Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" викториналық ойын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қарастырылды» №6 « Тілтану» циклдік-әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған. ЦӘК төрайымы_______М.Н.Садвакасова № ______ хаттама «____»_______2018 ж. |
«Келісілді» Колледж әдіскері С.О.Кәрібаева ___________ «____»_______2018 ж. |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
«Тілтану» ЦӘК онкүніне арналған
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты
викториналық ойын
Мақсаты:
Білімгерлерді ана тіліне деген құрмет сезімін
арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз
ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін
ояту. Білімдерін жинақтап, тереңдету.Топпен жұмыс
істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа
баулу.
Қолданылатын
көрнекілік: слайд, қанатты сөздер,
карточкалар
Түрі:
викториналық
ойын
Ойын
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд)
таныстыру.
Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып.
Тәрбие, тәлім табар
мән,
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі.
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі
виториналық интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Сіздер осы
уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға
салыздар.
Ойынға 3 топ 1 курс студенттері қатысады.
Ойын VI айналымнан
тұрады.
І -айналым «Ұшқыр
ой»
ІІ- айналым «Шешен тіл»деп аталады қатысушыларға 3 түрлі тақырып беріледі. 4 минут жазбаша жұмыс,1минут қорғау.
ІІI- айналым «Лездеме»
ІV -айналым «Ойлан,
тап»
V -айналым «Айшықты
сөздер»
VI- айналым
«Талапкер»
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен
таныстырады.
І-топ. Топтың аты –
«Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын
ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз
қияда.
ІІ-топ. Топтың аты –
«Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен
арынды,
Оқу менен еңбекке сал
барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты –
«Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың
ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді
біз.
Енді ойынымыздың І- айналымын
бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр
ой»
Топтарға жан- жақты сұрақтар қойылады. Олар
тез, жылдам, нақты жауап беру
керек.
«Білімділер»
тобына:
1.«Кел, балалар, оқулық!»
өлеңінің авторы? Ы. Алтынсарин
2.Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының
Батыры.
Т.Бигелдинов
3.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы. Алматы
4.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке
5.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл
6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев
7.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай
8. «Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында. Ш. Айманов
9.«Азия» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері. О.Сүлейменов
10.Ұлы жүздің биі. Төле би
«Алғырлар»
тобына:
1.Қазақ фольклорын зерттеген
орыс ғалымы. Радлов
2.Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова
3.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу
4.Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір
5.Қазақстандағы көмірдің отаны. Қарағанды
6.«Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова
7.Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары. «Сарыарқа»
8.Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл
9« Невада-Семей» қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов
10.Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы. «Қыз Жібек»
« Болашақ» тобына:
1.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор
2.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы«Семей-Невада»
3.Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995
4.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997
5.Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997
6.Латын алфавиті қолданылған жылдар. 1929-1939
7.Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл. 1991
8.Абай Құнанбаевтың қанша қарасөзі бар? 45
9.Әбілхан Қастеев- кім? Суретші
10.Бауыржан Момышұлы-кім? Майдангер- жазушы
ІІ айналым
«Шешен
тіл»деп
аталады қатысушыларға 3 түрлі тақырып
беріледі.4 минут жазбаша жұмыс,1минут
қорғау.
1.«Мемлекеттік тіл
мерейім»
-
«Тарих толқынындағы Қазақстан»
-
«Менің елімнің мәдениеті
Күй тыңдау
ІІI
айналым
«Лездеме»
Тез жауап беру
керек.
-
Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
-
Нені қазып қала болған?Жезқазған
-
Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? Бұлбұлша.
4.Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады? Бірқазан
5.Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
-
Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
-
Ұзын құлақты, есепке шорқақ не? Есек
-
Ұйқышыл, маймақ не? Аю
-
Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара
-
Өзіңе дос, құшағы кең кім? Ана
-
Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
-
Өзі ала, өзі биік не? Алатау
-
Өзі терең, өзі тұзды, өзі ала не? Алакөл
-
Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
ІVайналым «Ойлан,
тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың
шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді
(өлең, көркем шығарма) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын
және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт
беріледі)
1-
топқа
1. Кей адам әдет қылған киікті
атып,
Мүйізін пайда қылып шетке
сатып.
Сандалған бір киікке
ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе
жатып.
С.Сейфуллин «Ақсақ киік»
өлеңі.
2.
Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып,
әкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік
боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір
ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан
ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы
тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-білгені —
сол...
М.Әуезов
«Көксерек»
2-
топқа
2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар
сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп,
кеш келеді. Бірақ оның да табатыны
жоқ...
Б.Майлин
«Күлпаш»
2. Өнер, білім бар
жұрттар,
Тастан сарай
салғызды.
Айшылық алыс
жерлерден,
Көзіңді
ашып-жұмғанша
Жылдам хабар
алғызды.
Ы.Алтынсарин «Өнер, білім бар
жұрттар»
3.
«Япыр-ай, енді мені шақырып
қалмаса игі еді.
Жазған басым кеше осы өлеңді бір жапырақ
қағазға көшіріп, балыққа ала кетсем ғой,ерігіп демалып отырғанда,тез-тез жаттап алам ғой.» Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді! Мөп-мөлдір
Мына ғажап дүние!
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
3.Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк
тiлiн,
Сол тiлге
аударылған барлық бiлiм,
Ерiнбей
еңбек еттiм, еңбек жанды,
Жарқырап
қараңғыдан туып күнiм.
«Жасымнан жетік білдім... Ш.Құдайбердиев
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі
елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел
көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре
бергің.
Сондықтан да келеді біле
бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей
отырып, V айналымды
бастаймыз
V Айналым «Айшықты
сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері
беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда
танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын
айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын
тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті
(қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер
жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас
(жуас)
1. Қабағынан қар жауды
(ашуланды)
2. Бетінен оты шықты
(ұялу)
3. Ит өлген жер
(алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды
(қорықты)
2. Сүт пісірім уақыт (тез,
лезде)
3. Бес саусағындай білу –жатқа білу,жетік
білу
Ойынымыздың соңғы айналымы VI айналым
«Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп
нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың
керек.
1. ... өріп
тараған,
...
қараған.
Құрт пен майын
жинаған,
...
сыйлаған.
2.
Қазақ тілі – қазақтың ана
тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес
қасиетін.
3.
Жақсылар жанын қиды
қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып
өтсем.
Әр топтың құрастырған өлеңдерін
оқыту.
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз
мәресіне жетті. Қазылар алқасына сөз кезегін
берейік.
Марапаттау
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға
көп рахмет айтамыз. Осымен ойын
аяқталды.
1 топ
-
Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар
сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп,
кеш келеді. Бірақ оның да табатыны
жоқ...
2-топ
1.Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-білгені — сол...
-
Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
3- топқа
. «Япыр-ай, енді мені шақырып қалмаса игі еді.
Жазған басым кеше осы өлеңді бір жапырақ
қағазға көшіріп, балыққа ала кетсем ғой,ерігіп демалып отырғанда,тез-тез жаттап алам ғой.» Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді! Мөп-мөлдір
Мына ғажап дүние!
3.Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк
тiлiн,
Сол тiлге
аударылған барлық бiлiм,
Ерiнбей
еңбек еттiм, еңбек жанды,
Жарқырап
қараңғыдан туып күнiм.