Материалдар / «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕМЕСІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2020
6546
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі









«ҰСТАЗ ҰЛЫ ЕСІМ»

АТТЫ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕМЕСІ





















Әзірлеген:Шайманова Д.А.

Тексерген: Тайболатов Қ.М.





Павлодар – 2020

Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1) Оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастырып дамыту.

2) Ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Өткізу формасы: Концерттік бағдарлама

Көрнекіліктер: Ән мен би, ұстаздар туралы ұлағатты сөздер.

Барысы: Директордың құттықтау сөзі;

«Ұстазым» әні;

«Қаражорға» биі ;

«Ұстаздар өмірінен» атты әзіл сцена ;

Ұстаздарға арналға ойын;

«Лезгинка» биі;

«Мектебім» әні.

1-жүргізуші: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерің,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

1-жүргізуші: Армысыздар Аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.

1-жүргізуші: Білімді жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп директоры ......... шақырамыз!

2-жүргізуші: ............ , осындай керемет тілегінізге көп рахмет!

1-жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Алдарыңызда, ... сыныбының орындауында, «Ұстазым» әннің қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

1-жүргізуші: Ұстаз деген жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

2-жүргізуші: Ұстаз ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар,

Ағайын, тойларына тарту етем,

Ақыннан әриялы сый алыңдар!

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

Сахнаға, .... сыныбының орындауында «Қаражорға» биі.

1-жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

2-жүргізуші: ... , Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

2-жүргізуші: Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Мұғалімдерге екі шар беріледі. Біреу (геливый шар), мұғалімдердің дауысын өзгерту үшін және екінші қарапайым шардың ішінде мұғалімге арналған сұрақ болады.


Сұрақтар:

Домбырада жетеу, сырнайда алтау, қобызда бесеу. Бұл не? (әріп)

Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? (жүз)

Теңіздің ішінде қандай тас болмайды? (құрғақ)

25-тің квадраты? (625)

Аспалы жылда (високосный год) қанша күн бар? (366)


2-жүргізуші: Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

1-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Сахнада, ... сыныбынын оқушылары «Лезгинка» биін қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көр жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Алдарыңызда, ... сыныбының орындауында, «Мектебім» әннің қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: «Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншесін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Ұстаз ұлы есім» атты мерекелік концерт көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

1-жүргізуші: Аяулы ұстаздар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! Ұстаздар мерекесі құтты болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!