа бөлемін. «Миға шабуыл» әдісі Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қоямын. Үйде орындап келген зертханалық жұмысты жұпта тексертіп, өзара бағалау жүргіземін. |
Шаттық шеңберінде оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар 4-топқа бөлінеді: «Қыс» «Көктем» «Жаз» «Күз» Сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты естеріне алады және диалогтық қарым-қатынасқа түседі. Үйде орындап келген зертханалық жұмысты жұптасып тексеріп, бағалап шығады. |
Топ аттары жазылған қағаздар Оқулық, оқушы дәптері, бағалау парақшасы. |
|||
17мин 4 мин |
Негізгі бөлім |
Жаңа сабақҰрықтану.Жүктілік.Ұрықтың жатыр ішінде дамуы. Босану зерттеушілік әңгіме жүргізіп, постер жасатамын. Джиксо әдісі арқылы топтық бағалау жүргіземін. Жаңа тақырып бойынша интербелсенді тақтадан қысқаша мәліметтер беремін. |
Берілген тақырып бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізіп, топта ақылдасып, ортақ бір шешімге келіп, постер жасайды. Джиксо әдісі бойынша топтық бағалау жүргізеді. Интербелсенді тақтада берілген мәліметті тыңдап, дәптерлеріңе түртіп алады. |
Плакат, маркер, оқулық АКТ, оқушы дәптері Оқушы дәптері, бағалау парақшасы |
|||
3 мин |
Қорытынды |
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймын. |
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты пысықтайды. |
Оқулық |
|||
2 мин |
Бағалау. |
Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалау жүргіземін. Геометриялық фигуралармен формативті бағалау |
Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалап шығады. Геометриялық фигуралар арқылы формативті бағаланады. |
Бағалау парақшасы, геометриялық фигуралар |
|||
2 мин |
Рефлек сия |
Кері байланыс |
Өткен тақырып бойынша өз пікірлерін жазды. |
Стикер |
|||
1 мин |
Үйге тапсырма беру |
Келер күнге берілген тақырыпты оқу. |
Күнделікке жазады. |
Күнделік |
«Бекітемін»
______________________
Күні: 19.04.2018 ж.
Сыныбы: 8 «а,б» сынып
Пәні: Биология.
Сабақтың тақырыбы: Адам өмірінің негізгі кезеңдері.
Мақсаттары:
1.Білімділік- туғаннан 18 жасқа дейін организмнің қалыптасуының әрбір кезеңіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Дамытушылық- адам организмінің құрылысында жас кезеңдеріне байланысты байқалатын ерекшеліктерді анықтай білуді қалыптастыру. Кітаппен, кестелермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік- қыз балалар мен ер балалардың бойында жыныс жүйесінің гигиенасы туралы көзқарасты білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктері: «Адам өмірінің негізгі кезеңдері» атты слайд, бесік, плакаттар.
Әдіс- тәсілдері: сұхбат, әңгіме- сұхбат, өзіндік жұмыс, суреттер мен кестелерді көрсету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тізімдеу, сыныпты ретке келтіру, сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: Төменде қай пікір дұрыс екенін тексеріңдер!
1.Көп жағдайда жұмыртқа жасушасымен тек бір ғана сперматозоид қосылады.
2. Ұрықтану жатыр түтігінде жүреді.
3. Бала жолдасы ұрық қабықшаларынан және жатырдың шырышты қабықшасынан түзіледі.
4. Ұрықтың қаны ана қанымен араласып, жалпы бір қан арнасына бірігеді.
5. Кіндіктегі тамырлар ұрықтың қан тамыр жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
6. Адамның ұрығы өзінің дамуы барысында хордалылардың тарихи даму жолын қысқаша қайталап өтеді.
7. Ұрықтың барлық мүшелері 7 айға қарай қалыптасады.
8. Жүктілік кезінде ішкі секрецияның көптеген бездері гормон бөлуді тоқтатады.
9.Қалыпты жағдайда жүктілік 7 айға созылады.
10. Жүкті әйелдің тағамдық рационында құрамында кальций, темір тұздары бар өнімдер болуы қажет.
11. Жүкті әйелге «екеуі үшін» тамақтану қажет.
12. Ұрық жатырдан басымен шығады.
13. Босану кезінде жамбас сүйектерін ұстап тұратын байламдар босайды, жамбас кеңейеді.
14. Нәрестенің алғашқы жылауы тыныс алу орталығының көмірқышқыл газымен қозуына байланысты болады.
Дұрыс жауабы: 1,2,3,6,10,12,13,14.
ІІІ. Жаңа тақырыпты оқыту.
Адам туылған кезеңнен бастап, дамуының эмбрионнан кейінгі кезеңі басталады.
Адам өмірінің негізгі кезеңдері:
1.Емшектегі бала жасы
2.Ерте балалық шақ
3.Мектепке дейінгі кезең
4.Мектеп жасындағы кезең
6.Жасөспірім
7.Ересек және қарттық кезең
Емшектегі бала жасы. 1 айға дейін бала нәресте болып саналады. 1 айдан 1 жасқа дейінгі кезеңді емшектегі бала жасы дейді. Тәуліктің көп бөлігінде ол ұйықтайды, тек емізетін кезге қарай оянады.
Ерте балалық шақ. 1 жастан 3жасқа дейін бала қарқынды өседі, ересек адам жейтін тағамды жейді, дүниені өзінше танып білуге ұмтылады.бұл кезде бала жүре бастайды, затты қозғалтудың әр түрлі әдістерін үйренеді.
