400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үш тілділік заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш тілділік бүгінгі заман талабы,сондықтанда тілді қадірлеу өскелең ұрпақтың парызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы, білім басқармасы жанындағы Целиноград ауданы,

Жаңаесіл ауылы МКҚМ Агротехникалық колледжі





Педагогикалық оқылым

Баяндама тақырыбы:

«Picture 3
Үш тілділік заман талабы»




Дайындаған: Утениязова Т.Д.
















Жаңаесіл-2020




Үш тілділік заман талабы

Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол  мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады.

Picture 5

Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»

"Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", – деді Қазақстан президенті

Қазіргі кездегі ең ауқымды мәселе болып тұрған, ешкімді де дүр сілкіндірмей қоймаған мәселе – «Үш тілді білім беру»  программасын жүзеге асыру болып отыр. Үштілді оқыту – заман талабы.     Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде. Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат-«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Қазақ тілі-елдің қазынасы. Қазақ тілінің шырыны-бабалар өсиеті.«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Тіл-халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәрімізде қолдаймыз.
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап  қуанатынымыз да белгілі.
Үштұғырлы  тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған жүйе.

Үш тілді қоса меңгерту үшін Мұғалімнің ең басты назар аударатын  мәселесі – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде  сан  мыңдаған әдістер бар.Студенттерге Үш тілді меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек.
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, тәсілі.
Ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті қашан және қалай қолдану керектігін алдын ала жоспарлап отыруы керек. 

Әдістің негізін құрайтын қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Әдістің түрлері: 
сұрақ-жауап  әдісі
оқушының логикалық қабілетін арттыру
баяндау (дәріс)
ойын элементтері
топтық, ұжымдық
деңгейлеп оқыту
ой қозғау
ой қорыту
іскерлік ойындар
танымдық ойындар арқылы оқушының белсенділігін және шығармашылық қабілетін арттыру т.б.

Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі

Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызуда күтілетін нәтижелер:
Оқуға қызығушылық артады
Сабақта белсенділік жоғарылайды
Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды
Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады
Сөйлеу тілі қалыптасады
Топпен, жұппен жұмыс жасауды үйренеді

Өз тәжірейбемде 2 курс студенттерімен белгілі бір мәтін бойынша жұмыс түрлеріне тоқталамын. Мәтін бойынша сай келмейтін ақпаратты табу, сәйкес ақпаратты табу, сұраққа мәтін бойынша дұрыс жауапты табу, қандай тірек сөздер бар, асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз тәрізді тапсырмалар беремін. Сол сияқты суреттер сөйлетеміз. Бұл студенттердің қызығушылығын оятып, логикалық ойлануына, мәтінді түсінуге жетелейді. Қазіргі заманғы әдіс-тәсілдердің ішінде ең қолайлысы – компьютерлік технология. Сабақ барысында мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, стратегияларын пайдаланамын. Яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Алты қалпақ», «Венн диаграммасы», «Фишбоун», т.б.

Қорыта айтқанда осындай әдістерді қолданып оқытсақ студенттеріміз заман ағымынан қалыс қалмайды деп ойлаймын.Өйткені ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.01.2021
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі