Материалдар / "Үш таңбалы сандар. Ауызша қосу және азайту тәсілдері" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үш таңбалы сандар. Ауызша қосу және азайту тәсілдері" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімге қажетті құрал деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

04.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Санамақтарды жаттау

Мақсаты: Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеу

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады

Ұйымдастырушы

ізденуші

 Балалар, сендер санамақ білесіңдер ме?


Бүгін бәріміз санамақ жаттайықшы.


Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармагым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.

2. Мен базарға бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.

3. Ойын ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.


Саусақ санау ойыны

(Халық өлеңі)
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Барлығы бірге санамақ жаттайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар сендер жарадыңдар, барллық санамақтарды жаттап алдыңдар

Балалар қуанып қалады


Күтілетін нәтиже:

Біледі: санамақ түрлерін

Түсінеді: Өлеңнің мазмұнын

Меңгереді: санамақтарды жаттап алады











































04.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Камзол

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттың киімі - камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттың сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның жапсыру жолдарын менгерту, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

 Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою- өрнегі және қазақтың ұлттың киімі - қамзолдың суреті.

 Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қайшы желім

 Сөздік жұмыс: қамзол, әшекей, әшекейлендіру

Билингвальды компонент  әже - бабушка

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Арайлап таң атты,


Алтын сәуле таратты.


Жарқырайды бақшамыз,


Жайнай түссін даламыз.


Қайырлы таң, достарым.

Балалар өлең жолдарын қайталайды


Ұйымдастырушы

ізденуші

Әйел киімдерінің әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, сәукеле, қамзол, етік, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда  жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен қамзол шығаратын болды.

Қамзол жайында әңгімелеп, оның

пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аудартады. Педагог балалардан қазақтың

қандай ұлттық ою-өрнектерінің

атын білетіндерін сұрайды.

Ою-өрнек түрлері: қошқар мүйіз, құс қанаты, түйе табан, тарақ, қолтық ою, құс мұрын, ирек ою, қоян құлақ, қарға тұяқ, теңіз белгісі, аша тұяқ, ит құйрық және т.б. оюлар.

-Бүгін біз қамзолды ит құйрық оюмен әшекейлеміз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Серігіп алайық

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мына басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – оң қолым.

Мынау – сол қолым.

Барлық істі атқарған.

- Жұмыс істеуге дайынсындар ма?

Камзолды шаблонмен қиып жапсыру

Балалар толық

жауап береді



Сөздерді қайталайды





























Қамзолдың пішініне сәйкес ою- өрнектерді жа- сайды.









Өлең жолдарына

сөйкес қимылдар

жасайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

- Балалар, сендер бүгін жұмысқа белсене қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар. Енді сол жұмыстарыңнан көрме ұйым дастырайық.

Қамзолдың суретін салып, оны өрнектермен әшекейледік.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық сәндік-қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін.

 Игереді: өрнектерді дұрыс орналастыра білуді. 

Меңгереді: ою-өрнектің жапсыру жолдарын.























05.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сауат ашу негіздері

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Т әріпі мен дыбысы

Мақсат- міндеттері: 1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем кұрау.

2)  Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

3)  Балаларды  ұғымталдықка, әдептілікке тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, суреттер, жүмбақтар, буындар, үлестірмелі карточкалар


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды тынышталдырып, сабақтың атымен таныстыру. Бұл сабақта балалардың не үйренетіні жайлы түсіндіру, әліппе- дәптермен таныстыру

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жазып. Бұл не болды, балалар?

Гүл.

Дұрыс. Гүл екен (суретін көрсетеді).

—  Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

Дала. Гүл. Ашыды. Әдемі. Бақ.

Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

—  Гүл қайда өседі?

 — Гүл қандай?

—  Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

Далада әдемі гүл өседі.

Сөздер бірігіп белгілі аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем төрт сөзден құралып түр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

Сергіту сәті.

(үлестірмелі қима-қағаздармен жұмыс)

—   Енді қолдарыңдағы суретке қарап, атын тауып, оған сөйлем құрайсыңдар.

Тәрбиеші жұмбақтар оқып береді. Балалар жауабын тауып, сол сөзге сөйлем құрайды.

Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

Аспай піскен

Қайнамай түскен. (Жеміс)

Дәптермен жұмыс

Әліппе дәптердегі  суреттерге қарап сөйлемдер құрату.

Бала машинада отыр. (неше сөз?)

Қыз автобуста отыр.

Ұшақ аспанда.

Балалар автобуста отыр.

«Артық затты тауып, қорша». Не артық? (парта)

Автобустың дөңгелектерін және терезелерін шрихтау.

Сурет бойнша 2-3 сөйлемнен құралған әңгіме құрату


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды




















Үзік сызықтарды қосу арқылы машинаны гаражға, компьютерді столға апарады.

Үзік сызықтарды бастыру арқылы дәпердегі элементтерді жазады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Сабақты «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» ойынымен аяқтау.

Сөйлемді көп тауып құраған балаларды мадақтап мақгау. Қорытындылау



Күтілетін нәтиже:

Балалар сөйлемдер жайлы білуі керек

Қойылған сұрақтарға толық жауа беруді үйренуі керек

 













































05.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:Балалардың өз Отандары туралы, мемлекеттік рәміздері, елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: рәміздердің суреті, елбасының суреті, аудио және видео материалдар.

Үштілділік компоненті: Отан – Родина – motherland.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, Біздің Отанымыз – Қазақстан!

Балалар, сендер біздің елорламыз қай қала екенін білесіңдер ме?

Дұрыс айтасыңдар, ал біз қай қалада тұрамыз?

Сендер қай балабақшаға келесіңдер?

Ал, балалар сендер біздің мемлекетіміздің президенті кім екенін білесіңдер ме?

Бұл кісі балалар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев Біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Қазақстан мемлекетінің құрылуына зор үлесін қосқан жандардың бірі.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық, 
Керегені құрайық. 
Уықтарша иіліп, 
Қазақ үйді құрайық.

Топқа батыр кіреді, балалармен амандасады:

Батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе, төрлетіңіз!

Батыр: Рахмет, балалар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

Батыр: Дұрыс таптыңдар, балалар. Біз батырлар осынау ұлан байтақ жерді сендерге аманат етіп қалдырдық. Балалар, қане айтыңдаршы, сендер қай мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар?

Батыр:Тамаша, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер.

Батыр: Балалар, сендердің маған көмектерің керек. Мен мынандай бір зат тауып алдым оның ішінен дауыстар естіледі, ол не дауыстар екенін білгім келіп тұр.

Қане бұны біздің ноутбугымызға салып көрейікші?

(мемлекеттік рәміздер туралы видео).

(Мультфильмде ту туралы өлең оқылады)

Балалар, қане бізде өлеңді жаттап алайықшы.

Желбірейді жалындап,

Қазақстан байрағы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Батыр: Керемет, қандай қызықты мультфильм!

Балалар, мультфильм не туралы?

Қандай мемлекеттік рәміздер бар екен?

Тудың түсі қандай?

Батыр: Балалар, сендер қандай ақылды, зерексіңдер! Мүмкін сендер Отан туралы тақпақтарды да білетін шығарсыңдар?

Отан туралы тақпақтар.

Мақал – мәтел:

Отан- оттан да ыстық.

Отан- отбасынан басталады.

Батыр: Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендермен қоштасатын уақыт жетті. Сау болыңдар, балалар!

Сұрақтарға жауап береді





Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.















Сәлеметсіз бе!



Ия, сіз батырсыз.











Біздің Отанымыз – Қазақстан!





















Видеоны мұқият тамашалайды.





Мемелекеттік рәміздер туралы.

Ту, елтаңба, Әнұран.

Тудың түсі көк.




Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын «Кім жылдам?» Ойын Шарты: Балаларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші жауап береді сол балаға смайл беріледі. Кім көп смайл жинаса сол бала жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

Біз қай мемелекетте өмір сүріп жатырмыз?

Елбасымыз кім?

Еліміздің астанасы қай қала?

Біз қай қалада тұрамыз?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Тудың түсі қандай?

Онда нелер бейнеленген?


Қорытынды сұрақтар.

Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Бізге қонаққа кім келді?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады екен?

«Отаным» әні

Балаларды мадақтау.

Ойын шартын бұзбай орындайды.

















Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мемлекеттік рәміздер, елбасы, Қазақстан Республикасы туралы біледі;

Игереді: тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін;

Меңгереді: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуді.

06.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Заттардың салмағы. 10 ға дейін тура және кері сана

Мақсаты оқу жылы кезінде алған білімдерін, түсініктерін, дағдыларын анықтау. Сандар қатарынан санның орнын таба білу, 10-ға дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндер мен заттардың көлемі туралы білімдерін жетілдіру; математикаға қызығушылықтарын тәрбиелеу; қарапайым есептерді шешуге жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!
- Енді көзімізді жұмып ертегілер еліне саяхатқа шығып келейік.
Көзімізді ашайық, ертегілер еліне келдік.

Өлең жолдарын айтып, мәтін мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды


Ұйымдастырушы

ізденуші

Ақбота С (Мақта қыз) мен Жасұлан (мысық) келеді.

Мысық келіседі. Мысық балалардан көмек сұрайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

- Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, тапсырмаларын орындаймыз ба?


Ендеше мысыққа бірінші кім кездеседі?
1
. Сиырдың тапсырмасы: «Көлде қанша балық қалды?» Санап мысалға есеп шығарайық.
2
. Ағаштың тапсырмасы: «Сәйкестендір»

3. Қыздардың тапсырмасы: «Қай аң немесе құс нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұраынын айт»

- Балалар көзімізге жаттығу жасап алайық.

«Көз» жаттығуы



4. Дүкеншінің тапсырмасы: Кім тез есептейді?



5. Тауықтың тапсырмасы: «Тауық қанша балапан шығарды?»

Енді дәптерлеріңді ашып 1 – ден 10 – ға дейінгі сандарды жазыңдар.

- Балалар шаршап қалған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.

6. Тышқанның тапсырмасы: «Өз орнын табуға көмектес»

Тышқанның келесі сендердің білімдеріңді бекітуге арналған тапсырмалар екен

  • «Көршісін тап»

  • «Тура және кері сана»

  • «10 санының құрамы»

  • «Әдемі кілемшелер»

Сөйтіп мысық мақта қыздың барлық тапсырмасын орындап шықты.
Мақта қыз риза болып мысықтың құйрығын қайтып берді.
Енді балалар саяхаттан өз тобымызға қайтайық.


- Көмектесеміз, орындаймыз.



  • Сиыр





  • Ағаш







Көз жаттығуын жасайды.

  • Дүкенші



  • 10



Дәптерге сандарды жазады.

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды.















  • Тышқанның тапсырмасы



Балалар барлық тапсырманы орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Балаларға өз жұмыстарын бағалауды ұсынады. Барлық тапсырмаларды жақсы орындадым, ал кейбіреуін орындай алмадым деген бала смайликтің түрін таңдап алсын.

10 ға дейін тура және кері санадық, есептер шығардық,




Нені білу керек

1-ден 10-ға дейінгі сандарды; геометриялық пішіндердің аттарын.

Нені игереді

математикалык ұғымдар туралы түсінікті; санау реті туралы түсінікті.

Нені біледі

тура және кері санауды; есеп құрастыруды және оны шешуді.















06.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Өзін – өзі тану

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Менің кішкентай достарым

Міндеттері:

-үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру

- үй жануарларымен жағымды қарым –қатынас дағдыларын дамыту.

-жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

 Қ.Ыдырысов «Әжесі мен Бағылан»

-Жүрегім кім менің?

-Мен

-Тірегім кім менің?

-Мен

-Жаным кім менің?

-Мен

Сәнім кім менің?

-Мен

-Ботақаным, бағлан

қозым,

Не деген тәтті

баласың өзің.

-Балалар, бүгін бізге  әдемі мысық қонаққа келді.Қарсы алайық.!

Шеңбер бойымен тұрып, «мен» деген сөзді қайталап

айтады.

-балалар мысыққа жылы

сөздер айтып қарсы алады.

-жұмсағым менің

-аппағым менің

-қандай сүйкімдісің

-мен сені жақсы көремін

-келгеніңе қуаныштымын

- тентегім менің

- қандай тәттісің


Ұйымдастырушы

ізденуші

Әңгімелеу.

Ертегі: «Ит пен мысық адамға қалай

дос болды» (оқып, мазмұнын талдау)

Сұрақ –

жауап:

-Ит пен мысық адаммен қалай достасты?

-Сендердің осындай кішкентай достарың бар ма?

-Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?


Дәйексөз

«Өміріміздегі

ең ізгі нәрсе - достасу» Тыныштық сәті

Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары

көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,

бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы

ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да

болады.

Ойын: Балалар мен сендермен «Көлеңке» ойынын ойнағым келіп тұр

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Күшігім қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Күшігім былай жүреді.



Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Мысығым қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Мысығым былай жүреді.

-Жарайсыңдар балалар!

Шығармашылық  жұмыс.

 «Менің кішкентай достарым»

Мысық пен күшіктің суретін бояңдар, әңгіме құрастырыңдар.


Ғажайып сөздер

Қамқорлық - жақсы қасиет.

Жануарларға қамқормын.


Балалардың жауаптары

тыңдалады.






Қайталап

айтады













Мысық пен иттің жүрісін келтіреді.


















Суретті бояйды




Балалар сабақта үйренген

өнегелі сөздерді қайталап айтады.



Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау

- Не жайында әңгімелестік?

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз өзіміздің кішкентай достарымыз ит

пен мысық, олардың адамға тигізер пайдасы жөнінде

білдік. Оларды жәбірлемей, қамқорлық көрсету қажеттігін түсіндік.

Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың да жақсы қатыса білдіңдер.


-Балалар

сұрақтарға жауап береді






  Әнді

қайталап, қимылмен көрсетеді.


Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Үй жануарлары күшік пен мысық туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: үй жануарларына қамқор, жауапты болу керектігін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойын арқылы жануарлардың қимылын жасауды, өз сөздерімен жануарларға сипаттама бере білуге

жаттықты.


07.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Менің Отаным

Мақсаты:

а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелесу;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту

б) Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Билингвальный компонент: Гимн - Әнұран, Герб – Ту, Моя Родина – Менің жерім

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әнгімелеу.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды бір қатарға тұрғызып, қолдарын жүрек тұсына қойғызып, Қазақстан Республикасының Әнұранын Туға қарап тұрып орындату.

Балалар үлкен сезіммен орындайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар біз қайда тұрамыз?

-Біздің ту түсі қандай?

-рәміздерге не жатады?

-Бас қаламыз қай қала?

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы:

«Қазақстан - Республикам менің»


Қазақстанда тұрамыз.

Көк түсті.

Ту, Елтаңба, Гимн.

Астана.

Рефлексивті

коррекциялаушы

- Отан деген не?

Отан деген – біздің еліміз, жеріміз,

әке-шеше, бауырымыз, туған жеріміз.

-Балалар мен сендерге Бүркіт Ысқақовтың Отан туралы өлең оқып беремін.

Отан

Отан сенің - ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың

. Қазақстанның кең-байтақ жерімен, слайд арқылы танысты. Балалар өте қатты қуанды.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгіме құрау

«Күншуақ» ойыны арқылы қорыту.

Ойын шарты: Ортада шуақсыз

күн тұрады. Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.

Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.

Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп, мақтау, мадақтау.


Балалардың жауабы:






Өлең жолдарын қайталап айтты



Қимылдар жасап, бойларын сергітеді.





Дәптермен жұмыс жасалады.














Жауап бере отырып, күнді күлімдетеді.




Күтілетін нәтиже


Біледі: Балалардың ой-өрісін дамиды

Түсінеді: Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады

Меңгереді: Өлең жолдарын жаттап алады



















































07.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Отаным Қазақстан

Тақырыбы: Гүлдене бер ,Қазақстан

Мақсаты: кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Қылқалам, бояу, Қазақстанның әсем жерлері бейнеленген коллаж.

Сөздік жұмыс: Отан, туған ел.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Психологиялық сәт:

-Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып-өскен жерімізді елестетейік.

(Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді.) Ал енді көзімізді ашайық.

Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің (қалаларының) көрікті жерлерін елестетеді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, енді тақтаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?

-Қазақстан туралы, Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер.

Қазақстан туралы тағы не айта аласыңдар? Біз қай жерде тұрамыз? Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші.

Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғанын қалайсыңдар? Соны суретпен бейнелеп көрейік.

(Балалардың суретті салуына басшылық жасалады, жеке көмек көрсетіледі.Мазмұнды сурет салуда балаларға нақты неден бастауға болатыны айтылады, балалардың қандай сурет салғысы келетіні анықталып , бағыт беріледі).

-Кәнеки, еліміздің астанасы-әсем қаламызды бейнелеп, сурет салуды бастайық. Көзге бірден түсетін, аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді.Енді оның жоғарғы болігіне дөңгелек, яғни шар тәрізді, «жұмыртқа»саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәтеректің»түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.

-«Бәйтерек», «Хан шатыры», «Медеу» мұз айдыны, «Көктөбе» спорт кешені.Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.

Күннен-күнге көркейіп келе жатқандығы туралы т.б.

Балалар музыка ырғағмен тақтадағы суретті үлгі ретінде қарай отырып,өздері сурет салады.







Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық. Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.

.


Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі:туған жердің кең-байтақ екені, өз елінің әсем жерлері мен ерекшеліктері туралы білімі кеңейеді.

Игереді:Көз алдына елестету арқылы сурет салу дағдыларын игереді.

Меңгереді: өз ойларын суретте жеткізе білуі, жұмысты орындаудағы тиянақтылығы мен ептілігі қалыптасады.



















































08.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Киіз үй сыры

Мақсаты: адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін к Көрнекілігі: киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Алдын-ала жұмыс: шаттық шеңберіндегі өлеңді жаттау.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне, кәне, тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.

Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып,қимылдар жасайды.



- Киіз үй жайында.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Педагог әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.

  • Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», -деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланын қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру.

  • Сендер қандай үйде тұрасындар?

- Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіндер?

-Пәтер деп нені айтамыз.

Педагог пәтер тупалы түсіндіреді.

  • Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?

  • -Бөлмелер қандай үйлерде болады.

-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?

-Міне балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішінде де байқалады екен.

Педагог киіз үй, көп қабатты т.б. үйлердіәң барлығы да адам баспаларына жататындығын түсіндіреді.

-Қалай ойлайсыңдар, осы баспаларды салған кімдер деп ойлайсыңдар?

-Оларды кімдер деп атаймыз?

Педагог баспана салудағы дамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді.

Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.

Бірінші орталықтағы балаларға киіз үймен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беру, екіншің орталықтағы балаларға көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылады.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастыралы да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқтпалғандығын айтып орындарына отырғызады.Дәптермен жұмыс.

Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.

-Өйткені ол киізден жасалған.

-Көпқабатты үйде.

-Мен пәтерде тұрамын.

-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.

-Көп қабатты үй биік, үлкен, онда көп адамадар тұрады.

-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп.Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

- Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де, бөлмелер де болмайды.

-көп қабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар.

-Адамадар

-Құрлысшылар деп атаймыз.

Бірінші орталықтағы балалар киіз үй менг жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардыңайырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.



Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлердің, оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Педагог Ы.Алтынсариннің (Ағаш үй мен киіз үй) әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу қызметінен түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы есіне түсіреді.

Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.

Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.

Оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.

Игереді: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылыфқтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы.

Меңгереді:салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді

08.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Киіз үй сыры

Мақсаты: адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Алдын-ала жұмыс: шаттық шеңберіндегі өлеңді жаттау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Қызмет кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне, кәне, тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.

Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып,қимылдар жасайды.


- Киіз үй жайында.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.

Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», -деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланын қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру.

Сендер қандай үйде тұрасындар?


- Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіндер?

-Пәтер деп нені айтамыз.

Педагог пәтер тупалы түсіндіреді.

Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?

-Бөлмелер қандай үйлерде болады.


-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?

-Міне балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішінде де байқалады екен.


Педагог киіз үй, көп қабатты т.б. үйлердіәң барлығы да адам баспаларына жататындығын түсіндіреді.




-Қалай ойлайсыңдар, осы баспаларды салған кімдер деп ойлайсыңдар?


-Оларды кімдер деп атаймыз?

Педагог баспана салудағы дамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді.


Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.


Бірінші орталықтағы балаларға киіз үймен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беру, екіншің орталықтағы балаларға көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын ермексазбен мүсіндеу тапсырылады.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастыралы да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқтпалғандығын айтып орындарына отырғызады.

Дәптермен жұмыс.

Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.


-Өйткені ол киізден жасалған.


-Көпқабатты үйде.

-Мен пәтерде тұрамын.


-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.


-Көп қабатты үй биік, үлкен, онда көп адамадар тұрады.

-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп.Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

- Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де, бөлмелер де болмайды.

-көп қабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар.


-Адамадар


-Құрлысшылар деп атаймыз.


Бірінші орталықтағы балалар киіз үй менг жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардыңайырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.


Екінші орталықтағы балалари ермексаздан көпқабатты үйлердің, оның ауласы мен ойын алаңын мүсіндеп әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Педагог Ы.Алтынсариннің (Ағаш үй мен киіз үй) әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұййымдастырылған оқу қызметін түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы есіне түсіреді.

Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.

Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.

Оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.

Игереді: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылыфқтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы.

Меңгереді:салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді.








11.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Тәуелсіздік көкбайрағы


Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: рәміз, көкбайрақ, тәуелсіздік.

Көрнекіліктері: Герб, тудың суреттері.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, гимн айтады.


Балалар әнұранды айтады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Сұрақ-жауап

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Еліміздің бас қаласы қай қала?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Туымыздың түсі қандай?

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген - ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні болып белгіленген.

Дәптермен жұмыс: Н. Мұңатовтың «Төуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен таныстыру.

Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғаң тоқтай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.

Педагог: Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы - бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында - шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында - шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Өскенде өз Отанына қалай қызмет ететіндерін, өскенде кім болатындарын ойлап, көз алдарына елестету. Балалар көздерін ашып, өз ойларын айтады.


Берілген сұрақтарға жауап қайтарады.







Өлең жолдарын қайталап айтады.




Балалар өз туымыздың мағанасын ,тыңдайды.



Тыныштық сәтін орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып. (Қимылмен көрсету).

Дидактикалық ойын: «Мен өскенде кім боламын?»

Ойын шарты: Әрбір мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып беруі керек.

Қорытынды

Туымыздың авторы кім?

Туымыз неліктен көгілдір түсті?

Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

Неліктен ою-орнекпен әшекейленген?


Сергіту сәтін қимылмен орындайды.





Ойын шартын орындап ойнайды.




Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу;

Игеруі тиіс:Елтаңба,Ту,Гимнің түсініктерін игеруі;

Меңгеру: Қазақстан Көкбайрағы туралы әңгімелеуді меңгерілуі;











































11.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Әсем шырша


Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққп тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: шырша суреттері, шыршаның қағазға желімдеген үлгі суреті жасыл түсті қағаз желімдеген үлгі суреті жасыл түсті қағаз желім, қайшы,үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: шырша туралы әңгімелеу, суреттерін көрсету

Сөздік жұмыс: қобдиша

Билингвальді компонент: жаңа жыл – новый год, шырша - елка

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Күнім күлім қағады

Шуағын маған шашады!

Қуан, қуан алтын Күз!

Қуан, қуанЖер –көгім!

(Г.Бектұрова)

-Балалар, қараңдаршы, сиқырлы қобдша тауып алдым.

Сөздік жұмыс: қобдиша

Балаларшеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын бірге қайталайды







Қызығушылық танытады

Қайталайды: қобдиша

Ұйымдастырушы

ізденуші

- сиқырлы қобдишада не бар екен? Оның ішінде қағаз бар екен, қағазда жазылғанды оқып көрейік.

Ағаштардың көріктісі

Мәңгі жасыл бұтағы

Мекен ғып тау , өлкені

Кәусар ауа жұтады

Бұл не?

-Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен

-Мен сиқырлы таяғымды сермегенде, шыршада моншақтар пайда болады. Сиқырлы таяқшасын әрі-бері сермейді, бірақ шыршада моншақ пайда болмайды

Балалардан көмек сұрау

«Пішінді ата» дидактикалық ойыны



Үлестірмелі материалдар назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Моншақ жасау техникасын түсіндіру: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөрбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз. Пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп орналастырып, шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді.

Сергіту сәті

Сағатты тіліндей

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Жаттығу жасаймыз

Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент: жаңа жыл-новый год, шырша -елка



Тыңдайды, жұмбақты шешеді











Жауабы: шырша













Балалар көмек көрсетуге ынталарын білдіреді

Ойынға кіріседі, пішіндердің атауын айтады : дөңгелек , сопақша, шаршы



Үлестірмелі материалды қарайды (Жұмыстың орындалу ретімен танысады)





Балалар жаттығу жұмысы



Жұмысқа кіріседі, шыршаға моншақтар жасайды



Қайталайды: жаңа жыл- новый год, шырша - елка

Рефлексивті

коррекциялаушы

Біздің шыршамыз әдемі болып кетті. Аязата мен Ақшақарға көрсетеміз. Шыршадағы моншақтарды балалармен талдайды. Мадақтайды



Балалар өз жұмыстарын тамашалайды, талдау жасайды

Күтілетін нәтиже:

біледі: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөрбұрыщтардың және шыршалардыың бұрыштарын қиып, пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп жабыстырады.

игереді: шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.

