Қазіргі заман мұғалімі Бүгінгі таңда білім беру ісінің ерекше қолға алынып отырғаны белгілі. Соған сәйкес білім ордаларында жаңа бағдарламалар,жаңа технологиялар әдістері пайдаланып отыр. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгертуде олардың өздерін белсенді қатыстыру. Оқушы белсенділігі мен қызушылығын арттыруда жаңа технологиялардың атқаратын рөлі ерекше. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті,мейірімділікті қажет ететін мамандық –ұстаздық мамандық.Олай дейтінім, мұғалім еңбегі бірінші,балаға білім беруге тиіс болса,екіншіден ,үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем,үйренсем деген бала арманы мен оның тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім кеңістігіне шығуға,яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ол-өз кәсібің,өз пәнін, барлық шәкіртін,мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді,іске батыл кірісуге септігін тигізеді.Нәтижесінде бір емес,бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.Ұстаздың осыншама қадір- қасиетке,құрметке бөленуі әрбір шәкіртіне асқан сезімдалдықпен,жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киімкиісі, мәдениетті сөзі,әдепті жүріс-тұрысы,жинақы іс-әрекеті өнегі. Қазіргі жас буын –еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты-саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген , жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыруы»,-деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес,ол үйрену мен ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол сұрақтың бірі – Мұғалім деген кім? Мұғалімге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу. Оның адамшылық қасиетің ,намысын, тұлғасын жасына қарамай силау. Бұл мұғалімнің дүниетанымдылығы,деп ойлаймын. Мектептегі ұстаз-баланың екінші ата-анасы,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы жіберілген қателіктерді кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл талай тентек баланы жуасытып,сабасына түсіреді,тәртіпке баулыйды. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым,деп атайды. Қазіргі заман мұғалімі-рухани дамыған,әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман ,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен,ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады»,-деген болатын. ХХІ ғасыр кезеңіне сай интеллектуалды,дені сау,ой-өрісі жоғары дамыған,халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу-әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім-барлық білім беру жүйесінің негізі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты-рухани бай, ізденімпаз,адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. Оқушыының өз «Менін» қалыптастыру,білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау –бүгінгі таңдағы мұғалімнің міндеті. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Күнделікті іс тәжірбиеде мұғалімнің кәсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдаумен қатар,мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек. Қазіргі заман мұғалімі,деп өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті,оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген ,тәжірбиелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман иесін атаймыз.Ендеше , бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұл- қыздарымыздың биіктен көруіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы,жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры,олай болса бізге ой өрісі жоғары дамыған,зерделі,жан-жақты,парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.