Материалдар / Ұстаз - ұлы тұлға!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз - ұлы тұлға!

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
583
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 5 «а»

Күні: 08.10.2018 жыл.

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға!»

Мақсаты: оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Көрнекіліктер: мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Мұғалім: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын

Ғ. Қайырбековтың жырлағандай, сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» , өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

М. Ғабдуллин: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген.

«Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау» - ұстаздық қызметтің бұдан артық анықтамасы болмас!

Бір баланың өмірге танымын, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздың еңбегі сол баланың бақыты өмірімен де есептелмес! Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама! Сондықтан да Сәбит Мұқанов:

«Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты» - деп жыр жазған.

Ұстазын құрметтеген қаншама ақындарымыз небір өлең шумақтарын өмірге әкелді. Енді сол өлең жолдарымен ұстаздарға деген оқушылардың ықылас, пейілін тыңдайық (ұстаздар туралы білетін өлең жолдарын айтады).

Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қуғандар.

Қимағандар ұстаз емес, мұғалім.

Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың.

Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын...

***

О, ұстаздар басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз.

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

Ұстаз, білім,мектеп жайлы мақал мәтелдер жазып, айтып жарысады.

Хор: «Ұстазым менің».

Мұғалім:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай? ( тақтаға «Ұстаз» сөзі жазылады)

Ұ – ұлағатты

С – салмақты

Т – тапқыр

А – ардақты

З – замандастай зиялы

Мұғалім:

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз қандай дана!

Жақсы адам ғана жақсы мұғалім болса, ол өз ісіңе өзі ғана сыншы, өзі ғана жауапты. Алдындағы оқушының өміріне, сана сезіміне, рухани өсуіне жауап беру, соны сезіну мұғалімнің темірқазығы.

Үйрете жүріп, ізгілікке үйренетін ұстаздарымыз көбейе берсін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!