Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Ұстаз ұлы тұлға
Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
20 Қазан 2021
324
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызғалдақ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні:01.09.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: «Менің балабақшам»
Мақсаты:
Оқыту: Әннің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауға;
Тәрбиелік: Балаларды музыкалық сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Сүйікті балабақшасы туралы ән айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: балабақша өмірі туралы суреттер;
Сөздік жұмыс: ойнақы – көңілді
Билингвальді компонент: балабақша – детский сад
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Музыка залына көңілді музыка әуенімен қарсы алу.
Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіруді, серіппелі қозғалыс жасау,
айналуды ұсынады.
Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз!
Ойын-күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз!
– Балалар, өлеңде не туралы жазылған?
2. Негізгі кезең
– Біз балабақшада не істейміз?
– Балабақша сендерге ұнай ма?
Сұрақ арқылы балалардың жауап беруіне мүмкіндік жасау.
Музыка тыңдау: «Балабақша бағында» С. Кәрімбаев
– Балалар, музыка көңілді ме, көңілсіз бе? Бұл музыкаға қандай қимыл жасауға болады?
Шығарманың көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытады.
Ән айту. «Балабақша» Б.Бейсенова
Ән айту кезінде иықты көтермей, денені тік ұстап айтуға дағдыландыру. Алдымен мәтінін
үйреніп, әуенді анық айтуға үйрету. Әннің сипаты, мазмұны туралы түсіндіру. Әннің
бірінші шумағын үйреніп, екінші шумағын келесі ҰОҚ-та жалғастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көңілді би»
Би сипатын сезіне орындауға үйрету. Педагогтің көрсетуімен би қимылдарын
қайталауға, бірге жасауға үйрету.
Муз-дидактикалық ойын: «Кел, балақан»
Ән-ойын мәтініне сай жай және қатты шапалақтау, аяқ топылдату арқылы динамикалық
реңкті ажыратуға үйрету.
3. Қорытынды
Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.
Қоштасып, көңілді шығарып салу.
Әдіскер:

Күні: 10.09.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: Менің достарым
Мақсаты: Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл –күйін қабылдауға
үйрету. Балаларды достыққа татулыққа шақыру.
Оқыту: Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл –күйін қабылдауға
үйрету;

Дамытушылық: Балаларды достыққа татулыққа шақыру;
Көрнекіліктер: орман көрінісі, аю, қоян, тиін, түлкі ойыншықтары,
сылдырмақ, барабан аспаптары;
Сөздік жұмыс: барабан
Билингвальді компонент: достар – друзья
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алу. «Полька» («Түлкі» В.
Косенко)
Шеңбер боймен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіруді, бір орында
секіру, қарапайым би қимылдарын қайталауды ұсынады.
2. Негізгі кезең
Балаларға отырып демалуды ұсынып, ән тыңдауға шақырады.
Музыка тыңдау: «Песенка друзей» В.Герчик
Ән айту: «Достық» Л.З.Айтова (Үш тілдегі әндер» жинағынан)
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Достастық» Р.Рустамов
Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас қоямын ойланбай (А. Асылбек)
Достар, бәріміз көңілді ойын ойнайық! («Қояндар маршы» А. Райымқұлова)
«Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы» А. Райымқұлова)
Әуенге сай жануарлардың қимылын көрсетуді, шапшаң қимылдауды
үйренеді.
3. Қорытынды бөлім.

Күні: 18.09.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты:
Оқыту: Музыкалық есту қабілеттерін арттыру;
Дамытушылық: Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау,
есте сақтау; ересектермен бірге ән салуға үйрету;
Тәрбиелік: Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, әдептілікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Ойыншықтар суреті;
Сөздік жұмыс: Ойыншық
Билингвальды компонент: ойыншық – игрушки;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
«Балдырғандар маршы» ойналып, балалар педагогтің көрсетуімен әуенді
қимылқозғалыстарды бірге қайталайды. Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп
аяқты нық басып жүруге, серіппелі қозғалыс жасау, айналу т.б. қарапайым би
қимылдарын қайталауды ұсынады.
2. Негізгі кезең
Балалардың назарын үстел үстіндегі қуыршаққа аударады. Жуын, жуын,
жуынсақ, Қандай жақсы, қуыршақ! Әйтпегенде, бөпешім, Кірлеп кеткен
екенсің. Қазір аппақ баласың, Қуанады анашың. ( М. Жаманбалинов)
Ән тыңдау: «Қуыршағым» Ғ.Дауылбаева

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Балдырғандар маршы» К. Қуатбаев.
«Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан).
3.Қорытынды
Педагог оқу қызметіне белсене араласқан балаларға мақтау айтады,
мадақтайды.

