«Ұстаз – ұлық емес, ұлы есім»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы есім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы көшбасшы ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ынтымақтастық орта қалыптастырушы, ұжымының сеніміне ие бола алатын, оларға үнемі қолдау көрсететін жан-жақты кәсіби дамыған тұлға болу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы есім»



«Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»

Н.Ә.Назарбаев



Бүгінде біз қарқынды өзгеріп жатқан әлемде өмір сүрудеміз. Мектептің және мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың XXI ғасыр талаптарына сәйкес келмеуі, жаһандануда жаңа технологияларды игермеуі, инклюзивті білім мен ақпарат ауқымының ұлғаймауы түрлі қиындықтар тудыруда. Білім беру жүйесі заманауи көшбасшыдан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. ХХІ ғасырдың нағыз көшбасшысы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ көшбасшы күнбе- күнгі өзінің ұйымдыстыру қабілетінің көп қырлы әдістеріне сүйене отырып, әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы керек.

Қазіргі заманғы көшбасшы информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ынтымақтастық орта қалыптастырушы, ұжымының сеніміне ие бола алатын, оларға үнемі қолдау көрсететін жан-жақты кәсіби дамыған тұлға болу. Қазіргі мектеп директорларынан мектептің дамуын басқарумен қатар, бақылауды да талап етіп отыр. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.

Қорытындылай келе, «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуцийдің сөзін ой елегінен өткізіп, өзгерістің бәрі де заманауи көшбасшыға кәсіби ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып өзгерісті өзімізден бастауымыз керек деп шештім. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасырында, біз ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.



Жанакунова Альмагул Байжумаевна

директордың оқу ісі орынбасары,

бастауыш сынып мұғалімі

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

«№15 санаториялық мектеп-интернат» КММ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2021
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі