Материалдар / Үш тұғырлы тіл заман талабы

Үш тұғырлы тіл заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
745
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Үш тұғырлы тіл -заман талабыСабақтың мақсаты: Студенттерге көптілде сөйлей алатын тілдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру туралы түсіндіру. Үш немесе одан да көп тілде қарым-қатынас жасай алуы және дерек жинай білуге үйрету.Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы.2.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Оқытушы: Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды.Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыруы білім берудің барлық деңгейлерінде оқу бағдарламалары мазмұнының жаңаруына; бірыңғай білім беру ортаның аясында үш тілде білім берудің бірізділігін қамтамасыз етуіне; үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың жүйесін жетілдіруіне; Қазақстанда үш тілде білім беру саласындағы тиімді ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етуге; «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасын  дәріптеуге бағытталған. Жол картасында 7 стратегиялық бағыттар қарастырылған:1. Үш тілде білім берудің нормативтік және құқықтық базасын жетілдіру;2. Үш тілде білім берудің мәселелерін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметі;3. Үш тілде білім берудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;4. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру;5. Үш тілде білім беруді институционалдық тұрғысынан қолдау;6. Үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау;7. Үш тілде білім беруді қаржыландыру.Көптілді білім берудің мақсаты:
  • Халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге түсе алатын көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
Міндеттері:
  • Студенттердің жеке қабілеттеріне қарай көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;
  • Жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін енуіне жол ашу;
  • Өз қабілеттерін дамытуға мүмкіншілік беру.
3.Студенттермен әңгіме жүргізуге арналған сұрақтар:Үш тілде білім беруді қалай түсінесің?2 Сен өз ана тіліңді жетік меңгергенсің бе3 Орыс және ағылшын тілін меңгеру қиын емес па?4 Үш тілде еркін сөйлей аласың ба?5 Өз еліңнің патриотысың ба?6 Үш тілде жазу қабілетің қандай?7 Қазіргі қоғамда үш тілді меңгеру керек пе4.Тренинг-ойынБарлығың үшке бөлініп, бір- біріңе қарап тұрыңдар. Бірің қазақ тілі, бірің орыс тілі, бірің ағылшын тілі боласыңдар.Қазақ тілі – 2 топқа қазақ тілінде күнделікте қолданыстағы 10 сөзді ата, 2 топ топ аттарына сәйкес аудармасын айтсын.Сабақты қорытындылау: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.Жеті  түрлі білім біл,Жеті жұрттың тілін біл.                              Мақал   



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