Күні: 24.09.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: «Жихаздар»
Мақсаты:
Оқыту: Музыканың көңіл-күйін ажыратуға, сипатына қимылмен жауап беруге, әннің
сөздерін анық, нақты түсініп айтуға үйрету.
Дамытушылық: Әуенге сәйкес қарапайым би қимылдарын орындайды;
Тәрбиелік: Топтағы жиһаздарды ұқыпты үстауга тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: топ, бөлме, кереует суреттері;
Сөздік жұмыс: топ, бөлме, кереует;
Билингвальды компонент: топ – группа, бөлме – комната, кереует – комната;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Күз мезгілінің қай айы?
-Балалар күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Дұрыс айтасыңдар!
-Балалар , назарымызды мына тақтадағы суреттерге қарайықшы.
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар.
-Балалар бұл заттар әрқайсымыздың үйімізде бар ма?
-Дұрыс айтасыңдар , бұл заттар барлық үйде болады.
-Мысалы: Шкаф-киім жинау үшін керек
Диван, төсек- жату үшін керек.
Үстел,орындық – тамақ ,шәй ішу үшін керек.
-Балалар көрдіңдер ме әр заттың өзіне тән қызметі болады екен.
-Балалар бұл заттарды жалпы айтқанда жиһаз дейміз.
-Ал орысша баламасын мебель деп атаймыз.
-Қанекей бәріміз бірге қайталайықшы.

Ән тыңдау: «Көңілді, көңілсіз» Л.В.Бетховен
Ән айту: «Доп» Б.Жұмабекова
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Жүгіреміз» Г. Фрид. «Доптармен жаттығулар»
А. Жилинский (тәрбиешінің көрсетуімен).
«Өз түсіңді тап» ойыны Г. Омаров

Күні: 5.10.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыбы: «Ата-аналар еңбегі»
Мақсаты:
Оқыту: Ата-анасына,бауырларына арнап ән үйрету.
Дамытушылық: Шығарманы тыңдап, сипаты мен мазмұнына эмоциялық
көңіл күй танытуға, музыкалық сүйемелдеумен әнді соза, әуенімен айтуға
үйрету;
Тәрбиелік: Отбасы жылулығын сезіндіруге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: отбасы мүшелері бейнеленген суреттер;
Сөздік жұмыс: отбасы
Билингвальды компонент: отбасы - семья
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларды көңілді музыкамен қарсы алады. Педагогтің таңдауымен таныс
марш әуені ойналады. Марш екпінімен аяқтарын нық басып, адымдай жүруді
ұсынады.
2. Негізгі кезең
Отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді көрсетіп, өз отбасы мүшелері
туралы қысқаша әңгімелеуді ұсынады.
Ән тыңдау: «Келші,келші балашым» Е Хасанғалиев
Ән айту: «Менің отбасым» Л.З.Аитова («Үш тілдегі әндер» жинағынан)
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Биге шақыру» А. Тоқсанбаев.
«Тайтұяқ пен асатаяқ»
А. Райымқұлова, А. Асылбек.

Күні: 15.10.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыбы: «Менің көшем»
Мақсаты:
Оқыту: Әнді бірге бастап, бірге аяқтап хормен айтуға үйрету.
Дамытушылық: Музыканы тыңдау ынтасын дамыту;
Тәрбиелік: Музыка ырғағына сай жұптаса отырып би қимылдарын
орындауға баулу, көңіл күй, шаттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: көшедегі суреттері;
Сөздік жұмыс: көше
Билингвальды компонент: көше – улица;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу.
Балалар біз қай ауылда өмір сүріп жатырмыз?
-сендер көшелерінң қалай аталады?
-Бұл көшедегі үйлерді кім салады екен?
Жұмбақ
Ұзын – ұзын, ұзын жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма,
Ұшына шықпас жалғанда
(Жол)
2. Негізгі кезең
Балалар мұғаліммен бірге қимылдарды орындайды.
Ән тыңдау: «Светофор – бағдаршам» Ғ. Тамендаров.
Ән айту: «Күз» А.Алпысбаев
Музыкалық - ырғақтық қозғлыстар: «Жапырақтармен би»

Күні: 22.10.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыбы: «Қауіпсіздік»
Мақсаты:
Оқыту: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы, балаларды өмірлік
қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Ән айтып, есту қабілеттерін дамыту, шығармашылық
қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: Қауіпсіздік
Билингвальды компонент: Қауіпсіздік – безопасность;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» көше
қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы, балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
-Бізді қауіптен қорғау.
2. Негізгі кезең
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек
болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып
жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз
ете алады.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде
жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.
-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Ән тыңдау: «Светофор-бағдаршам» Ғ.Тамендаров
Ән айту: «Күз» А.Алпысбаев
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Жапырақтармен би»

Күні: 30.10.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Менің отбасым»
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
Оқыту: Әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін
орындауға үйрету.
Дамытушылық: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; түрлі
сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау, аспаптың
сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Музыканы тыңдата отырып ішкі сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Күз
Билингвальды компонент: Күз - осень
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; суреттер көрсету арқылы
табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.
2. Негізгі кезең
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Алма, алша, жүзім, өрік
Бәрі уылжып піседі.
Айтыңдаршы, балақандар,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ән тыңдау: «Күз» Қ.Шілдебаев
Ән айту: «Не әкелді күз бізге?»
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Қолшатырға тығыламыз»

Күні: 2.11.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Дені саудың, жаны сау»
Тақырыбы: «Өзім туралы»
Мақсаты:
Оқыту: Ырғаққа ілесуге үйрету
Дамытушылық: Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін
қабылдау, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Музыканы тыңдап, сезініп, шаттана білуге, қуана білуге баулу.
Сөздік жұмыс: Мен
Билингвальды компонент: Мен - Я
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Көңілді таныс әуен екпінімен шеңбер бойымен жүру, жүгіру, жеңіл секіру,
қол ұстасып айналу қимылдарын жасау.
2. Негізгі кезең
Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр-сылдыр етеді.
Аяғымыз топылдап,
Өзі билеп кетеді.
Ән тыңдау: «Мен тәртіпті баламын» А.Ақжігітов
Ән айту: «Топ-топ балақан» М.Арынбаев
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Биге шақыру» А. Тоқсанбаев..

Күні: 12.11.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Дені саудың, жаны сау»
Тақырыбы: «Дәрумендер»
Мақсаты:
Оқыту: Күзгі өнімдердің дәрумендік пайдасы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Әуенге сай қимыл жасауға дағдылану.

Сөздік жұмыс: Дәрумендер
Билингвальды компонент: Дәрумендер – витамины;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар қазір қандай мезгіл ?
Күз мезгілі неше айдан тұрады ?
Күз айларының аттарын атаңдаршы ?
Күзде табиғат ерекше күйге бөленеді. Күн салқындайды, жаңбыр жауады,
жел соғады, жапырақтар сары, қоңыр түске енеді. Күз айында көкөністермен
жемістер піседі.
Күз мезгілінде дәрумендер көп болады.
2. Негізгі кезең
Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар.
Дәрумендер дегеніміз не?
Ән тыңдау: «Күз келгенде» Ж.Қалжанова
Ән айту: «Болайықшы осындай» А.Меңжанова

Күні: 20.11.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Дені саудың, жаны сау»
Тақырыбы: «Өзіңе және өзгелерге көмектес»
Мақсаты:
Оқыту: Ырғақты сезіне, дәл қайталауға үйрету.