меңгереді: оқу қызметі барысында алынған дағдыларды

















12.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сауат ашу негіздері

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Т әріпі мен дыбысын пысықтау

Тақырыбы: «Буын», «Т»дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: Балаларға «Буын» ұғымы туралы түсінік беру.Қатаң дауыссыз «Т»дыбысымен және «Т» әрпінің баспа түрімен таныстыру.Көк текше туралы түсінік беру. «Ата» сөзіне дыбыстық талдау жасату.Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту. «Ат», «Ата» сөздерін оқыту.Шаршыны,дөңгелекті дәптер бетіне дұрыс сала білуге үйрету. «Т» әрпінің таңбасын жаза білуге машықтандыру. Д/о «Сөз ойла,тез ойла»

Билингвалдық компонент:сөз-слово,қатаң-твердый,көк-синий

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Д/О «Сөз ойла,тез ойла»



- «Т»дыбысымен таныстыра отырып,сөздің құралу жолын көр- сетеді

-Балалар тәрбиеші атаған дыбысқа сөз ойлайды.

- «Т» дыбысымен сөз ойлайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жұмбақ жасыру

Өзі айлакер,өзі бір қу

Жүрген жері айқайда шу

(түлкі )

Текшелерді қолданып, «ат»,

«ата»сөздерін жазу.

Билингвалдық компонент:сөз-слово,қатаң-твердый,көк-синий

Сергіту сәті.

Балалардың қолдарын жазуға даярлау (көрсетеді)



Дәптермен жұмыс «Т»әріпін баспа түрде жазу.

Жұмбақ шешу.







Текшелерді қолданып жазу.Дәптерге баспа түрде жазу



-Бала-бала-балақай...





-Саусақ жаттығуларын жасайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

«Ат», «Ата» сөздерін тақға жазады.



-Ойын-жаттығуын ұсынады: «Кім әсем жазады»

-Тақтадан сөздерді оқиды,буынға бөледі.



-Балалар дәптермен жұмыс жасайды,өз жұмыстарына сараптама жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуі

Түсінеді: Сөз жайлы түсініктері болуы

Қолданады:«Ат», «Ата» сөздерін оқи алуы





12.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Менің туған өлкем

Мақсаты: Балаларды өз туған еліне, жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,

Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші балаларға өлең оқиуға ұсыну


Алтай-Жайық арасы,


Жарты әлемдей даласы.


Ол-біздің Қазақстан!


Анамыздай тілеуі-ақ


Отан бізде біреу-ақ


Ол біздің – Қазақстан!



Ойлауға ұсыну:


Қандай ел туралы өлең оқыдым?


Балалар өлеңді мұқият тындайды.






Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Қазақстан Республикасы туралы.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Қазақстан жайлы әңгіме жүргізу, өлеңді талдау.

Сұрақтар:

Президентіміз кім?

Қазақстан Республикасының рәміздері атандар?

Туда не бейнеленген?

Елтаңбада не бейнеленген?

Сендер ,қалай ойлайсындар ел таңбаны қайдан көреміз?

Бас қаламыз қалай аталады?



Балалар қазір бәріміз астана жайында видеофильм қараймыз

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Құс болып ұшайық.

Астананың төрінде.

Бәйтерекке ұқсайық.

Туған жер, Қазақстан, Отан жайында мақал-мәтел айтуға ұсыну.

туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.

Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жер алтын бесік.



Тәрбиеші балаларға өз Отанын сүю керектігін айтады.

Балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.



Нұрсұлтан Назарбаев

деп жауап береді.

Әңұран,елтаңба,ту.

Балалар рәмізднр туралы өз ойларын айтады.

Маңызды құжаттарда,теңгемізде.

Астана



Балалар қызыға қарайды







Балалар қимылмен көрсетеді.









Тәрбиешімен бірге Мақал-мәтелдерді қайталап айтады.

Мағынасын түсінеді.





Балалар Туған жер,

өз Отандары жайлы өз ойларымен бөліседі


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бүгін не туралы айттық?

Белсенді қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

Ән ұран орындайды.


Балалар орындарынап тұрып қолдарын кеудесіне қойып әнұран орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қазақстан, туған жер, Отан жайында мақал-мәтел білу,

Түсінеді: Өз Отанына деген сүйіспеншілік.

Қолданады: Рәміздерді білу. Қала, Астана сөздеріне дыбыстық талдау жасау




















12.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Мен тұратын ауыл


Мақсаты: Өз мекенжайы мен тұрғылқты аулының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуе үйрету. Өз мекеніне, қаласына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: өзінің тұратын ауылы, ондағы мәдени орындары туралы бейнетаспа.

Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі – түсті қарындаштар.

Алдын ала жұмыс: шаттық шеңберде айтатын өлеңді жаттау. Қала ауыл өмірі туралы әңгіме жүргізу. Қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа бару.

Әдіс тәсілдері: көрнекілік, ойын.

Билингвистикалық сыңары: ауыл-село.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар топқа марш екіпдегі әнмен жүріп кіреді.

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейінші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман –есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.

Балалар қимыл-қозғалыспен өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, бүгін мен сендерге туып өскен жеріміз, ауылымыз жайлы айтамын.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, Қазақстан Республикасының көптеген қалалары мен ауылдары бар. Сол ауылда сендер сияқты бақытты балалар тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен мен сендермен өздерің тұратын ауылымыз туралы әңгімелескім келіп тұр.

- Ал, балалар сендер қай ауылда тұрасыңдар ?

- Дұрыс айтасыңдар.

Біз Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында тұрамыз.

- Ал, балалар, енді мына бейне роликке назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейне роликте сендер нені көрдіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, көрдіңдер ме біздің ауылымыз көптеген үйлер мен әдемі ғимараттар мен көркейді.

Бұның бәрін бізге кімдер соғып береді?

- Балалар сендер саяхат жасағыларың келеме?

- Олай болса біз сол әдемі жерлерге саяхат жасайық балалар.

Сиқырлы таяқшамен саяхат жасайды.

Балалар сиқырлы таяқша істемей тұр ғой.

Сиқырлы таяқша жұмыс істеу үшін сиқырлы сөзді айтуымыз керек екен балалар. Көзімізді жұмамыз, ал енді сиқырлы сөз айтамыз

До ре ми ұшамыз,

Біз жерге қонамыз.

Ал енді көзімізді ашайық қайда келдік балалар?

Балалар саяхат жасаймын деп шаршаған боларсыңдар. Қане көзімізді жұмып балабақшаға қайтайық.

Балабақшаға қайтып келеді.

Балалар шаршаған боларсыңдар қане бойымызды бір сергітіп алайық .

Қара жорға әні мен бой сергіту.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы билейді екенсіңдер.

Тапсырма:

Балаларға ауылымыздың табиғатының суретін салдыру.

Жарайсындар балар, сендер өте жақсы салдыңдар.

Ойын: «Біздің ауыл қандай?»

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

.

Музейді

- Құрлысшылыр.

- Иә

- Музейге

Рефлекциялық түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын көріп мақтайды, мадақтайды. Ауылым әнімен қорытындылау

Педагог оқу қызметін қорытындылайды.

Ауылым әні.

Біздің ауыл тап- таза бұлағыда

Ән салады майысып құрағыда

Жаз жайлауға барамын демалыста

Асау тайдың ойнаймын құлағында

Қ-сы

Біздің ауыл алма бақ,

Өрік жүзім жетеді.

Сағынарым қайда да,

Алатаудың етегі.

Балалар өздері салған суретке қызыға қарайды.









Сабақтағы көңіл күйлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының немесе ауылының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білу.

Игереді: ауылының атын, ондағы сәулетті мәдени орындарды біледі;

Меңгереді: кез –келген істің адам еңбегі арқылы келеіндігі, ауылдың көркеюіне өздерінің үлесі бар екенін










































13.12.2017ж

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім бөлімі: Қауіпсіз мінез құлық негіздері

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Мен кіммін?

 мақсаты: Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу.Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алдан сақтануға үйрету.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Дәрігер Салауат таңертең оянған балаларға қандай кеңестер береді?

-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?

-Күн тәртібі дегеніміз не, ол не үшін керек?

-Адам дегеніміз кім?

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Әңгімелесу.


Ол жер бетінде ең ақылды, ең күшті. (Адам).


Педагог балалардың бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар екенін айтуды ұсынады.


Балалар шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтары бар екенін, әркімнің қайталанбас дара тұлға екендігін әңгімелейді.


Адам – табиғаттың ең керемет жаратылысы. Адам өз өмірін, денсаулығын сақтау керек.


Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Адам – дені сау, мықты, күшті, яғни бақытты болу үшін өмірге келген.


Әр адам өзі туралы, өзінің қандай екенін, денсаулығын қалай нығайту керек екенін білуге тырысады.



Дидактикалық ойын: «Адамның денесін құрастыру».


«Ғажайып түс» ертегісі. Оқу. Талдау.


Бірде Арман түс көреді, түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:


-Мен бәрін басқармаын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам адам ещтеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды тіпті аштан өлер еді.


-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жақа кім бұрар еді, - деді мойын.


Осы кезде дауға Қол араласты:


-Білесіңдер ме, достар, егер мен болмасам жүкті ары-брі тасу, тамақты дайындау, кірді жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, іртүрлі аспаптп ойнау да өте қиын болар еді.


Көп ойланып, Кеуденің де шыдамы кетті:


-Мен ше?! Егрер мен болмасам, адам болар ма еді? Мойын, сен қайда қалар едің, Қол-аяқ, сендер ше?-Егер мен болмасам не істер еді адам? – дейді Аяқ. – Біз бәріңді жұмысқа, мектепке, дүкенге, киноға апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет алмаймыз.


Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманлы өте қызықтырды, бірақ та ең шиелініскен жерінде ол оянып кетті.


Ал сендер қалай ойлайсыңдар, адамға ең керегі қай мүшесі?

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Балалар адамның дене құрылысымен танысады. Дене мүшесінің әрқайсысының өз атауы бар. Адамның денесі бас, мойын, кеудеден, жоғары және төменгі бөліктерден тұрады.


Педагог адамның бойы, салмағы жасына қарай өзгеретіні жөнінде әңгімелейді. Адамның жас кезінде күш-қуаты көп, денсаулығы жақсы болатынын, оны сақтауды үйрену керек екеніне балалар назарын аударады.


Сергіту сәті (ертегі мәтіні бойынша).


Әңгімелесу.


-Адамның дене құрылысы неден тұрады? (Сүйек, буын, бұлшықет, тері).


Балалар Әліппе-дәптердегі кейбір жаттығуларды қайталайды.


Адамның барлық денесін тері жауып тұр. Тері қорғаныш қызметін атқарады. Ол денені күйіктен, соққыдан, үсіктен, іртүрлі жарақаттан сақтайды. Тері сезім мүшесі болып табылады. Қараңғы жерде де қолдың астындағы заттың қатты, жұмсақ, ыстық, суық, майда екенін және пішінін анықтауға болады.


Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба».


Әдемі дорбада таныс ойыншықтар мен заттар жатады. Бала дорбаның ішінде қолын салып, кез келген затты ұстап, сипап сезу арқылы не екенін табады.


Педагог балаларға бастарын ұстауды ұсынады.


Нені сипаладыңдар? Оның ішінде не бар?


Ми қуатты компьютер орталығы сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарып, көп жағдайларды шешіп, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.


Жүйке мидың алғашқы көмекшісі. Олар қоршаған ортаның ақпаратын тері, көз, құлақ, ауыз, мұрын арқылы миға жеткізеді.


Дәрігер Салауаттың кеңесі:


Ойын кезінде басты соғып алудан сақтан.


Басқа тиген қатты соққы ауыр жарақат мидың шайқалуына әкеп соғады. Мұнан бас айналып, құлақ шуылы, жүрек айну, құсу, бас ауруы пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек.


Тіпті жер сілкіну кезінде үстелдің астында тығылып, басын қолымен қалқалау қажет.


Тамақтану тәртібі де жүйке жүйесіне әсер етіп, тәбеті жоғарылап, ас жақсы қорытылады.


Жүйке жүйесі спорттық ойындар мен таза ауадағы серуен кезінде жақсы демалады.

Балалар бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар екенін айтады.








Дидактикалық ойынды ойнайды. «Адамның денесін құрастыру».






«Ғажайып түс» ертегісін оқиды, талдайды.














Балалар адамның дене құрылысымен танысады.










Ертегі желісі бойынша сергіту сәтін жасайды.







Балалар Әліппе-дәптердегі кейбір жаттығуларды қайталайды.







Бала дорбаның ішінде қолын салып, кез келген затты ұстап, сипап сезу арқылы не екенін табады.







Дәрігер Салауаттың кеңесімен танысады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытынды:

Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

Адам өз өмірін қорғауы керек.


Өз дене мүшелерін білу, күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғыл қара!


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Балалар дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алдан сақтануға үйренеді.

Нені игереді:

Балалар адам денесінің құрылысымен танысады.

Нені біледі:

Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы


13.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Апта күндері .Жыл мезгілдері

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін, апта күндерін таныстыра отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру.

Сөздік жұмыс: Дүйсенбі,сейсенбі,қыс,жаз.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы күн, қонақтар,

Қайырлы күн, балалар.