Мектепке дейінгі кезең. 3- тен 7 жасқа дейін мектепке дейінгі жас болып есептеледі. Бұл кезеңде қоршаған дүниеге үлкен қызығушылық пайда болады.Баланың білуге құмарлығы соншалық бұл кезеңді «сұрақтар сатысы» деп атайды.
Мектеп жасындығы кезең. 7- ден 17 жасқа дейінгі кезеңде барлық мүшелер мен жүйелер әрекеті қайта құрылады. Мектепке бару бала өміріндегі едәуір қиын кезең болып табылады.
Жасөспірім. 11- 12 жаста бала жасөспірім деп аталады. Оларда барлық мүшелері мен физиолигиялық жүйелерінің іс- әрекеті қайта құрылады. Бұл өзгеріс жыныстық жетілуге және жыныс гормондарының қарқынды түзілуіне байланысты.
Ересек және қарттық кезең. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесі бойынша : адам 44 жасына дейін жастық, 45-59 жас орта жас, 60-74 жас москал тартқан, 75-89 жас қарттық кезең,90-100 жас және одан жоғары ұзақ өмір сүретін адамдар.
Жетілу: физиологиялық, психикалық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Енді осы өткен тақырыбымыз бойынша «Емшектегі бала жасы кезең» бойынша сахналық қойылымды тамашалайық.
Жаңа туған нәрестеге: ат қою, шілдехана, бесікке салу , қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндет той, атқа мінгізу.
Балалар барлық көріністі көрдік, енді соған тапсырма орындайық:
Тапсырма:
Алған білім негізінде адамның дамуындағы әр түрлі кезеңдерде байқалатын құбылыстарды сәйкестендіріңдер.
Даму кезеңдері |
Құбылыстар |
1. Жаңа туған нәрестелік кезең 2. Емшектегі кезең 3. Балалық кезең 4. Мектепке дейінгі кезең 5. Мектептегі кезең 6. Жасөспірімдік шақ 7. Ересек кезеңі 8. Қарттық кезең |
а) сүйектердің сынғыштығы және қажудың жоғарылауы; ә) омыртқа жотасының мойын бөлігінде иірім п.болуы; б) организмнің дамуы аяқталады; в) ересектерге еліктеу, г) тістердің пайда болуы; ғ) сөйлеу қалыптасады; д) бас сүйегінде еңбекше пайда болады; е) алғашқы шартты рефлекстер пайда болады; ж) Жыныстық жетілу; з) организмнің едәуір қарқынды өсуі мен дамуы; и) сөйлеу мен ойлану, ұжыммен және өз алдына ойнай білу қарқынды дамиды; к) Әлеуметтік сананың, адамгершілік құндылықтар жүйесінің қалыптасуы, л) организмнің құрылысы мен қызметі. |
Жауаптары: 1-ә,д,е; 2-з,г; 3-в,ғ; 4-и; 5-ж; 6-б,к; 7-л; 8-а.
Қорытынды: Тест тапсырмасын орындау арқылы қорытындылайымз. Қане, балалар біз бүгін сабақта нені үйрендік? сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма беру: 57- параграфты оқып білу, сұрақтарға жауап беру, жұмыс дәптерлеріне тапсырмаларды орындау.
Оқушыларды бағалау: Сабаққа ынталы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Тест тапсырмалары.
1. Ана сүті пайдалы, себебі:
а) ол стерильді ә) антиденелерден тұрады б) тамақтануға қажет заттардың барлығы бар в) жоғарыда келтірілген барлық себептер бойынша.
2. Жаңа туған нәрестеде:
а) тек шартты рефлекстері болады ә)тек шартсыз ренфлекстері болады б) шартты және шартсыз рефлекстер болады в) әлі рефлекстері қалыптаспаған
3. Балада алғашқы шартты рефлекстері қашан пайда болады?
а) шамамен 1 айдан кейін ә)жарты жылдан соң б) 1 жылдан соң в) кешірек
4. Сөйлеу мен ойлану қай кезеңде дамиды?
а) емшектегі кезең ә) балалық кезең б) мектепке дейінгі кезең в) мектептегі кезеңде
5. Жасөспірім- бұл қанша жастағы адам?
а) 11-12 жас ә)12-15 жас б) 16-20 жас в) жоғардағының барлығы
6.Қарттық кезең – бұл қанша жастағы адам?
а) 45-59 жас ә)60-74 жас б) 75-89 жас в) 90-100
7. Организмнің жыныстық жетілу кезеңін тап:
а) әлеуметтік ә)психикалық б) физиологиялық в) жастық
8. Мектеп жасындағы кезең қанша жас?
а) 11-12 жас ә)12-15 жас б) 16-20 жас в) 7-17 жас
9. Емшектегі бала неше айлығында басын ұстайды, аяғын жазады және отырады?
а) 6 ай ә) 8 ай б) 10 ай в) 9 ай
10. Қай кезеңді «сұрақтар сатысы» деп атайды?
а) емшектегі кезең ә) балалық кезең б) мектепке дейінгі кезең в) мектептегі кезеңде
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1. |
Дюсембиева Альмира Бактыбаевна |
28.06.1991 |
Жоғары, биология мамандығы Х.Досмухамедов атындағы АМУ 2013ж, ЖБ № 0050448 |
Биология пәні мұғалімі |
10/5 |
2 |
Санатсыз |
Биология пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технолгияның тиімділігі.
|
Контейнерный 15. 87785323510 almira91.91@bk.ru |