Тәрбиелік: Өзара көмекке, сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Денсаулық
Билингвальды компонент: Денсаулық – здоровье;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
- Балалар, адамдардың көңілді, әдемі жүруі неге байланысты?
- Денсаулыққа
- Әрине, дені сау адам бақытты адам. Дені сау болуы үшін өзін-өзі күтеді.
Жазы, қысы шынығады. Егер сендер де тазалықты сақтап, денелеріңді
шынықтырсаңдар, шипалы өсімдіктерді пайдалансаңдар салауатты өмір
сүресіңдер.
2. Негізгі кезең
Ашытады көзіңді,
Сабындаған кезіңде
Бола білсең төзімді
Тап-таза етер өзіңді
Ән тыңдау: «Не деу керек?» Ө.Байділдаев
Ән айту: «Мен бақшаға барамын» Т.Тайбеков
Әуенді ырғақты-қимыл, ойын: «Балақан мен алақан» Е.Хасанғалиев

Күні: 26.11.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Дені саудың, жаны сау»
Тақырыбы: «Біз күштіміз, ептіміз!»
Мақсаты:
Оқыту: Әуенге сай қимыл жасауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Музыка ырғағына сәйкес жүру, шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Жақсы әдетке, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Күшті
Билингвальды компонент: Күшті - сильный
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар бізде қазір қай жыл мезгілі?
Күзде балалар бізде не піседі?
Жемістер мен көкіністерден не аламыз?
Дәрумендерді көп жемістер жесек қандай боламыз?
Балалар сендер балабақшаға келе жатқанда тоңған шығарсындар?
Балалар суретке назар аударайықшы.
Мики маус не істеп жатыр?
Кәнекей Мики маус сияқты бізде жаттығу жасайықшы.
Қандай күшті,ептіміз жарайсындар.
Балалар біз жаңа не істедік?
Сендерге ұнады ма?
Балалар бұл жаттығулар өте пайдалы, біз епті және күшті боламыз солай ма
балалар?
2. Негізгі кезең
Балалар білесіңдер ме? Сендер бүгін қандай күшті және епті екендеріңді
көрсеттіңдер. Жарайсындар.
Ән тыңдау: «Біз осылай өсеміз» Ю.Чичков

Әуенді ырғақты-қимыл ойын: «Атжарыс» Қимылды ойын.

Күні: 1.12.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: «Тарихқа саяхат»
Мақсаты:
Оқыту: Қазақстан еліміздің кешегісі мен бүгінінен қысқаша мағлұмат беру.
Дамытушылық: : Музыка ырғағына сәйкес жүру, шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Тарих
Билингвальды компонент: Тарих – история;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
Біздің Отанымыз – Қазақстан!
Балалар, сендер біздің елорламыз қай қала екенін білесіңдер ме?
Сендер қай балабақшаға келесіңдер?
2. Негізгі кезең
Балалар, қане бізде өлеңді жаттап алайықшы.
Желбірейді жалындап,
Қазақстан байрағы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Ән тыңдау: «Гүлжазира Қазақстан» И.Нүсіпбаев
Ән айту: «Ақша қар» К.Қуатбаев
Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Аққалалар биі»

Күні: 10.12.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: «Туған өлкем»
Мақсаты:
Оқыту: Қарапайым би элемент-терін еркін орындауға үйрету.

Тәрбиелік: Туған қаласын-дағы оң өзгерістерге назар аударту,
сүйіспеншілік-терін қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Туған өлке;
Билингвальды компонент: Туған өлке – Родной край;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Біздің еліміздің
табиғаты өте сұлу.Асқар тау,мөп-мөлдір көлдер,неше түрлі өсімдіктер өседі.
Жан-жануардың алуан түрі тіршілік етеді.Міне,осы жерде біздің атабабаларымыз,батырларымыз,ақындарымыз,ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Дана
халқымыздың «Отаның-алтын бесігің» деген сөзі бар. Өз Отанын сүю, өз ана
тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті.
2. Негізгі кезең
-Мына фотосуреттерде Қазақстанның әртүрлі қалалары,ауылдары
бейнеленген.Олардың барлығы өздерінше әдемі,өздерінше қызықты.
Ән тыңдау: «Қызылорда-туған жерім» (2-бөлім) Б.Жұмабекова
Ән айту: «Аққала» Б.Дәлденбаев
Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Атжарыс» Қимылды ойын

