400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үшбұрыш теңсіздігі (қайталау сабағы). ҚМЖ 7 сынып геометрия 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Геометрия

Тақырыбы: Үшбұрыш теңсіздігі


Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гулжан Аманкулкызы

Күні:

15.02.2024ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш теңсіздігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ анықтап алу

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қою.

1.      Үшбұрыш деп ? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.
2.      Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж:
үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары  әр түрлі болатын үшбұрыш.
3.      Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж:
үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш..
4.      Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш
теңбүйірлі  деп аталады.
5.      Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз ? Ж:
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады

Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады





Сұрақтарға жауап береді

Үй жұмысы мадақтау әдісімен бағаланады



Сабақтың ортасы

Өткен сабақты пысықтау.

Тапсырмалар орындау.

Практикалық жұмыс:


№1. а) Дәптеріңнен кез келген үш нүктені белгіле, сызғышпен оларды кесінділермен қос. Қандай фигура шықты?

Қабырғаларды өлшеп шамасын жаз. Мысалы, АВ=5см, ВС=4 см, АС=7 см.

ә) Ең үлкен қабырғасының ұзындығы қандай?. Қалған екі қосындысы және айырмасы қандай? Ең үлкен қабырғаны осы шамалармен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар,

АС< BC+AВ , АС BC-AВ болуға тиіс.

Кез келген үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан (үлкен, тең, кіші) болады.

Бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүкте үшін үшбұрыштар теңсіздігі тура болады

№2. 10см, 15см, 30см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. Үшбұрыш шығама? (тақтаға 3 оқушы шығады) – бұдан үшбұрыш құрау мүмкін емес. ( үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу барысында оқушылар кез-келген үш кесінді көмегімен үшбұрыш тұрғызу әрқашан мүмкін бола бермейтінін тереңірек сезінеді).

9см, 7см, 12см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. – бұл с ызғыштардын үшбұрыш құрауға болады.

Осы мысалдар арқылы қандай қорытынды шығаруға болады?

AB < BC + АС, себебі 9 см < 7 см + 12 см
ВС < АВ + АС, себебі 7 см < 9 см


Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.

Оқулықпен жұмыс.

Жұптық тапсырма.

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а    болса, үшінші қабырғасын тап.

2.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы  25см- ге, ал басқасы  10см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады?

3.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а   болса, үшінші қабырғасын тап.

4.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 7см- ге, ал басқасы 13см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады?

Топтық жұмыс: «Эстафета» тәсілі.

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 12см, екінші қабырғасы 5см. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар.

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бір қабырғасы екіншісінен екі есе үлкен.Осы үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді





























Тапсырмаларды өз бетінше орындайды









Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағаланады.


























Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі


























Сабақтың соңы

Үй жұмысы.

№ есеп

Рефлексия:

Мен барлығын түсіндім

Мен үйрендім



Мен келесілерді түсінбедім

Маған қиындық тудырған келесілер




Үй жұмысымен танысады.


Рефлексияны дәптерге орындайды







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі