Материалдар / «Ұстаз аты-биік ,әрі мәңгілік»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұстаз аты-биік ,әрі мәңгілік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:оқушыларды ұстазды құрметтеуге ,сыйлауға үйрету,ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Көрнекіліктер:қанатты сөздер,жалауша,гүлдер,шарлар. **-Сахна сыртынан оқылатын өлең: Данышпан да,данада оқып сенен Атаң-даңқын асырды бар әлемнен «Ұстаз» деген аяулы,асыл жанды. Жақсы көрем,арнаймын жақсы өлең.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
1951
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БShape1 екітемін:

Мектеп директоры:Л.Н.Нургожаева



Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз аты-биік ,әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты:оқушыларды ұстазды құрметтеуге ,сыйлауға үйрету,ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер:қанатты сөздер,жалауша,гүлдер,шарлар.

**-Сахна сыртынан оқылатын өлең:

Данышпан да,данада оқып сенен

Атаң-даңқын асырды бар әлемнен

«Ұстаз» деген аяулы,асыл жанды.

Жақсы көрем,арнаймын жақсы өлең.

1-Жүргізуші:

Армысыздар бұл кештің қонақтары,

Халқымның әрқашанда қонақ бағы


2- жүргізуші:

Армысыздар,ұстаздар,асыл жандар,

Шуақ болып көңілге шашылғандар.

Білім беріп,біздерге талмай,тынбай,

Ғылым,ілім,оқуға шақырғандар.


1-жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнең барлық шәкірт нәр алған

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.


2-жүргзуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы


1-жүргізуші:

Ұстаз....Қандай қасиетті сөз!Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Адам баласының жүрегінде қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса ,оның бірі –ҰСТАЗ!


2-жүргізуші:Дұрыс айтасың.............

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті ,қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөзбен ұштасып жатады.


1-жүргізуші:Иә,..............

Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.


2-жүргізуші:Ұстаз-ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор.


1-жүргізуші:Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.


2-жүргізуші:Олай болса,қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.!





1-жүргізуші:Сіздердің шәкіртті тәрбиелеп,білім жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!


1,2-жүрг:еңбектеріңізге табыс,отбасыларыңызға бақыт ,мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз!*

Олай болса келесі тамаша ән сіздерге арналады!


2-жүргізуші:Нұр құйды ма сәби –гүл,әлди елі

Жүрегіңде қасиет бар киелі

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені

Бірнеше жыл мектеп басшысы боп

Тәрбиені үйреттің басқышы боп,

Өнегелі еліңе еңбек еттің

Сәлем берер сондықтан дос кісі көп


1-жүргізуші:Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін сөзімізді мектеп басшысы Нургожаева Лаззат Нұрмұханқызына береміз.

Рахмет,апай!

Қазақты жамандама қазақ бала

Халық қой қазақ деген аз-ақ қана

Мәңгілік ай үстінде жер үстінде

Қазақтың жанашыры қазақ қана

***Қарсы алыңыздар алдарыңызда қазақтың «Боз жорға» биі.Орындайтын 2- сынып оқушылары


2- жүргізуші:Иә,бүгін сол мектептің айнасы,бәйтерегі ұстаздар қауымының төл мерекесі.Демек,бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.


1-жүргізуші:Ұстаз-ұлағатты есім.Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе,ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.


Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға

-деп Абай атамыз айтқандай ,шәкірттеріңнің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы....

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

**Алдарыңызда 54- сыныптың оқушысы Игібай Фатиманың әнін қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:

Мұғалім- еңбегінің әлеуметтік мәніне ,елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген.Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді,басқа кемшілігі болса,мұғалімнің жақсылығы жабады,білдірмейді» -деген болатын.Мұғалім-білім нәрін себуші.


1-жүргізуші:

Сіздер қалай ойлайсыздар,құрметті ұстаздар,менің ойымша ,кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды.Себебі –ұстаздық-өнер,тағылымы терең өнер.Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.Сонымен,шын ұстаз болу үшін,табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз-ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.



2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: «Ұстаздық –ұлы құрмет.Себебі,ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,егіншісін де осы ұстаз өсіреді...Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұтаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз»


1-жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан,

Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған


2- жүргізуші:

Ұстаздар!Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!




1-жүргізуші:

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та,тауыса алмаспыз.Ендеше,қымбатты ұстаздар,шәкірттеріңіз өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Алдарыңызда 2-сынып оқушылары

***

1 оқушы Жанерке

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда

Күнім болып көріндің аспанымда

Білім болып егілдің жас жаныма

Гүлім болып егілдің асқарыма

Біз дегенде ұмытып бала қамын

Қас қағымға қасыңнан тастадыңба

Ұстаздары мектептің жас жанымда


2оқушы Бағымай

Өткізіп өз алдыңнан талай бала

Бойына құйдың ақыл,ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді

Ақылшы,тәрбиеші болдың ана


3 оқушы Ринат

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаз болу –сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы

Азбайтұғын ақылдың алтындығы


4 оқушы Тимур

Жалқаулық пен еріншектік танытпай

Жауһар білім іздетесің жалықпай

Жетелетіп ізгілікке қадамын,

Жүрегіне білім құйдың баланың


5 оқушы Еңлік

Мұғалімді анамдай жақсы көрем

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне

Ел баласын оқытады ой Алла-ай


6 оқушы Інжу

Табыстарың табыспенен жалғасты

Әр шәкіртің білімменен сырласты

Сен оларға білім нұр боп ашылдың

Ұстазысың алға апарар ғасырдың


7 оқушы Серік

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын

Көкіректе көретұғын көзім бар




8 оқушы Али

Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдарыңда әрқашан тағзым етіп

Тұрармын ұстазым деп басымды иіп


9 оқушы Гүлжанар

Ұмытпаймыз сізден алған тәлімді

Жүрегімде сақтаулы тұр әр үлгі

Сізден білім алған соң сізге ұқсап,

Өсу үшін салам енді барымды


10 оқушы Саялы

Пендесіне Аллам да жақ болады

Уақытылы болмаса да бақ қонады

Қолымнан бір көмек келмесе да,

Сіздерге әркез ниетім ақ болады.


11 оқушы Кенже

Мұғалім ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың,даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың


12 оқушы Гүлия

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз ,асыл анаң секілді

Тәрбиелеп балапандай жасыңнан


13 оқушы Мағжан

Алғаш рет ұстатқансың қаламды

Алғаш рет оятқансың санамды

Сондықтанда мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды



Рахмет балалар!

*****Ендеше назарларыңызды керемет бір әнге берсек.9- сынып ұлдарының орындауында әсем әуен.


2-жүргізуші:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауыңда

Бал-бұл жанған балғын жүз,жәудір көздер,

Тұрғанымда солардың шаршауында



1-жүргізуші:

Қиындықта кездессең де көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың да,

Сен өмірдің ұстазы боласың да.


2-жүргізуші:Иәә,ұрпаққа айтар ақылы,көрсетер өнегесі бар,аналық,әкелік сезімін,дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері,мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Қошеметпен ду қол шапалақ.

Қонақтарды таныстырады:

1. Сламжан атай

2.Қалжан апай

3.Сельвира апай

4.Бақыт апай

5.Бақытжан ағай

6.Ботагөз апай

-Қазір сіздермен кішкене болсада бір кішігірім ойын ойнасақ.Қалай қарайсыздар. .Бұл ойын аты Сыр –сұхбат деп аталады Олай болса қазір алдарыңызға сыр-сұхбаттың тапсырмалары барады.Сіздер қалаған бір парақты таңдап аласыздар,соның ішіндегі біз білгіміз келіп жүрген сұрақтар бар.Соған жауап берсеңіздер.

*ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?Жүрек қалауымен бе ,әлде себепші болған оқиға немесе бір жағдай барма?

*Сабағыңызда оқушы ұйықтап қалған оқушы болды ма немес ұйқысы қатты келіп тұрған оқушыға не дейсіз?

**жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?Толығырақ бізбен бөлісуге қалай қарайсыз?

**Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса нені өзгертер едіңіз?

**Егер сіз ұстаз болмасаңыз,басқа кім болуыңыз мүмкін еді?

**бір есте қалған қызықты оқиғаңызды айтып берсеңіз болмаса қандай шәкіртіңізді мақтан тұтып жүргіз қазіргі уақытта.


-Көп –көп рахмет!Сыр –сұхбаттан алған әсерлеріңізді смайлкпен білдірсек.

-........................... сөз кезегін берсек.



2- жүргізуші:

Ұрпақпенен өмір жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Балалардың « Арива» дейтін биі

Ұстаздарым сіздерге арналады.

**Сахна төріне 2-сынып оқушыларының орындауында «Арива» биі тамашалаңыздар.


1-жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен ,дирижер боп күлімдей.


2-жүргізуші:

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып.

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.


1-жүргізуші:

**Би 5- сынып «Марио»биі

2-жүргізуші:

Құрманғазы,Тәттімбет

Домбырамен сайраған

Жүрекке от жансын

Елге күйін арнаған

Қазір сахнада көңіл толқытар «Балбырауын».күйі орындалады.Орындайтын 9- сынып оқушысы Естай ұлдарыңыз.



1-жүргізуші:

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек.Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге арнап өз әзілдерін алып келген КВН командасын ортаға шақырайық.




1-жүргізуші:

Мұғалім бақыты –шәкірт бақыты


2-жүргізуші:

Алтын ұядағы асыл адамдар

*** 2-сынып оқушыларының орындауында биді қабыл алыңыздар.

Шәкірттеріңіздің өздеріңізбен бір тамаша би болсын (вальс)

1-жүргізуші

Мектеп-үйім,ұстаздарым –ата-анам,

Сенен өсіп,сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық,сен мәуелі бәйтерек

Тамырлары сан тарапқа тараған

Аяулы ұстаздар,өздеріңізге деген оқушыларыңыздың ақ тілегін қабыл алыңыздар!

***Әр сыныптан бір оқушы өз тілегін айтады.(5-9 сыныптар арасында)



1-жүргізуші:

Бүгінгі құшақтары гүлге толсын,

Дендерінің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!!!


2- жүргізуші

Ұстаздар мерекесіне арналған кешіміз өз соңына таяп қалды.

Сонымен бүгінгі той аяқталды!Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет!

*** Ұстазым әні









































Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қазатком орталау мектебі










Тақырыбы:

Ұстаз аты- биік,әрі мәңгілік.



Жауапты:Абсемедова З.Б.






2017-2018 оқу жылы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!