400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға . Тәрбиеге байланысты шағын эссе және ұстаз болудың қыр-сырлары .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Ұстаз... Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұлы мамандық. Ұстаздық жолда өткен 30 жылда түрлі ойлар келді. «Жасаған таңдауым дұрыс болды ма? Мен осы жолды, яғни, оқытуды қалаймын ба?» Бірақ білімге құштарлана келген оқушының білім нәрімен сусындап, қойған мақсатына жетуіне менің де тигізген үлесім бар екенін түсінген сәтте, олардың “Апай, рақмет!” деген сөздерінен кейін еш қателеспегенімді түсінемін. Ісімнің жемісін көрген сәтте, бар қиыншылықты ұмытып, төбем көкке бір елі ғана жетпегендей сезімде боламын. Оқушылармен бірге қуанып, мұңымен бірге бөлісе алу - ұстаздық істің бір бақыты деп білемін.

Қазіргі таңда осы бақытымды еселей түсетін - менің сыныбым. Әр оқушыны жақын тартып, солармен бірге өсесің, дамисың. Еш қиындыққа қарамай, тек биіктерді бағындырып келе жатырмыз. Баланы жартылай отбасы тәрбиелесе, жартылай өсіп келе жатқан ортасы тәрбиелейді емес пе? Солай бар күшін жаңашылдыққа, оқу мен білімге арнайтын оқушылардың арасында әрқайсысы өзіне керегін алады. Мұғалім оларға жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Осылай бірге жұмыла жұмыс жасай отырып, осындай қиын кезеңде де сыныбым мықтылардың қатарынан қалыспады. Карантин уақытында да түрлі тәрбиелік, тағылымдық сабақтар өткізіп отырдым. Алғыс айту күні, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні сияқты мемлекеттік маңызы бар әр мерекені оқушыға түсіндіріп, жастарға патриоттық рухты аз да болса насихаттай алдым деп сенемін. Тек бір бағытта жылжымай, түрлі интеллектуалдық жарыстарда, облыстық, республикалық жарыстарда төбе көрсеттік. Таза ниетпен жасалған адал еңбек әрқашан ақталатынына көздерін жеткізгендей, тек жүлделі орындарға ие болып, қуанышымыз көбейді. Заман талабына сай камерадан қорықпай сөйлеп, өз ойларын ашық жеткізуді үйрету мақсатында түрлі бейнероликтер түсіріп отырдық.

Мұғалім болу деген тек оқушылармен жұмыс емес. Әр ата-анаға да көңіл бөле білу керек. Себебі оқушы мен ұстаздың арасындағы сыйластықтың бірден-бір себепшісі - ата-ана. Пандемия кезінде тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі шектелгендіктен, онлайн платформалар арқылы түрлі тақырыпқа тренингтер өткізіп отырдым. Осының бәрі менің ұстаздық тәжірибемді тек шыңдай түсті. Оқудың форматы ауысқанымен, білім мен тәрбие беру жүйесі ауыспады. Ұстаз бен оқушы арасындағы ерең еңбек тек асқақтай түсті.

Бүгінде мен ұстаздық қызметіммен мақтанамын. Өзімде жоқ қасиеттерді оқушылардан алып, оларға да өзімнен тым болмаса бір жақсы қасиетті түсініп, үйреніп кетсе екен ден тілеймін. Себебі саналы ұрпақ тәрбиелеу біздің, яғни, ұстаздардың қолында ғой...

Тулеметова Камида Абилдабековна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2022
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12