Материалдар / Үшбұрыш және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үшбұрыш және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.



Бөлім: 7.2В Үшбұрыштар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.13

Үшбұрыштардың түрлерін ажырату;



Сабақ

мақсаттары

Үшбұрыш анықтамасын біледі және үшбұрыш түрлерін ажырата алады. Үшбұрыш түрлерінің ерекшеліктерін есептер шығаруда қолдана біледі.

Бағалау

критерийлері

Үшбұрыш анықтамасын біледі;

Үшбұрыш түрлерін ажырата алады;

Үшбұрыш қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Лексика және терминдер

- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;

- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;

- катет, гипотенуза;

- табаны, бүйір қабырғасы;

- қабырғалар арасындағы бұрыш;

- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;

- қарсы жатқан бұрыш;

- бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет;


Құндылықтарға

баулу




Оқушыларға өз ойларын жеткізуді үйрете отырып, ашықтық құндылығын оқушылар бойында дарыту; ынтымақтастық; өзіне және айналадағы адамдарға құрмет.

Пәнаралық

байланыстар

География

Бастапқы білім


Жазықтық, парралель түзулер, перпендикуляр түзулер, бұрыштар, т.б.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



















5 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Оқушы көңілін сабаққа аударып, ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушыларға бағалау парақшасын тарату, бағалау критерийлерін түсіндіру.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

  • Оларға картоннан қиылған әр түрлі үшбұрыштар таратылады.

  • Оқушылар үшбұрыштың түрлеріне қарап, айырмашылығы мен ұқсастығына қарай бөліне бастайды.

  • Үшбұрыштың түрі оның қабырғаларының ұзындығына (теңқабырғалы, теңбүйірлі, әр қабырғалы) және үшбұрыш бұрыштарының (сүйірбұрышты, тікбұрышты, доғалбұрышты) шамасына байланысты болатынына көңіл бөледі.

Ой қозғау

  • Төмендегі фигуралар ішінен үшбұрышты көрсетіңіз:

  • Қандай фигура үшбұрыш деп аталады? Үшбұрыш қалай белгіленеді?






Бағалау парақшалары;



Кері байланыс кестесі;



Тең бүйірлі, тең қабырғалы, әр қабырғалы үшбұрыш фигуралар




Сабақтың ортасы

5 минут

































Жұптық жұмыс 5 минут





























Өздік жұмыс

5 минут





























Топтық жұмыс 7 минут



























4 минут


ІІ Жаңа сабақты меңгерту

Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына байланысты түрлері:

  1. Қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын әртүрлі қабырғалы үшбұрыш

  2. Екі қабырғасы тең болатын теңбүйірлі үшбұрыш. Теңбүйірлі үшбұрыштың өзара тең екі қабырғасы оның бүйір қабырғалары, ал үшіншісі – табаны деп аталады.

  3. Үш қабырғасы өзара тең болатын теңқабырғалы үшбұрыш.

Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлері:

  1. Үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш;

  2. Бір бұрышы тік болатын тікбұрышты үшбұрыш. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары оның катеттері деп, ал тік бұрышқа қарсы жатқан қабырғасы – гипотенузасы деп аталады.

  3. Бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

ІІІ. Тапсырмалар

1. Жұптық жұмыс

А деңгейлі тапсырманы сәйкестендіру арқылы орындайды. Оқушылар өз жұбымен ақылдасып, бірлесе орындайды.

Үшбұрыш түрлері

Анықтамалары

Тен қабырғалы

Үш бұрышы да сүйір болатын үшбұрыш

Тең бүйірлі

Үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш

Әр қабырғалы

Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш

Сүйір бұрышты

Қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын үшбұрыш

Тік бұрышты

Бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш

Доғал бұрышты

Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш



Дағды: Білу, түсіну

Дескриптор:

  1. Үшбұрыш түрлерінің анықтамасын біледі

  2. Үшбұрыштарды анықтамасымен қатесіз сәйкестендіреді

2.Өздік жұмыс

В деңгейі

Барлық топқа есеп шарты бірдей 5 тапсырма беріледі. Әрбір оқушы топқа берілген 5 тапсырманың ішінен біреуін суырып алады. Әр топтағы бірдей есебі бар оқушылар есептің жауабын бір уақытта көтеріп отырады. Есеп шешімдері презентация арқылы көрсетіледі.

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 24 см болса, оның қабырғасының ұзындығын тап.

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 5 см болса, периметрі неге тең?

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 30 см. Егер бүйір қабырғасы 8 см болса, табан қабырғасын тап.

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 18 см. Егер табан қабырғасы 4 см болса, бүйір қабырғасын тап.

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 5 см, ал табаны 3 см болса, периметрін тап.

Дағды: білу, түсіну, қолдану

Дескриптор:

  1. Есеп шартына сәйкес суреттер сала біледі

  2. Үшбұрыш түрлерінің қасиеттерін біледі

  3. Үшбұрыш қасиеттерін есептер шығаруда қолданады

3.Топтық жұмыс

С деңгейі

Графикалық органайзер әдісі бойынша оқушылар кесте бағаны мен жолының қиылысу ұяшығына пайда болған үшбұрыштың суретін салып, бұрыш өлшемдерін жазады. Галереяға саяхат әдісі бойынша өзге топтың толтырған кестесі бойынша өз ой-пікірлерін білдіреді

Үшбұрыштар

Әр түрлі қабырғалы

Тең бүйірлі

Тең қабырғалы

Сүйір бұрышты




Доғал бұрышты




Тік

бұрышты




Дағды: Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

Дескриптор:

  1. Үшбұрыш түрлерінің қасиеттерін біледі

  2. Қабырғасының ұзындығына және бұрыштық өлшемдеріне байланысты үшбұрыштарды байланыстыра алады

  3. Суретін дұрыс сала біледі

Бермуд үшбұрышы туралы бейнеролик





Презентация

















































Үлестірме қағаздар





































Үлестірме қағаздар











































Презентация, кесте, А3 формат

































https://www.youtube.com/watch?v=oCN7RiEDx2A

Сабақтың соңы

4 минут







Кері байланыс 5 минут

Сабақты қорытындылау.

оқушы

1-тап.

2-тапс.

3-тапс.

Жалпы ұпай

Баға

І

ІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ








«5» бағасы 6-8 ұпайға, «4» бағасы 3-5 ұпайға, «3» бағасы 1-3 ұпайға қойылады.

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

«Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі

Оқу материалы (ақпарат, ұғым, түсінік, құбылыс, формула, теорема, т.б.)

Бұрыннан білемін

Білгім келеді

Бүгінгі сабақта білдім

Тағы да білгім келеді







«Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Сабақтың барлық кезеңдерінде Блум таксономиясының танымдық деңгейлерін қолдандым. Себебі Блум таксономиясының танымдық деңгейлері бойынша оқу нәтижелері оқушылардың әрекеттері арқылы құрастыры. Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі мақсаттар төменгі деңгейлерді жасайды. А, В, және С деңгейлі тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай орындайды.

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ой қозғау тәсілін қолданамын. Бұл кезеңде оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Бұл кезеңдегі басты мақсат – оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру. Оқушы сынға еш көңіл бөлмей, назар аудармай жаңа идеяларды көптеп келтіру мен оларды жинақтау жұмысы үшін тиімді тәсіл.

Сәйкестендіру тапсырмасын жұптық жұмыста орындап бір-бірімен ынтымақтастық қатынас орнайды.

Графикалық органайзерді жаңа сабақты түсіндірде және топтық жұмыста қолдандым. Топтық жұмыста оқушылардың идеялары мен ойын графика түрінде ұсыну үшін тиімді.

Галереяға саяхат әдісі бойынша өзге топтың толтырған кестесі бойынша өз ой-пікірлерін білдіреді.

Пәнаралық байланыс жасау мақсатында Бермуд үшбұрышы туралы бейнеролик көрсетемін. Мұндағы мақсат оқушының танымдық деңгейін кеңейтіп, пәндер арасындағы байланыс арқылы қызығушылығын арттыру

Сабақ басында бағалау парақшасын таратып, бағалау дескрипторларымен таныстырамын.

Сабақ басында және соңында «білемін, білдім, білгім келеді» кестесі арқылы кері байланыс жүргіземін. Оқушылардың сабақты қалай игергендігін, не үйренгенін, не үйренгісі келетінін айқын көре аламын.

Сабақ соңында бағалау парақшасынан жалпы ұпайын есептеп бағасын оқушыларға таныстырамын.







Сынып терезелерін ашып, желдетіп, сынып тазалығын тексеріп жаңа сабаққа дайындау

Интербелсенді тақтаны уақытынан асырмай пайдалану. 20 минуттан асқан жағдайда сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!