Көңілі көтеріңкі
ұстаздардың, еңбегі де жемісті
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін
көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен
қарау, дұрыс қарым - қатынас орната
білу.
Жоспары:
1. «Сәлемдесу» жаттығуы.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. Арт-терапиялық жаттығу «Кезекпен
сурет»
4. Ұстаз
тұлғасы
5. «Теңізге саяхат»
релаксациялық жаттығу.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
7. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, ұстаз сипаттамасы жазылған
парақшалар, жаттығуға қажет плакат, майшам,
магнитофон.
Тренинг
барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін
психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық
көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық
қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға,
бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке
ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы
қағида:
1.
Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп
жұмыс істеу
3. Бір-біріне
кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды
ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе
пайдалы нәрсені алу
6.
Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста
болу
7. Өзін еркін
ұстауға үйрену
1. «Сәлемдесу»
жаттығуы.
Мұғалімдер: Менің атым Гулнур. Мен -география пәні мұғалімімін.
Бүгін менің көңіл-күйім өте тамаша! Менің атым Жансұлу. Мен орыс
тілі пәні мұғалімімін. Бүгін менің көңіл-күйім күндегідей. Менің
атым Динара. Мен ағылшын пәні мұғілімімін. Бүгін менің көңіл-күйім
жақсы.....
2. «Құнды қасиеттерді жинау»
жаттығуы.
Психолог: Ең
алдымен мен бастаймын. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені
беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы
жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын
айтып шығуы керек.
Мұғалімдер өз ойын айтып
шықты. Жаттығу көңілді өтті.
3. Арт-терапиялық жаттығу «Кезекпен
сурет»
Психолог:Енді
келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер
бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің
суретін саламыз.
Психолог:Сурет
бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім
пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі».
В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа
дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде
болады.
4. Ұстаз
тұлғасы
Психолог:Қорапшада қиықшаларда белгілі бір ұстаз сипаттамасы
жазылған. Әр топтан бір қатысушы шығып бір қиықшаны алып топпен
бірлесіп ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған топ ойыншылары
ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын табу
керек.
Уақыт 10
минут
Мұғалімдер пікірі:
Мейрамгүл: бұл жаттығу жағымды көңіл-күй
сыйлады.
5. «Теңізге саяхат» релаксациялық
жаттығу.
Бұл медитативтілік техника
денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен
орындалады.
Психолог:
Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді
бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз
толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың
үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің
алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем
алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап,
жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы
асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің
рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды
шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып
жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды
бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел
сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің
денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты
сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны
істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында
тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге
алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не
сезіндіңіз?
Мұғалімдер
пікірі:
Ақмарал: Шаршағаным басылып, демалып
қалдым.
Қымбат апай: Жақсы демалып
қалдым.
Ботегөз апай: Теңіз жағалауында
тұрғандай сезіндім, демалып қалдым.
6. «Оның есесіне мен...»
жаттығуы.
Психолог:Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар
карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен
аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне .....
.
Мұғалім піріклері:
7. Қортынды. «Майшам»
жаттығуы.
Шырақ жағылып бірінші тұрған ұстазға
беріледі.
Психолог: Бүгінгі психологиялық
сабақ туралы өз ойларыңызды,алған әсерін үш сөзбен ғана
білдіріп,келесі мұғалімге
береміз.
Мұғалімдер пікірі:
Психолог: Бүгінгі тренингке қатысқан қатысушыларға алғысымды
айтамын.