Материалдар / Ұстаз мәртебесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз мәртебесі туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2023
197
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоғамдағы ұстаз мәртебесі


Уақыт кері айналмайды. Ол тек алға жүреді. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин «Өнер‑білім бар жұрттар» атты өлеңінде өз кезеңіндегі озық істерді айта келіп, білімді үйреніп, оны жарата білуге үндейді. Демек, ұлы ұстаз өмірдің үнемі даму, қарқынды алға жылжу үдерісі және оның негізі білімде екенін тамаша жеткізген.

Ұстаз – ұлағат пен тағылымды қос қанатындай ұстанып, оны шәкірттеріне сіңіре білетін қыран болмысты тұлға. Оның қоғамдағы орны, мәртебесі – ұстаздық ұстанымдар мен ерен еңбектен тұратын берік тұғыр, адамзатқа ғана тән парасат биігі.

Ұстаздың мәртебесі туралы сөз етер алдында оның қоғамдағы орны туралы ой толғаймыз. Алаштың ардағы Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген екен. Төрдегі орынның тегіні жоқ: ақсақал даналығымен, азамат ерлікке тең ісімен төрге шықса, мұғалім ұлттың ұлағатын танытып, ұрпақтың тәрбиесінің жауапкершілігін көтергені, білімін ұштағаны үшін қадір‑құрметке лайық. Ұлы даланың ерен батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», ‑ деп, ұстаздың қоғамдағы орны мен оған көрсетілер құрметтің бағасын ашып көрсеткен.

Қоғам дамуы қарқынды екенін айтқанда, сол уақытпен жарысқан алапат дамудың алып тетігі мұғалім екенін айту да маңызды. Әліппені танытқан күннен бастап, оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын, танымын кеңейтетін мұғалім. Әр шәкірт көзін ашқан бұлақ десек, сол бұлақтың көзі кеңейіп, өрісі ұлғайып, арнасы кеңейе беруіне себепші – мұғалім. Бала бойына ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіретін тәрбие діңгегі – мұғалім. Демек, қарқынды дамыған қоғамда мұғалімнің мәртебесі туралы сөз болғанда тәрбиесімен тағдырды өзгертер, біліктілігімен талантты сомдап, уақытты таңдамаған ерен еңбегімен дарынды екшеген ерлігі мен парасатын есте ұстаған жөн. Ол – қоғамның қозғаушы күші болумен қатар, бүкіл бір ұлттың зияткерлігін шыңдап, зиялылығын насихаттайтын тұлға.

Қазақ халқы ежелден білім берген адамды ұстаз деп құрметтеп, ерекше пейіл танытқан. Халық жадында бір ерді ғана емес, даналығымен елді тәрбиелеген ұлағатты жандар есімі жатталған. Ал білімнің шырағын жаққан шынайы мамандарға да құрмет көрсетіп, мәртебелеу қажет екені даусыз. Алайда ұстаздарды орынсыз қоғамдық жұмыстарға жегу орын алғаны да ащы шындық. Ұстаздыққа жүректің қалауымен емес, кездейсоқ бару орын алғаны да рас. Келеңсіз жайттар орын алып, ұстазға деген қадір‑құрметтің азайғаны да жасырын емес. Осы бағытта уақытқа сай іскерлік қадам қажет болды және ол шешімін тапты.

Жаңа ғасыр төрінде мұғалім мәртебесі туралы заңды құжат бекітілді. Ұстаз құқықтарын қорғау мәселесі негізінде «Педагог мәртебесі туралы» 21 баптан тұратын заң қабылданды. Бұл – үлкен қолдау.

Енді баланы білім әлеміне жетелеп, оған толайым білім берем деген мұғалімге шығармашылық пен шеберлік жолы ашық. Мен – бастауыш сынып мұғалімімін. Білім әлеміне жаутаңдап енген жәудір көз шәкірттерімді қызықтыра отырып білім нәрін бойларына сіңіруді мақсат тұтамын. Олардың біліммен толысып, күннен‑күнге сенімділігі артқанын қалаймын.

Әр шәкірт – бір ғаламшар. Оның жарқырай көрінуі – менің толассыз еңбегімнің нәтижесі болмақ. Мен арна болсам, менің шәкірттерім – тоқтамайтын толқындар. Осы жағдаятты түсініп, жауапкершілікті сезінген ұстаз өз жұмысына саналы ғұмырын арнап, салмақты істерін жасары сөзсіз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр” ‑ деп атап көрсеткен. Уақыт бізден өз мамандығымыздың терең білгірі ғана емес, жан‑жақтылықты: тарихи танымдық деңгейіміздің жоғарылығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылықты, саяси экономикалық білімділік пен қоғамдағы, әлеуметтік ортадағы тұғырлылықты және ақпараттық сауаттылықты талап етуде.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы. Алтынсарин сөзін бүгінгі күн тұрғысынан түйіндесек, мұғалім – мектептің жүрегі болумен қатар, қоғамның даму тетігі, өзі қызмет ететін ұлттың ұлағатты өрісі. Демек, оның мәртебесі – елдің мәртебесі. Олай болса, осыны сезінген әр мұғалім өз мәртебесінің төмендемеуін, мәртебе құрылымы адамгершілік құндылықтарынан тұратынын және өзінің білім ғалашарындағы берік тұғырын сезініп, осыған лайық болуға ұмтылатыны – ақиқат!

Жапонияда мұғалімдер күні мереке ретінде белгіленбеген. Өйткені онда ұстазға құрмет ұлт құндылықтарының бірі ретінде қаралады екен. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дейтін қазақ халқы да осындай парасатты дәстүрді ұстанған. Ендеше, ұстаздың қоғамдағы орны парасаттың биігінде болатыны анық. Ұлы дала ұстаздары көшбасшы ретінде уақыт көшінің басында болып, білімді ұрпақ шоқжұлдыздарын жарқыратып, мерейлене берсін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!