Күні: 18.12.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: «Астана -Отанымыздың жүрегі»
Мақсаты:
Оқыту: Қыс қызықтарын әнге қосу. Би билеуге икемділіктерін арттыру.
Дамытушылық: Қазақстан тұрғындарының қала және ауыл өмірлерінің
ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз Отанының өміріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отан;
Билингвальды компонент: Отан – Родина;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар мына суретке қарандаршы, не көріп тұрмыз?
-Бас қаламыз- Астана
-Астанамызға кім барды? Ұнады ма?
-Енді балалар біз қазір Астана қаласына саяхатқа барайық.
Енді саяхатымызды бәйтеректен бастайық
-Біздің президентіміз кім?
-Президент Ақорданың ішінде отырады, жұмыстарын жасайды. Ақордада
көп адамдар жұмыс жасайды.
2. Негізгі кезең
Ән тыңдау: «Ел жүрегі - Астана» Қ.Қайым
Ән айту: «Аққала» Б.Дәлденбаев
Әуенді ырғақты қимыл, ойын: «Биге шақыру» А.Тоқсанбаев

Күні: 25.12.2020ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты:
Оқыту: Жалаушалар пайдалана отырып ырғақпен қозғалуға баулу.
Дамытушылық: Балалардың Қазақстан, тәуелсіздік туралы ұғымдарын

Сөздік жұмыс: Тәуелсіз Қазақстан;
Билингвальды компонент: Тәуелсіз Қазақстан – Независимый Казахстан;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
-балалар қазір жылдың қай мезгілі
-Қазақстан республикасының президенті кім?
-дұрыс айтасыңдар. Енді мына суреттер не көріп тұрысындар?
-тудың түсі қандай?
-Тудың ортасында күн бейнеленген астында қалықтаған қыран құстың суреті
бейнеленген , ал сол жақ шетінде ұлттық ою өрнектелген.
-мынау қазақстанымыздың мемелкеттік ел таңбасы.
-елтаңбаның негізі шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.
2. Негізгі кезең
Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)
Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)
Артқа қадам баспаймыз
Тек алға-алға бастаймыз
Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)
Болашаққа самқаймыз.
Ән тыңдау: «Біз - туған ел баласы» К.Қуатбаев
Ән айту: «Менің Отаным» Б.Ғизатов
Әуенді-ырғақты ойын: «Жалаушалармен жаттығу жасаймыз»

Күні: 4.01.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Айналамыздағы өсімдіктер»
Мақсаты:
Оқыту: Мерекелік көңіл – күй сыйлай отырып, белгілі әуенге қимылдар
жасау қабілеттерін анықтау.
Дамытушылық: Музыканы тыңдап, сезіну дағдыларын бекіту.
Тәрбиелік: Сезіне білуге үйрету; аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына
бейімделу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: Өсімдіктер;
Билингвальды компонент: Өсімдіктер – растение;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
-Балаларға ағаштардың суреттерін көрсетеді.Балалар ағаштың түрлері өте
көп.Олар – емен, қайың, үйеңкі, терек, шырша, жеміс ағаштары. Ағаштардың көп болғаны пайдалы, олар ауаны тазартады,жазда көлеңке
болады.Ағаштарды орынсыз сындырмай, түбін тазалап отырса олар әдемі болып өседі.Мына суретке қараңдаршы, топырақ ағашты берік ұстап тұрады, ал мынау – діңі.Діңінен жанжағына бұтақтары таралған. Бұтақтарында жапырақтар өседі.Өсімдіктерді,
ағаштарды адамдар күтіп баптайды, түбін қопсытып су құяды.Сонда
өсімдіктер жақсы болып өседі.Бау – бақшада өсетін өсімдіктерді адамдар
өздері егіп өнімін пысқанда жейді.
Мысалы: мынау алма ағашы, алма ағашында көптеген алмалар өсіп тұр.
2. Негізгі кезең
Ән тыңдау: «Жасыл шырша жанында»
К.Қуатбаев
Ән айту:«Шамшырақтар»
А.Матмен
Әуенді-ырғақты қимылдар, ойындар:
«Ұлпа қарлар» биі

Күні: 14.01.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»
Мақсаты:
Оқыту: Әуенге сәйкес қимылдар жасау дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын көрсету арқылы
шығармашылыққа баулу.

Сөздік жұмыс: Жануарлар;
Билингвальды компонент: Жануарлар – животные;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
Үй жануарлары және оның пайдасы туралы әңгіме.
Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын. Үй
жануарларын адам күтіп –баптайды. Жануарлардың еті, сүті, жұмыртқасы
азық, жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар
жасалады. Үй жануарлары деп, үйде ұстайтын жануарларды атаймыз.
2. Негізгі кезең
-Фермада қандай жануарларды ұстайды?
-Олардың пайдасы қандай?
-Төлдерін атаңдаршы?
Ән тыңдау: «Ойыншықтар» С.Елеуов
Ән айту:«Сұр көжегім»
К.Қуатбаев
Әуенді-ырғақты қимылдар, ойындар: «Атжарыс» Қимылды ойын

Күні: 22.01.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Оқыту: Әнді көңілді ашық дауыспен таза орындауға үйрету.
Дамытушылық: Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Тәрбиелік: Құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру, қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Құстар;
Билингвальды компонент: Құстар – птицы;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
Таныс марш әуені ойналып, балаларға ырғақпен нық басып жүруді ұсынады.
Нық басып келеміз!
Бір, екі, үш!
Көңілді жүреміз!
Бір, екі, үш!
2. Негізгі кезең
Балалар, мұнда келіңдер,
Қызықты көріңдер!
Торғай ұшып келіпті,
Үй үстіне қоныпты. (Үнтаспадан торғайлар дауысы естіледі).
Шиқ-шиқ етіп дыбыстайды,
Ешбір құстан қалыспайды.
Тұмсығымен жер шоқып,
Тары, бидай тереді.
Ән тыңдау: «Торғай ағаш қорғайды» Қ.Қайым
Ән айту: :«Сұр көжегім»

Күні: 29.01.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты:
Оқыту: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қысқы ойындар мен мерекелер туралы
әңгімелеу.
Дамытушылық: Ән айту қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Сөздік жұмыс: :Ғажайып қыс;
Билингвальды компонент: Ғажайып қыс – Сказочная зима;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
Үнтаспада «Жаңа жыл» (Б. Бейсенова) әні орындалып, балаларды қарсы алу.
Көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды. Әннің 1-ші
шумағында қол ұстасып, зал ішінде еркін жүрулерін қадағалайды.
Қайырмасында бір орында тұрып, қол шапалақтайды. 24 2-ші шумағында
ойыншық шырша айналасында шеңбер бойымен қол ұстаса айналу
қимылдарын үйрету.
2. Негізгі кезең
Қыс мезгілі туралы, табиғаттағы ерекшеліктерді түсіндіру. Шыршаның
суретін немесе кішкентай шыршаны көрсету. Жаңа жыл меркесі туралы
әңгімелеу.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Ән тыңдау: «Қыс күні» Ж.Мұхамеджанова («Зерек Ботақан» жинағынан)
Ән айту: «Қыс» Б.Жұмабекова
Әуенді-ырғақты
қимыл, ойын: «Көңілді би»

Күні: 1.02.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Бізді Қоршаған әлем»
Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»
Мақсаты:
Оқыту: Музыканы тыңдау, мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білу,
аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру;
ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым
элементтерін орындауға үйрету.
Дамытушылық: Қысқы орман табиғатына ойша саяхат жасай отырып,
бейнелі дыбыстар арқылы қыс табиғатын елестету қиялдарын дамыту.

Сөздік жұмыс: Қыс;
Билингвальды компонент: Қыс – зима;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
«Полька» (Б. Сметана) әуені ойналып, балаларды көңілді қарсы алу. Балалар
әуеннің 1-бөлімінде шеңбер бойымен жеңіл жүгіреді, 2-бөлімінде жұптасып,
таныс би қимылдарын қайталау, қол ұстасып айналу, би қимылдарын бекіту.
2. Негізгі кезең
Балаларға демалып отыруды ұсынады. Шырша, жаңа жыл мерекесін
бейнелейтін көрнекілік суреттерді көрсетіп, әңгімелеу.
Ән тыңдау: Үнтаспада қыс құбылыстарының табиғи дыбыстарын тыңдату
(Боран, қар сықыры, аяз)
Ән айту: «Бала, бала, баламын»

Күні: 11.02.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Бізді Қоршаған әлем»
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:
Оқыту: Әнді әуезді орындауға баулу.
Дамытушылық: Көліктер түрлері-мен таныстыра отырып, дыбыстарынан
ажырата білу дағдыларын дамыту.

