М.Әуезов
атындағы №7 орта
мектеп
Диретордың тәрбие
ісі
жөніндегі
орынбасары
Қойшығұлова
М.
«__»________
2017ж
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«Үш
тұғырлы тілге сіздің көзқарасыңыз қандай?»
Тарих пәнінің мұғалімі:
А.Н.Қалбағаева
Атырау
-2017жыл
Дебат
барысы:
Жүргізуші:
«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың
күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың
арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні
естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл
– адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты.
Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деп Кәкен
Аханов айтқандай, тіл – біздің өміріміз бен қоғамымыздың ажырамас
бөлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі.
Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш
тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен
Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007
жылғы жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мəдени жобаны
кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша Қазақстан
халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге
танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –
ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі жаһандық экономикаға
ойдағыдай кіру тілі. Біздің халқымыз үшін қазақ тілінің
маңыздылығын жəне оның еліміздегі орын алуы туралы қазақ халқының
зиялы азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі.
Қазіргі уақытта да бұл мəселеге мемлекет тарапынан аса назар
аударылатындығы баршамызға
мəлім. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің»
мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын
көпшілік ұғына алмауда.
Құрметті ұстаздар және жарысқа
қатысушылар!!! Бүгінгі «Үш тұғырлы тілге сіздің көзқарасыныз
қандай?» деген мәселені талқылап, ой түюге Қош келдіңіздер!!!
Жалпы, бүгінгі күні осы тіліміздің біздің өмірімізде алатын орны
қандай? Үш тұғырлы тіл саясатын қолдау маңызды ма? Өзге тілді
үйретеміз деп жүріп, ана тілімізді жоғалтып алмаймыз ба? «Таяқтың
екі ұшы бар» дегендей, осы мәселе бойынша екі жақтың пікірлерін
тыңдап, өзімізге керектіні алып, осы сұраққа нақты жауапты дебатта
табуға тырысып
көрейік!
Демек, алдарыңызда - бүгінгі дебат,
пікірталас сайысының қатысушыларымен таныс болыңыздар, бүгінгі
таңда елімізге үш тұғырлы тіл саясатының қаншалықты маңызды екенін,
оның пайдалы жақтары жайлы сөз қозғайтын «Парасат» тобы. Жақтаушы
топтың құрамында:
-
Қуанбаев
Айдын
-
Мұратова
Гүлназ
-
Жакиева
Альбина
Ал, жоғары да айтылғандай, таяқтың екі ұшы
бар. «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдайтын топқа қарсы пікір айтатын,
мұндай саясаттың кері
әсері жайлы сөз қозғайтын «Айқын» тобы, бір
сөзбен айтқанда даттаушылар құрамымен таныс
болыңыздар:
-
Мағазова
Дана
-
Мақсотов
Мақсат
-
Жекенова
Ботакөз
Бүгінгі пікірталасымыз әділ,
дұрыс бағалайтын ортамызда сарапшыларымыз бар. Таныс
болыңыздар.
Сарапшылар:
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі:
Құрақбаева
Күмісай
Мектебіміздің Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Қойшығұлова
Майжан
Ендеше, бүгінгі ашық пікірталастың
шарттарымен таныстырып
өтейік.
1.
Сәлемдесу;
2. Топтардың өздерін
таныстыруы;
3.
Аргументация (дәлелдер
келтіру);
4. Сұрақтар
қою;
5. Сарапшылардың
қорытындысы.
Сайысымыздың
ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ
болу;
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес
болмау;
3. Мысқыл сұрақтар қоюға
болмайды;
4. Қарама- қарсы сұрақтарға берілген уақытты
тиімді пайдалану;
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу
шарт.
Жүргізуші:
Ал, енді, құрметті қатысушылар, сіздерге
сәттілік тілей отырып, дебаттың І кезеңін, яғни өзімізді
таныстыруды
бастайық!
Сөз кезегі қатысушыларға
беріледі. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы «Парасат»
тобының мүшесіне
береміз. Естеріңізге сала кетейін, регламент
3-5 минут.
«Парасат»
тобы......... сөз кезегі
өздеріңізді.
Жүргізуші:
Сонымен, бұл дебатқа қатысушы топтармен таныс
болдық. Ендеше дебаттың негізгі бөліміне көшейік, осы бөлімде өз
резолюцияларыңызды толықтыра түсіңіздер! Қатысушылар бұл кезеңде өз
пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар,
статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы
топтар әр дәлел бойынша кезекпен - кезек сөйлейді. Әр топ өз ойын
жеткізгеннен кейін қарама-қарсы топтар бір-біріне сұрақ
қояды.
Жақтаушы «Парасат» тобы.......... сіздердің
ойларыңызды тыңдауға
әзірміз.
«Айқын» тобы «Парасат» тобына сұрақтарыңыз
болса 2 минут уақыт сіздердің еншілеріңізде, уақытты ұтымды
пайдаланыңыздар!
Даттаушы «Айқын» тобы ............
........... сөз кезегі
өздеріңізде.
Ал, қарсылас топ қояр сұрақтарыңыз болса, 2
минут уақыт сіздердің
еншілеріңізде!
Жүргізуші:
Дебаттың негізгі бөлігінде қатысушылар өз
ойларын айтып, жақсы сұрақтар қойлды. Енді, дебаттың қатысушылары
бұл кезеңде алдыңғы кезеңдерде айтылған ой-пікірлеріңізді
қорытындылап, тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін жасаңыздар!
Естеріңізге сала кетейін, регламент 3-5
минут.
Жүргізуші: Екі топта өз пікірлерін қорытындылап
болды. Сонымен, бүгінгі дебатта әр түрлі ойлар,
маңызды пікірлер айтылды. Дебаттың соңында, осы сайысқа куәгер
болған сарапшыларға сөз кезегін берейік.
.........
Құрметті сарапшылар, сіздер
қай топтың берген жауабы, ой пікірлері ұнады сол топқа өз
дауыстарыңызды берсеңіздер.
.....
Сонымен қатар бұл сайысты
басынан аяқ тамашалап отырған көрермендеріміз отыр. Оларға да өз
ойларын жеткізуге рұқсат берсек. Бүгінгі дебатқа екі топ қатысып
отыр. Сіздерге қай топтың берген жауабы, келтірген дәлелдері, және
де айтқан аргументтері нақты болды деп, қай топтың көрсеткен өнері
ұнаса сол топқа дауыс беріңіздер. Егер, «Айқын» тобының берген
жауаптары ұнаған болса, онда қызыл карточканы көтеріңіздер. Ал,
егер «Парасат» тобы ұнаса онда жасыл карточканы көтеріңіздер.
Осылайша біз сарапшылар мен көрермендердің берген дауыстары бойынша
бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын
анықтаймыз.
Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, ұстаздар мен
көрермендер бүгінгі дебат пікірталас сайысымыз өз мәресіне
жетті! Ұлы дала академитері айтқан: «Еліңді,
жеріңді, тіліңді құрметте. Еліңді жамандасаң, көмусіз қаласың,
жеріңді қорғамасаң кебінсіз қаласың, тіліңді қорғамасаң, қадірсіз
боласың».
Сондықтан елімізді, тілімізді құрметтеп,
басқа тілге бұрмаламай таза сөйлейік. Қош сау
болыңыздар!