Балалар тәрбиешіні тыңдап ,сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар сендер апта күндерін,жыл мезгілдерін


білесіңдер ме?


-Жыл мезгілі нешеу?


-Қазір қандай мезгіл?


-Кәне, балалар сендерге қандай мезгіл ұнайды, немесе сен қай мезгілде тудың? Соған байланысты топқа бөлініп, отырамыз.


-Балалар неге сендер бұл орындықтарға отырдыңдар?


-Неге мына қыс мезгіліне отырмадың?


-Балалар осы жыл мезгілдерінде қандай өзгерістер болады?



-Дұрыс айтасыңдар.


-Балалар сендер ертегі еліне саяхатқа барғыларың келе ме?


-Балалар ертегі еліне саяхатқа бармас бұрын қандай ертегілерді білесіңдер?


-Балалар ал мынау қандай ертегі? (слайд)


-Ендеше балалар бәріміз орнымыздан тұрайық. Балалар біз орманға немен барамыз?


Жоқ, балалар, ертегілер еліне тек қана мына сиқырлы кілеммен ғана бара аламыз.


-Кәне, бәріміз мына кілемге мініп , көзімізді жұмып, онға дейін санайық.


-Міне, біз ертегілер әлеміне келдік.


-Балалар қараңдаршы, мынау кімнің үйі?


-Балалар қасқырдың үйінде кім бар екен, терезеден қарайықшы.


-Балалар,қасқырдың үйінде лақтар отыр. Кәне, кірейік.


-Балалар, есікте хат ілулі тұр, кәне хатты оқиық.


(хатты оқиды)


-Балалар, ешкінің лақтарын қасқыр тартып алыпты, ешкіге көмектесеміз бе?


-Кәне, тарсылдатайық.



-Балалар, біз қасқырдың жеті тапсырмасын орындасақ қана қасқыр бізге лақтарды береді.


-Орындаймыз ба?


Қасқырдың


1-ші тапсырмасы:


Пішіндерден үй құрастыру.


2-ші тапсырмасы:


Жабайы және үй жануарларын ажырат.


3-ші тапсырмасы:


Балалар неше апта күні бар? Апта күндерін ата.


4-ші тапсырмасы:


Көкөністер мен жемістерді ажырат.


5-ші тапсырмасы:


Қоянның көжектерін сана.


6-ші тапсырмасы:


Сурет бойынша артық затты тап.


7-ші тапсырмасы:


-Балалар сендер аю, қоян туралы тақпақтар білесіңдер ме?


-Балалар, біз ешкінің лақтарын қайтарып алдық енді елімізге оралайық.


Сергіту сәті


-Ал енді, балалар, орнымызға отырып, лақтарға тағы көп жолдастар тауып берейік.


-Міне, балалар, біз бүгін қайда бардық?


-Неге көмектестік?


-Лақтарға не тауып бердік?


-Сендерге сабақ ұнадыма?




Балалардың жауабы.




Төрт жыл мезгілі бар.


Көктем


Балалар жауап береді, топқа бөлініп отырады.



Сурет бойынша жауап береді.



Өйткені мен күз мезгілінде тудым....



Қыста қар жауады. Күзде жапырақ сары болады.


Көктем де күн жылынады.


-Ия















Бауырсақ, Жеті лақ пен қасқыр, Мақта қыз бен мысық, Үйшік, Үш аю.











Поездбен, машинамен, ұшақпен.




Балалар көздерін жұмып онға дейін санайды.



Қасқырдың үйі.



















Әрине, орындаймыз.


-Балалар тапсырмаларды орындайды.






















Балалар жабыстырады, апайға көрсетеді.


-Лақтарға достар тауып бердік.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Дұрыс айтасыңдар, яғни

жыл мезгіліндегі өзгерістерді біледі екенсіңдер.

Сабақтың соңында сұрақ – жауап арқылы қайталап , сабақты аяқтау.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:Жыл мезгілдерін,апта күндерін атай алу.

Түсінеді:Жыл мезгілдерінде қандай өзгерістер болатынын айыра алу.

Қолданады:Салыстыра білу.





























13.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Өзін – өзі тану

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Отбасы әлемі

МАҚСАТЫ: Балалардың отбасы, жақын туыс адамдарын сүю, отбасылық қарым - қатынас құндылықтары туралы түсінігін кеңейту
Отбасының адам үшін маңызы, туған, өскен үйдің жылылығы туралы түсінік беру;
Отбасындағы жарастық, сыйластық, сүйіспеншілік сезімдері мен қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке, өз ара татулыққа тәрбиелеу.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАР: плакаттар, жанұяларының суреттері, слайдтар, көркем сөздер,балалардың салған суреттерінен көрме, буклет

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме,  қонақтар!

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көріп қуанам!

Ендеше, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.

-          Қане, балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!

                   Жұмбақ:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім?

- Отбасы.

 - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында  бүгінгі оқу қызметімізде тақырыбын«Менің отбасым»деп атап отырмыз.



Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.










Балалар жұмбақ шешеді.


Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?

Келесі тапсырма «Кім не істейді?» деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды:

Анам тамақ пісіреді.

Әкем кітап оқиды.

Атам теледидар көреді.

Ағам сурет салады.

Інім текшемен ойнайды.

Әпкем сабақ оқиды.

Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.

 - Бұл фотосуретте кімнің отбасы?

- Бұл – менің отбасым.

- Мынау кім?

- Мынау – менің анам.

- Анаңның аты кім?

- Оның аты – Елена.

- Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің?

- Мен отбасыммен саябақта қыдырып жүрмін.

 - Қандай керемет!Рахмет! - деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді.



Балалар сурет бойынша отбасында  кімнің не істейтінін айтып береді.


Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. Екі бала шығып бір-бірімен сұхбаттасады (интервью алады).


Рефлекциялық түзетушілік

Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде кімдер туралы айттық?

-          Не үйрендік?

-          Сендерге оқу қызметіміз ұнады ма?


Балалар белсенді лексиканы хормен,

жеке-жеке қайталайды


Күтілетін нәтиже:

Білуі: Отбасы мүшелері туралы біледі
Меңгеруі: Сұраққа толық жауап беруді, көргендерін баяндай білуді үйренеді.






























14.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Гүлдене бер, Қазақстан

Мақсаты: кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Қылқалам, бояу, Қазақстанның әсем жерлері бейнеленген коллаж.

Сөздік жұмыс: Отан, туған ел.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Психологиялық сәт:

-Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып-өскен жерімізді елестетейік.

(Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді.) Ал енді көзімізді ашайық.

Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің (қалаларының) көрікті жерлерін елестетеді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, енді тақтаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?

-Қазақстан туралы, Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер.

Қазақстан туралы тағы не айта аласыңдар? Біз қай жерде тұрамыз? Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші.

Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғанын қалайсыңдар? Соны суретпен бейнелеп көрейік.

(Балалардың суретті салуына басшылық жасалады, жеке көмек көрсетіледі.Мазмұнды сурет салуда балаларға нақты неден бастауға болатыны айтылады, балалардың қандай сурет салғысы келетіні анықталып , бағыт беріледі).

-Кәнеки, еліміздің астанасы-әсем қаламызды бейнелеп, сурет салуды бастайық. Көзге бірден түсетін, аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді.Енді оның жоғарғы болігіне дөңгелек, яғни шар тәрізді, «жұмыртқа»саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәтеректің»түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.

-«Бәйтерек», «Хан шатыры», «Медеу» мұз айдыны, «Көктөбе» спорт кешені.Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.

Күннен-күнге көркейіп келе жатқандығы туралы т.б.

Балалар музыка ырғағмен тақтадағы суретті үлгі ретінде қарай отырып,өздері сурет салады.







Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық. Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.

.


Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі:туған жердің кең-байтақ екені, өз елінің әсем жерлері мен ерекшеліктері туралы білімі кеңейеді.

Игереді:Көз алдына елестету арқылы сурет салу дағдыларын игереді.

Меңгереді: өз ойларын суретте жеткізе білуі, жұмысты орындаудағы тиянақтылығы мен ептілігі қалыптасады.





















































15.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Астана – бас қала!

Білімділік: Балаларды елордамыз Астана қаласымен таныстыра отырып, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларға Астана туралы тақпақтар мен Отан туралы мақалдар айтқызу арқылы ой – өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,

Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар, айналамызға назар аударайықшы, бүгін біздің тобымыз күндегіден ерекше безендірілген, Ендеше шаттық шеңберін құрып, амандасайық.


-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.

Балалар топтың әсем безендірілгенін көріп, шаттық шеңберін құрады, келген қонақтармен амандасады.

Арайлап таң атты.

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз

Сәлеметсіз бе, апайлар!

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тәрбиеші:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінің ай аттарын кім атап береді?

Қыс мезгілінде ауа–райы қандай болады?

Өте жақсы, сендер қыс мезгілі туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар.

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам – бас қалам!

Балалар өлең жолдарында қай қала туралы айтылған?

Дұрыс Астана қаласы туралы айтылған екен, олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Астана – бас қала» деп аталады.

Балалар біздің ұлтымыз қазақ, ал Отанымыз Қазақстан деп аталады.

Қане балалар, «Қазақстан» деп айтайықшы.

Біздің еліміз ешкімге тәуелсіз ел, еліміздіғ елтаңбасы, әнұраны және туы бар.

Балалар қараңдаршы, міне мынау біздің еліміздің туы. Қане балалар «ту» деп айтайықшы.

Тудың түсі көгілдір, ортасында күн мен қыранның бейнесі бейнеленген, бір шетінде халқымыздың ою – өрнегі бар екен.

Балалар ал мынау біздің еліміздің елтаңбасы.

Ал мынау балалар, біздің әнұранымыз. Әнұран орындалған кезде барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызды кеудемізге қоюымыз керек.

Балалар біздің елімізді басқарып отырған елбасымыз бар. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Міне балалар – біздің елбасымыздың суреті. Ол елімізді бірлікте, ауызбіршілікте басқарып отыр.

Қане балалар, бұл кім екен?


Балалар біздің еліміз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің елордамыз, бас қаламыз бар. Ол Астана қаласы. Қане балалар, «Астана» деп айтайықшы. Астана қаласы өте әдемі, жас қала. Астана қаласында әсем ғимараттар бар. Солардың бірі «Астана – Бәйтерек» монументі. Міне мынау біздің бәйтерегіміз. Қане балалар, «бәйтерек» деп айтайықшы.

Өте жақсы балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Балалар:

Қыс мезгілі,

Қыс мезгілінде 3 ай бар,

Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары

Қыста күн суық, адамдар қалың киінеді


Балалар өлең жолдарын тыңдады:

Астана қаласы, – туралы деп жауап береді.



Балалар жаңа тақырыппен танысты.



Қазақстан, – деп айтады.


Балалар еліміздің елтаңбасын, туын, әнұранын көрді.

Ту,– деп айтады.

Балалар туды көреді, ту туралы түсінік алады.



Балалар еліміздің елтаңбасы мен әнұранын көрді, түсінік алды.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, – деп жауап береді.

Астана қаласы, – деп айтады.

Балалар Астана қаласының әсем ғимараттарының суреттерін көреді,



Бәйтерек,–деп айтады.


Балалар сергіту жаттығуын жасайды.


.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Тәрбиеші балаларға:

Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

Балалар біздің еліміз қалай аталады?

Балалар біздің елеміздің елордасы, бас қаласы қай қала?

Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер. Елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Балалар сендер туған елімізді, жерімізді, Астана қаласын сүйе білетін, адамгершілігі мол азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыз. Осымен балалар бүгінгі іс – әрекетіміз аяқталды, орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасайық.


Балалар:

Қазақстан Республикасы.


Астана қаласы.


Күтілетін нәтиже: балалардың Қазақстан Республикасы мен елордамыз Астана қаласы туралы түсінік алуа,

Білуі керек: балалар елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар айта білуі.











15.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Бәйтерек

Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылған әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері.

Билингвальды компонент:

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күй кешейік

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Балалар бірге айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым –астанам.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?

Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

Сулы Жасыл бульвар-Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек-Астананың басты белгісі.

Тәуелсіздік Сарайы-мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі-Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы-Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі-цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Астанада ең әсем мұзқалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

Оқу орталықтарында жүрізілетін жұмыстар.
Балалар өз таңдаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

1. Ғылым орталығы:

Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: А,с, т,а,н,а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А-ана, алма...

С-су, сан,...

Т-таң, тамаша,..

А-асыл, ата,..

Н-нан,нар,..

А-апа,алқа,..

Балалар өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

«Өнер», орталығы

Тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен өткізіледі.

Бәйтеректі жапсырады.

Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сүрайды.

Сергіту сәтін өткізу.

-Қазақстан Республикасы.

-Елордамыз-Астана қаласы.







Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалар мұқиат тыңдайды.










Сөйлем құрайды.









Астана туралы өлеңдер оқиды.







Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету















Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Астана қаласы туралы білу

Болу керек: Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету

Үйрену керек: Астана қаласының көрікті жерлерін атайды.























18.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Менің сүйікті қалам, ауылым және ел ордасы Астанам

Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам, ауылым және ел ордасы- Астанам»

Мақсаты:

а)Балаларға қала, ауыл және ел ордасы Астана туралы түсінік беру;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту;

б)Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ауыл, қала туралы

мазмұнды суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.

Билингвальды компанент:Астанам -Астанам

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Отаным менің кең-байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайңалған жомарт даласы.

Ел-Отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы.

Шеңбер бойына тұрып қайталайды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Кіріспе әңгіме

-Балалар, айтылған өлең шумағы не туралы?

-Бүгін қаламыз және ел ордасы Астана туралы әңгімелесеміз.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Елорда қай қала? Астана қаласы бейнеленген суреттер бойынша әңгімелеу. Тұманбай Молдағалиевтің «Астана» өлеңін оқу.

Астана - арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.

Сұрақ-жауап

-Өлең шумағында не туралы айтылған?

-Ал біз тұратын қала қалай аталады?

Сергіту сәті

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?

Апорт деген тәтті алма,

Өседі ол бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

«Ауылға саяхат» ойыны.

-Балалар, біздің ата-анамыз ауылда туып-өскен.

-Сендердің ауылда қандай туыстарың бар?

-Ендеше біз қазір ата-әжелерімізге қонаққа барайық.

- Олай болса, жолымыз қысқарсын деп «Әже» туралы әнді айтайық.

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді,

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

Сағындым, әже, сағындым,

-Міне, ауылға да келдік.

-Балалар, әжеміз бен атамыздың тұратын үйі қандай екен?

-Ауылда нелер бар?

Әженің тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша әңгімелеу.

-Бәйтеректің не өзің тұратын қаланың ең биік үйін сал.



Отан туралы





Қазақстан

Астана


Өлең

шумақтарын

тыңдайды.


Балалардың

жауабы.




Қимыл-қозғалыс арқылы қайталайды.





Әр бала ауылдағы туыстары жайлы айтады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау.

- Енді бөріміз шеңберге түрып, атамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып, оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Әр бала өзінің

тілектерін

айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ауыл мен қаланың айырмашылығын ажырата білуі тиіс.

Игереді: суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін біледі.

Меңгереді: туған елін, жерін сүйе білуді







































18.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Ашық хат

Мақсаты: түстерді айыра білуге, эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өздерінің ойларын жеткізе білуге баулу. Жақындарына қуаныш сезімін сыйлау. Көрнекіліктер:гүлдер,түрлі-түсті ашықхаттар суреттері,шыршаның қағазға желімдеген үлгі суреті,жасыл түсті қағаз,желім қайшы,қайшы,үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: ашықхат

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар бізге Қоян келіпті.Балалар қоянның көңілі жоқ екен?

Сұрап көрейік неге жабырқаулы екен?

Қоян анасына мейрамға қандай ашықхат жасайтынын білмей жүр.

Аналарыңды жақсы көресіңдерме?


Балалар қоянға назар аударады

Қандай сыйлық жасайтынын айтып береді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар мейрамға ашықхат жасайық,оның түрлерін қарап көрейік.

Шын көңілден жасаған сый қымбат болады.

Суретке назар аударайық.

Гүлді қараңдаршы.

Гүлдің пішіні қандай?

Түсі қандай?

Сабақтары мен жапырақтары қандай?

Пластикалық жаттығу: «Гүлдің қауызы»

Гүлдің бейнесін қимылмен ұсыну.

Гүлдің жасалу әдіс-тәсілдерін түсіндіру

-алдымен дайындаған қағазымызды ортасынан төменге дейін біріктіріп,дәл ортасынан қайшымен қиямыз.

Енді бізге гүлдің сабағы керек.Жасыл түсті қағазды алып,гүлдің сабағын қиямыз.

Тіктөртбұрышты қағазды алып,одан жапырақтың жобасын жасаймыз.

Бұрыштарын абайлап кесеміз.

Құмыраға арналған қағазды алып ,бұны бүктеп,дәл ортасынан қиямыз.

Бірінші құмыраны ,одан кейін гүлдің сабағын,гүл бөлігі мен жапырақтарын орналастырамыз.

Енді желіммен жайлап жапсырамыз

гүл-цветы,ашықхат-конваерт,сыйлық-подарки

Сергіту сәті

1,2,3 – қолымызды созайық,

4,5,6- көбелекке ұқсайық.

7,8,9 – ұшып,ұшып алайық.

Қолымды сырғытып төменге,

Солға иіліп, түзелем,

Енді үш - төрт дегенде,

Оңға иіліп – түзелем.

Практикалық жұмыс

Балалар не жасаймыз?

Бірінші нелерін қиып аламыз?

Балаларды жұмыстануына бақылау жүргізу.


Балалар суретке қарап,гүлді сипаттайды

Қызыл,сары



Қолдарымен көрсетеді.



Гүлдің жасалу жолдарын түсініп меңгереді











Қайталайды





Қимылын жасайыды



Ашықхат жасаймыз

Гүлдерді,сабағын,ашықхатты қиямыз.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар Қоянның көңілі көтеріліп қалды.Балалар сендер аналарыңды өте қатты жақсы көреді екенсіңдер.Сүйіспеншілік пен құрметіміз,нәзіктік сезіледі.


Қуаныштарын білдіреді.



Күтілетін нәтиже

Біледі: түстерді айыра біледі, эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйренеді

Түсінеді: Жақындарына қуаныш сезімін сыйлау.

Меңгереді: Өздерінің ойларын жеткізе білуге













































19.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сауат ашу негіздері

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: П дыбысы мен әріпі

мақсаты

П дыбысы мен әрпін және оған қатысты жаңа сөздерді оқып, жазып үйрену. П дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғыну. П әрпінің жазылуын меңгеру.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдаршеңберге.

Қандайжақсыбіртұру,

Достармененбіржүру!

Қандайжақсыдос болу!

Бір-бірімен үш тілде амандасу

-Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.

1. Әріп дегеніміз не?

2. Дыбыс нешеге бөлінеді?

3. Әріптің жазба түрі қайда жазылады?

4. Дыбыс дегеніміз не?

5. П дыбысы қандай дыбыс?

6. Дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?

7. Қызыл текшемен қандай  дыбысты белгілейміз?

8. Ө  қандай дыбыс?

Сабақ мақсатымен таныстырып өту

Топқа бөліну

1-топ «Дыбыстар»

2-топ «Буындар»

3-топ «Сөздер»

4- топ «Сөйлем»


Шаттық шебері

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жұмбақ жасыру

Болса да ащы,

Дәмдіетерасты.

Өседіолжерге,

Тығыпалыпбасты. Пияз


Ойын «Өз үйін тап»

Сөздер жазылған карточкалардыүйлерге орналастыру.

Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан. (Піл).

Жұптық жұмыс

Сөз құра, тез құра.

Әппақ болып таң атты,

Түтiнтiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Суреттер, карточкалар



Сергіту сәтіне арналған жинақ



Суреттер, тапсырмалар

Бағдаршам түстері

Рефлексивті

коррекциялаушы

Өздік жұмыс

Қалыптастырушы бағал

Рефлексия

Бағдаршам

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер

А). Дыбыс пен әріпті және п дыбысының дауыссыз екенін ажырата біледі.

В). П әрпінің жазылу емлесін меңгерді.

С). П дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқуды, жазуды ұғынды.



19.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Менің – елім Қазақстан

Мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту;

б) Еліне,жеріне, Отанына деген сүйәспеншіліктерін арттыру.

Алдын-ала жасалатын жұмыс: рәміздердің сүреттерін дайындап қою.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : сүреттер,Қазақстан Республикасының картасы,рәміздердің сүреттері,хрестоматия,мазмұнды сүреттер.

Билингвальді компонент: Отан-Родина, рәміздер-символики.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

-Балалар,біз қай республикада тұрамыз?

-Рәміздерге не жатады?

-Бас қаламыз қай қала?

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы:

«Қазақстан-Республикам менің!»

Балалар үлкен сезіммен орындайды.

Қазақстан Республикасында


Ту,герб,гимн

Астана


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Отан деген не?

Отан деген-біздің еліміз,жеріміз,әке-шеше,баурымыз,тұған жеріміз.Отан туралы жырламаған ақын,жазбаған жазушы жоқ.Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін.

Отан

Отан сенің- ата- анаң,

Отан -досың,бауырың,

Отан -өлкең,астанаң,

Отан -аудан,ауылың.

Отан -тарих,Отан -тіл

Жасаған елің,өз халқың.

Отан- өлкең,Отан -жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан -осы,достарым,

Көңілге оны түйе біл!

«Отан»деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

Қазақстан Республикасының картасымен таныстырамын.

-Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы.Кең- байтақ,ұлан ғайыр жерді алып жатыр.Осы Қазақстанның картасында көрсетілген қалалардың байлығын атап,қандай шикізат алатындарын көрсетемін. Мысалы,біздің бас қаламыз

-Астана (картадан көрсетемін).

-Тағы да басқа қандай қалаларды білесіңдер? Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырамын. Герб,Ту,гимн.Гербтің авторларына жалпы сипаттама беремін.Тудың авторларына жалпы сипаттама беремін.

Гимннің авторларымен таныстырамын. Рәміздерге толық жауап беруге үйретемін.Толық жауаптың берілуін талап етемін.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ

Уақтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өріліер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Балалардың жауабы.





Өлең жолдарын қайталап айтады.


Астана

Қызылорда

Қарағанды

Шымкент

Алматы




Балалар еліміздің рәміздерін айтады.





Қимылдар жасап, бойларын сергітеді.


Рефлексивті

коррекциялаушы

 Оқу қызметін «Күншуақ» ойыны арқылы қорытамын. Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады.Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.Балалардың жауптарына ризашылық білдіріп,мақтаймын,мадақтаймын.


Жауап бере отырып,күнді күлімдетеді.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Игереді: өлең арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.

Меңгереді: ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында,берілген тапсырманы меңгереді.
































19.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Экология

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Астанам – бас қалам

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды елордамыз Астана қаласымен таныстыра отырып, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларға Астана туралы тақпақтар мен Отан туралы мақалдар айтқызу арқылы ой – өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,

Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші балаларға өлең оқиуға ұсыну


Алтай-Жайық арасы,


Жарты әлемдей даласы.


Ол-біздің Қазақстан!


Анамыздай тілеуі-ақ


Отан бізде біреу-ақ


Ол біздің – Қазақстан!



Ойлауға ұсыну:


Қандай ел туралы өлең оқыдым?



Балалар өлеңді мұқият тындайды.






Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Қазақстан Республикасы туралы.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Қазақстан жайлы әңгіме жүргізу, өлеңді талдау.

Сұрақтар:

Президентіміз кім?

Қазақстан Республикасының рәміздері атандар?

Туда не бейнеленген?

Елтаңбада не бейнеленген?

Сендер ,қалай ойлайсындар ел таңбаны қайдан көреміз?

Бас қаламыз қалай аталады?



Балалар қазір бәріміз астана жайында видеофильм қараймыз





Сергіту сәті:



Орнымыздан тұрайық.

Құс болып ұшайық.

Астананың төрінде.

Бәйтерекке ұқсайық.





Туған жер, Қазақстан, Отан жайында мақал-мәтел айтуға ұсыну.

туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.





Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жер алтын бесік.



Тәрбиеші балаларға өз Отанын сүю керектігін айтады.

Балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.



Нұрсұлтан Назарбаев

деп жауап береді.

Әңұран,елтаңба,ту.

Балалар рәмізднр туралы өз ойларын айтады.

Маңызды құжаттарда,теңгемізде.

Астана



Балалар қызыға қарайды







Балалар қимылмен көрсетеді.









Тәрбиешімен бірге Мақал-мәтелдерді қайталап айтады.

Мағынасын түсінеді.











Балалар Туған жер,

өз Отандары жайлы өз ойларымен бөліседі


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бүгін не туралы айттық?

Белсенді қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

Ән ұран орындайды.


Балалар орындарынап тұрып қолдарын кеудесіне қойып әнұран орындайды.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қазақстан, туған жер, Отан жайында мақал-мәтел білу,

Түсінеді: Өз Отанына деген сүйіспеншілік.

Қолданады: Рәміздерді білу. Қала, Астана сөздеріне дыбыстық талдау жасау



20.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: 7,8,9 сандарының пайда болуы. Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін толықтыру,оларды ажыратып атай білуге үйрету, пішіндерді бақылау арқылы айналадағы заттардың пішіндерінің ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата білуін және ой-өрісін жетілдіру.

Сөздік жұмыстар: Геометриялық пішіндер,шаршы,тік төртбұрыш,үшбұрыш,сопақша,шеңбер.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндердің кесінділері,атрибуттар,үлгі суреттер.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қане,қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Балалар шеңбер бойына тұрады.

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды күніміз.


Балалар шаттық шеңберін орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста ауа-райы қандай болады, қандай өзгерістер болады?

-Жақында қандай мерекені атап өттік?

-Қыс мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді?