Көрнекіліктер: слайдтар;
Сөздік жұмыс: Көліктер;
Билингвальды компонент: Көлік - транспорт;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
-Слайдтарға қарап,қандай көлік түрлері бар екенін анықтаймыз.
1-слайд: машина, автобус, ұшақ, жүк машинасы, кеме.
-Суреттегілердің аттарын атаңдар.
-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады.
2-слайд: жеңіл және жүк машиналары.
-Мына екі машина туралы не айтуға болады? Екеуінің қайсысы жүк
машинасы?
-Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
-Иә, дұрыс айтасыңдар. Жүк машинасының дөңгелектері көп. Ол жүк тасиды.
Мысалы:құм,тас,ағаш т.б.заттарды тасымалдайды.
Ал жеңіл машинамен кімдерді тасиды?
-Дұрыс айтасыңдар. Жеңіл машинамен жолаушылар тасымалданады.Оның
жолаушыларға арналған салоны бар. Ал жүк машинасының жүргізуші
отыратын кабинасы бар. Ал машинаны кім жүргізеді?
Жеңіл машина да, жүк машинасы да-құрлық көліктері.
2. Негізгі кезең
Ән тыңдау: «Жол жүрушілер жыры» Ж.Қалжанова
Ән айту: «Мамаға тілек» М.Абдуллин
Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Көліктерді дыбыстарынан ажырат»

Күні: 19.02.2021ж
Ән жетекші: Султанбекова А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі: «Бізді Қоршаған әлем»
Тақырыбы: «Электроника әлемі»
Мақсаты:
Оқыту: Ойын әрекеті арқылы электронды заттармен танысу, дыбыс-тарынан
ажырату, олардың пайдалы, зиянды жақтарын түсіндіру.
Дамытушылық: Электроника әлемі туралы түсінік қалыптастыру
,қауіпсіздік ережесімен таныстырып, пайдасы туралы білімдерін нығайту.

Сөздік жұмыс: компьютер, теледидар, телефон;
Билингвальды компонент: компьютер – компьютер; теледидар – телевизор;
телефон – телефон;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме!
Әуен ойналады, балалар көздеріңді жұмып елестетеміз. Алғашқы қар жауды,
дала, айнала бәрі аппақ , балалар далада қардан аққала жасап, шана-шаңғы
теуіп ойнап жүр. Балалар көз алдымызға елестеттікпе? Мен қай жыл мезгілін
сипаттадым?
- Қыс мезгілінде неше ай бар? Қандай,қандай?
- Қыс мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады?(балалардың
жауабы)
Жұмбақ
Ән салады чемодан
Ішінде тұр көп адам,
Естімейді сөзіңді,
Сөйлемейді сөзіңді.
Шешуі не екен, балалар? (Теледидар)
Жарайсыңдар,балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Электроника әлеміне саяхат»
деп аталады. Электроника әлемі құралдарына: теледидиар, компьютер,
телефон, үтік, шаңсорғыш, мұздатқыш жатады.
Телефон – байланыс құралы. Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық
ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап
адамдар оны байланыс қүралы ретінде пайдаланып келеді.
Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса телефоннан - 01 нөмірін теріп өрт
сөндірушілерге хабарлап айтамыз.
Егер үйімізде бөпеміз немесе мамамыз ауырып қалса - 03 нөмірін басып
дәрігерді шақырамыз. Компьютер – ақпарат құралы. Компьютер арқылы
алыстағы достарымызға хат , хабарлама жібере аламыз. Компьютердің
адамға көмегі зор. Адамдар жұмыс орнында компьютерді көп қолданады.
2. Негізгі кезең
Ән тыңдау: «Даналық әліппесі» электронды кітабынан музыка тыңдау.
(Жетекшінің таңдауымен)

Кү

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)