Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұстаздық -ұлы құрмет
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақала
Ұстаздық- ұлы құрмет!!!
«Ұстаз болу-жүректің батылдығы,
Ұстаз болу-сезімнің алтындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу-адамның асылдығы».
Ұлы кемеңгеріміз Абай Құнанбаев айтқандай, адам бойындағы жақсының бәрі ұстаздан. «Ұстаз» сөзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр.
«Ұстазы жақсының ұстамы мықты» дегендей менде өз ұстаздарымның жолын қуып ұстаз болуды армандадым.. Содан бері қызығы мен қиындығы бірге жүретін ұстаздық мамандығымен жұмыс атқару мен қатар шәкірттерді білім нәрімен сусындап отырмын. Осы жылдар ішінде «Ұстаздан шәкірт озды» дегендей шәкірттерім өз орындарын өмірден тауып кірпіш болып қаланып жатыр.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, қастерлеп, аса жоғары бағалаған. Әрбір ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған елін сүйер азамат болары анық.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде жаңашылдықпен жұмыс жасайтын да , өмір талабын үнемі басшылыққа алатын да ұстаз.
Заманына сай ұрпақтарды тәрбиелеп, желідіріп шығару үшін, оқыту мен тәрбиелеуде озық технологияны тиімді пайдалана білу және білім саласындағы соңғы жетістіктерді өсіп келе жатқан ұрпақ санасына дер кезінде жеткізу әрбір ұстаздың парызы екендігі баршамызға аян.
«Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі»- деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Отанымыздың болашақ ұрпақтарын тәрбиелеп, оны азамат етіп аттандырудың өзі үлкен іс. Сондықтан да, ұстаздың еңбегі –ұлы еңбек.
Шәкіртінің жан дүниесін байытып, бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруде, жеке басының құндылығын сақтай білетін, өз ойын еркін жеткізе білетін, ізденімпаз, шыншыл өз еліне қызмет етуге дайын, рухани-адамгершілік дәрежесі қалыптасқан азаматты тәрбиелеуде ұстаздың қосатын үлесі зор.
Ақыл-тон, алдағанға тозбайтын
Ғылым кен күнде өніп қоздайтын
Иелік екеуіне еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын- дегендей жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты –мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерді жетілідіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалан білу әрбәр ұстаздың міндеті болуы керек.
Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл ұстаз қажет.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім- шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман бола алатын, мақсат қойып және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылатын тұлға. Ең алдымен, мұғалім- адамгершілігі өте жоғары адам.
Адамгершілік деген не? П.Кропоткиннің анықтауынша: «... бұл өз бойынан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіне қиналу-мұның барлығы адам табиғатының ортақ, ажырамас ерекшелігі». Ал, адамгершілік, білім мен біліктілік, сана мен тәрбие ұлт болашағы, бүгінгі жастарымызға өте қажет.
Ғұлама ғалым әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»,- деп,-ең алдымен, балаға тәрбие берілуі керектігін алға тартады. Демек, тәрбие мен оқыту-біртұтас үрдіс. Олай болса, ұстаздың басты міндеті-оқушыларды тәрбиелей отырып, сапалы білім беру.
Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға тырысуы қажет. Яғни, бүгінгі сабақ кешегі өтілген сабақтан өзгеше, ал ертеңгі берілетін сабақ бүгінгі сабақтан жоғары деңгейде өтілуі тиіс.
Олай болса, бүгінгі сабақ қалай ұйымдастырылуы керек? Мұғалім даралап оқытуды пайдалануы қажет. Даралап оқытудың мақсаты-оқу үрдісін оқу үрдісін оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейі мен жеке басының ерекшеліктерін ескеріп отырудың тиімді әдістерін таңдап ұйымдастыру.
Қандай да болмасын әдіс-тәсіл қолданған мұғалім үздіксіз іздену үстінде болса, сол мұғалімнің жаңашылдыққа деген талпынысы. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластыра және оны оқушының шама-шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой –өрісін көбірек қадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақырып отыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрылым жеңіл соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек.
Оқушыны оқыта отырып, қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі барын түсінеді және ұстаз өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді.
Ұстаз алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. «Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсың»- деп А.Байтұрсынов айтқандай бала-біздің болашағымыз. Жаңа әлем болашағын даярлайтын ұстаз атағына өз білімін табандылықпен жетілдіріп , тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын, жоғары моральдық қасиетері бар ұстаз ғана бұған лайықты болады.
Әр ұстаз мұғалім мәдениетін қатаң сақтауы тиіс. Атап айтсақ, жеке өзін сыйлау, әкімшілік етуге жол бермеу, аса сақтықпен, сыпайыгершілікпен қимыл жасау, сөйлеу, сөз мәдениеті, жан дүниесінің сұлу болуы, эррудицияға бай болу.
Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, қызметін табанды жүргізетін ұстаз ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай ұстаз әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.
Ұстаз педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісіне шебер пайдалан білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Ұстаз қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Жаңа әлемдегі әрбір ұстаздың алдында білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген ұстаз түпк нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін балаға ұстаз ғана көмектесе алады.
Ұстаз ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қасиеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.
Мен жас кезімнен бар өмірімді ұстаздық жолға арнадым. Сондықтан егеменді елімізде жас ұрпақ тәрбиесінің жақсы болғанын қалаймын. Жас ұрпақтың мектеп қабырғасынан тәлім-тәрбие, сапалы білім алатыны белгілі. Сондықтан, білім ордасы-мектеп, ал мектептің жүрегі ұстаз екендігі бәрімізге белгілі. « Маған жақсы ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені жақсы ұстаз-мектептің жүрегі» ,-деген. Олай болса, әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырған, шәкіртке нәрлі білім беретін ұстаз-ғасыр көшін бастаушы болып табылады.
Ұстаз ұлағаты
Мен- Ұстазбын!!
Мен-Сүйіспеншілік пен Адалдықпын, Сенім мен Шыдаммын
Мен-Шаттық пен Шуақпын, Мұңлық пен Қайырымдылықпын
Мен-Ақиқат пен Жүректің, Намыс пен Бекзатпын
Мен- Іденуші мен Сыйлаушымын, Кедейлік пен Байлықпын
Мен-Ұстаз бен Шәкіртпін, Тәрбиеші мен Тәрбиеленушімін
Мен-Болашаққа жол салушымын, Жарқын өмірді жасаушымын
Мен-Балалықтың қорғғанымын және Адамзаттың бесігімен
Мен-Болашақтың шаттығы мен Тірліктің жан шырағымын
Мен-Алланың қалауымен ұстазбын және Жаратушының қызметшісімін.