Тәрбиеші: Балалар сендерге пішіндер туралы жұмбақ жасырсын, сендер шешуін таба алар ма екенсіңдер?

1. Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар,

Бұл қандай пішін.

 Төртбұрыш неге ұқсайды?(терезеге, есікке, тақтаға)
- Менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай екен?.
- Енді тағы бір жұмбақ жасырсын.

2. Үш бұрышы бар

Үш қабырғасы бар,

Бұл қандай пішін.

- Бұл – үшбұрыш. Неге үшбұрыш деп атаймыз?

- Үшбұрыштың түсі қандай екен?

- Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай?

- Үшбұрыштар неге ұқсайды екен?

3.Допқа өзі ұқсайтың,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар...

- Түсі қандай екен?
Тәрбиеші:Дөңгелек неге ұқсайды?

Тосын сый:Қонаққа геометриялық пішіндер келеді.

.

Тәрбиеші: Балалар қане,орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

1,2,3

Бойға жина күш,

Терезені ашамыз,

Таза-ауа жұтамыз.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар!

Дидактикалық ойын: «Үй құрастыру»

-Үйдің шатыры қандай пішінге ұқсайды?

-Үйдің қабырғасы қай пішінге ұқсайды?

Пішіндерден үй құрастыру.


- қыс


- қыста қар жауады, күн суық болады, біз жылы киінеміз



- тәуелсіздік мерекесін









- төртбұрыш






- Қызыл төртбұрыш




Үшбұрыш





- Оның үшбұрышы бар.





- Сары үшбұрыш.



- Үлкен, кіші.


(үйдің шатырына, тұмарға)


Балалар: (Дөңгелек.)



- Допқа, алмаға, күнге ұқсайды.



Пішіндерді үйрендім

Қабырғасы тік сайлы.

Үшбұрыш бол үйлердің,

Шатырына ұқсайды



 Бөлініп ап екіге.

Отырған сәт шетінде,

Төртбұрышта ұқсайды,

Үстелдердің бетіне.


Өмірің менің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ, аяғы

Бір айналым баяғы


Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытынды:

Балалар біз қандай пішіндермен таныстық?

-.

Сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?

.

Балалар осымен біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.


Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек



-Ия,ұнады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды,заттардың ішінен түстерді

табуды;

Қалыптасқан әдет: Геометриялық пішіндердің түсін,көлемін ажырату

Істей білуі: Геометриялық пішіндерді біледі, әртүрлі пішіндер құрай алады.










20.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Өзін – өзі тану

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

Мақсаты:

а)Қазақстан кең-байтақ,бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемілекет астанасы туралы түсінік беру.

ә) Балалардың қызығушылығын,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

б) Балаларды Отан сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кілем,карта,астана,Алматы қалаларының суреттері.

Сөздік жұмыс: Отан.

Билингвальды компонент: Отан-Родина,астана-столица.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттықшеңбері

-Сәлеметсің бе,Күн шуағы!

Сенің шуағың ертемен бізді оятты.

Күн шуағы бізге әрдайым нұрын ша-

шады.Рақмет саған!

Біз өстік,саған қарай қол созамыз,

-Өте жақсы,балалар!Саяхатқа шық-қыларың келе ме?

-Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады,бір біріне игі тілектерін білдіреді.






-Иә.

Кілемнің үстіне отыра-ды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

.Білімдіөзектендіру.

-Сонымен,біз кілемшемен туған өлке-міздің үстінен ұшып бара жатырмыз.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Картадан еліміздің аумағын көрсетіп,

Отанымыз туралыәңгімелеу.

2.Билингвальды компонент:

Отан-Родина,астана-столица.

Отан(Родина)-туған ел,өскен жер.

-Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған.Сары,жасыл,

қоңыр,көк түс те бар.Бұл еліміздің та-биғатының алуан түрлі екенін көрсет-еді. Осы түстер нені білдіреді?

-Балалар,біз қазір елді мекендер үсті-нен ұшып барамыз:кішкентай үйлер,

киіз үйлер,жайлауда мал жайылып жүр,

ешқандай көлік түрлері,түтіндеп жатқан фабрткалар мен зауыттар көрінбейді.Табиғаты әсем,ауасы таза,

суы мөлдір.

Бұл не екен?(Ауыл).

-Бұл еліміздің ең басты қаласы-

Астана.

Астананың үстінен ұшып барамыз.

(Астана қаласындағы жаңа ғимарат-тардың суреттерін көрсету).

-Астана-столица.

3.Сергіту сәті.

«Жақсыма?».

-Күншыққаныжақсыма?

-Желсоққаныжақсыма?

-Достарыңменбіргежүргенжақсыма?

-Анаңдықұшақтағанжақсыма?

-Отаныңдаөмірсүргенжақсыма?

-Үйдеболғпнжақсыма?

-Би билегенжақсыма?

-Отанымныңазаматыболғанжақсыма?

-Қараңдар,біз қарлы шыңы бар таудың үстінен ұшып барамыз.Бұл таулар «Тянь-Шань»,-деп аталады.

Осы таудың солтүстік жағындағы тау сілемдері «Алатау»,-деп аталады.

Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байлан-ысты. Мұндай таулар биік болып келе-ді.Тау етектерінеде орман-тоғай бар.

Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан.

Біз осы қалаға ұшып барамыз.

Тянь-Шань жоталарының етегінде ор-наласқан әсем қаланы «Бақша-қала»,-деп бекер атамаған.Көктем маусы-мында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма,өрік,шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады.

Алматы қаласының атауы алма сөзі-нен шыққан. Дәл осы жерде аты әлем-ге танымал апорт алмасы өседі.



-Қазақстан.



Қайталайды.




Қайталайды.



-Көк,көгілдір түс суды білдіреді.

-Қоңыр түс тауды білдіреді.

-Жасыл түс орманды білдіреді.

-Сары түс шөл даланы білдіреді.


Картадан Астана қа-ласының орналасқан жерін көреді.



-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.










Алматы қаласының көрнекті жерлерінің суреттерін көріп







Алматы жайлы әңгіме-лейді,педагогтың айт-қанын таыдайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бірнеше баладан «Апорт алмасы қан-дай?»,-деген сұраққа жауап алады.

-Міне,саяхат та аяқталды.

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Біз қай жерлерге бардық?


Әсерлерімен бөлісіп,

сабақты қорытынды-лайды.

Отанымыздың кең-байтақ екенін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп,

саяхат-оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырма-ларды.

Түсінеді: Қазақстан Республикасының кең-байтақ және бай мемлекет екенін.

Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.











21.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Астана көшесі

Мақсаты: ұжымжық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір-бірімен ақылдаса, келісе қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру. Дербестікке, белсенділікке бауылу. Еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту, көктемдік талғамын, ой-қиялын дамыту. Кешкі қала көрінісінің әсемділігін, сұлулығын сезіндіру.

Көрнекі құралдар: кешкі қала көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс:әңгімелесу, таныстыру, көрсету.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларға саяхатта көрген-білгендерін әңгімелету. Қала жайындағы түсініктерін тереңдету мақсатында сурет көрсете отырып әңгімелесу.

Қаланың ауылдан ерекшелігіне тоқталу.

-Үйлерді кімдер салады? (құрылысшылыр)

Балалар қала жайлы түсініктерін айтады. Өздері тұратын мекен жайын айтып, қаладан ауылдың ерекшелігіне тоқталады. Балалар педагогтың қойған сұрақтарына жауап береді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, ал сендер кешкі қала көрінісін тамашалап көрдіңдер ме?

-Кешке қала көрінісі несімен ерекшеленеді?


-Бүгін сол сендер тамашалап отырған кешкі қала көрінісін салайық.

Педагог кешкі қала суретін салған  кезде әртүрлі фигураларды молынан қолдануға болатыны, әр үйдің терезесінен түсетін жарық негеәр түсті болуы мүмкін екенін (терезеге тұтылған  перденің түсіне сай), түн мезгілі екенін фон арқылы көрсетуге болатынын, аспандағы жұлдыздарды қылқалам көмегімен салу жолдарын түсіндіреді.


-Иә, тамашаладық.

-Түнде де қала әдемі болады, шамдардың барылығы жап-жарық болып, қала одан сайын әдемілене түседі.

Балалар қажетті құралдарын алып, өз қалаулары бойынша

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар оқу қызметін талданып, қортындыланады. Жақын маңдағы қала көшелеріне мақсатты серуенге барып, қала өмірінің тыныс-тіршілігіне бақылау жасалады.


Жасаған жұмыстарына талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуді, бір-бірімен ақылдаса білуді, кешкі қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуді үйренеді.

Игерді: сурет салудың іскерлік дағдыларын игереді.

Меңгереді: қағаз түстерін, үйлесімділігін бере білуді және қала көшелері туралы түсініктерді меңгереді.







22.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Менің – Отаным Қазақстан

Мақсаты: Отан, Атамекен, Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту, әңгіме мазмұнын түсініп айтуға өз пікірлерін айтып, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу,балалар-дың ой-өрісін кеңейту жәнеОтанға деген махаббатты арттыру.Туған жерінің табиғатын,елін,жнрін,отбасын сүю.Еліміздің байлығын қорғауға,егемен елімізді өркендетуге.болашақ Қазақстанның білімді ұрпағы болуға тәрбиелеу.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады

Ұйымдастырушы

ізденуші

 Балалар, бүгін мен балабақшаға келе жатқанда, хат тасушыны көрдім, хат тасушы маған хат берді. Ол хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін.

..........Балалар, мына хатта біздің  көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды.

Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?

Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?



Тақпақ айту.

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отанана, Отан- үлкен,

Қазақстан - туған ел.

- Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

- Балалар, енді барлықтарын назарларыңды мына Қазақстан Республикасының картасына аударыңдар.

 - Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Дұрыс.

Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?

Өте жақсы балалар.

Ал біздің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?


- Өте жақсы, дұрыс балалар.


Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз,

Отан деген – Қазақстан Республикасы,

Отан дегеніміз-Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.









Балалар сұрақтарға жауап береді.








Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар, айтыңдаршы сендер қандай  Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?

- Өте жақсы. Ал ендеше ән ұранымызды айтайық.

- Балалар өз тілек айтылған жүрекшелерін картаға жапсырады.

Мысалы:

Еліміз аман болсын!

  Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

  Көк туымыз биік болсын!

   Аспанымыз ашық болсын!

Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасын біз көрші  мемлекет Ресей балаларына сыйлыққа жібереміз. Осы картадан ақ түсінеді Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.

Сабақты қорытындылау.


Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.


Балалар: Астана қаласы


Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 24 жыл болды.



Балалар: Ән ұран, ту, елтаңба.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Қазақстан Республика елін танып білуі;

Игеру: Қазақстан Республика туралы білімді игерілуі;

Меңгеру: Өз елі туралы шағын әңгіме айтып меңгерілуі;



















22.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан


Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстаным.

Мақсаты:

Отан деген сөздің мағынасын түсіндіру.

Өзінің Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету, зейіндерін дамыту.

Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, әр мемлекеттің шекарасы көрсетілген саяси карта, қарындаштар.

Сөздік жұмыс: атамекен.

Билингвальды компонент: атамекен – родной край, отбасы – семья, бауырмал – почитающий родственников, қонақжай – гостеприимный.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға орнынан тұруды ұсыну.


Үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Атамекен сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді.


Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.


Билингвальды компонент

Атамекен – родной край, отбасы – семья, бауырмал – почитающий родственников, қонақжай – гостеприимный.

Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болады?








Мақалдың мағынасын ашу.


Отан отбасынан басталады.

Демонстрациялық көрнекілікпен жұмыс.

-Әлемде өте көп елдер бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген.


Сергіту сәті:

Бұл шақта, бұл шақта

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та

Ел қорғауға әзірміз.






-Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз ке-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді.

Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Дүниежүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін бірлікке Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

Балалар енді осы Отанымыз Қазақстанның макетін бәріміз бірге мүсіндеп жасайықшы (ұжымдық жұмыс)


Балалар да өз ойларын жеткізеді:

-Атамекен деп туған жерімізді айтамыз. Ол – менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын.







Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды.

Мақалдың мағынасын талдау: «Отан – біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз». Балалар картадан Қазақстан жерін көреді.



Қолдарын жан-жаққа созады, жоғары көтереді, төмен түсіреді. Отырып-тұрады. Қолдарын беліне қойып, екі жаққа кезек-кезек бұрылады. Қолдарын жоғары көтеріп, адымдайды.



Мұқият тыңдайды, әңгімеге кіріседі.







Туған қаланың, ауылдың көрікті жерлерінің суретін салады. Салған суретінің мазмұны бойынша не салғанын әңгімелеп айтып береді.









Балалар жұмысқа кіріседі

Рефлекциялық – түзетушілік

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы Отан туралы алған білімдері пысықталады.Жасаған жұмыстарын мадақтау

Балалар Отан туралы әңгімелейді.

