Материалдар / Ұстаз– тұлғаның мүсіншісі және рух бағбаны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз– тұлғаның мүсіншісі және рух бағбаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім,ата-ана-оқушы үшін өміріндігі ең үлкен бағбаны.Себебі,рухани құндылықтарды бойына сіңіртіп,сүйіспеншілікке бөлеп,ақиқатын айтқызып,дұрыс әрекеттер жасап,өмірде ешқандай қиянатқа жол бермей,ішкі жан тыныштығын қалыптастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз тұлғаның мүсіншісі және рух бағбаны



«Қамқорлық пен махаббат шуағына бөленіп өскен бала ғана,біздің болашағымызды баянды ете алады».

Сара Алпысқызы Назарбаева.

«Ұстаз тұлғаның мүсіншісі және рух бағбаны»-дейміз,алайда ұстаздың,тұлғаның рухани қасиетінің қалыптасуына қандай үлесі бар?

Өсімдіктің жайқалып өсуі үшін,оған бағбан жағдай жасайды.Мәселен,топырағын қопсытады,су құяды,құнарлы жерге отырғызады.Адам да дәл осылай жайқалып өсуі үшін,осындай қамқорлықты талап етеді...Ал оған ең алдымен отбасылық тәрбие әсер етсе,одан соң мұғалімнің тәрбиесі үлкен роль атқарады.Мұғалім,ата-ана-оқушы үшін өміріндігі ең үлкен бағбаны.Себебі,рухани құндылықтарды бойына сіңіртіп,сүйіспеншілікке бөлеп,ақиқатын айтқызып,дұрыс әрекеттер жасап,өмірде ешқандай қиянатқа жол бермей,ішкі жан тыныштығын қалыптастырады.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда  көп нұсқалық  қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім –есуастың  қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар», жасөспірімдер, ата –анасы  көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға  душар болған жастарымыз көп. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз  дұрыс тәрбиеге наннан да артық  душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның  тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді.Егер: тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;Оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;Оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса. Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан дүниесінен де орын алады. Адамгершілік дегеніміз айналамызға қайырымдылық нұрын шашудан тұрады . Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Білім берудің негізгі мазмұны жеке тұлғаның дамуы болып табылады. Ал бұл педагогтар алдында тұрған мақсаттарды өзгерту дегенді білдіреді. Егерде бұрын олардың алдында білім беру мақсаты болса, ізгілендіру жаңа мақсат ұсынады — түрлі адамдар арқылы баланың дамуына жағдай жасау, көмек беру. Ізгілендіру «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі қарым-қатынасты өзгертіп, бірігіп жасау байланысын қондыруды талап етеді.Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз.Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қана қоймай,үш кезеңдіескеруі,оның дамуын көре білуі қажет:

1.Бұрынғысы;2.Қазіргісі;3Болашағы.Тұлға рухани-адамгершілік тәрбие арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастырады. Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ. Адамзат өмірінде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деген түсінік бар. Ал, біздің болашағымыз – өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндер мен жасөспірімдер. Жас ұрпақ – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – деген де сөз бар емес пе? Сондықтан бастауыш сыныптағы баланың эстетикалық – көркемдік талғамын ұштап, рухани тәрбие беруіміз керек. Баланың тілі шықпай жатып, ойын айта алмайтыны бәрімізге түсінікті болғанымен, бала – жеке тұлға, оның өз түсінігі бар. Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда бала бойында жеке өмірінің құндылығына, өзін-өзі белсендіруге қажетті көзқарасын, өзіндік санасын қалыптастыру қазіргі күннің ауқымды мәселесі.Осы ауқымды мәселенің шешімін табу, жолын көрсету, бағыт-бағдар беру, үлгі ұсыну мұғалімнің қолында. Ал, мұғалім Ш.Амонашвилидің еңбектерін оқымай, өзінің тәжірибесінде қолданбай баланы дамыта алмайды– Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл – жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына тырысамыз, – деп көрсетеді Ш.Амонашвили.  Міне, мектепті - білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім - сол мектептің жүрегі, яғни бұл мамандық иелерінің қолында адам тағдыры, болашақ ұрпақтың тәрбиесі тұр. Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу әр адамның қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен іс. Елбасымыз айтқандай "Болашақ-білімді жастардың қолында!" . Яғни, біздің болашағымыз,келешегіміздің нұрлы бола түсуі өз қолымызда. Ал,осы нұрлы болашақты құру жолында әркез жастарға жол көрсетіп, көмек қолын созатын, үлгі бола алатын бірден бір тұлға-ұстаз. Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, мектептен үлкен өмірге қанат қақтыру-ең қиын іс. Бала жанының бағбаны - ұстаз атану - қиынның қиыны! Бала бағбандарының ішінде өзінің қажырлы еңбегімен, талмас жігерімен, мінезімен, шәкірттеріне деген сарқылмас ыстық ықыласымен ерекше көзге түсетін,ол-мұғалім.
Қорытындылай келе:кез-келген суретші,кез-келген мүсінші өз суреттері мен мүсіндерінің ерекше көрікті болып шығуын қалайды.Ал баланың суреті мен мүсінін қалыптастыратын,ол-мұғалім.Балаға біліммен қатар, рухани жанына азық беретін,тәлім-тәрбиеге баулып,рухани жан дүниесін байытатын да мұғалім.Қарапайым мысал келтіретін болсам,өзімнің балам менің айтқанымнан гөрі,мұғалімнің айтқанын өте жақсы қабылдайды.Сондықтан да,біздер,мұғалімдер баланың жүрегіне жол таба білуіміз керек,олардың сырласы мен қамқоршысы болуымыз керек. Мен, Сара Алпысқызы Назарбаеваның: «Қамқорлық пен махаббат шуағына бөленіп өскен бала ғана,біздің болашағымызды баянды ете алады»-деген сөзін,өзімнің ұстанымым ретінде,өз тәжірибемде қолданып келемін.Міне,Ұстаз- тұлғаның мүсіншісі және рух бағбаны екенінің айқындығы осында.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!