Балалар қуанып қалады



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ән, мақалдарды тыңдай отырып, мазмұнын түсінуге үйренеді, өз ойын жеткізуге дағдыланады;

Түсінеді: өз Отанының, жерінің, суының сол жерде тұратын адамдар үшін қымбат екенін; еліміздің егемендігі ата-бабаларымыздың аңсаған арманы екенін;

Қолданады: ұжыммен жұмыс жасап үйренеді
















25.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Қазақтың үш биі

мақсаты: Білімділік: Балаларға би, шешен сөздерін жан жақты, ауқым түрде меңгерту, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу,
Тәрбиелік: Жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;
Сабақ типі: аралас сабақ


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

1 2 3 4 5
- Балалар, мен тақтаға нелерді жаздым?
Дұрыс айтасыңдар, бұлар – сандар (цифрлар). Бұл цифрлардың біз үшін маңызы не?(Бұлар - бағалар)
- Қанадай баға жақсы? Бағалардың қасиетін білеміз бе?
- Өте жақсы, балалар, олай болса, бәріміз сабаққа белсенді қатысайық

(сандар, цифрлар)

«Бір»дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі»дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
«Үш»дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт»дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес»дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Ребус шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Үш би.
Мағынаны тану кезеңі (тақырыппен жұмыс)
- Балалар, би, шешен деген сөздерді естігендерің бар ма? Мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі – шешендік – өнері шешен деп – алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады. Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген. Ел аузында:
Төле тауып айтады,
Қазыбек қазып айтады,
Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би – ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би – шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігімен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де – халық қамын ойлаған кісі болған.
Оқулықтағы Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқыту. Мәнін түсіндіру.
- Балалар, өздерің ататектеріңді білесіңдер ме? Қай рудан шыққандығын, қай жүзге жататынын сұрау.
- Төле би Ұлы жүзді, Қазыбек би Орта жүзді, Әйтеке би Кіші жүзді басқарған.
Ой толғаныс кезеңі
Sinkuein (бес жолды өлең)
Төле биден – Ұлы жүз,
Бірінші жолын айтып беру, ары қарай ұйқастар құрау арқылы жалғастыру.
Қазыбектен – Орта жүз,
Әйтекеден – Кіші жүз
Бабалар салған асыл із.

(балалардың ой пікірін тыңдап, толықтырып, жан жақты мағлұмат беру)


балалар сұрақтарға жауап береді

Рефлексивті

коррекциялаушы

Оқу қызметін сұрақ – жауап арқылы қорытындылау

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже

Біледі: Қазақтың үш биін

Түсінеді: шешен деп – алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтатынын

Меңгереді: Үшеуі де – халық қамын ойлаған кісі болғанын








































25.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Қазақстан мақтанышым

Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту, сыйлау; көңіл - күйлерін көтеру,түрлі-түсті қағазды түзу қиып, қайшымен жұмыс жасауды жалғастыру;
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру,сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: Түрлі-түсті қағаз, қайшы, гүл үлгісі, құмыра.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң көк аспан,

Қайырлы таң Жер Ана!

Қайырлы таң достарым,

Сендерді көрсем қуанамын!

Ғажайып сәт: Балалар, топқа келе жатып, қорап тауып алдым, қораптың ішінде хат бар екен, оқып көрейік.

«Балалар, біздің Республикамыздың туған күні келе жатқанын естідім, бірақ Республикамыз қалай аталатынын және туған күніне не сыйларын білмеймін. Маған көмектесіңдерші!»

Қонжық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.










Балалар қызығушылық танытып, көмектесуге ниет білдіреді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған - туыс, бауырымыз, ауыл - қаламыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

-Балалар, айтыңдаршы сендер мерекелерді жақсы көресіңдер ме?

-Қандай мерекелерді жақсы көресіңдер?


-Достарыңның, туған туыстарыңның туған күндеріне баруды ұнатасыңдар ма ?

-Туған күнге не сыйлаймыз?

Қонжықтың хатында жазылған біздің Республикамыздың туған күні келе жатқанын, ендеше Республикамызға арнап гүл сыйлауын ұсынамын.

Гүл жасау үшін бізге не қажет?


Қайшымен жұмыс жасау ережелерін еске түсірейік.

-Қайшымен жұмыс жасаған кезде, өз орныңда отыруға міндеттісің.

- Достарыңның қасына баруға болмайды;

-Қайшыны үстелдің шетіне қоюға болмайды;

-Қайшыны қолға алып жүгіруге болмайды;

Гүл жасау үлгісін көрсету. Ең алдымен балалар гүлдің жапырақшаларын қиып аламыз, содан соң жұмысқа кірісіеміз.

Гүлдің сабағына дөңгелек шеңберді (гүл шоғырын) жапсырамыз, содан кейін түрлі-түсті жолақшаларды жапсырамыз, келесі жағынан дөңгелек шеңберді жапсырамыз; Әдемі гүліміз дайын.



- Қазақстан Республикасы




-Иә


-Балалардың жауабы.

-Иә

Балалар жауап береді.



Балалар қуанып, келіседі.


-қайшы, желім, түрлі түсті қағаз.

Балалар қайталайды.

-Балалар еске түсіреді.







Балалар жұмыс жасау ретін орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы


- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер!


Балалар дайындаған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп құмыраға салады.

Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын!
Т. б.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Түрлі-түсті қағаздан гүл жасай алады;

Түсінеді: Туған күнге сыйлық сыйлау керектігін түсінеді;

Қолданады: қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жабыстырады, сулықты қолданады; 
































26.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сауат ашу негіздері

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Б әріпі мен дыбысы


Мақсаты: Б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Б дыбысын қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.

Қостілді құрам: бақа-лягушка, балапан-цыпленок, балық-рыба.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?

-Аптаның қай күні?

Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді.

-Мынау не екен, балалар?

-Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады).

-Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді.

Жыл мезгілдері суреттері


Бақа

Сұрақтарға жауап береді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу.

Дидактикалық ойын.

Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір телпек көп киіп

Басым содан жалпақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талпақ?

-Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талпақ.

Тәрбиеші балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар көрсетілген заттардың атын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.

-Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?

-Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?

-Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.

-Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші және б дыбысын созып айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тиетінін, б дыбысын созып айтуға келмейтінін, б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айтатындарын айтады.

-Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен?

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.

Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы б дыбысының орнын ажыратқызады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды.

Бала-бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Табада бар,Танада жоқ.

Сабада бар,Санада жоқ. (Б дыбысы)

Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Саңырауқұлақты пана лаған балапандар бейнелеген сурет).

«Саңырауқұлақ» ойынының шарты: балалардың ішінен біреуі «саңырау- құлақ» болып сайланады. Қалғандары «балапандар» болады. «Саңырау- құлақ» қолшатырды ашып, отырады. Тәрбиеші «жаңбыр жауды» деген белгісімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың» астына жиналады.үлгермеген бала ойыннан шығады.

Б әрпі, текшелер, кеспе әріптер,

Балық, балға, балта









Әліппе дәптер








Саңырауқұлақ суреті


Бақаның қимылын жасайды.


Тақпақты бірге орындайды.





Бдыбысымен танысады.


Тапсырмаларды орындайды


















Қимылмен көрсетеді.



Жұмбақ шешеді.


Әңгіме құрайды.


Ойын ойнайды.



Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар қандай дыбыспен таныстық?

Б қандай дыбыс екен?

Мысал келтіреміз.

Балаларды мадақтау


Б дыбысымен

Дауыссыз дыбыс

Балапан, балға т.б


Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: Б дыбысы дауыссыз дыбыс екенін білді.

Қолданады: Б дыбысына сөздер құрайды , сөздер арасында қолданады

Түсінеді: дыбыс,буын туралы түсінеді














26.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру

Рәміздердің мән-мағынасын түсіндіре отырып, құрметтей білуге үйрету

Дамытушылық:Тақпақ-өлеңдер арқылы балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:Өз елінің патриоты болуға отансүйгіштікке, рәміздерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Өлең оқылды

Әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері

Қостілділік компанент: Ту-Флаг, Елтаңба-Греб,Әнұран-Гимн


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін.

Бірге күлсін бүлдіршін

-Балалар,бүгінгі оқу қызметімізде Е.

Өтетілеуовтың «Отан» өлеңімен бастаймыз.

-Қане кім айтады,Отан дегеніміз не?

Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, халқы.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Сұрақ-жауап.


-Біз қай елде тұрамыз?


-Қазақстан Елордасы қай қала?


-Елбасымыз кім?


-Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?


-Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін алып,егемен ел болды.


Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу.


-Біздің еліміздің туының түсі қандай?


Дұрыс...

Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікті, ал аспанда қалықтаған қыран құс өрлікті бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қазақ халқының ою-өрнектерімен көмкерілген.


-Балалар кім мемлекеттік туымыз туралы тақпақ біледі?


-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?


-Сендер қалай ойлайсыңдар, Елтаңбаны қайдан көруге болады?

-Балалар, кім мемлекеттік Елтаңбамыз туралы тақпақ біледі?


-Әр мемлекеттің өз әнұраны болады.Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

Жарайсыңдар, балалар!


Енді орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Елордамыз-Астана


-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


-Елтаңба,Ту,Әнұран







-Туымыз ашық көгілдір түсті.



Алина.


Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

-Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түстің Аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақта жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан.

-Қазақстан Республикасының Шекарасында, маңызды құжаттарда,теңгемізде бейнеленген.


Ернар.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Биігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.




Балалар сергіту жаттығуын бірге орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап,биікке көтеріп жүруіміз керек.

Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасын таныта аламыз.

Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтежесі:

Нені біледі:Қазақстан Республикасының рәміздері Ту,Елтаңба, Әнұран туралы.

Қандай түсініктерді игерді: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы екенін.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Тақпақтарды мәнерлеп айта алады.






















27.12.2017ж

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім бөлімі: Қауіпсіз мінез құлық негіздері

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Қоғамдық орындарда өзін ұстау


Мақсаты: Балаларды өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру. Балардың ақыл ойын дамыту. Балаларды қоғамдық орындарда өзін- өзі ұстайбілуге тәрбиелеу.

Қос тілділік компонент: Ереже – правило - principle


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Балалар қимылмен көрсете отырып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар қазір бізде валеология сабағы. Қазір біз сабақта өзін - өзі ұстау ережелері жайында өтеміз. Біз қоғамдық орындарда, үйде, бала бақшада және тағы басқа жерлерде өзімізді әдепті ұстай білуіміз керек. Ол үшін біз мынандай қағидаларды ұстануымыз керек. Сендер тамақ ішкенде өзімізді қалай ұстау керектігін білесіңдер. Сол ережені есімізге түсірейікші.

Сергіту сәті.

Қоғамдық олрындарда өзін - өзі ұстау ережелерін үйрету.

Ойын: «Өзіңді әдепті ұстай білесің бе?»


Балалар қоғамдық орындарда өзін - өзі ұстай білуге үйренеді.







Тамақ ішкендегі ережелерді естеріне түсіріп айтып шығады

Сергіту сәтін орындайды.

Ереже жаттайды.

Ойынды қызығушылықпен орындайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Тамақ ішердегі ережені.

Нені игереді: Өзін - өзі ұстау ережелерін үйренеді..

Нені біледі: Сұрақтарға жауап бере.



















27.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Заттардың шамасына қарай және кему ретімен қалыптастыру

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып
салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан -жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Балалар

шаттық шеңберін

орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.
Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.

Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал
Балаларға тапсырма:
Балалар сендерге қуыршақтар тағы да көп алма теріп берсе екен дейді. Қане, қуыршақтарға алма теріп береміз ба?
Олай болса, сендердің алдарыңда алма ағашында көп алмалар өсіп тұр, сол алмаларды теріп себетімізге салып толтырайық.

Балалар жұмысын бақылап, кімнің қай түсті алманы көп немесе аз жинағанын сұрап анықтау.
Жарайсыңдар балалар! Алмаларды көп терген екенсіңдер.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу қызметіне келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.
Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.
Ең үлкен қуыршаққа қандай
орамал сыйлаймыз?
Әр қуыршаққа өзіне сәйкес
орамалдар беріледі.

Балалар

барлық сұрақтарға жауапи беріп, оқу қызметіне белсене қатысады

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балаларды мадақтау!
Есік қағылып, сырттан қолында бір қорабы бар тәрбиеші кіреді.
Балалар біздің қуыршақтарымыз сендерге және де бір сыйлық ала келген. Оны білу үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Өзі сондай сүйкімді, жүні жұмсақ, балалардың досы, тік құлақты, сүтті жақсы көретін ол не екен?
иә, балалар ол мысық екен. Ол мысықтың өзі емес қасында
- балалары да бар екен.
Бұл мысықтарды қуыршақтар сендерге ойнасын деп әкелген.

Ойыншықтармен

ойнайды


Күтілетін нәтиже: Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып салыстыра білу.
Жасай алуы: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.







27.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Өзін – өзі тану

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Мен және менің әлемім

Мақсаты: әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру, балаларға әлем туралы түсінік беру.

 Қолданылатын көрнекі құралдар: жүрекше, дәптер, хрестоматия.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

аттық шеңбері

Қайырлы күн,балалар! Мен  сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки,бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып қуаныш сыйлап көрейікші!

Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.

Балалар төмендегі өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.


Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Жарайсыңдар балалар!


Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Әңгімелесу

-Балалар,біз бүгін «Өзін өзі тану» сабағында өзіміздің әлеміміз туралы әңгімелесеміз.(Тәрбиенші балаларға айна әңгімесін оқып береді)

Айна

Ертегі.

Бір күні кірпі, қоян, керік (жираф) орманда келе жатып, ағаштың артынан бір нәрсенің жылтырағанын байқайды.

Олар сол затқа қарай жақындап келіп, мұқият қарайды.

-Өзінің үсті басы тікенек, кішкентай ғана көздері бар.

Бұл кім? -деп сұрайды кірпі.

-Кәне, көрейікші, -дейді қоян.

-Жоқ, оның мүлде тікенегі жоқ, құлағы ұзын, көзі қызыл, мойыны қысқа ғой.

Мен де көрейінші,-деп керік килікті.

-Жоқ, оның мойыны қысқа емес ұзын, құлағы тікірейген, бойы биік,- деп таңғалысты.

Балалар, кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды?

Кішкентай достарымыз айнадан неге әр түрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?

Балалар, айнаға қараңдаршы.

Сендер кімді көріп тұрсыңдар?

Ал, енді бір-біріңе қарап, ұқсастарың мен айырмашылықтарыңды айтыңдаршы.


Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыспен көрсету.

       Мынау-менің жүрегім,

       Бәрі осыдан басталған.

       Мынау-басым ақылды,

       Бәрін осы басқарған.

       Мынау-менің оң қалам,

       Мынау-менің сол қолым.

       Барлық істі атқарған.


Дәйексөз

Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала-қуаныш»  деген мақалды сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

-Жақсы бала жақсы істермен ата-анасын, туған-туысқандарын, ел-жұртын, жақындарын, достарын қуантады.


Тыныштық сәті

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Енді өздеріңнің әлемдеріңді елестетіңдер.

Сол елестеткен сәттеріңді дәптерге суреттеп береміз.


Дәптермен жұмыс

 -Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер.


Балалардың жауаптары.







Ертегіні балалар мұқият тыңдады.












Айна тауып алды.












Балалар сергіту сәтін қимылмен жасады.








Мақал- мәтелді жаттап алды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау

 -Бүгінгі сабақта біз адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін, мейірімділігін, қамқорлығын сөз еттік. Адамдарға сүйіспеншілік танытып, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету нағыз жақсы адамға тән қасиет екендігін ұғындық.


Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер бойына жиналып, тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

«Әрқашан күн сөнбесін»әні.


Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:әңгімелеп беруді;

Игереді: «Мен және менің әлемім» әңгімесін;

Меңгереді:әңгіменің мағынасын.







27.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Бәйтерек

Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылған әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері.

Билингвальды компонент:


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күй кешейік

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Балалар бірге айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым –астанам.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?

Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

Сулы Жасыл бульвар-Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек-Астананың басты белгісі.

Тәуелсіздік Сарайы-мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі-Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы-Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі-цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Астанада ең әсем мұзқалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

Оқу орталықтарында жүрізілетін жұмыстар.
Балалар өз таңдаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

1. Ғылым орталығы:

Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: А,с, т,а,н,а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А-ана, алма...

С-су, сан,...

Т-таң, тамаша,..

А-асыл, ата,..

Н-нан,нар,..

А-апа,алқа,..

Балалар өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

«Өнер», орталығы

Тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен өткізіледі.

Бәйтеректі жапсырады.

Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сүрайды.

Сергіту сәтін өткізу.

-Қазақстан Республикасы.

-Елордамыз-Астана қаласы.







Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалар мұқиат тыңдайды.










Сөйлем құрайды.









Астана туралы өлеңдер оқиды.







Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету















Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Астана қаласы туралы білу

Болу керек: Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету

Үйрену керек: Астана қаласының көрікті жерлерін атайды.

























28.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Қазақстанның Мемлекеттік туы

Мақсаты:

Білімділігі: Туған елі, жері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: ҚР рәміздері туралы түсіндіру және оларды құрметтеуге үйрету.

Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Елтаңба,туы, әнұран.

Билингвальды компонент: Елтаңба-герб, ту-флаг, әнұран-гимн.

Әдіс-тәсілі: Шаттық неңбер, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, сурет салу.

Көрнекілігі: Такқырыпқа байланысты слайд, суреттер, ақ қағаз қылқалам, гуашь.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері .


Біз қандаймыз , қандаймыз ?

Шұғылалы таңдаймыз ,

Күлімдеген күндейміз ,

Еш уайымды білмейміз.

Балаларға әнұранды айтқызу.

(Орындарына отырғызу.)



Шаттық шеңберіне тұрып амандасады.



Оң қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды айтады.



Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар біз қай елде тұрамыз?

-Елбасы кім?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз Қазақ елінде тұрамыз. Біздің кең байтақ еліміз,жеріміз, көп ұлтты халқымыз, өзен-көліміз, тауымыз бар, әлемдегі бай елдің біріміз. Біздің Отанымызды жақсы көреміз, сүйеміз. «Қазақ» елі екенін дәлелдеп тұратын рәміздеріміз бар.

Рәміздерге: әнұран, ту, елтаңба жатады.(Слайд арқылы түсіндіру.)

ҚР Әнұран-ол жеңістерге жеткенде, қандайда бір мемлекеттік іс-шаралар болғанда және өзіміз әр аптаның бірінші күні оң қолымызды жүрек тұсына қойып айтатын ән. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

ҚР мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сол жағында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн , оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығы ½. Авторы: суретші-Шәкен Ниязбеков.

ҚР мемлекеттік Елтаңбасы-дөңгелек пішінді, көк және сары түспен бейнеленген. Ортасында шаңырақ, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздағы қанатты пырақтар бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде -бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

Біздің елімізде осындай рәміздеріміз бар, біз оны құрметтуіміз керек.

Сергіту сәті: Туған жерім тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Құшағымды ашамын.

Достарыма қуана.


Билингвальды компонент:Елтаңба-герб, ту-флаг, әнұран-гимн.

Сөздік жұмыс : Елтаңба, ту, әнұран.

-Балалар сендер сурет салғанды жақсы көресіңдер ме?

(Тудың суретін көрсетіп)

-Мынау ненің суреті?

-Түсі қандай?

Тәрбиеші: Қазір біз жалаудың суретін саламыз.

Дайын тұрған көк түсті жалаудың бетіне сары түсті пайдалана отырып, күннің суретін толықтырып саламыз.


Тәрбиеші жеке жұмыс қажет ететін балаларға көмектеседі.




Балалардың жауаптары..










Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
















Балалар сергіту жаттығуын жасайды.





Қостілде қайталап айтады.




-Тудың.

-Көк.


Балалар қолдарына қылқаламды алып, сары түсті іліп тудың бетіне күннің суретін толықтырып салады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау:


-Біз қай елде тұрамыз?


-Елбасы кім?


-Ұлтымыз қандай?


-Рәміздерге нелер жатады?


-Біз ненің суретін салдық?


Оқу қызметін қорытындылап, балаларды мақтап мадақтайды.


Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Салған суреттерден көрме жасайды.


Күтілетін нәтиже:


Біледі : Өздерінің туған, елі, жері туралы.

Игереді: ҚР рәміздері туралы оларды құрметтеуді.

Меңгереді: Өз Отанын сүйеді.









29.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні


Мақсаты:Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, суреттер.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сәлеметсіңдерме балалар!!! Бүгінгі күнге деген көңіл-күйлерің қалай?

Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.


Сәлеметсізбе



Жақсы


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар мына экранға назар аударып қараңдаршы. Кімді көріп тұрсыңдар?


Дұрыс айтасыңдар балалар. Біздің елбасымыз.

1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Біздің президентіміз қай қалада тұрады?

Дұрыс айтасыңдар Астана-бас қалада тұрады.

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.

Жақсы балалар ендігі кезекте сендердің жаттаған тақпақтарыңа берейік.


Өте жақсы балалар-тақпақты жақсы жаттап алыпсыңдар.

Қане бәріміз орнымыздан тұрып әнімізді орындайық.


ӘН: «Көк тудың желбірегені»

Көк тудың желбірегені

Қазақстың асқақ беделі

Махабат қайрат екеуден

Шымырлатқаны денені


Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені



Астанада











Балалар орындарынан тұрып, іс-әрекетпен көрсетеді.



Рефлексивті

коррекциялаушы

Біздің елбасымыз кім?

Біздің Республикамыз?

Астанамыз қай қала?


Н.Назарбаев

Қазақстан

Астана



Күтілетін нәтиже

Біледі: Астанамыз қай қала екенін

Түсінеді: Қандай мереке келгенін

Меңгереді: Әнді жаттап алады











































29.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Зымыран


Мақсаты: 1. Балаларға ғарыш, ғарыш кемесі, аспан әлемі туралы түсінік беру.

2. Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

3. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Үлгі сурет, мүсін, аспан әлемі суреті, ермексаз, керекті құралдары, суреттер.

Әдіс – тәсілі: Шаттық шеңбері, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту, ойын, мүсіндеу.



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Шолып аспан әлемін,

Қайырлы таң, қане күн!

Деп айтайық бәріміз,

Жолдап жүрек жылуын.

Балалар шаттық шеңбері тұрады, бір – біріне жақсы тілектерін жолдайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар, кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады. (атрибуттар)

Бұлт: Жер анаға көмегім,

Жаңбыр болып төгемін.

Төмендеймін, көлбеймін,

Бөгелмеймін, өрлеймін.

Тамшы: Бұлттар, бұлттар,

Ойнашы, күркіреп, дүркіреп.

Бұлттар, бұлттар,

Ойнашы, сіркіреп, дүркіреп.

Су: Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Су ағады, сыңғырлап.

Күн: Құшағын ашып шуақты,

Күнмін алтын сияқты.

Жарайсыңдар балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет ерекешеліктерімен қуантады.

Балалар қазір көктем мезгілінің қай айы?

Иә, бұл сәуір айында бір үлкен мереке бар.

Ол ғарышкерлер күні. Ғарышкер дегеніміз аспан әлеміне ұшатын

адамдар.

- Олар немен ұшады сіздер білесіздер ме?

- Балалар, осы зымыранмен ғарышқа тұңғыш қазақ елінен Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты ағаларымыз ұшты.

Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламшарында өмір сүреміз.

- Балалар сіздер қандай әуе көліктерін білесіздер?

- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.

Бүгінгі Жапсыру оқу іс – әрекетінде «Ғарыш кемесі» тақырыбында өтеміз. Балалар сіздер ғарышқа ұшқыларын келе ме?

Ендеше мына ғарыш кемесіне қараңдаршы.

- Бөлшектері қандай пішіндерге ұқсайды?

Балалар бізде осындай ғарыш кемесін мүсіндеп үйренеміз бе?

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық,

Зымыран боп ұшайық.

Ай бетінде болайық,

Қайта жерге қонайық.

Ғарыш кемесін мүсіндеу жолдары:

- Ермексазды жұмсарту.

- Бөлшектерге бөлу.

- Алақан ортасына салып сопақша түрге келтіру.

- Бөліктерді бір – бірімен біріктіру.

Д/ойын: «Ғарышқа саяхат»

Алдымызда үлкен ғалам бар. Балалар таңғажайып әлемге келгендейміз. Міне, қараңдаршы бұл аспан әлемі.

- Аспанда нелер бар?

Күннің айналасында жер және планеталар болады. Жердің күнге қараған жағы жарық, ал екінші жағы қараңғы болады. Айдың жылуы өте аз.

Аспан әлемінде саяхат жасай жүріп тапсырмаларды орындайық.

Д/ойын: «Зымыран құрастыр»

Пішіндер арқылы зымыран құрастыру.


- Қандай пішіндерден зымыран құрастырдық?

Ойын: «Көліктер»

Тақтаға көліктердің суреттерінің ішінен ғарыш көліктерін бөліп алуды ұсыну.

Көктем мезгілі.






Балалар көктем ерекшеліктерін рөлге ойнап көрсетеді.

















Сәуір айы






Ғарыш кемесімен, зымыран.









-Тік ұшақ, ұшақ, зымыран.











Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.




Қимыл жасайды серігеді.




Балалар ермексаз арқылы зымыран кемесін мүсіндеді.


Ай, жұлдыз, күн.


Пішіндерден зымыран құрастырылды.


Сұраққа жауап береді.


Ойынға қызығушылықпен қатысады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар аспанға кімдер ұшады?

Олар немен ұшады?

Балалар біз не мүсіндеп үйрендік?

Тұңғыш қазақ ғарышкерлері кім?

Ойындар ұнадыма балалар?

Балалар сұраққа жауап береді. Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ғарыш, Зымыран.

Түсінігі: Ермексаз арқылы пішіндерден ғарыш кемесі мүсіндеуге болатынын

Нені біледі: Өз бетімен ермексазбен жұмыс жасауды.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!